Азіргі кезеңдегі мәдени өмір.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды.

Республика Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады.

Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ұлттар достығын орнатудағы атқрылған істің ауқымы өте кең болды. Соның нәтижесінде достық, тұрақтылық қамтамасыз етілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институты құрылды. Құрамы жөнінен көрнекті демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жергілікті жерде “өзін-өзі басқару” Заң жобасы жарияланды.

 

Сұрақтар:

1. Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.

2. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабының тарихи маңызы.

3. Қазақстандағы білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. Ұлттық тарих жылы.(1999ж).

4. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, оның мақсаты мен жүзеге асрудың негізі - бағыттары.

5. ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар. (1990-2008жж). Нұр Отан партиясының қызметі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

6. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

7. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

8. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда. 1997, 10 октября.

9. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

10. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана, 2006

1. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

2. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

3. Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. Қаржы-экономика сөздігі. А., 2008.

 

Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.

Дәріс жоспары:

1. Егеменді Қазақстанның БҰҰ-на қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.

2. ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.).

3. Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС, МБР, МВФ, ОБСЕ т.б. халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.

4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Н.Ә.Назарбаевтың “Әлемнің эпицентрі”, “Қазақстан жолы” атты еңбегі.

Егеменді Қазақстанның БҰҰ-на қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.

1992 жылғы 25 қаңтарды тарихи күн деп атауға болады,бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің атына БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос Галиден жеделхат келіп түсті, онда 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өзінің отырысында Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылдау жөнінде Бас Ассамблеяға кепілдеме берілген хабарды хабарланған-ды.Бас Хатшы жеке өзінің құттықтауын айтып,Қаіупсіздік кеңесінің президенті Кеңестің мүшелерінің атынан мәлімдеме табыс етті. Қауіпсіздік кеңесінің шешімі мәлімдемеде тарихи оқиға ретінде бағаланды. Қазақстан БҰҰ Жарғысында баяндалған міндеттемелерді орындауға қабіллетті және орындағысы келетін бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде осынау халықаралық ұйым қызметінің барлық салаларына белсенді де сыңдарлы зор үлес қосады,сондай-ақ оның Жарғысының мақсаттары мен принциптерін қатаң сақтайды деген сенім білдірілді.

1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды.