Несиелік ресурстарды жинақтау және тарату

Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; тертіншіден, банк қажет уакытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойын-ша тұрақты пайыз төленеді және әдетге салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шотnарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастыртан қаражаттарын білдіреді.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:

1) депозиттің мерзімі,

2) салымшылардың категориясы.

Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).

Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.

Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.

Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. "Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.

Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің жұмысын қауіп көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктін клирингтік орталығындағы қоршотында тапшылық орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүкүнге белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің , мүмкіндігі оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып, мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босат. Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде «соңғы инстанциялы кредитор» қызметін орындайды және коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң банк алынатын ақша массасы агрегаттарының МО, М1, М2, М3 - арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.

2. Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық–делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Пассив операциялары – олар өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

· Салым қабылдау (депозиттер);

· Клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент – банктерге) ашу және оларды жүргізу;

· Өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);

· Банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;

· Репо операциялары;

· Еуровалюталық несие алу;

Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыу және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың соммасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк төмендегі аз мөлшерін бекітеді. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай – ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің девиденттері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктің резерв капитал ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құралады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты процентпен белгіленеді.

Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.

Коммерциялық банктердің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90%- ға жуығы тартылған қаражат. Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әртүрлі болады.

 

Тұжырымдамалар

Коммерциялық банктер ресурсының түсінігі. Коммерциялық банктер ресурсының құрылымы және олардың көздері. Коммерциялық банктердің меншік құралдары. Меншік құралдарының сыныптамасы және олардың мінездемесі. Банктердің қоры және олардың бағыты. Банктің меншік капиталы. Меншік капиталының қызметтері. Меншік капиталын құрудың әдістері. Тартылған қаражаттар.

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығынң уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Пассив операцияларының мәні және құрылымы. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының құрылымы мен рөлі. Банктің меншікті капиталын ұлғайту және басқару жолдары.