Бақылау сұрақтары

1. Банкаралық зайымдардың экономикалық түсінігі

2. Депозиттің экономикалық мазмұнына қарай топтасуы

3. Несиелік ресурстарды жинақтау және тарату

 

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер - 1-9, 11, 12.

Заңдамалар мен нормативтік актлер – 1, 2, 12.

Мерзімді басылымдар - 1-6.

Интернет - 1-7.

Тақырып. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы

Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару, сонымен қатар,депозиттерді сақтандыруды студенттердің ілімдік білімдерімен қатар тәжірибелік түрде қалыптастыру.

 

Дәріс жоспары

1. Банктің депозиттік портфелінің қалыптасуы

2. Банктің депозиттік портфелін басқару

3. Депозиттік операциясын сақтандырудың теориялық негізі

4. Банктің депозиттік саясаты

5. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның құрылуы мен дамуы

 

1. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

· Талап етуіне дейінгі депозиттер;

· Мерзімді депозиттер;

· Жинақ салымдары;

· Бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

· Мерзімдеріне қарай ;

· Салым иелерінің категорияларына қарай;

· Қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;

· Пайыз төлеу тәсіліне қарай;

· Банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;

· Басқалары.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

· Жеке тұлғалардың шоттарына;

· Кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

· Жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

· Қаржылық мекемелердің шоттарына;

· Шетелдік азаматтарының шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

· Мемлекеттік, акционерлерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

· әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

· есеп-айырысудағы қаражаттар;

· жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қарнажаттар;

· басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

· ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

· шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;

· банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

· талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдына-ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымда алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

· меншікті-мерзімді депозиттер;

· алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті –мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

· 30 күнге дейінгі;

· 30-90 күнге дейінгі;

· 90-180 күнге дейінгі;

· 180 күннен 360 күнге дейінгі;

· 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

· есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

· шоттағы қаражат баяу айналады;

· тұрақты пайыз төленеді;

· пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдына ала хабардар етуі талап етіледі;

· бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

· ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

· шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

· ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

2. Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

· мерзімді жинақ салымдары;

· қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

· ұтыс салымдары;

· ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

· мақсатты және ағымдық салымдар;

· алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

· валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар-бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с.) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаты – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәләгі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі соммада шығарылатындықтан да , оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

· аударылатын;

· аударылмайтын.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ снртификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылғадейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және джинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талапетіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

· депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

· депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда лау үшін жұмыс жасауға тиіс;

· депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

· салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

3. Салымдарды кепілдендіру жүйесіне банктерді кіргізу туралы Қор басқармасының шешімі мынадай негізгі талаптарды орындаған кезде ғана қабылданатын болады:

1. Банк халықаралық стандарттарға өту бағдарламасына енгізілуі тиіс.

2. Банктің меншікті капиталының мөлшері үш кезекті айдың ішінде, қорға өтініш берілген күнге дейін кемінде 1 млрд.теңге болуы тиіс.

3. Банк пруденциялық нормативті сақтауы, Қорға өтініш берілген сәтке дейін 3 ай ішінде және нормативтер мәні К1 және К2 көрсетілген кезең ішінде кемінде 0,06 және тиісінше 0,12 құрауы тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұсынысының болуы.

5. Соңғы жыл ішіндегі банктің жылдық қаржылық есебі Ұлттық банкпен белгіленген тізбесі халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірімен расталуы керек. Соңғы кездері адамдар банкке сенім арта бастады. Бұл экономиканың тұрақты дамуынан ғана емес, салымшылардың ақшаларын банкте сақтауы қауіпсіз, қайта тиімді екеніне көз жеткізгендігінен деп айтуға болады. Ең бастысы - депозиттің қажетті түрін таңдап ал, ал салған ақшаны сақтау, оның процентін көбейтуге банк әрқашанда кепілдік береді. Көптеген банктер банк қызметі нарығында белгілі бір бағытты ұстауда.

Қазақстанның банктік жүйесінің тұрақтылығын бекіту және отандық банктерге халықтың сенімін қалпына келтіру мақсатында 1999 жылдың аяғында Ұлттық банк жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру жүйесін құрды, бұл қатысушы-банк салымшыларының мүдделерін қорғайтын жүйенің негізі болды. Қорытындылай келе, бірнеше ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерінің жалпы сомасы қатысушы-банктерден әжептеуір өсті.

Коммерциялық банктер қызметінің қазіргі тәжірибесі тарифтік саясаттың негізгі үш мақсатын анықтады:

1. Нарықтың сәйкес сегментінде үлесін ұлғайту арқылы банк өнімдерін және қызметін жүзеге асырудың өсуі. Сөз нарықтағы алдыңғы орынды жеңіп алу, бәсекелестерін басып озуы туралы болып отыр. Бұл шығынды төмендету үшін бар резервтерге байланысты жәберілуі мүмкін ең төменгі мөлшерлемелер мен тарифтерді белгілеу кезінде және потенциялды клиенттердің үлкен нарығы бар болғанда болуы мүмкін. Бұл жағдайда банктік өнімдер мен қызмет нарығының кеңеюін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар еніп кету деп аталатын тарифтер (мөлшерлемелер) қолданылады. Мұндай әдіс банктің алдында жоғары бәсеке және клиенттер бірден ауысқан жағдайда өздерін сақтап қалу мәселесі туындағанда пайдаланылады. Банк өзін сақтап қалу үшін мөлшерлемелер мен тарифтерін төмендету арқылы клиенттерді өзіне тарту қажет. Бірақ бұл төмендетілген мөлшерлемелер мен тарифтер банк шығынын жапқанға дейін ғана мүмкін.

2. Тұрақты жағдайды сақтау. Мұндай мақсатты жоба банктік қызметте нарықтағы жағымды жағдайды сақтауға бағытталған. Банктік өнімдер мен қызметтің мөлшерлемелері мен тарифтері сыртқы күштердің (бәсекелестердің іс әрекеті, экономикалық ортадағы өзгерістер және басқалар) әсерін төмендету негізінде іске асу көлемінің құлдырау мүмкіндіктерін болдырмауға бағытталған .

3. Бәсекелестіктің ерекшеліктерін қолдану және табысты жылдам табу арқылы банктің пайдасын өсіру. Бұл жағдайда беделді тарифтер жиі қолданылады. Олардың шамалары өте жоғары және банк өнімдерінің сапалылығын, бірегейлілігін, тарифтің беделділігін талап ететін клиенттерге бағытталған. Бұл жерде банк бәсекелестерін басып озады, бірақ мөлшерлемелері мен тарифтерінің төмендігімен емес, банк өнімдерінің және қызметінің жоғары сапалылығымен сипатталатыын мөлшерлермен және тарифтермен. Банктің негізгі мқсаты – нарықтағы қызмет сапасын көтеру. Ал, бұл көп шығынды қажет етеді. Сондықтан банк өзінің инвестициясын жоғары дәрежелері банктік өнімдер мен қызмет жасауға бағыттайды да, шығындарын тез өтеп алып, пайда табады. Тәжірибеде әртүрлі нарықтық жағдайларда алдымен жағдайлы клиенттерге арналған жоғары дәрежелі мөлшерлемелер мен тарифтер, онан кейін жоғары дәрежелі банк өнімдерін төмен мөлшерлемемен және тарифтермен алатын клиенттерді көбейтуге мүмкіндік беретін тарифтер қолданлады.

Депозиттік сақтандыру жүйесі (ДСЖ) – екінші деңгейлі банк банкроттыққа ұшыраған жағдайда салым иегерлерінің олардың шығындарын қорғауды қамтамасыз ететін шаралар кешені болып табылады. Депозиттік сақтандыру жүйесін құру Қазақстанның банктік жүйесінің эволюция ұғымынан шығады. ДСЖ көптеген елдердің нарықтық экономикасында қолданылады және олардың банктік жүйесінің ажырамайтын бөлігі болды. ДСЖ құру туралы шешімді көптеген елдер банктік жүйенің дағдарысы кезеңдерінде қабылдады: АҚШ «Ұлы депрессия», Ұлыбританияда 70 жылдардағы банктік дағдарыс уақыттарында, Италияда «Банко Амброзияно» ірі банкісінің құлауымен байланысты болды.

Қазақстанда банктік жүйедегі дағдарыстың құрбандары көптеген шағын және ірі банктер (мысалы, Крамдсбанк) болды. Банктердің банкротқа ұшыраушылығы кредиттік қоржын сапасының төмендігімен және тиісіншетеріс капиталандырудың төмендігімен байланысты. Жоғарыда аталған банктерді тарату, бұл депозиторлардың мүдделерінің қорғаудың нақты тетігі жоқтығын көрсетеді.

4. Депозиттік сақтандыру жүйесін құру банктік депозиттердің қауіпсіздігінің алдына қойылған міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Жекелеген жақсы банктерге деген сенім өтті, қоғам осы немесе өзге банктің қызметін кенеттен жақсартудың түрлі нәтижелерін ақырын қабылдайды. Осы фонда депозиторлардың мүдделерін қорғаудың өркениетті нарықтық және объективтік жүйесін құру басқа проблемалардың сапалы шешімі болып табылады.

 

 

Cурет 3- Депозиттік саясаттың құрылуына әсер ететін факторлар

 

Депозиттік сақтандыру жүйесі (ДСЖ) – екінші деңгейлі банк банкроттыққа ұшыраған жағдайда салым иегерлерінің олардың шығындарын қорғауды қамтамасыз ететін шаралар кешені болып табылады. Депозиттік сақтандыру жүйесін құру Қазақстанның банктік жүйесінің эволюция ұғымынан шығады. ДСЖ көптеген елдердің нарықтық экономикасында қолданылады және олардың банктік жүйесінің ажырамайтын бөлігі болды. ДСЖ құру туралы шешімді көптеген елдер банктік жүйенің дағдарысы кезеңдерінде қабылдады: АҚШ «Ұлы депрессия», Ұлыбританияда 70 жылдардағы банктік дағдарыс уақыттарында, Италияда «Банко Амброзияно» ірі банкісінің құлауымен байланысты болды.

Қазақстанда банктік жүйедегі дағдарыстың құрбандары көптеген шағын және ірі банктер (мысалы, Крамдсбанк) болды. Банктердің банкротқа ұшыраушылығы кредиттік қоржын сапасының төмендігімен және тиісіншетеріс капиталандырудың төмендігімен байланысты. Жоғарыда аталған банктерді тарату, бұл депозиторлардың мүдделерінің қорғаудың нақты тетігі жоқтығын көрсетеді.

5. Салымдардың сақтандыру жүйесін құрудың отандық өзіндік ерекшелігін ескере отырып мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет деп танылды:

1. Салымшыларға кепілдіктер жасау (салымшыны қорғау)

2. Осы негізде банктік тарату дағдарысын алдына алудың нақты тетігін және депозитті шоттардың (еліміздің банктік секторына деген сенімді көтеру) қаражаттарын жаппай алып қоюды қалыптастыру.

3. Банкаралық бәсекенің ең өркениетті салаға кіруі (мүмкін болатын іскерлермен банктердің мүдделерін лоббилендіру әсері төмендеуде.

4. Экономиканы жақсарту.

Сонымен бірге, ДСЖ банктік жүйенің негізгі субъектілерінің салаларын, құзіреттерін және жауапкершіліктерін шектеудің ең өңделген тетігін құруға мүмкіндік береді. Осының негізін тараптардың қауіп-қатерін бөлу құрайды. Сонымен қатар, қажетті банкті таңдау үшін әлеуетті клиенттердің жасайтын операцияларының қауіптілігі үшін банк жауапкершілігінің балансын сақтауға көңіл бөлу қажет. Туындаған жағдайларды ескере отырып, Қазақстанда депозиттік сақтандырудың міндетті, интеративті, толық, мемлекеттік жүйесін дамыту ұсынылды.

1999 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттер) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) қағидасы қабылданған болатын. Депозиттік сақтандыру жүйесін құру қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенінің бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда банктік депозиттердің сақтандыру жүйесінің міндеттілігі тек белгілі банктердің санатына ғана таратылады. Сонымен, кепілдендіру жүйесіне басында халықаралық стангдарттарға өту бойынша бірінші топқа жатқызылған және пруденциялық нормативтерді орындайтын ең тұрақты банктер кірді.

Дағдарыс жағдайларында банктік жүйенің тұрақтылығы банктердің депозиттік базасын сақтауға мүмкіндік береді. Халық пен кәсіпорындардың ақшаларын тарту жөніндегі банктердің белсенді әрекеттері нәтижесінде жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттерін сақтандыру жүйесін құру жөніндегі Ұлттық банктің сыртқы берешектері мен жұмыстары қымбаттаған жағдайларда банктік жүйеде халыққа деген сенім жоғарылады

 

Тұжырымдар

Депозиттік және депозиттік емес тартылған қаражаттар. Депозит және оның түрлері. Депозиттердің сыныптамасы. Талап етуге дейінгі депозиттер. Жедел депозиттер. Жинақталған үлестер. Банктік вексель және депозиттік сертификат. Банкаралық займдар. Депозиттік операцияларды ұйымдастырудың қағидасы.

Депозиттік операцияларының түрлері және жүргізілуі. Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердің топтастырылуы. Депозиттік операциясын сақтандырудың теориялық негізі. Банктің депозиттік саясаты. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның құрылуы мен дамуы.