Банктің жіктелген активтері және баланстан тыс талапатары бойынша қажетті провизия мөлшерін есептеу кесетсі

2-кесте

Резервтеу мөлшері (негізігі қарыздың сомасынан %-бен) Резевтеу шарты
1-санатты күмәнді және шартты міндеттемелер
Төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда
2-санатты күмәнді және шартты міндеттемелер
төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемегенде
3-санатты күмәнді және шартты міндеттемелер
төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда
4-санатты күмәнді және шартты міндеттемелер
төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда
5-санатты күмәнді және шартты міндеттемелер
Барлық жағдайларда
Үмітсіз активтер және шартты міндеттемелер
Барлық жағдайларда
   

 

Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5 пайыз дан 100 пайызға дейін құрылады.

Провизиялар – активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келеген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.

Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы провизиялар- бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.

Арнайы провизиялар – бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.

Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:

- несие-есептеу операциялары, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;

- инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;

- кассалық және есептесу операциялары- банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;

- басқа операйиялар.

Тұжырымдар

Банктің активік операциялары мен активтер портфелінің түсінігі, олардың пассивтік операцияларынан айырмашылығы. Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, олардың сапасына байланысты топтастырудың критерийлері.

Банк активтерінің құрамы мен құрылымы, олардың өтімділік дәрежесіне қарай топтастыру, орналастыру саясаты.

Активтік операциялар және екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік шоттардың халықаралық үлгісі.

Бақылау сұрақтары

1. Банк активтерінің сипаты мен сапасы

2. Банк активтерінің жіктелуі

3. Коммерциялық банктің активін басқару

Қолданылатын әдебиеттер:Н.Ә-2,6,7.

Тақырып. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері

Дәрістің мақсаты:ҚР-ның несиелік жүйесінің құрылымы мен ұйымдастырылуын, несиелендіру қағидаларының теориялық және тәжірибелік түсінігін қалыптастыру.

Дәріс жоспары

1. Банктегі несиелендіруді ұйымдастыру

2. Несиелік қатынастар субъектісі және несиелендіру объектісі

3. Банк қарыздарының жіктемесі

4. Несиелендіру қағидалары

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:несие қоржыны, несиелеу механизмі, несиенің жіктелуі несиелеу қағидалары.

 

1. Несиелеу мехнаизмі және несиелік процесс – бұл коммерциялық банктердің сапалы және жоғары табысты несие портфелін құрудағы негізгі қызметі. Сапалы ұйымдастырылған несиелік процесс несиелік тәуекелдің болдырмауына әсер етеді.

Бірінші кезеңде – несиелік өтініштерді мұқият терең талдаудан басталады. Бұл кезде қарастырылады:

1) Коммерциялық банктердің несиелік шешімдеріне әсер ететін факторлар:

- бизнес – жоспар, мұнда банкке қажетті ақпараттар көрсетіледі, ол арқылы қарызгердің несиелік қабілеттілігіне шешім қабылдайды;

- қаржылық есебі;

- нарық, тапсырушылар мен тұтынушылар туралы ақпараттар;

- банк бөлімшелерінің қызметкерлерімен сұхбаттасу, банкир мен қарыз алушы арасындағы жеке сөйлесу (кездесу).

Қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

- клиенттің мүліктік титулын тексеру;

- құқық қорғаудың жеңілдігі және тиімділігі.

Несие берілгеннен кейін 2 – ші кезең басталады – несиелік портфель мониторингі, мұнда қарызгердің қызметінің әрі қарай жүргізілуін және несиені уақытылы төлеп отыруын бақылау.

Несиелік процестің бірінші кезеңі өте жауапкершілікті қажет етеді, себебі бұл кезеңде несиелік тәуекел болуы ықтимал.

ІІ. Банк тәуекелдіктерінің жиынтығын 7.1 кестеден көруге болады.

III. Қарызгердің несие қабілеттілігін талдау бухгалтерлік есеп, ішкі банктік ақпараттар, қарызгердің алдыңғы немесе өткен жылғы несиелік тәжірибесі туралы ақпараттар, құрылтай құжаттары, салық органдарының ақпараттары, қарызгер немесе сол сала, мекеме туралы баспасөздегі ақпараттар негізінде жүргізіледі және т.б.

Талдаудың негізгі бағыттары:

Мүліктік жағдайды бағалау:

А) шаруашылық құралдарының соммасы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның балансында тіркелген активтердің жалпы құндылық бағасын береді.

Б) шаруашылық құралдарының жалпы соммасындағы өндірістік қорлармен шығындардың бір бөлігі.

В) шаруашылық құралдарының жалпы соммасындағы ақшалай құралдармен басқа да активтердің бір бөлігі.

IV. Қарызгердің ақшалай ағымын талдау.

Қаржылық коэффициенттердібағалағаннан кейін айналым есебіндегі көрсеткіштер негізінде несиелік тәуекелді бағалаудағы клиенттің ақшалай ағымын міндетті түрде талдау қажет. Ол осы кезеңдегі кіріспен шығыстың сәйкестігі негізінде құрылады.

V. Құрылған несиелік портфельді талдау

Бұл екінші кезең келесі өзара бір-бірімен байланысты кезеңдерден тұрады:

1. Несиелік тәуекел жағынан ссуданың сапасын бағалау;

2. Ссуданың жіктелуі;

3. Әр ссуда топтары бойынша проценттік тәуекелді анықтау;

4. Әр ссуда топтары және жалпы банк бойынша несиелік тәуекелдің абсолютті шамасының есебі;

5. Ссуда бойынша шығындарды жабуға осы базаның қорының жеткіліктілігін анықтау;

6. Несиелік портфель құрылымын жақсартуда шаралар жүргізу.

Қарызгерлердің қаржылық көрсеткіштеріне байланысты, несиені қамтамасыз ету құны келесі топқа бөлінеді:

1. Тәуекелдігі аз несиелер

2. Тәуекелдігі жоғары несиелер

3. Тәуекелдігі шектеулі несиелер

4. Стандартсыз несиелер

Бұл сигналдар банкті мерзімі асып кеткен несиелерден сақтайды және оларды осы несиелерді анықтауға көмектеседі.

2. Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Кредиторлар бойынша:

· орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

2. Қарыз алушылар бойынша:

· каржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық үйымдарға несиелер;

· экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.

· жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);

3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:

· қысқа мерзімді;

· орта мерзімді;

· ұзақ мерзімді.

4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша:негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;

5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:

· қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;

· сақтандырылған;

· қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).

6. Ұсынылған валюта бойынша:шетел валютасымен, теңгемен.

7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұгыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, фор-фейтинг.

8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық корлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, күралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.

3. Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жүктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

- мақсатты қорларға;

- банктерге;

- қаржы – несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

- өнеркәсіп салаларына:

- ауыл шаруашылығына;

- саудаға;

- дайындау ұйымдарына;

- кооперативтерге;

- жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

- негізгі қорларға жұмсалатын;

- айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

- кепіл хатпен,

- кепілдемемен;

- кепілдікпен

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз етілмеген:

- сенім (бланктік) несиесі

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер іінара бөлінеді:1 – санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай:

- ұлттық валютасымен;

- шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

- тұтыну несиесі;

- ипотекалық;

- овердравт несиесі;

- овернайт несиесі;

- онколдық;

- банкаралық несие;

- ломбардтық несиесі;

- лизингтік;

- рамбурлық несие;

- сенім

- консорциалдық несие.

4.Несиелеу қағидаттары (принциптері) несиенің мнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу қағидаттары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу қағидаттарына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:

I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар:

- несиенің мақсаттылғы;

- несиенің дифференциялдығы.

II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар:

- несиенің мерзімділігі;

- несиенің қайтарымдылығы;

- несиенің төлемділігі;

- несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:

𝐼 = ,

мұндағы:

– сыйақы мөлшері;

– қарыз қалдығы;

– сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

𝐼ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:

𝐼 = *[(1+ )n - 1],

мұндағы:

– сыйақы мөлшерлемесі;

– несиенің бастапқы сомасы;

𝐼 - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

 

Тұжырымдар

Банктік несиенің сыныптамасы және оны ұйымдастырудың қағидасы. Несиелік қатынастардың субъектілері. Несие беруші және қарыз алушы. Банктік несиелердің сыныптамасы. Шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік билік органдарына несиелер. Тағайындалуы бойынша, қызмет ету салысы және пайдалану уақыты бойынша, өлшемі бойынша, қарызды беру және өшіру әдісі бойынша несиенің сыныптамасы. Банктік несиелеудің қағидалары. Жеделдік, дифференцияланған, қамтамасыздандырылған және ақылы. Несие үшін төлемді орнату факторлары. Несиелеу әдістері.