Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі

Емдеу бөлімшесі аурухананың негізгі құрылымы болып табылады, бас дәрігердің бұйрығымен тағайындалатын және жұмысынан босатылатын меңгерушімен басқарылады. Бөлім меңгерушісі дәрігер-ординаторлардың жұмыстарын және аға мейірбике арқылы орта медициналық қызметкердің жұмысын басқарады. Бөлімшелер 30 немесе одан да көп төсек-орнымен қамтамасыз етілген, өз жұмысында барлық емдеу және диагностикалық қызметтерді қолданады.

Емдік бөлімшелер келесі бөлмелерден тұрады:

ü пациенттерге арналған палаталар;

ü ем-шара/байлам салу кабинеті;

ü кіші ем-шара кабинеті - бұл жерде клизмалар жасалады, асқазан жуады және т.б.

ü бөлім меңгерушісінің кабинеті;

ü ординатор бөлмесі (дәрігерлер бөлмесі);

ü буфет бөлмесі және науқастарға тамақ тарату үшін асхана;

ü санитарлық бөлме (ванна, душ, дәретхана, гигиеналық бөлме);

ü аға мейірбикенің кабинеті;

ü таза киімдерді және төсек-орындарды сақтайтын бөлме;

ü мейірбикелер бөлмесі;

ü шаруашылық бөлмелері.

Бөлімшеге саласына байланысты арнайы кабинеттерге орын беріледі (мысалы, кардиологиялық бөлімшеде- ЭКГ бөлмесі, гастроэнтерологиялық бөлімшеде – эндоскопия бөлмесі).

Инфекциялық стационарларда палата бөлімшесінің негізгі құрылымы боксты орындар болады: бокс, жартылай бокс, боксталған палаталар. Туберкулезге қарсы ауруханаларда құрылымдық бірліктер палаталық секциялар болады, олар «таза» және «таза емес» зоналарға бөлінеді.

Мейірбикенің жұмыс орны бөлімшенің дәлізінде, бұл жерде мейірбикелік тұрақ-пост орнатылған. Пост палаталарға жақын орналастырады, өйткені мейірбике барлық өзіне қарасты палаталарды көріп отыру керек. Посттың жабдықталуы: үстел, құрал-жабдықтарды және дәрі - дәрмектердің сақталуына арналған шкафтар, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды сақтайтын сейф, дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқыш (инфузиялық ерітінділерге), дәрі- дәрмектерді таратуға арналған қозғалмалы үстел. Мейірбикелік пост телефонмен, үстел үсті лампасымен, палаталардағы науқастар шақыру үшін арналған сигнализация нүктесі, қолжуғыш. Кезекші мейірбике аурухананың барлық бөлімшелерінің телефондар тізімімен қамтамасыз етілуі керек (сонымен қатар, шаруашылық қызметі), авариялық жағдайдағы қызметтер, науқастарды эвакуациялау жоспары.

Бөлімшенің палаталары кең, жарық, жақсы желдетілетін, есіктері кең болуы қажет.Палата қабырғалары ашық түстес майлы бояулармен боялып, палаталар тек ең қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілуі керек (төсектермен, функциональды кереуеттермен, аласа шкафтармен, орындықтармен). Төсектердің бас жағын қабырғаға қаратып, олардың араларында 1 м қашықтық болуы талап етіледі. Палаталардағы науқастар саны төртеуден көп болмауы керек. Әлсіз, әрі ауыр жағдайдағы науқастарды тамақтандыру үшін төсек жанындағы үстелдер және палатада науқастардың туысқандары әкелген азық-түлік сақталуына арналған тоңазытқыш болуы қажет. Ауруханадағы жиһаздар жайлы, жеңіл жуылатын және беткейлері жылтыр болуы шарт.

Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және ем-шара бөлмелеріне жақын шу және вибрация туғызатын құрал-жабдықтардың орнатылуына тыйым салынады.

Негізгі бөлмелер табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Тек жасанды жарықпен қолдануға тек қоймалар, санитарлық бөлмелер, клизма жасайтын бөлмелер, жеке гигиенаға арналған бөлмелер, персоналға арналған душ және сыртқы киім сақталатын бөлмелер, операцияға дейінгі және операцияға арналған, аппараттар сақталатын, наркозға арналған және т.б. қолданылуы табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін бөлмелерге рұқсат етілген. Бөлімшенің дәліз қабырғаларындағы терезелерден және холлдардан табиғи жарық түсіп тұру керек. Жарық түсу көздерінің ара қашықтығы 24 м аспауы керек. Жалпы жасанды жарық көзі барлық бөлмелерде болу керек. Бөлменің төбесінде орнатылған жалпы жарық беретін шамшырақтар бірыңғай плафондармен жабдықталған. Палаталарды жарықпен қамтамасыз етуге арналған қабырғаға орнатылған шамшырақтар әр төсек орынның жанына, еденнен 1,7 м биіктікте тұрады.

Апатты жарықпен қамтамасыз ету операциялық блоктарда, реанимациялық, бала туу бөлімшелерінде, таңу, ем-шара және манипуляция жасайтын бөлмелерде, қабылдау бөлімшелерінде, шұғыл зерттеулер жасау, кезекші мейірбикелік посттарда, оперативті бөлімшелер орындарында, шақырылған жерге барып, жедел көмек көрсететін бригадалардың жәшіктерін сақтауға арналған орындар, жедел медициналық көмек станциясының (бөлімше) дәрі-дәрмек сақтау бөлмелерінде орнатылған.

Палаталардың желдетілуі тарту-сору жүйесі және табиғи желдетілу (терезелер) арқылы жүзеге асырылады. Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балалар бөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде +25°С болу керек. Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек.

Стационарға жатқызу көрсеткіштеріне науқасқа мамандандырылған, арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тәулік бойы медициналық байқаумен қамтамасыз етілуі жатады.