Шығындар және аралық тұтынудың түсінігі және құрамы

Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі ретінде өндipic және айналыс шығындары туралы экономика-лық ілім кызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің Тәжірибелік ic-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік құн және шығын формаларына ие болады. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналган ақпарат көздері ұйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.

Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндеттері:

1. Кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау;

2. Кәсіпорындарда, ұйымдарда өнімнің өзіндік құнын есептеу;

3. Шығын элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның кұрамы мен кұрылымын зерттеу;

4. Өнімді өндіру мен өткі1зуге кеткен шығындар динами-
касын талдау;

5. Топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмегімен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статисти­калық зерттеу.

Өнім өндірісінің шығындары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сиякты ic-әрекеттердің негізгі түрлері бойынша кәсіпорындардың барлық өндіріс көлеміне қатысты шығындарының тольқ мөлшерін қамтиды. Экономиканың бұл салаларында жасалған өнім тұтынушыға тиісті көлемде және ассортиментте, өзінің тұтыну қасиеті сақталған күйінде жеткізілуі тиіс.

Статистика өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың көлемін келесі элементтермен анықтайды:

1. Материалдық шығындар, барлығы.

Соның ішінде:

- шикізаттар және нeгізгi материалдар;

- жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары;

- көмекші материалдар (отын, энергия, табиғи шикізаттарды пайдалану үшін төлемақы);

- басқа ұйымдар орындаған өндірістік сипатта көрсетілген, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемақы (құрылымдық сипаттағы жүктерді тасымалдау, күрделі және ағымдағы жөндеу);

- материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және бұзылуынан болған шығындар;

- басқа да шығындар;

2. Негізгі капиталдың тозуы;

3. Материалдық емес активтердің амортизациясы;

4. Басқада шығындар, барлығы.

Соның ішінде:

- ic-сапарға кеткен шығындар;

- жaлгepлiк төлемдер;

- кен өндіруші салалардың дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындар;

- өкілдік шығындар;

- банктік несиелер бойынша проценттер;

- міндетті сақтандыру төлемдері;

- салықтық төлемдер;

- бюджеттен тыс қорларға аудармалар (зейнетақы, жұмысбастылық, медициналық сақтандырудан басқа сақтандырулар); коммуналдық шаруашылық, банк, консультациялық, ақпараттық, аудиторлық ұйымдар, өрт сөндіру бөлімі, тұрмыстық қызмет көрсету, соттық, нотариалдық мекемелер, жолаушылар көлігі, байланыс және т.б. қызметтерге төлемдер, сондай-ақ маркетинг және жарнама бойынша төлемдер;

5. Еңбек төлеміне төленген шығындар, барлығы. Соның ішінде:

- тізімдік және тізімдік емес құрамның жалақысы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;

- кәсіпорын қаражатының есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы.

Өнімнің өзіндік құны өнімнің белгілі бір көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, материалдарды, отын, энергия, негізгі капитал, еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты ақшалай шығындардан құралады.

Агрегирлеу дәрежесіне байланысты өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері келесі түрлерге бөлінеді:

1. Барлық өнімнің жалпы өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі көлемі мен құрамын дайындауға және өткізуге кеткен
шығындардың жалпы сомасы.

2. Өнім бірлігінің жеке (дара) өзіндік құны- бұлтек бір
бұйым өндірісіне кеткен шығын. Мысалы, 6ip ерлер костюмін тігуге кеткен шығын.

Өнім бірлігінің өзіндік құны белгілі көлемдегі өнім өндірісіне кеткен шығындардың осы өнімнің санына қатынасы арқылы есептеледі:

,

мұндағы:

z - өнім бірлігінің өзіндік құны;

q — натуралдык түрдегі өнім саны;

z - q- өнімнің белгілі көлемін өндіруге кеткен шығындар.

3. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасының осы өндірілген өнімнің санына катынасы. Мысалы, шаруашылықтағы 1 центнер сүттің орташа өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны өлшенген орташа арифметикалық шаманың формуласымен анықталады:

 

 

мұндағы: Z - өнім бірлігінің өзіндік құны;

- субъект өнімінің жалпы өндірісіне осы өнімнің белгілі түрінің үлесі, не үлес салмағы, не құрылымы.

Ұлттық Шоттар Жүйесі шығындарының екі түрін бөліп көрсетеді:

1) бастапқы шығындар;

2) аралык тұтыну.

Бастапқы және аралық тұтынудың айырмашылықтары

Бастапқы шығындар өндірістің бастапқы факторларының шығындарын (еңбекке төлемақы, өндіріске салықтар, негізгі i капиталды тұтыну) қамтиды.

Аралық тұтыну (AT) - жаңа басқа тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен тауарлар мен қызметтердің ақшалай шығыны. Бұл тауарлар мен қызметтер ағымдағы өндірісте өндірілген және толықтай жұтылган.

Аралық тұтыну (AT) - Ұлттық Шоттар Жуйесінде макро-экономикалық көрсеткіштер тобына жатады және берілген кезенде өндірістік қызмет процесінде отандық өндірушілердің (негізгі капитал және еңбек төлемінен басқа) жұмсаған өнімдердің құны. Аралық тұтыну макродеңгейдегі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер негізінде есептеледі.

Аралық тұтынуға келесі тауарлар мен кызметтердің түрлері кіреді: шикізаттар, жартылай фабрикаттар, негізгi және көмекші материалдар, отын, энергияны пайдалану, кызметтерге төлемдер, өндірістік ғимараттар жалдау, телефонға төлем, өкілдік шығындар, кеңесшілер мен адвокаттардың шығындары, басқа ұйымдардың жұмыстары мен кызметеріне төлем, көлік қызметтеріне, қаржылық қызметтерге, жұмысшыларды жұмысқа алуға кеткен шығындар, ic-canap шығындары (ic-canap кезіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда), тауарлық- материалдық қорлардьң жетіспеушілігі мен жетілуінен болған шығындар. Осылайша, аралық тұтынуға тауарлар мен кызметтерді тұтыну (бірақ тауарларды сатып алу кірмейді) және тек кана өндірілген тауарлар мен кызметтер жатады. Сондықтан, жер учаскелеріне жалгерлік төлемдер, лицензиялық төлемдер, патенттер және де басқа авторлық құқықтарға төлемдер аралық тұтынуға кірмейді