Шығындарды факторлық индекстік талдау

Индекстік талдау факторлардың әсер етуін сан жағынан бағалау үшін қолданылады. Өнімді өндіру мен өткізу шығындары мынадай факторлардан функционалдық тәуелділікте болады:

а) өнім бірлігінің өзіндік құны;

б) өнім өндірісінің көлемі, оның құрылымы;

в) өнім бірлігінің құны.

Индекстердің келесідей жүйесі қолданылады:

А. Өнім бірлігінің өзiндiк құнының (z) немесе өнім өндірісі шығындарының (z-q) жеке индекстері - 6ip бірлік кеңестігіндегі, дииамикасындағы қандай да 6ip көрсеткіштің өзгерісін сипаттайды (мысалы өнімнің нақты 6ip түрінің өзгерісін).

Жоспарлы кезеңдегі өнімнің өзіндік құнының жеке индексi (i):

Өнімнің өзіндік құны жоспарының орындалуының жеке индексі (iz):

Өнімнің өзіндік құнының динамикасының жеке индексі ( ):

Мұндағы: iz — өнім бірлігінің өзіндік құнының жеке индексі

Z1 - ecenтегі кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны;

Zжос — жоспар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны;

Zo -базистік кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны;

Өнім өндірісіне кеткен шығындардьң жеке индексі:

немесе немесе

Мұндағы: izq — өнім өндірісіне кеткен шығындардың индексі;

z 1q1 — есептегі кезеңдегң барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар;

z oqo — базистік кезеңдегі барлық өнімдер өндіруге кеткен шығындар;

z жосq жос — жоспар бойынша барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар;

Өзіндік құнның өзгеруінен болған абсолюттік экономикалық тиімділік барлық өнім өндірісінің ақшалай қаражаттарын үнемдеу немесе артық шығындау сомасы бойынша іске асады және ол мына формулалармен есептеледі:

Жоспарлы тапсырмада қарастырылған ақша қаражаттарын артық шығындау (унемдеу):

Шығындардың жалпы индекстерінің міндemmepi және ерекшеліктері

Ә. Шығындардың жалпы индексі кәсіпорынның немесе салалардағы кәсіпорын топтарының ic-әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Берілген бұл индекс динамикада барлығы өнім өндірісі шығындарының өзгерісін, соның ішінде өзгерістерге әp6ip фактордың жеке әсер етуін зерттейді, ол келесі тәуелділікпен белгілі:

zq=z*q

Бұл тәуелдік экономикалық, көрсеткіштер арасында және жалпы индекстер арасында да сақталады:

Мұндағы: Izq - өнім өндірісі шығынының жалпы индексі ;

Iz - өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі;

Iq - өнімнің физикалық көлемінің жалпы индексі.

Өнім өндірісі шығынының жалпы индексі мына формуламен анықталады:

немесе

Мұндағы, - есепті кезеңдегі барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы;

- барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы;

- базистік кезеңдегі барлық өнім өндірісінің шығындарының сомасы.

Б. Өнімнің өзіндік құнының орташа индекстері өзгермелі, тұрақты құрамды құрылымдық қозғалыстар өнімінің өзіндік құнының индекстері.

В. Өзгермелі, тұрақты құрамдар мен құрылымдық қозғалыстардың шығындарының қатысты деңгейінің индекстері аймақ, кәсіпорын түрі, меншік формасы, сала, экономика секторы белгілері бойынша шығарылған өнім көлемі және шығындар деңгейіндегі айырмашылықтар, ағымдағы шығындардың тиімділігін сипаттайды.

Г. Өнімді өндіру мен өткізудің шығындарын абсолютті артық жұмсау (үнемдеу), барлығы: