САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ РЕЖИМ

Санитарлық – эпидемияға қарсы режим – бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ –гі негізгі тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үрдісі.

Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина қызметкерлеріне тиесілі. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің талаптарын күнделікті, толық ұстану қауіпсіз аурухана ортасының негізі.

Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕАМ санитарлық –гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің зерттемесін жасайды, санитарлық-алдын-алу іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.

Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Алдын-алу-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшін тазалау жұмыстарын жасайды.

 

2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:

Жинаудың мына түрлері бар:

· Дымқыл жинау;

· Генеральды жинау;

· Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.

Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) тәулігіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.

Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қорытынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қорытынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.

Қорытынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және ас жиҺаздарды сүртуге болады:

а) 0,5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;

б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).

Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).

Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.

Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқаннан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада қорытынды дезинфекцияға сәйкес дымқыл жинау басталады. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).

 

Кесте 2.

Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы

 

Дезинфекциялық заттың атауы   Концентрациясы   Экспозициясы
Хлорамин Б 1%, 3% 120 мин. 60 мин.
Дезактин 0,2 % 60 мин.
Хлорлы әк 3% 1 % 60 мин. 120 мин.
6% су тегінің асқын тотығымен 0,5% жууға арналған затпен   60 мин.

 

Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады, соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар дезинфекциялық ерітіндіде зарарсыздандырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін тазартылып жуылады және кептіріледі.

Бөлмелердегі барлық тазалау жұмыстары мейірбикемен бірге жасалады, мейірбике тазалауды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстелі, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, мейірбикенің жұмыс үстелі, ал санитар орындық, есік, есік тұтқаларын, терезе алдын, санитарлы түйіндер мен еденді жуумен аяқтайды.

Палаталарда санитар тазалауды төсектен, терезе алдынан, есік тұтқаларынан, одан кейін санитарлы түйіндерге тазалау жүргізіп, еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, азық-түлікке арналған тумбочка және тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді.

Терезе әйнектерін іш жақтан жуу айына кем дегенде 1 рет, сырт жақтан және кірлену деңгейіне қарай жуу 3 айда кем дегенде 1 рет жасалады.

Палаталарды желдету тәулігіне кемінде 4 рет. Косметикалық жөндеу жұмыстары жылына бір рет, қажет болған жағдайда одан да жиі жасалуы қажет.