Тұздарды тазалау әдістері

 

Тұздарды тазалау үшін негізінен төрт тәсілді қолданады.

1. Содалы

2. Әкті-содалы

3. Әкті-содалы-сульфатты

4. Термиялық

 

Енді осы тәсілдерге сипаттама беріп өтсек.

 

1. Содалы тәсіл

Содалы тәсілде тұздықты тазалау үшін тұздыққа кальцинирленген сода (57-67кг Na2CO3/л) қосады. Қосуды тұздықты механикалық қоспалардан тазалғаннан кейін 1000С температурада қосады. Нәтижесінде тұнбаға кальций және магний иондарыны тұнбаға түседі.

Калцинирленген соданы қосуды егерде рассол құрамында магний аз мөлшерде болған жағдайда жүзеге асырады.

Егер кальцинирленген соданы каустикалық содаға ауыстырса онда рассолды қыздырмай-ақ кальций және магний иондарының тұнбаға түсіруге болады.

Содалы тазалаудағы жүретін реакциялар: [4]

 

СаСІ2 + Na2CO3 → 2NaCI + СаСОз; (1)

CaSO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + СаСО3, (2)

MgСІ2 + Na2CO3 → 2NaCl + MgCO3; (3)

MgSO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + MgCO3(4)

Үрдіске каустикалық соданы қосқанда магний гоидроксидтер түрінде тұнбаға түседі:

MgСІ2 + 2NaОН → 2NaCI + Mg(OH)2 (5)

MgSO4 + 2NaОН → Na2SO4 + Mg(OH)2 (6)

 

2. Әкті-содалы тәсілмен тазалау магний ионы артық мөлшерде болғанда жүзеге асырады. Рассолға бірінші әкті қосады, нәтижесінде тұнбаға магний гидооксиді түседі. Кейіннен сода қосқанда кальций карбонат түрінде тұнбаға түседі. Тұнбаға түсу уақытысы 20-30мин. шамасындай.

 

3. Әкті-содалы-сульфатты тәсіл.

Бұл тазалудың негізі дәл жоғарыдағы тәсілмен бірдей. Алдымен магний иондары тұнбаға түсіріледі, содан соң кальций иондары тұнбаға түсіріледі. Бірақ бұл әдіс екі сатыдан тұрады. Бірінші сатыда тазаланатын рассолға натрий сульфатын қосады:

Na2SO4 + Са(ОН)2 → 2NaOH + CaSO4(7)

MgCl2 + 2NaОH →Mg(OH)2 + 2NaCl (8)

MgSO4 + 2NaOH → Mg(OH)2 + Na2SO4 (9)

 

Екінші сатыда пайда болған натрий гидрооксидін көмірқышқыл газымен және содамен өңдеп, тұнбаға кальций карбонатын түсіреді:

 

2NaOH + CO2 → Na2CO3 + H2O (10)

CaCl2 + Na2CO3 → 2NaCl + CaCO3(11)

CaSO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + CaCO3(12)

 

Бұл әдісте сода шығыны әкті-содалы әдіске қарағанда 2,5-3 есе азайады.

 

3. Термиялық тазалау.

Бұл әдіспен тазалауда электрэнергиясының көп шығындалуына байланысты өндірісте кеңінен қолдау таппады.

Тұздықтарды буландыру сатысы.

Тұздықтарды буландыруды буландырғыш аппараттарда жүргізеді. Аппараттардың өнімділігі 5-50 т/тәулікке дейін жетеді. 1 т тұзды өндіруде 1,2 т бу кетеді, 3 т су буланады. Буландыру аппараттары суреттерде көрсетілген.

 

Тұздықтарды кептіру.

Тұздықтарды кептіру барабанды кептіргіш аппараттарында жүргізіледі. Олар табиғи газды энергиямен қыздырылып, жұмыс істейді.

Осындай жолмен алынған ас тұзы ары қарай құрамына йодты қосу үрдісі цехына барады, сонда йодталу жүргізіледі[4].

NaCl тазалау әдісі

Авторлары: Мурский Г.Л., Факеев А.А., Полищук О.М.

Өнертабыс химия өнеркәсібінде қолданылуы мүмкін. Ас тұзын тазалау әдісі қаныққан ас тұзының сулы ерітіндісін 2500С-та механикалық қоспалардан тазаланған ерітіндіні буландырудан кристализациясының ас тұзының кристалдарын центрифугалаудан және мақсатты өнімді қақтаудан тұрады. Алдын ала қаныққан ас тұзының ерітіндісінің концентрациясы ас тұзы ерітіндісінің жалпы массасының 1-1,5 массалық тұз қышқылының ерітіндісін шайқау арқылыөңдейді, одан соң қайнау жағдайында 2-2,5 рет буландырады. Түзілген кристалдарды суытады да центрифугалаумен бөліп алады. Бөлінген кристалды ас тұзынан жоғары тазалықты сумен жуады және 100-1100С-та кептіреді. Өнертабыс құрамындағы қоспалары 10 -5- 10-6массалық дәрежедегі өте таза ас тұзын алуға мүмкіндік береді.

 

Айнатпа тұзды тазалау әдісі

Авторлары: Васерман Л.З., Львов В.В., Коптев С.Н., Коваленко Г.И., Ковнер В.Н., Колесниченко В.Т.

Бұл өнертабыс аммиакты-содалы дистелерлі сұйықтықтан СаСІ2-ді өндірісінен алынған ас тұзын тазалау әдісіне қатысты болып, ас тұзы тұнбасын жуған кезде реагенттер шығынын азайтуға және өнім сапасы мен шығынын сақтап қалуға мүмкіндіктер береді. Түзілген ас тұзының суспензиясын СаСІ2-ді ерітіндісінде өңдейді, түзілген ас тұзы кристалдарын бөліп алады және соңғы тұзды ерітіндіден жуады. Тұзды ерітінді ретінде СаСІ2-ді массалық үлесі 9-12% болатын дистелерлі сұйықтықты қолданады, ол алдын ала рН 5-7 ортаға дейін тұз қышқылымен бейтарапталынған.