ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Қоғам дамуының, оның ішінде индустрияның дамуының белгілі бір кезеңіне дейін, табиғатта экологиялық тепе-теңдік орнаған болатын, яғни адам әрекеті табиғат үрдістерін бұзбайтын немесе оларға аз әсер ететін. Бұл экологиялық тепе-теңдік жер бетінде адам пайда болғаннан кейін де миллиондаған жылдар бойы, ХХI ғасырдың соңына дейін орнап келді. ХХ ғасыр тарихқа бұрын болмаған техникалық прогресс ғасыры, ғылым, өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығының қарыштап дамыған ғасыры болып келді. Бұнымен қатар адамның индустриялық әрекетінің қоршаған ортаға әсері өсе түсті. Нәтижесінде бұл даму экологиялық жүйелердің және жер планетасының сырт кейпінің болжанбаған өзгерісіне әкеп соқты.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздеріне газды, сұйық, қатты отын жағатын энергетикалық құрылымдар, транспорт, қара және түсті металлургия өнеркәсіптері, химиялық, целлюлазды қағаз және мұнай өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы жатады. Ас тұзын өндіру кезінде негізінен мынандай жанама өнімдер ретінде су (бу) шығады, сонымен қатар өте аз мөлшерде (тұнбада) магний гидрооксиді, магний карбонаты, магний сульфаты, кальций карбонаты, кальций сульфаты пайда болады.

Өнертабыс жер асты тас тұздары тұздықтарынан тағамдық тұз алуда келесі мақсаттарда тиімді қолданылуы мүмкін. Біріншіден, жоғары сапалы ас тұзын алу; екіншіден, қатты қоспалар мен тұз ерітінділерін- өндіріс қалдықтарын тастауды болдырмау, тұз өндіру аймағында қоршаған ортаны масштабын және экологияны нашарлататын қалдықтарды толықтай утилизациялап, басқа өндірістерде қолдануға жарамды гипс шығару және төмен сортты техникалық ас тұзын алу, үшіншіден, қоспалар мен өте ластанған шикізаттармен жұмыс жасағанда, өндірісте қолдануға болатын құрамындағы еритін заттар концентрациясы өте жоғары ерітінді алу шикізатты қолдану дәрежесін жоғарлатады. Бірақ бұл техникалық шешім тұздықтардан ас тұзын алудың дәстүрлі әдістеріне тән мүмкіндіктерді толықтай қамтымайды. Мекен жағдайда таза кристалдық тұз алынған соң қалған аналық ерітіндіде утилизацияланбайды. Кейде бұл ерітіндіні тұзды жер асты ерітуге жібереді, бірақ бұл негізгі тұздықтан қажетсіз қоспалармен ластануына алып келеді. Басқа жағдайларда аналық ерітіндіні арнайы сақтау орындарына термодинамикалық тастау жүргізіледі, ол қоршаған ортаны ластауға алып келеді. Одан бөлек аналық ерітіндіні толықтай өңдеудің рационалды әдістері болмауы шикізатты қолдану дәрежесін төмендетеді.

Сонымен тұздықтардан ас тұзын алудың белгілі әдістерін талдауда дайын өнім тазалығын, шикізатты қолдану дәрежелерін жоғарылату, экологиялық және экономикалық сұрақтарды қарау керек.

Ас тұзының кристализациясынан кейінгі аналық ерітінді құрамы натрий хлориді және еріген қоспалар болып, үрдісен шығарылады. Әдістің кемшіліктері болып тұздықтарды тазалаудағы жоғары эксплуатациялық және капидалды шығындар, тұздықты химиялық тазалаудан соң шламдарды тастау қажеттілігі және кристалды тұз бөлінген соң аналық ерітіндіні үрдістен шығару. Бұл тастамалар қоршаған ортаны ластап, зауыт айналасындағы экологиялық жағдайды нашарлатады.

Көрсетілген әдіспен құрамы әртүрлі қоспалар мен ластанған оның ішінде қақ түзетін қоспалармен тас тұзын жер асты ерітіп алынған тазаланбаған тұздықты үздіксіз өңдеу нәтижесінде ас тұзын алады. Бұл жерде тұздықты қоспалардан химиялық тазалау, соонымен бірге ас тұзын бөлу алдында қоспаларды тұндыру үшін тұздықты термиялық өңдеу болмайды. Тазаланбаған тұздық төрт корпустан тұратын, көпкорпусты буландырғыш қондырғыға келеді. Буландыру кезінде тұздықтан кристалды ас тұзы және қақ түзетін заттар яғни, кальций сульфаты мен карбонаты түзіледі. Бірақ буландыру кезінде қақтардың жылу өткізетін бетінде жабыспауын қамтамасыз ететін технологиялық режимде буландырғыш қондырғы өнімділігін төмендетпей 15-30 тәулік жұмыс істей алады. Ас тұзын алуда көп корпусты буландырғыш қондырғыны қолдану энергия шығындарын және тұздың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Атмосфераға араласатын өнеркәсіп тастандыларының құрамы өте күрделі. Олардың ішінде газ, аэрозоль және бу түрінде болатын мыңдаған химиялық қосылыстар бар. Отынды жағу және көптеген өнеркәсіптік үрдістер ауадағы оттегіні жұтады. Бұның бәрі ауаның ластануына әкеп соғады. Атмосфераның негізгі комплексінің – азоттың, оттегінің, көміртегі тотығының өзгеруі әзірге азғана. Бірақ бұл өзгеру атмосфераның табиғи тепе-теңдігінің бұзылғанын көрсетеді. Көміртегі қос тотығының шоғырының көбеюі жақын арада жер климатының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін. Атмосфераның көміртекті тотығымен, азоттың фреонмен және басқа галогендермен улануы табиғаттың бүкіл әлемдік өзгерісіне алып келеді, жердің азон қабаты бұзылады.

Өндіріс орындарынан, транспорт машиналарынан бөлінетін аэрозольдар қазіргі үлкен қалалар мен аудандардың үстінде Күн сәулесін өткізбейтін қабат жасап тұрады. Ауаның ластануына, адамдардың денсаулығына, көк саябақтарға зиян, сонымен бірге ғимараттардың бүлінуіне әкеледі. Атмосфераға бөлінетін тастандылардың 85%-ы көміртек тотығының , күкірт қос тотығының, азоттың, көмірсутек, сондай-ақ шаңның үлесіне тиеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында үлкен ластаушының жаңа түрі – радиоактивті заттар пайда болды.