РЕДУКТОР КОМПАНОВКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ САТЫСЫ

Компоновканың екінші сатысының мақсаты тісті доңғалақтың, білік, корпус, мойынтіректер түйіні мен біліктің басқа да бөлшектердің беріктігін тексеруге берілгендерді дайындау. Сыртқы және ішкі нығыздаушылардың түрлерін белгілейміз. Мұнда мойынтіректердің фланецты және жабылатын қақпақтарын кеңінен қолданған жөн. Радиалды мойынтіректерді реттеуден өткізу қажет. Жетекші және жетектегі біліктерде дөңгелектелген қапталды призмалы оймакілтек қолданамыз. Оймакілтек ұзындығын күпшек ұзындығынан 3-5 мм кем етіп орындаймыз. Корпус элементтерін құрастырған кезде келесіні ескеру қажет.

- майлау материалының деңгейін бақылайтын элементтер;

- майлау материалы құйылатын люкті терезе мен тісті болдырмауды бақылау;

- майлау материалы құйылатын тесіктердің тығындалуы;

- ішкі және сыртқы аумақтағы қысымды теңестіру;

- тасмалдауға жүктік бұрандалылар, тұзақ, құрсақ.

Үйлестірудің екінші кезең мақсаты тісті доңғалақ біліктің пішіні, мойынтіректер түйіні және біліктің мықтылығын тексеру үшін мәліметтерді дайындау мен кейбір басқа бөлшектерді конструкциялық безендіру болады.

Орындау ретінің үлгісі мынандай. Алдында табылған конструктивтік өлшемдер бойынша тегерішті және доңғалақты сызамыз. Тісті доңғалақты білікпен бірге қосып орындаймыз.

Жетекші біліктің түйінін құрастырамыз.

а) арақашықтығына ортаңғы редуктордан табылған осьтік түзулер жүргіземіз. Бұл осьтік түзулерді қолданып, мойынтіректердің қозғалу қиылысында сызамыз.

б) Мойынтіректің дөңбек кесіндісімен пішіннің ішкі қабырға бетінің арасында майды ұстайтын сақина сызамыз. Оның дөңбек кесіндісі пішіннің ішіне 1-2 мм шығын тұру керек. Сонда бұл сақиналар бір уақытта майды лақтырушы сақина ролін орындайды. Біліктің сатысынынасынан азайту үшін сақинаны мойынтірек орналасқан диаметрде орналастырамыз. Осьтік бағытта олардың белгілену біліктің иық артында және сақина мойынтіректерінің ішкі дөңбек кесіндісінде іске асырылады;

в) Тығыздалған астарымен және болтарымен мойынтірек қақпағын сызамыз. Болт шартты түрде сызба жазықтығына кіргізіледі. Ол ажырайтын жазықтықтағы қазылғанын көрсетеді. Кигізден жасалынған және фетровтық тығыздықтар, иілгіш жалғаулар толтырылған, басты түйіндерде қолданылады. Монжеттік типтің тығыздығы иілгіштегідей сұйық майланатын материалдарда кең қолданылады.

г) Соңына қосылатын 32 мм біліктің өтілуі мойынтірек 10-15 мм қашықтығында орындалады.

Біліктің қосылатын соңының ұзындығы муфта күпшегінің ұзындығымен анықталады. Осыған сәйкес біліктің пішінін конструкциялаймыз. Келесі ерекшеліктерге назар аударайық.

а) Осьтік бағытта тісті доңғалақты белгілеу үшін, білікті жуандатуды біз жағынан және тіректе төлкелерді орнатушы басқаша жағынан қарастырамыз.

б) Редуктор ортасынан l2 қашықтықта сызықтар жүргізіп мойынтіректерді кигіземіз. Мойынтіректер қақпағын прокладкалар мен болттармен бекітеміз.

60 мм-ден 55 мм-ге өтуді мойынтіректің ішіне 2-3 мм-ге ығыстырамыз, сақинаны мойынтіректің ішкі сақинасына қысу кепілдігін беру үшін, бұл сақина - мойынтіректің ішкі сақинасымен муфта күпшегінің арасында – мойынтіректің күпшегімен сепараторды бір-біріне жақындатпайды.