Методы обучения и преподавания 1 страница

1. Презентации:

  • Состав, размеры помещений, оснащение и оборудований объекта квалификационным требованиям (производственной аптеки)
  • Состав, размеры помещений, оснащение и оборудований объекта квалификационным требованиям (аптеки готовых лекарственных форм)
  • Соблюдение условий хранения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

2.Дискуссия по презентациям

3. Ролевая игра: Поверка производственной аптеки (группа проверяющие и группа проверяемые)

Литература

Основная:

  1. Закон РК «О здоровье народа и системе здравоохранения»
  2. Совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2011 года № 159 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 5 апреля 2011 года № 89 «Об утверждении форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства по оказанию медицинских услуг, обращению лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники»

Дополнительная:

1. Закон РК О частном предпринимательстве

  1. Совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2011 года № 158 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 5 апреля 2011 года № 88 Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства по оказанию медицинских услуг, обращению лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

Контроль

- Проверка знаний по вопросам темы

- Практические навыки- заполнение проверочного листа;

- Коммуникативные навыки- оформление презентации;

- Правовые навыки- изучение Совместного приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2011 года № 159 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 5 апреля 2011 года № 89 Об утверждении форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства по оказанию медицинских услуг, обращению лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

- Самосовершенствование – подготовка 10 тестовых заданий по теме.

Фармацевтический факультет

Модуль «Фармацевт-менеджер»

Оқытушының жетекшілігімен

студенттердің өзіндік жұмысқа арналған

методикалық нұсқаулық

КУРС 5

ПӘН: Жеке кәсіпкерлік қызметінің негіздері.

Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау.

ТАҚЫРЫБЫ: Пәннің негізгі түсінігі және методологиясы.

Кәсіпкерлік қызметтің табиғаты.

Кәсіпорынды ұйымдастыру формалары .

Құрастырушы:

Оқытушылар Адибаева Г.К., Бидасова Г.К.

 

 

Алматы, 2012

Пәннің негізгі түсініктері мен әдістемесі. Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Кәсіпкерлік табиғаты. Бәсекелестік түсінігі, оның ерекшеліктері.

Мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің, шаруашылықтың нарықтық ұйымдастырылуының, бәсекелестік және оның ерекшеліктерінің негізгі түсініктерімен таныстыру және оқу.

Оқыту міндеттері: пәннің, кәсіпкерлік табиғатының мақсаттары мен міндеттері, кәсіпкерлік маңызы және бәсекелестіктің негізгі түсініктері бойынша білімді қалыптастыру.

Өткізу түрі: пікірталастар, презентациялар, рефераттар, эссе.

Тақырып бойынша тапсырмалар: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жұмыс:

  1. Кәсіпкерлік мәні.
  2. Кәсіпкерлік – үрдіс және құбылыс ретінде.
  3. Кәсіпкерлік функциялары.
  4. Кәсіпкерлік классификациясы.
  5. Шаруашылықтың нарықтық ұйымдастырылуы.
  6. Бәсекелестік түсінігі, оның ерекшеліктері.

Тарату материалы:

Кәсіпкерлік пен кәсіпкер мәнін айқындауға көптеген атақты шетелдік ғалымдар назар аударды, өйткені нарықтық экономика ролінің дамуымен кәсіпкерлік күшейеді, ал шаруашылықты жүргізуші субъекттер кәсіпкерлік ұйымға айналады (фирмалар, компаниялар және басқа да күрделі кәсіпкерлік бірлестіктер). Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік мәнінің тұрақты тұжырымдамасы жоқ, оны толық түсіндіруге болады: ғылым саласының түрлі өкілдері (экономисттер, философтар, социологтар, құқықтанушылар және т.б.) қойылған зерттеу мақсаты мен жиналған біліміне сүйене отырып бұл терминді әртүрлі түсіндіреді. «Кәсіпкерлік» терминінің мазмұны әртүрлі болуы экономикалық, социалды, финанстық кәсіпкерлік қызметтің экономикалық нарық ролінде көп мағыналылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар шаруашылық жүйесі ретінде кәсіпкерліктің ашық түрін көрсетеді.

Батыс елдеріндегі кәсіпкерлік мәнін анықтау. Америкалық ғалымдар пікірі бойынша: Кәсіпкерлік – орындалуы бойынша батыл, маңызды және қиын жоба қызметінің түрі. Кәсіпкерлік – бұл азаматтардың өз жауапкершілігіне және қауіп-қатеріне өз еркімен жасалатын іс. Кәсіпкерлік жаңа нәрсе жасауға немесе ойлауға, әлде бар нәрсені жақсартуға талпынысқа ұқсас. Ол динамизм, инициатива, батылдық түсініктерімен тығыз байланысты, және көптеген қызықты ойларды шындыққа айналдыратын потенциалды босатады.

Батыс елдерінде заманауи кәсіпкерлік ерекше, жаңашыл, антибюрократтық шаруашылық стилі ретінде сипатталады, оның негізінде – жаңа мүмкіндіктер, инновацияға бағдарлау, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ресурстардың әртүрлі көздерін қызықтыра алу және қолдануды үнемі іздестіру жатыр. Мұндай тілтабудың түрі Қазақстанда да кәсіпкерлік дамуында маңызы зор. Бірақ кәсіпкерлік құру және дамуы үшін кәсіпкер зңдылықтарға сүйене отырып ресурс көздерін іздеуі қажет.

 

Американдық оқымысты Р.С. Ронстадта атындағы кәсіпкерлік – бұл байланыстың жасанды динамикалық процесі. Егер де кім де кім көбірек барлығын өз ақшасымен, карьерасымен қамтамасыз етіп және де өз жұмысын құруға уақытын аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар түрін немесе қызмет ұсынса, солар ғана байлықты құра алады. Бұл тауар немесе қызмет жаңадан болуы міндетті емес, ең бастысы кәсіпкерлер аз күш жұмсай отырып, олардың бағасын көтеру және жаңа сапа бере білуі қажет. Әйгілі американдық оқымыстылар Р.Хизрич және М.Питерс кәсіпкерлі мінез-құлықтың барлық түрлерін қамти отырып, кәсіпкерлікке көп көлемде анықтама берді, «Кәсіпкерлік – бұл бағалана отырып, жаңадан құрылу процесі; өзіне қаржылық, моральды және социальды жауапкершілікті болжай отырып қабылдау процесі; жеке басына ақшалық табыс әкелетін және қол жеткізгеніне қанағаттанарлық процесі».

Р.Хизрич кәсіпкерлікке ең қысқа түрде анықтама берді: бұл – тұрақтылыққа ие болып, жаңадан құрылу процесі. Американдық оқымысты А.Шапиро тәжірибе жүзінде барлық кәсіпкерлер және кәсіпкерліктің анықталу мәселелері тәртіппен жүреді деп жазды, яғни оған біріншіден инициативті элемент, екіншіден ұйым немесе социальды-экономикалық механизмді қоса отырып, нақты жағдайда меншікті ресурстарды тиімді түрде қолдана білуі қажет және үшіншіден мүмкін болатын сәтсіздікті өз жауапкершілігіне алып, қауіп-қатерге дайын болуы қажет. Бұл анықтаулар экономикалық, жеке бастылық және басқарулық болып табылады.

Россиялық оқымысты-экономист А.В.Бусыгина кәсіпкерлік сипаттамасына қызығушылық танытады, яғни ол бастапқы анықталатын формализонды нақты жұмыстық ой реализациясын тәжірибе жүзінде жұмыстық белсенділікпен өзіндік әсер ететінін және тырысатынын түсінді. А.В.Бусыгиннің ойынша кәсіпкерлік бұл жұмысқа деген белсенділік талабы, көбінесе ойшыл, жұмысты қалып реализациясы деп түсінді. Профессиональды мағынада, оның ойынша кәсіпкерлік өзіндік бизнесті қалай ұйымдастыруға болатынын және өзіндік жұмысына қатысты табысты функцияларды жүзеге асыруды қарастырады.

Кәсіпкерлік әртүрлі сферадағы еркін экономикалық шаруашылық (ҚР заңнамаларынан басқасы), нақты тұтынушыларды қажет ету мақсатында нарықтық қатынас субьектілерімен жүзеге асырылады және тауарлық қоғамда (жұмыста, қызметте) табысты болуы және кәсіпорынның өзіндік дамуы үшін бюджеттік және басқа да шаруашылық субьектілерден бұрын қаржымен қамтамасыз етілуі керек.

 

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықтың жаңа түрі, кәсіпорынның базирленген инновационды мінез-құлық, нақты кәсіпкерлік жобасын өткізуі, ақылды және ойды пайдаланудан тұрады. Кәсіпкерлер, өз жұмысын құру туралы шешім қабылдамас бұрын, есепті жүргізе білуі қажет және өз интуициясына кесірін тигізбей, бәсекелестік және нарықтық болжауды үйрену.

Қазақстанда елеулі белгі ретінде кәсіпкерліктің дамуы үшін кез келген жаңа жұмыс кәсіпкерлік болып табылмайды.

Кәсіпкерлік біріншіден жеке азамат пен қоғамның сұранысын қанағаттандыратын және өндіріс факторларының эккономикалық даму мақсатын тиімді қолданумен байланысты. Казақстандағы кәсіпкерліктің негізгі функциясы - тауарды өндіріп, нақты тұтынушыға жеткізу (қызмет көрсету, жұмыс) және моральдық, материалдық жемісін алуы қажет. Кәсіпкер – маңызы бар жаңа істі игеру.

Елдің дамуы үшін кәсіпкерліктің маңызы зор. Қабілетті азамат немесе кәсіпкер өзінің бизнесін дамыту үшін айналысатын қызметін реттейтін заңдылықтарды білуі керек.

 

Кәсіпкерлік өз ісін ұйымдастырудан бастап тауардың өндірілуі және жоспарланған табысын алғанға дейінгі қарым-қатынас жиынтығын көрсетеді.

Кәсіпкерлік - бұл жаңа тауардың, жұмыстың, қызметтің пайда болу процесі; үнемі өсіп отыратын сұранысты қамтамасыз ететін процесс; ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге процесі;

Бұл тұтынушылардың сұраныстары өзгеруіне байланысты үздіксіз жаңарып отыратын процесс. Бұл уақытша келеңсіздіктерге жиі ұшырайтын, үлкен шығынды қажет ететін нәтижесінде кәсіпкерге табыс әкелетін процесс. Сондықтан кәсіпкерлік жаңа творчествалық идеяларды әрқашан жаңартуды талап ететін және нарық сұранысына байланысты, мақсаты мен идеясын жүзеге асыруды қажет етеді.

Қазақстанда кез келген жаңа іспен айналысу кәсіпкерлік болып табылмайды. Кәсіпкерлік өндіріс факторларын үнемді пайдалана отырып, жеке тұтынушы мен қоғамның сұранысын қанағаттандыратын және ел экономикасының дамуына әсер етуші болып табылады. Қазақстандағы кәсіпкердің негізгі функциясына белгілі тұтынушыға тауарды шығару немесе қызмет көрсете отырып, ісінен материалдық және рухани пайда табу.

Кәсіпкерлікті және бизнесті дамыту үшін азаматтық кодексті білу маңызды.

Кәсіпкерлік бұл – тұтынушы үшін бағалы жаңа тауар шығару, жұмыс,қызмет көрсету процестері. Бұл тұтынушының сұранысын қанағаттандырып үнемі жаңарып отыратын процесс.

 

Қолда бар зат пен күшті біріктіре отырып жаңа тауар немесе өнім шығару бес жағдайдан қамтиды.

  1. жаңа, яғни тұтынушыға таныс емес игілік дайындау немесе жаңа сапалы игілік жасап шығару.
  2. жаңа, яғни осы өндіріс саласында беймәлім өндіріс тәсілін енгізу.
  3. нарық өтімін игеру, яғни мемлекетте осы өндіріс саласы берілмеген, осы нарықтың ілгеріде болу болмауына байланысты емес.
  4. жаңа шикізат көзін немесе жартылай фабрикат алу, осы бұрын болу болмауына байланыссыз немесе назарға аударылмаған немесе қол жетімсіз немесе оны жаңадан ойлап табу керек еді.
  5. сәйкес жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу, мысалы, монопольді орналасуды қамтамассыз ету (трестерді құру арқылы) немесе басқа кәсіпорын монопольді жағдайын қопару арқылы.

 

Шындығында Й. Шумпетер бәсекелес нарық ортасында кәсіпорын ұйымдарының жұмыс істеу үрдісін көрсеткен.

 

Кәсіпкерліктің функциялары.Дамыған нарық экономикасында кәсіпкерлік кәсіпкерлік ұйымның (компания, фирма) интегрирленген индивидуальді кәсіпкерлер жиыны, сонымен қатар күрделі кәсәпкерлік ұйымдар одағы келесі функцияларды орындайды:жалпы экономикалық, ресурсты, шығармашылық іздеу (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастыру. Кейбір ғалымдар кәсіпкерлікке саяси функция тән деп есептейді, оны кәсіпкерлер ассоциациясы (одақтар) жүзеге асырады.

Дамыған нарықтық экономикада жалпы экономикалық функция айқындаушы болады, ол кәсіпкерлік ұйымдар роліне және нарық субъектісі ретінде индивидуальді кәсіпкерлерге объективті шартталған. Кәсіпкерлік қызмет тауарларды өндіруге (қызмет көрсету, жұмысты орындау) және нақты тұтынушыға: үй шаруасы, басқа кәсіпкерлер, мемлекетке жеткізуге негізделген, бұл жалпы экономикалық функцияны анықтайды. Кәсіпкерлік қызмет оның субъектілеріне нарық экономикасының эконимикалық заңдар жүйесінің әсері арқылы жүзеге асады (сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, құн және т.б.), бұл жалпы экономикалық функциялардың объективті негізі болады. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы – экономикалық өсудің айқындаушы шарты, ұлттық табыс және ішкі өнімнің жалпы көлемінің өсуі, бұл өз ретінде жалпы экономикалық шаруашылық қатынас жүйесінде көрініс болады.

Кәсіпкерліктің маңызды функциясы ресурсты функция болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы ұдайы қалпына келтірілетін ресурстарды және шектеулі ресурстарды эффективті қолдануды қарастырады, ресурс деп барлық материалды және материалды емес жағдайларды және өндіріс факторларды атайды. әрине, бірінші кезекте еңбек ресурстары (кең мағынада), жер және табиғи ресурстар, барлық өндіріс құралдары және ғылыми жетістіктер, кәсіпкерлік талант. Кәсіпкер ғылыми-техникалық ойларды генерирлесе, өз кәсіпорнында жаңашылықты енгізу, біліктілігі жоғары жұмыс күшін пайдаланса, барлық ресурс түрлерін эффективті қолданса жоғары жетістіктерге жетуі мүмкін. Бірақ максимальді табысқа жету жиі ресурстарды жыртқыштық пайдалануға алып келеді. Осындай кәсіпкерлер өз әрекетімен зиян келтіреді.

Қоршаған ортаға және көшуге өзінің шығармашылығымен мұндай кәсіпкерлер зиян келтіреді. Осыған байланысты мемлекеттің басқару рөлі маңызды болады, ол кәсіпкерлердің функцияларын дұрыс емес қолданғаны, пайдаланғаны үшін жауапкершілік формаларын құрастырады. Формалары бір-біріне қарама-қарсы және екі жақты сипатта болады. Кәсіпкер ресурстар меншігі ретінде олардың рационалды қолданылуына қызығушылық танытады және ол сол уақытта қоғамдық рсеурстарға аяушылықсыз байланыста болу мүмкін. Бұған кәсіпкерліктің және ғылыми техникалық революцияның даму тарихы куә болады, оның салдары адам үшін қарама-қарсы.

Кәсіпкерлікке жаңа антибюрократиялық экономикалық шаруашылық типіне шаруашылық іздеу, иновациондық функция кәсіпкерлік шаруашылық процесіне жаңа функцияларды қолданғаннан басқа қойылған мақсаттарға жету үшін жаңа факторларды және құралды өндіру типі сай. Кәсіпкерліктің шығармашылық функциясы басқа функциялармен тығыз байланысты болады және кәсіпкерлік шығармашылық субъектілерінің экономикалық тәуелсіз болу деңгейі, басқарма шешіи қабылдау шартымен негізделген.

Нарықтық экономика болу процесінде кәсіпкерлік әлеуметтік функция атқарады, мүмкіндігінше әрқайсысы индивумды түрде өз жұмысын жақсы білу керек, жұмысқа өзінің индивидуальды талантын және мүмкіндігін бөлу керек. Бұл функция жаңа адам қабаты – адам ұйымшылдығының пайда болуына, өзіндік шаруашылық – экономикалық шығармашылықтың пайда болуына, өзіндік жеке жұмысын ашуға, қарсы болған ортаға төзуге және өз мақсатына жетуге алып келеді.

Сол уақытта жұмысқа қабылдаушылардың саны да өседі, өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік жағдай кәсіпкерлік шығармашылықтың беріктігінен тәуелді болады.

Кәсіпкерлік ұйымды тиімді түрде функцияласа, әр деңгейде қаржылық заттың түсуі және мемлекеттің қаржылық емес әлеуметтік көмек көрсету шынайы болады. Сол уақытта жұмыс орнындағы адам санының өсуі, жұмыссыздар санының азаюы, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына байланысты деңгейінің өсуі кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерлердің маңызды функциясы – ұйымдастырушылық, өзінің жұмысындағы ұйым туралы, оның диверсификациясын, ішкі фирмалық кәсіпкерлердің қозғалысын, қиын кәсіпкерлік структураның пайда болуын, кәсіпкерлік фирманың шығармашылық өзгеруі және т.б кәсіпкерлер өзіндік шешім қабылдай бастайды. Ұйымдық функция көбінесе аздаған және орташа кәсіпкердің нақты тез өсетіндігін көрсету.

Ізінше, кәсіпкерліктің мәні көптеген комплексті, оның ішінде функциясының барлық мәніне, қарапайым кәсіпкерлердің объективті құрамына сәйкес келетіндігі анықталады, бірақ көбінесе кәсіпкерлік шығармашылықтың субъективтілігіне, жүйенің мемлекеттік қолдауына және кәсіпкерлікті басқаруға тікелей тәуелді болады.

Нарықтың негізгі параметрлері: сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, қабілеттілік.

Демек, кәсіпкерліктің мәні өркениетті кәсіпкерлікке тән оған тиесілі барлық функциялардың байланысында анағұрлым кешенді түрде айқындалады, бірақ көп жағдайда кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне, мемлекеттік қолдауға және кәсіпкерлікті бақылауға байланысты.

Өндірілген тауарлар (соның ішінде көрсетілетін қызметтер) сатылуы керек. Кәсіпкерлік ниет кәсіпорын шығаратын тауарлардың нақты жиынтығында іске асуы керек. Яғни, сұраныс, ол дегеніміз тауарды сатып алатын тұтынушылар болуы керек. Немесе ол тұтынушылар бар, немесе өндірілетін тауарларды сатып алуға деген қызығушылық тудыру арқылы оларды құру қажет. Сұраныс ( яғни, сатып алу-сату көлемі) тұрақты және тауарды өндіруге кеткен шығынның орнын толтыру үшін жеткілікті болуы қажет. Сондықтан кәсіпкер ең алдымен өндірісі жоспарланған тауарға деген ағымдағы және күтілетін сұранысты анықтап және бағалауы керек.

Содан кейін, тауардың ағымдағы және күтілетін нарықтық ұсынысын, яғни өндіріс көлемін анықтап және бағалауы қажет. Ең алдымен ол өзінің емес, өзі таңдаған саладағы басқа кәсіпкерлердің ұсынысын, яғни нарықтық ұсынысты анықтау қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерге нарыққа шығарғалы отырған тауарының бәсекеге қабілеттілігін анықтаған пайдалы. Сатып алушыларды қызықтыратын, оның артықшылықтарын, ерекше қасиеттерін анықтау керек. Содан кейін, салыстырмалы түрде нарықтың кәсіпкер ала алатын үлесін анықтауға болады. Алынған барлық ақпаратты біріктіре отырып, кәсіпкер қандай тауарды шығаратынын және осы уақытта кәсіпорынның нарықтық стратегиясы қандай болатынын анықтайды.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау. Егер сұраныс болса және қажетті мөлшерде болса, және де өндірілуі жоспарланған тауардың көлемінен аспаса, бұл нарық теориялық түрде бұл тауарды қабылдауға дайын екенін білдіреді.

Бірақ, сіз нарыққа өзіңіздің тауарыңызбен кіре салысымен бәсекелестер сол сәтте ысырылмайды. Сонымен қатар, алдын ала істі сәтсіз деп мойындамау керек. Өзіңіздің бәсекеге қабілеттілігіңізге сенімді болуыңыз керек.

Тұтынылатын тауарларды немесе өндірістік мақсаттағы тауарларды, жаңа өнімдерді немесе дәстүрлі игіліктерді өндіруге болады. Тек жаңа технологиямен және ескі технологияны қолданып, аздаған модификацияларды енгізе отырып өндіруге болады.

 

Жоспарланған өнімді басқа ұйымдар өнімдерімен бірнеше көрсеткіштер тізімімен салыстыруға болады: техникалық (габариттері, беріктігі, ұзақтығы, экологиялық талаптарға сай болуы және т.б.). Бәсекеге қабілеттілікті талдай отырып,ең алдымен басты бәсекелестерді анықтап, олардың күшті және әлсіз жақтарын табу керек. Бәсекелестердің арасынан осы өнеркәсіп саласында сәтті немесе керісінше сәтсіз іс жүргізу мысалдарын табуға болады.

Өркендеуші өнеркәсіптер – зеріттеуге, мүмкін еліктеуге де қолайлы объект. Үлкен жетістік жайлы армандайтын кәсіпкер осы компания көрсеткіштерінен асып түсуге тырысу керек, бірақ олармен тікелей бәсекелестік мүмкіндіктерін және мақсаттылығын ұқыпты түрде қарастыру керек. Білетін кәсіпкер бәсекелестің жауапты әрекетін тудыратын, оның нарықтық стратегиясын өзгертетін жағдайларды шамамен біледі. Ол бәсекелес бұл жағдайда не істейтінін де біледі.

Бәсекелес жайлы ақпаратты табу оңай болмайды. Ресми жарияланатын деректемелер (мысалы, акционерлік қоғамның жылдық балансы), коммерциялық баспасөз және бәсекелес жарнамасы белгілі бір роль атқара алады. Жиі қажет мәліметтерді клиенттермен немесе бәсекелестің делдалдарымен тілдесу арқылы алуға болады.

Тек сандық салыстыруларға ғана да сүйенуге болмайды. Өнім өндіруде шығын бойынша салыстыру жүргізуде екі-үш бәсекелес арасында жүргізу мақсатты болып табылады. Өнім өндіруге жұмсалатын барлық шығындарды (материалдар, шикізат, қуат, жұмыс ақысы, құрал-жабдықтар, т.с.с.) ескеру керек, тұрып қалудан жоғалулар мен қосымша шығындарды қоса алғанда. Алдымен бұл мәліметтерді нормативтілермен салыстыру қажет, оның өзі кейбір қателіктерді табуға және өндірістік бағдарламаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Егер Сіз негізгі бәсекелестер туралы дұрыс ақпараттарға ие болсаңыз, Сіздің кәсіпорын шығыны мен екі-үш бәсекелес шығындарымен салыстырыңыз. Мұндай зерттеу бірден өнеркәсіптің шығын бойынша бәсекелесу деңгейін анықтайды, оларды төмендетудің жасырын амалдарын табуға мүмкіндік жасайды. Шығынды төмендету бойынша айқын шаралар ұйымның материалдардың шығын нормасын азайтуға немесе арзан алмастырғыштарды қолдануға, технологияалық үрдістерді жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыру және төлуді рационализациялауға, т.б. негізделген. Ең жақсы қолбасшы шығынды азайту қорын зерттеуге терең барады.