Жол қабаты мен жамылғының классификациясы

 

Жол төсемесiнiң түрi Жамылғының түрi Жамылғы материалы Жол санаты
Күрделі Жетілдірілген Ыстық асфальтбетон қоспасынан   I, II, III
Жеңілдетілген Жетілдірілген а) ыстық асфальтбетон қоспасынан III, IV
б) салқын асфальтбетон қоспасынан III, IV
в) қондырғы немесе сiңiру (жартылай сiңiру) әдiсiмен органикалық тұтқырғыш-тармен өңделген тас мате-риалдардан; қондырғыда жасалынып, сыналау әдiсiмен төселген қара шағыл тастан; эмуль-сиялық-битумдық мине-ралды аралаласпалардан оның iшiнде битум эмульсиясымен өңделген тас материалдардан: беттiк өңдеу бар саңылаулы және жоғарғы саңылаулы асфальт-бетон араласпа-сынан; екi мәрте беттiк өңдеуi бар берiк шағыл тастан жасалынады IV,V
Өтпелі Өтпелі Тұтқыр материалдарды қолданбай сыналау әдiсi-мен төселген берiк жыныстық шағыл тастардан; тұтқырғыштармен бекiтiлген топырақтар мен аз берiктiктi тас материалдардан; жұмыр және кеспе тастардан жасалынады IV,V
  Төсенгі Шағыл (қиыршық) тас-құм араласпаларынан; аз берiктiктi тас материалдар мен шлактардан; түрлi жергiлiктi материалдармен бекiтiлген немесе жақсартылған топырықтардан; ағаш материалдардан және басқалардан жасалынады   V

 

Жол жамылғысының қабаттарын тұрғызу үшін материалдарды таңдауда келесі жағдайларды ескеру қажет:

- асфальтбетон жамылғысының жоғарғы қабатының материалы әсер етуші ҚР ҚТ 1225 және ҚНжЕ 3.03-09 сәйкес келуі керек;

- жауын шашын мөлшері 400 - 500 мм/жылына түсетін ауданда кеуектік көрсеткіштері (суды сіңіруі) төменгі жіберілетін шегіне сәйкес келетін жоғары тығыздықты немесе тығыз асфальтбетонды қолданған дұрыс. Құрғақ климатты ауданда (орташа жылдық жауын шашын мөлшері 400 мм/жылына кем емес) кеуектілік көрсеткіші (суды сіңіруі) жоғарғы жіберілетін шегіне сәйкес келетін тығыз асфальтбетон қолданған дұрыс;

- болашақ қозғалыс қарқындылығы 3000 авт/тәу дейін болғанда және құрылыс кезінде жамылғыны беттік өңделген кеуекті асфальтбетоннан немесе қайтарымды беттік өңделген жоғары кеуекті асфальтбетоннан тұрғызу ПР РК 218-06 сәйкес жіберіледі.

Көпжылдық жолдарды пайдалану практикасының көрсеткенiндей, жамылғы мен төсеменiң басқа да құрылымдық қабаттарының қалыңдығын 1.2-кестедегiден кем етiп алуға болмайды.

 

1.2-кесте

 

№/№ Материал Қалыңдығы h, см
Ірі түйіршікті асфальтбетоон
Майда түйіршікті асфальтбетон
Құмды асфальтбетон соның ішінде салқын
Шағыл тасты мастикалық асфальтбетон
  Тұтқырғыштармен өңделген шағыл (қиыршық) тасты материалдар  
  Сіңдіру тәсілімен тұтқырғыштармен өңделген шағыл тасты материалдар  
    Тұтқырғыштармен өңделмеген шағыл және қиыршық тасты материалдар: - Құмды негізде - Берік тасты негізде немесе бекітілген топырақ негізде      
Органикалық тұтқырғыштармен өңделген тас материалдары, соның ішінде аз беріктікті және топырақтар, органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген шағыл тасты - қиыршық тасты - құмды қоспалар    
Жәй қататын тұтқырғышпен өңделген асфальттің майдаланған үгіндісі
Құм және қиыршық тасты - құмды қоспа
Ескерту - қабат қалыңдығы тас материалдарының ең ірі бөлшектерінің пішінінен кем дегенде 1,5 есе үлкен болуы керек (сіңдіру тәсілімен тұрғызылған қабаттан басқа)

 

1.1 Күрделі типті жол қабатын құрылымдау

 

Асфальтбетон жамылғысындағы күрделі типті жол қабаты I - III санаттағы жолдарда қолданылады, үлгілері суретте келтірілген. Есептік жүктемесі А3 тобындағы көліктер қозғалысына арналған жолдарда, тек қана кұрделі типтегі жол қабаты қолданылады, үлгілері суретте келтірілген. Сонымен қатар, қажетті жағдайларда (мысалы, жамылғы қабаттарының созылмалы температуралық кернеуге кедергісінің ұлғаюы кезінде) геотекстильді материалдан, армирленген қабаттан, біртұтас түйір материалды капилляр үзгіш қабаттардан тұрғызылуы қарастырылуы қажет.

Жамылғы үшін асфальтбетонның типін, маркасын және түрлерін ҚНжЕ 3.06.03 және ҚР ҚТ 1225 жағдайларына сәйкес тағайындайды. Жол қабатының жамылғыларының жоғарғы және төменгі қабатына қолданылатын материалдар түрлері кесте келтірілген.

III жол-климаттық зонада, егерде, аязға төзімділік жағдайларымен тағайындалған жол қабатының жалпы қалыңдығы, беріктігі бойынша қалыңдығынан үлкен болса, қосымша аяздан қорғау немесе жылуизоляциялық қабатын қарастыру қажет.

Күрделі типтегі жол қабатының негізінің көтергіш қабатын берік материалдан тұрғызу қажет (шағыл тасты-қиыршық тасты – құмды қоспалардан, қара шағыл тас немесе цемент – құмды қоспаны сіңдіру тәсілімен бекітілген түйіршікті активті күлден, және т.б) .

Қозғалыстың есептік жағдайларына байланысты негіздің көтергіш қабатының төменгі бөлігін тұрғызу үшін монолитті (бекітілген топырақ және тас материалдары), сонымен қатар ҚНжЕ 3.06.03, МемСТ 23558 және МемСТ 25607 талаптарына жауап беретін түйірлі материалдар қолданылуы мүмкін.

Үлкен жүк көліктерінің қозғалысы болуы мүмкін I – III категориялы жолдардың жол қабатының құрылымында, ірі түйіршікті немесе қиыршық тасты материалдардың негіздің құмды қабатымен немесе жер төсемесінің топырағымен беттесуінде, қабаттардың материалдарының өзара енуін болдырмау үшін және құрылымның ұзақ мерзімділігін жоғарылату үшін геотекстильді материалдан бөлу қабатын тұрғызу керек.