Раtrіs - лат. сөзі, - әке).

Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек философиясындағы ерікті ой елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни философияның мақсаты Библияның негізгі кағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.

Патристикадағы онтологиялык (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады. Патристика монотеизмді(бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы көпқұдайлыққа карсы шығады.

Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік, құдіреттілік тұрғысынан каралса, екінші жағынан, ол абсолютті болғаннан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешкандай анықтама берілмейді, өйткені Құдай - бұл болмыстың аржағында. Бұл Дүние - жаратылған, сондықтан Жаратушыдан анағұрльш төменде; материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан кұтылуға болады.

Сонымен қатар бұл Дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі қылып жаратты.

Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикағакетеді. Мысалы, христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», троица (үштік) кағидасы - қарапайым сананың да, теоретикалық ойлаудың да шеңберінен шыққан түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан Тертуллианның «сгеёо, циіа аЪкигёит езі» (сенемін, өйхкені ақыл-ойға сыймайды) деген нақыл сөзі сол кездегі философиялык ахуалды шынайы бейнелейді. Енді патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Августинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық.

Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі -киелі Августин.Ол 354 ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.

19 жасқа келгенде Августин манихейлік дінді қабылдайды. Бұ_л діннің негізін қалаған - парсылық Мани (3 ғ.). Ол өз ілімінің қайнар көзі Зороастра, Будда жэне Христос деп есептеген.

Манихейлік ілім Дүниеде екі бір-біріне қарсы тұрған негіз бар дейді. Олар күн мен түн, игілік пен зүлымдық.

Алғашқы уақытта олар бір-бірінен бөлек емір сүреді. Екінші дәуірде зұлымдық (материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз бір-біріне араласып кетеді.

Уақыттың үшінші сатысында сәуле мен түнектің өзара күресі ізгіліктің жеңісіне әкеліп, материяның қалдықтары дүниежүзілік өртте құриды.

Адамға келер болсақ, ол - түнектің туындысы. Оның денесі жанды (сәуледен шыққан) өз ішінен жібермей тұтқындап түр. Иса пайғамбар осы адамдардың жанын құтқару үшін жіберілген.

Күнә мәселесіне келер болсақ, манихейліктер ол адамның еркінің ауытқуынан емес, ол Дүниенің екінші түнек жағының адамның жан дүниесіне кіруінен шығады дейді.

10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зардап шегіп, ақырында Христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы діннің үлкен тұлғасына айналады.

Августиннің негізгі философиялык еңбектері: «Құдай қаласы жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге карсы», «Жанның өлместігі» т.с.с.

Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дінін өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.

Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі кұралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп, оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнін арқасында пайда болатын «ішкі сәуле» анағұрлым биік санала бастайды.

Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның: «Сенемін, өйткені абсурдты», яғни ақыл-ойға сыймайды, қарсы келеді», - деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елегінен өткізілмеген сенім - сенім болмайды. Ақыл-ой аркылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі карай нығайтуы керек. Сонымен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. «Сенемін тусіну үшін», «Тусінемін сену үшін»деген көзкарасқа жол ашылады.

Августин «Сені шақырамын, Құдай - ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда барлық ақиқат - ақиқат. Құдай - дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай - зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы кайсыбір зерделі сәуле жарқырайды», - деп толғанып айтады.

Адам мәселесі

«Адамдар алыс жолға шыкқанда қалайша таудың биік шыңына, қаһарлы теңіз толқынына, мұхиттың кеңістігіне, жұлдыздардың ағуына тамсана қарап, сонымен қатар өз-өздерін ұқыпсыз қалдырады?» - деген Августин сөздері, әрине, әр адамды толғандырады. Философиядағы шынайы мәселе - ол Ғарыш емес, ол -адам. Құпия - Дүние емес, ол - біз. «Қандай сыр жатыр адамның ішінде! Сен, Жаратқан, адамның басындағы шаштың санына шейін білесің, сенсіз оның бірде-бірі түспейді. Сонда да адамның шашын есептеу - оның жан-дүниесіндегі іңкәрлері мен... қобалжуына, шайқалуына қарағанда анағұрлым жеңіл», - дейді ұлы ойшыл.

Августинді адам мәселесі өзінің жалпылығымен емес, керісінше, нақтылығымен кызықтырады. «Мен өзім өзіме үлкен мәселеге айналдым», - дейді ойшыл. «Мен өзімдегі барды қамти алмаймын», - деп ол қынжылады.

Өзінің «Сыр шерту» деген еңбегінде Августин еш нәрсені жасырмай, өзінің жан дүниесін толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі талай қайшылықтардың қаншама зардап әкелгенін, соларды шешу жолында қалайша Құдайды мойындағаны жөнінде айтады.

Августин адамның терең қайшылығын оның еркіненкөреді. Ол Құдайдың еркімен көп жағдайда сәйкес келмейді. Осы қайшылықты аңғару адамнын өзінің «Менін» ашуға көмектеседі.

Августинге Христиан дініндегі құдайдың үш кейіптігі зор әсерін тигізді. Егер адам Құдайға ұқсатып жаратылған болса, онда онын тұлғасында осы үштікті табу керек. Олар - біздің өмір сүріп ясатқанымыз, болмысымыз,біз өмірді сүйеміз.Және біз айнала қоршаған ортаны танып-білеаламыз. Сонымен өмір сүру, білу,адам болмысының үш жағы, олай болса, біздің жан-дүниемізде Құдай бейнеленеді.