Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия

Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқрастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады.

Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделген қоғам сарқылып, Орта ғасырларда «тарихи белсенділік» Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі - тайпалық-рулық, соғыс демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көпқұдайлыққа табынған араб тайпаларыньщ басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы пайда болады. Ол Индтан Атлантика мұхитына дейін созылған мемлекет болды. Көшпенді араб тайпалары бастарының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстардың өсуіне әкелді.

Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні, философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке кірген «арсенал», «адмирал» «тариф», «авария», «медицина», «алгебра»т.с.с. сөздер араб сөздіктерінен шықкан.

Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек.

Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсак, олардың өшпес еңбегі -Антикалықдәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.

Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс»ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс VII ғасырдың аяғынан бастап XI ғасырға дейін созылды.

Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсак, Абу-Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялык кестелері латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялык есептеулерге алғаш енгізген де - сол кісі.

Цбн-Юнус уакытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Цбн-Афьян - алғашкы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді «химия ғылымының әкесі» деп атайды. Закария Разидің «Барлығын қамтитын кітабы» да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.

Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны осы тарауда талдайтын боламыз.

ХІ-ХІІ ғасырларда арабтардың барлык игерген мәдениет кұндылықтары Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.

Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халыктарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам - көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.

Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға

Аль-Кинди(800 Ж.-879 ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.

Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылым саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына жөніндегі кітап» т.с.с.