Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.)XVII ғасырдағы неміс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. Екінші жағынан, ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтанушы. Лейпциг университетін бітірген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерімен айналысқан. Университетті бітіргеннен кейін, екі ғылым саласынан докторлык диссертация қорғайды (логика мен құктанудан). Аз уақыт дипломатикалык кызметте Париж каласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейін, өмірінің аяғына дейін ғылыми жұмыстармен айналысқан.

Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер», «Теодицея», «Монадология» т.с.с.

Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөніндегі ілімдері канағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екі бір-біріне тәуелсіз субстанциялары дуниені қақ бөліп, олардың бірегейлігін дәлелдеу үшін ол Құдай идеясын енгізуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бір ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екі атрибуты — созылу мен ойлау бұрынғысынша бір-бірінен тәуелсіз болып қала берді. Бұл екі ұлы философ дүниенің шексіз әртүрлілігін өздерінің онтологиясында дұрыс түсіндіре алмады.

Олай болса, Лейбництің қойған негізгі максаты түбі бір, сонымен қатар шексіз әртурлі субстанцияларды табу қажеттігінде болды.

Лейбництің ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталан-байтын шексіз әртүрлі заттар пайда болуы мүмкін емес, сондықтан сапалы көптүрлі субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзі көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегі субстанциялардың саны шексіз және сапа жағынан әртүрлі. Бірақ олар бытыраған (хаос) емес, белгілі бір тәртіпке келіп жүйеленген.

Мұндай ой-өрісі Лейбницті дүниенің негізінде жатқан өте ұсақ, өз-өзіне жеткілікті, іштей неше түрлі күштерге толы монадаларды(monos - грек сөзі, бір) мойындауға әкелді.

Монадалар, негізінен алғанда, физикалык ұсак бөлшектер емес, онда ол Демокриттің атомына ұксас болар еді. Олар кеңістікте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемі жоқ. Монадалар -рухани-жандық, органикалық сапалы нүктелер, әрбіреуі тек өзіне тән даму сатысында. Өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, бір-бірін қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әртүрлі. Олардың бір-біріне ұқсастығы тек кана олардың бөлінбейтіндігі мен мәңгілігінде.

Сөзсіз, мұндай ойларға Лейбницті Левенгуктың микроскоп жасап, адам ұрықтарын үлкейтіп көрсетуі себеп болса керек.

Лейбництің монадалары іс-әрекетке толы, олардың әрбіреуі мәңгілік езгеру, жетілу толкынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейін әртүрлі ішкі күштерге толы, олар өздерін шындыкка айналдыру жолында материалдық өмірді, физикалық процестерді тудырады.

Монадаларды жете түсіну үшін ойшыл адамдардың өмірімен оларды салыстырады, өйткені адамның жан дүниесінің өзі әртүрлі монадалардан тұрады. Мысалы, әрбір тұлға өзінің өмірінің шеңберінде өне бойы өзгергенмен, бірақ сол тұлға болып калады, монадалар да сол сияқты.

Адамдар бір-біріне ұксамағанмен, қоғамда әртүрлі топтарға бөлініп өмір сүреді, монадалар да сол сияқты..

Әрбір монада - өзінше жабық ғарыш. Лейбниц: «Монадалардын әйнегі жок, сондықтан еш нәрсе оған кіріп, еш нәрсе одан шыға алмайды», — дейді. Монада басқа монадаларға өзінің әсерін тигізе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбіреуі - өз-өзіне жеткілікті және өзін-өзі шектеген.

Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бір-біріне өз әсерін тигізе алмаса, онда Дүние бытырап, тәртібі жоқ тұңғиык болып кетпей ме? Лейбництің ойынша, бізді коршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкін дүниелердің ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтірілген, үйлесімді түрде өмір сүреді, өйткені олар алдын ала орнатылған сәйкестіктіңнегізінде өмір сүреді.

Дүниеде алдын ала сәйкестік орнату мәселесі Лейбництің Теодицеядеген ұғымымен беріледі (teos - грек сөзі, құдай, dike -әділеттілік, бүкіл сөз Құдайды актау идеясын береді).

Монаданың ішкі өзгеру даму сатысын көрсету үшін Лейбниц тағы да оны адамның жан дүниесімен салыстырады. Түйсіктер, аңдау, қабылдау, өзіндік сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтеді.

Ең төменгі дәрежедегі монадалар, негізінен, тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар «түс көрмей ұйықтайды».

Екінші сатыдағы монадалардың түйсіктері, аңдаулық қасиеттері бар. Олардың сана-сезімі әлі көмескі, іс-әрекеттері әлі енжар болып келеді. Оларға, негізінен, жануарларды жаткызуға болады.

Үшінші бізге белгілі монадалар — адамдардың жан дүниесі. Бұл монадалардың есі, ойлау қасиеті, өзіндік сана-сезімі бар.

Төменгі дәрежедегі монадалар жоғарылауға, келесі сатыға өтуге тырысады. Адамның жан дүниесін кұрайтын монадалардын өзі енжарлык сезімдіктен, ғылыми ұғымдар мен фантастикалық қиялдарға дейін өрбиді. Жоғарғы сатыдағы монадада төменгі сатылар сақталады.

Олай болса, монадалар дамуының ең «соңғы» сатысы қандай болмак және олар қаншалықты адамның рухынан кашықтықта?

Лейбниц бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес деген пікір айтады, өйткені жоғары дәрежедегі монадаларды төмендегілер танып-біле алмайды. Бірақ күмәнсіз бір нәрсе бар - Ғарышта жердегі адамдардан да жоғары дамыған тіршілік болуы мүмкін.

Жалпы алғанда, монадалардың даму мүмкіндіктері шексіз. Ал шексіздіктін шеңбері жоқ, бірақ шексіздіктің өзін шеңбер ретінде қарасақ, онда біз Құдай идеясына келіп тірелеміз. Ол - шегіне жетіп, жетілген монада.

Бұл идеялардың негізінде Лейбниц қоғам өмірін жақсартуға да бірте-бірте реформалар арқылы жетуге болады деген пікір айтады. Ал қайсыбір революция, негізделмеген терең төңкеріс қоғамды көп зардапқа әкелуі мүмкін. Әрине, Лейбництің бұл идеясында терең сыр жатыр, оны біз өзіміздің қоғамды жаңарту барысында есте сақтауымыз қажет.