Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы

Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханияты, тілі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерттеліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтіңбірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдыңеңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономиқалық, саяси-құктық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабеқовтіңеңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаевболды.

Қазақ мдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мдениеттанудағы көкжиектермен үштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғабитовтыңеңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз.

Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінін ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрлановатыңеңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мүраны зерттеуге Т.Айтқазин, Т.Бүрбаев, К.Бегалиноваөз үлестерін қосты.

Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты улесін қосып журген Ғ.Есімніңеңбектері ерекше аталуға тиіс.

Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі,өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу,сонымен қатар дәуірдіңқойған жаңа жалаптарынасәйкес жауапберу, Дүниежүзіліккөштен қалын қалмаут.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді.

Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нүржановтыңеңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтыңжетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б.ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтіңеңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады.

Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.

Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдықцивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек.

Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды.

Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады.

Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан
кейін көп ұзамай, либералдық-демократиялық саяси бағыт
басымдыққа ие болды. Алайда біздің пәніміз саясаттану емес,
философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды
деген сұраққа жауап берейік. «Шындық, батыста бүгінгі таңдағы артта қалған елдер ертелі-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсіп, дамиды. Олардың ұлттық мәдениеті, тілі ертең-ақ қоғамдық сананың шетінде қалың «универсалдық батыс түсінігі толығынан өз басымдығына жетеді. Бұл бүкіладамзат дамуының негізгі жолы» деген пікірді біз Н.Әмірқұлов пен Н.Масановтың90-шы жылдардың орта кезінде шыққан еңбектерінен окимыз. Бұлар ашық батысшылдар.Қазіргі қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз. Екінші көлемді топқа астыртын батысшылардыжатқызуға болады билік басындағы біршама қызметкерлер, әсіресе, батыс елдерінен соңғы жылдары білім алған, өз елінде уақытында ұлттық мәдениеттен терен нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық іс-әрекетіне негізделген озық технологиялар, құқықтың мемлекет үлгілерін т.с.с. жетістіктерін алып, өмірге дереу енгізу керек, сонымен қатар жеке адамдардың кұқықтарын сақтау негізінде олардың жасампаздық; күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханиятгың дамуын сол жолға бағындыру - заңды нәрсе. Кейбір зиялылар қоғамды апаттан құлжарудың негізгі жолы исламдық бағытпендамуда деген пікір айтады. Сонда ғана біз өз болмысымызды сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бір жағынан, кеңес заманынан бері келе жатқан ағарған саясатқа, екінші жағынан, қазақ халқының ислам дінінде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек. Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (А.Қасымжанов, Т.Срсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.)ұстайды. Олардын ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі мәдениетімізді сақтайотырын, озған елдердің жетістіктерін соларға бейімдей қабылдап, өзгеруімізкерек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттын жақтаушылары зиялылар арасында ең кеп болғанымен, қазіргі саясатта олардын үндері әлсіз естіледі. Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды тандауға мүмкіндік бермеді.Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге әерекшеленіп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен бақытты болу жақсы» деген идеологияның негізінде руханияттың үдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыздықпиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі, жекешендірілу жолында жасалған келеңсіз жайттар т.с.с. әлеуметтік наразылықты күшейтіп, билік басындағылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-демократиялықбағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге
болады?

2. Көне түркі мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай?

3. Көне түркі мифологиясындағы өлімнен қашып, өлместікті
іздеген кім болды?

4. Гректердің «Жеті даналарының» бірі болып саналатын
түркі бабамыздың есімі кім болды?

5. «Ақыл, әділет, дәулет, қанағат» құндылықтары елді бақытқа әкеледі», — деген ойшыл кім?

6. «Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз.

7. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы
неде?

8. Сопылықтың қай сатысында адам Алла тағаламен қауышады?

9. Өмірде алудан гөрі болуды арман еткен жырауларды есіңізге түсіріңіз.

10.Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кім болды?

11.Абылай ханның кеңесшісі болған ұлы жырау кім еді?

12.Қазақтың дана билерін есіңізге түсіріңіз.

13. Қазақ болмысындагы шамандықтың қалдықтарын терең
зерттеген ағартушы кім болды?

14. «Адам бол!» ұранын тастаған ойшыл кім еді?

15. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш
Жазған ағартушы кім болды?

16.Абай қандай «бес нрседен қашық, бес нәрсеге асық^бол»
Дейді, соны есіңізге тұсіріңіз.

17.Сот билігіне жыл кесілмей, сайлауды қалаған кім болды?

18. Шәкәрімнің танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады?

19. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты есіңізге түсіріңіз.

20. «Үш анықты» жазған кім?

21. «Маса» жинағын жазған ағартушы.

22. Кеңес дәуірінде диалектикалық логика саласын дамытқан
философтарды есіңізге түсіріңіз.

23.Ұлт аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есіңізге түсіріңіз. Өтпелі кезең теориясын терең зерттеген ғалым.

24. Отандық философиядағы «батысшылардың» көзқарасын
сипаттаңыз.

25.«Діни іргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз?

26. Философиядағы «Отаншыл бағыттың» өкілдерін есіңізге
түсіріңіз.

27. Қазақстанның XXI ғ. болашағына өз дүниетанымыңыздың
негізінде философиялық болжам жасап көріңіз.

Рефераттар тақырыбы:

1. Қазақ мифологиясының ерекшеліктері.

2. Анахарсис - жеті грек даналарының біріне айналған түркі
баба.

3. Ж.Баласағүн және оның философиялық-этиқалық ойлары.

4. А.Жүйнекидің нақыл сөздері

5. Сопылық философияның ерекшеліктері

6. Қ.Яссауидің діни-этиқалық көзқарастары.

7. Асан қайғы - алғашқы қазақ жеріндегі утопист.

8. Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастары.

9. Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары.

10.Абайдың адам философиясы.

11.Абайдың саяси-құқтық көзқарастары.

12.Шәкәрімнің «ар-ұждан философиясы» және оның бүгінгі
адамзатқа қажеттігі.

13.XX ғ. басындағы ұлттық-демократиялық бағыттағы ойшылдар.

14.А.Байтүрсынұлының ағарту ісіне қосқан еңбегі.

15.Кенес заманындағы отандық философия.

16.Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.