Тақырып Саяси партиялар мен партиялық жүйелер.

1.Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері.

2. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы.

Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:

1. 19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.

2. Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.

3. Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:

1) Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.

2) Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.

3) Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.

4) Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№6 тақырыпСаясаттағы көшбасшылық. Саяси көшбасшылықтың типологиясы мен қызметтері. Көшбасшылық тұжырымдамалары.

1 Саясаттағы лидерлердің үш деңгейі

2 Лидердің негізгі қызметі:

1 Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін ажыратады:

1.мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;

2.қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;

3.лидер –биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз–талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

Саяси лидерлік –өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

2 Лидердің негізгі қызметі:

— интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

— алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

— билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

— бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

— прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

№ 7 тақырып Қоғамның саяси жаңаруындағы көшбасшылықтың рөлі. Көшбасшылық саяси нарық шекарасындағы кәсіпкерлік ретінде.

1. Қоғамның саяси модернизацияда көшбасшылықтың ролі.

2. Саяси нарық. Көшбасшылық кәсіпкерлік ретінде.

№ 8 тақырып Қазіргі Қазақстанда саяси көшбасшылықты іске асырудың ерекшеліктері.

1 Қазақстан саяси тарихындағы ұлы көшбасшылар

2 Тәуелсіз Қазақстандағы Президенттік институт

Көшбасшы Тәуелсіз Қазақстандағы Президенттік институт

Конституциялық кеңестің төрағасы И.Рогов­тың пікірінше, «Қазақ­стан­дағы президенттік институт мемле­кеттің ең маңызды қызметін инс­титут­тан­дырудың ерекше формасы болып табылады. Ол биліктің басқа тармақ­тарының үстінен қарайтын саяси-құқықтық қабат сияқты. Президенттік биліктің басқа билік тармақтарынан жоғары тұруы тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, осы арқылы Мемлекет басшысы Конституцияның, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарғы арбитры мен нышаны бола алады. Мұндай құрылым Қазақстан тарихының, қоғамдық-мемлекеттік қатынастардың, дәстүрлі қоғамдық сананың негізінде қалыптасқан». Қа­зақстандағы Президенттік инс­титутты жеке тұлғамен байланыс­тырудың (персонофикация) себебі де осыдан және ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасымен тікелей байланысты.

Мемлекет басшысының дәреже­сіне тек белгілі бір қоғамның өмірі мен дамуында өте жауапты рөл атқара алатын тұлға ғана шыға­рылатыны белгілі. Елдегі көп нәрсе Мемлекет басшысына байланысты. Алайда, бәрі емес. Олардың көбі тұлғаны ел басшылығына дейін көтер­ген қоғамның өзіне, қоғам­дық күш­терге тәуелді. Халық – бір­тек­ті және бірдей құрылған күш емес. Сайлау кезінде басшылыққа халықтың қандай топтары ие болды, адамдар азаматтық борышын қан­шалықты дәрежеде орындады? Міне, осындай жағдайларға бай­ланыс­ты елдің тағдыры да шешіледі. Бір сөзбен айтқанда, халық қандай болса, таңдаған тұлғасы да сондай болмақ.

Н. Назарбаевтың жоғары дарын­дылығын мойындай отырып, оның бо­йынан харизмалық көшбасшы қасиет­терін байқау, әрине, қиын емес.

Саяси жетекші ішкі және халық­аралық жағдайды, қоғамдық тәжіри­бені, ғылым мен мәдениет жетіс­тік­­­терін терең талдауға қабілетті, әлеуметтік болмыс­тың күрделі жағ­дайында ойдың қара­пайым­дылығы мен саралығын сақтап, белгіленген жоспарды, бағдар­ламаны орындауға шебер болуы керек.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№ 9 тақырып XXI ғасырдағы көшбасшылық

1. Көшбасшылық заманауи типі.

2. Батыс және ислам әлемнің саяси көшбасшылықтың ерекшеліктері

Қазіргі ғылымда көшбасшылықтың типалогиясының кейбіреулерін құрастыруға және кейбір типтерін бөлуге көп деген мүмкіндіктер бар. Алғашында ХХ ғасырдың бірінші жартысының типалогияларының қысқаша қарастырайық, өйткені дәл солар қазіргі көсбасшылар болсын, көсбасшылық стильдедері үшін де негіз қалап, жалпы алғанда, көшбасшылық фенаменінің де негізін құрады, ал сосын саяси-психологиялық типалогияларға тоқталайық.

Е. С. Богордус ең алғашқы болып келесі типтерді бөлді:

1) автократиялық (күшті ұйымда);

2) демократиялық (топ мүдделерін таныстыратын өкіл);

3) орындаушылық (кейбір жұмысты атқаруға шамасы келетін;

4) рефлексивті-интелектуалды (үлкен топпен басқаруға қабілетті жеттпейтін).

Кейінірек, Ф. С. Бортт көшбасшыларды біраз басқаша классификациялады:

1) институционалды тип (алып отырған орнының құрметтілігіне баланысты);

2) басым (өз орнын күш пен әсер нәтижесінде);

3) көндіретін (бағыныштыларының көңіл-күйлеріне әсер тигізіп, оларды әрекетке бағыттайды).

Кейін С. С. Кичело «Кеңсесі жоқ көшбасшы! Деген ерекше типті бөліп, оны «пайғамбар»» деп атады. Пайғамбарлар тарих сахнасына қиын-қыстау кезеңдерде шығып, көмекшілеріің қолғабысын туғызып, өздері жасаған қозғалыстардың ерекше белгілеріне айналды.

Ф. Гедл есептеуінше, институционалды және эмоционалды топтық үрдістер тек тоғыз тұлғалар типінің арасында өтуі мүмкін. Оның термонологиясында, бұл «патша», «қанаушы», «көшбасшы», «махабаттың объектісі», «зұлымдықтың объектісі», «ұйымдастырушы», «қызығушы», «батыр», «үлгі тұтуға келетін адам» (нақты айтқанда, оң және теріс).

Дж. В. Гетуель және Е. Г. Губа осылай бөлген:

1) «заң шығарушы (nomotyheric) көшбасшылық», мұнда рөлдер және және күтуді қоғамдық жүйелердегі әрекеттің талаптық өзгерістері анықтайды;

2) «идеологиялық көшбасшылық», мұнда жеке тұлғалардың қажеттіліктері мен ынталарын топтық әрекеттің тұлғалық өзгерістері анықтайды;

3)«синетикалық көшбасшылық», ол қақтығыс жақтарды татуластырады.

В. Белл, Р. Дж .Хилл және С. В. Миллз көшбасшылылардың келесі типтерін қарастырды:

1) «формальді» (ресми орындағы);

2) «танымал» (қоғамда дәрежесі жоғары деп саналады);

3) «жер етуші» (шынымен әсер тигізетін);

4) «қоғамдық» (өздігінен әрекет ететін ұйымдарда белсенді қатысады).

№ 10 тақырып Көшбасшыны ынталандыру. Көшбасшылар қызметтерінің сипаты мен көлемі.

1 Көшбасшыларды ынталандыру себептері

2 Көшбасшылардың негізгі қызметтері

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Көшбасшылар мынаны ұғынады: кім болса да, өмірде қандай орын алса да, барлығын өзінің жауапкершілігіне алады. Өмір не сыйласа да, бұны мүмкіндік санап, командасы артынан еруі үшін, допты қақпаға жақсы бағыттай алатынын көрсетеді. Жауапкершілік қасиеті тән мына адамдар санатына назар аударайық:

Олар жұмыс жасай алады. Джорджия штатының университетінің докторы Томас Стэнли, өз күшімен миллионер болған адамдарды зерттей келе, бір ортақ қасиетті анықтады, ол – тынбай еңбек ету. Бір миллионерден неге күніне 12-14 сағат жұмыс істейсіз деп сұрағанда, оның жауабы: «Үлкен ұйымда 15 жыл жұмыс істеп, қарапайым нәрсеге көзім жетті: біздің ортада сіздер күніне 8 сағаттық жұмыс істейсіздер, яғни өмір сүру үшін 8 сағат, ал оның үстіне тағы сегіз сағат жұмыс істесеңіздер – сіздің болашығыңызға деген тікелей инвестиция», – деген.

Керегін алып жүру керек. Жауапкершілігі мол адамдар ешқашан: «Бұл менің жұмысым емес», – демейді. Мерзімінде жұмысты аяқтау үшін, барлық нәрсеге дайын бола білу керек.

Жетілу үшін тек алға ұмтылады. Жетілуге ұмтылу – бұл мықты мотивация. Сол үшін тынбай еңбек ететін адамдардың барлығының жауапкершілік сезімі дамыған.

Жағдайға қарамастан, нәтиже шығара біледі. Жауапкершілікті адамның міндетті қасиеті – істі аяғына дейін жеткізу. Егер адамдарды артыңыздан ілестіргіңіз келсе, нәтиже шығара білулеріңіз керек.

Гилберт Арланд мынандай кеңес береді:«Садақшы мүлт еткенде, кінәні өзінен іздейді. Көздеген нысанаға тигізе алмасаңыз, нысана кінәлі емес».Ал сіздің жауапкершілігіңіз қалай? Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз бе? Қиын жағдайда сізге допты сеніп береді ме? Өзіңізді жетілдіру үшін талпынасыз ба? Егер сіздің қызметіңіз жоғары дәрежеде болмаса, онда жауапкершілікті арттыру керек.

Адамдардың қисынсыз ақталудың қаншалықты ақымақтық екенін, соған ұқсас әңгімені басқа біреуден естігенде түсінеді.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№ 11 тақырып Саяси көшбасшының имиджі және оның жаһандану жағдайында қалыптасу ерекшеліктері.

1 Имидж түсінігі, ерекшеліктері

2 Имидждің жаһандану жағдайында қалыптасу ерекшеліктері

Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.

1. іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;

2. фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады.

Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар

Адамда сана-сезім , “ мен ” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау қабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды.

Саяси көшбасшының имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?

Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады. Әсірісе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.

Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады. Әсірісе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№ 12 тақырып Басқару технологиясы: басқару құзыреттіліктерінің тәжірибесі.

1. Басқару әдістері. Басқару принциптері. Басқару қызметің жасау кезінде көшбасшының қызметтері.

2. Басқару құзыреттіліктерінің тәжірибесі.

Басқару әдістерінің жіктелуі және басқару жүйесі

Басқару принциптерін және функцияларын жүзеге асыру әртүрлі әдістерді қолдану жолдарымен жүзеге асырылады.

Басқару әдісі – бұл ұйымның алға қойған мақсатына жетуі үшін басқарылатын объектіге әсер ету әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

«Әдіс» сөзі – грек сөзінен шыққан (methodos), аудармасы қандай да бір мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді. Басқару әдістері арқылы басқару қызметінің негізгі мазмұны жүзеге асырылады.

Басқару әдістерін сипаттай отырып, олардың бағыттылығын, мазмұнын және ұйымдастыру формасын ашып көрсету керек.

Басқару әдістерінің бағыттылығы басқару жүйесіне (объектіге) бағытталған (фирма, бөлім, бөлімше, компания).

Мазмұны – бұл әсер ету тәсілдері мен әдістерінің спецификасы.

Ұйымдастыру формасы – бұл нақты қалыптасқан жағдайға әсер ету. Бұл тікелей немесе жанама әсер ету болуы мүмкін.

Басқару практикасында бір мезгілде бірнеше әдістерді және олардың комбинациясын қолданады. Экономикалық әдебиеттерде басқару әдістерінің мазмұны, әсер ету объектісі және жіктелуіне берілген бірыңғай түсінтемесі жоқ. Бір авторлар басқару әдістерін олардың мазмұнына, бағыттылығына және ұйымдастыру формаларына байланысты жіктейді, бұл мәні бойынша басқару жүйесіне әкімшілік, экономикалық әжне әлеуметтік әсер етуді білдіреді. Басқалары әсер ету тәсілдеріне байланысты жіктейді. Қалай болғанмен де басқару әдістері бірін-бірі толықтырып тұрады және үнемі динамикалық тепе-теңдікте болады.

Басқару әдістерінің бағыттылығы барлық уақытта бір – олар еңбек қызметінің әр түрін орындайтын адамдарға бағытталған.

Басқарудың нақты бір әдісінде мазмұны да, бағыттылығы да және ұйымдастыру формасы да белгілі бір деңгейде өзара үйлесімде болады. Соған байланысты басқарудың келесідей әдістерін бөлуге боады:

ұйымдастыру-әкімшілік, тікелей директивалық нұсқауларға негізделген;

экономикалық, экономикалық стимулдармен негізделген;

әлеуметтік-психологиялық, қызметкерлердің әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатымен қолданылады.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№ 13 тақырып Қазақстандық қоғамның демократиялану жағдайындағы жастар саласындағы саяси көшбасшылық.

1 Жастар саласындағы көшбасшылықтың талдау әдістемесі

2 Жастар саясаткерледің қалыптасуының проблемалары.

Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - көшбасшылық. Көшбасшылық деген (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға.

Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады.

Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, іскерлік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Көшбасшылық – топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшыдың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.

Ал жастар арасындағы көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек, және көшбасшылықты қалыптастыру процесінде қандай мақсаттар көзделеді? Көбінесе, басқа адамдарға қажетті және құнды қасиеттерге ие адамдар көшбасшы болып таңдалады. Жасөспірімдерде қандай қажеттіліктер бар?

Жастар арасындағы көшбасшы үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді, қызықты болуы шарт.

Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты өткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндылықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған.

Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте және өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпараттардан хабардар болу. Яғни, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Көшбасшы қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жастардың көпшілігі өзінің ойларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің көшбасшылық қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы көшбасшы өз ойларын нақты ақиақтпен толықтыруы қажет. Сонда көшбасшыға деген сенім тез өседі.

Жастар арасындағы көшбасшының тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, түпнұсқалы, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осындай жастар арасындағы көшбасшының бойында батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие көшбасшыларға сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді.

Көшбасшы адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда көшбасшы болу тек белгілі бір адамдардың қолынан келеді ме, немесе көшбасшылік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.

Дебитеттер тізімі

1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

№ 14 тақырып Ақпараттық көшбасшылық.

Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

4 Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.

5 Қатерге талдау жасау. Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

6 Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.

7 Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

8 Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

№ 15 тақырып Саяси мансап көшбасшының жеке жетістігі ретінде.

1 Саяси карьера ұғымы

2 Саяси карьераның субъектісі

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций(б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельсжәне т.б қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

2. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.