Electronics Workbench - 5.0

Electronics Workbench - 5.О

Сабақ жоспары:

1.Оқытушы басшылығымен жұмыс жасау.

Тұрақты тоқ тізбегін моделдеу

2. Өзіндік жұмыс.

Бағдарламаны іске қосу:

Талап етілетін бағдарламалар дискіге инсталлданған (орнатылған) деп қарастырылады. («Инструкция по установке программы на ПК» қараңыз)

I. Тұрақты тоқ тізбегін моделдеу.

1.1 Electronics Workbench бағдарламасының жалпы сипаты.

Windows жұмыс столындағы Electronics Workbench ярлыгы арқылы бағдарламаны іске қосыңыз. Бұл кезде экранда EWB-5.O бағдарламасының терезесі шығады. Оның жоғарғы жағында мына түрдегі бас меню (File,Edit,Circuit,Analysis,Window,Help), орындалатын функциялардың графикалық кескіндері және компоненттер мен бақылап – өлшегіш құралдар кітапханасының панелі көрінеді:

 
 

 

 


Схеманы жасау үшін керекті элементтер мен құралдарды батарея, резистор, диод, транзистор, микросхема, логикалық элементер, индикаторлар, фунукциональды құрылғылар мен құралдар бейнеленген панелдерден алып оларды Electronics Workbenchбағдарламасының жұмыс столында орнатып қосу керек.

Экранның жоғарғы оң жағында жиналған схеманы іске қосу қосқышы және моделдеу үрдісін тоқтататын кнопка орналасқан.

1.2 Вольтамперлік сипаттамасын алу.

1. суреттегі схеманы қарастыралық. Бұл схемада тұрақты Э.Қ.К. екі жүктемелі резисторға жалғанған, олардың бірі айнымалы.

Cур.

Ескерту: Electronics Workbench бағдарламасында тұрақты кернеу көзінің Э.Қ.К. бейнесіндегі ұзын таяқша шығысты білдіреді, ол басқа шығысқа қарағанда оң потенциалды көрсетеді.

Зерттеу тапсырмасы: Амперметр және вольтметрдің көмегімен, қосқыштың тұтқасын қосу, ажырату арқылы және айнымалы резистордың кедергісін ауыстыра отырып, вольтамперлік сипаттаманы алу.

1 суретте бейнеленген, тізбекті зерттеу схемасы мына түрде болады

2 сур. 1суретте көрсетілген тізбекті зерттеу схемасы.

Сәйкесінше тізбекті зерттеу схемасында кернеу мен тоқты өлшеу үшін амперметр және вольтметр пайдаланылады. Құралдар иконкаларының қалың сызықпен көрсетілген жақтары теріс клеммаларға сәйкес келеді. Тізбектің «жерге жалғау» элементінің потенциалы нолге тең болады, сәйкесінше, ол потенциалдарды санауда бастапқы нүктені қамтамассыз етеді. Electronics Workbenchбағдарламасы схемалардағы «жерге жалғау» элементісіз, тәртіп бойынша, құралдар өлшеу жүргізбейді немесе олардың көрсеткіштері дұрыс болмайды. 2суреттегі схеманы моделдеу кезінде қосқыштардың жағдайын «Space» клавишасымен, ал айнымалы резистор жағдайын R клавишасы көмегімен басқару жүргізіледі.

2-суреттегі схеманы құрастыру.

1. Компоненттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз.

Пайда болған активті элементтер терезесінен рет – ретімен тұрақты кернеу көзін және жерге жалғау пиктограммаларын шығарып алыңыз. Оларды 2 суретке сәйкес орналастырыңыз.

2. Компоненттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз.

Пайда болған пассивті элементтер терезесінен рет – ретімен тұрақты, айнымалы резисторлар және екі рет ауыстырғыштар пиктограммаларын шығарып алыңыз.

3. 2 суретте көрсетілгендей рет – ретімен тұрақты, айнымалы резисторлар және ауыстырғыштар пиктограммаларын бұрамыз. Ол үшін резисторды курсормен белгілеп алып (онда ол қызыл түске боялады) функциялар панеліндегі бұру кнопкасын шертіңіз:

4. Сәйкесінше айнымалы резистор, ауыстырғыштар пиктограммаларын бұрып пассивті элементтер терезесін жабыңыз.

5. Компоненттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған индикаторлар терезесінен рет - ретімен вольтметрді және амперметрді шығарып аламыз.

6. Буксирлеу әдісімен элементтердің пиктограммаларын 2 суретке сәйкес орналастырыңыз және 2-суретке сәйкес элементтерді қосыңыз.

 

Ескерту:Элементтерді бір-бірімен қосу үшін курсорды мұқиат элементтің бір шығысына, үлкен қара нүкте пайда болғанша, әкелу керек те тышқанның түймесін басу керек. Одан кейін басылып тұрған тышқан түймесін жібермей курсорды басқа элемент шығысына, онда үлкен қара нүкте пайда болғанша, әкеліп тышқан түймесін жібереміз.

Схема элементтерінің параметрлерін енгізу.

7. Курсорды тұрақты кернеу көзінің ЭҚК пиктограммасына орнатып тышқан түймесін екі рет шерту арқылы, параметрлерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Value қосымша бетіне ЭҚК-нің Е═10В мәнін енгізіңіз де ОК түймесін басыңыз.

8. Курсорды резистор пиктограммасына орнатып, оның параметрлерін енгізу үшін, екі рет шерту арқылы диалогтық терезені ашыңыз.Value қосымша бетіне резистор кедергісінің R═10 Ом мәнін енгізіңіз.

9. Курсорды айнымалы резистор үстіне қойып, екі рет тышқан түймесін басу арқылы оның параметрлерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Кеуалаңына Rкілт клавишасының атауы енгізілген. Оны басу арқылы резистор қозғағышын өзгертумен оның кедергісін кемітеміз. Кедергіні көбейту үшін │Shift│ клавишасымен бірге R кілт клавишасын бірге басамыз. Value қосымша бетіндегі Resistance алаңына резистор кедергісінің мәнін R═200 Ом енгізіңіз

10. Фамилияңызбен аталған құжатта Zan _1_01 аттымен файлды сақтаңыз.

 

Вольтметірлік сипаттаманы түсіріп алу.

1. Клавиатураны ағылшын тіліне қойып және іске қосу қосқышын шерту арқылы моделдеу үрдісін бастаймыз.

2. R –кілт клавишасын (кедергісін азайту үшін) немесе │Shift│ және R кілт – клавишасын бірдей (кедергіні көбейту үшін) басу арқылы Есеп берудегі 1-кестені толтырыңыз.

1-Кесте.

R,OM
Е═10 В Ток, А            
Е═15 В Ток, А            

3. «Пробел» │Space│клавишвсын басу арқылы, ауыстырғыштың түйіспесін қайта лақтырып, тұрақты резисторды ЭҚК көзіне қосамыз. Жоғарыда алынған көрсеткіштерді R═10 Ом болғанда тексеріңіз. Моделдеу үрдісін тоқтатыңыз.

 

1.3 Тізбектің эквивалетті кедергісін өлшеу.

Ауыстыру эквивалентті болып есептеледі, егерде элементтер арқылы тоқтар бірдей болғанда олардың ұштарындағы кернеу де тең болады. 3-суретте көрсетілген схеманы қарастырайық.

Сур.

Зерттеудің тапсырмасы: А және В ұштары арасындағы тізбектің эквивалентті кедергісін өлшеу. Өлшеу схемасы 4-суретте көрсетілген

4 сур. Эквивалентті кедергіні өлшеу схемасы.

4-суреттегі схемада эквивалентті кедергіні өлшеу үшін мультиметр пайдалынылады. Сонымен қатар мультиметр кернеу мен токты өлшеу үшін де пайдалынылады. Мультиметрді омметр түрінде қолдану үшін кедергісі өлшенетін тізбектің бөлігіне оны параллелді жалғайды. Өлшеу схемасы міндетті түрде жермен қосылу керек және қорек көзімен байланысы болмауы тиіс.

4 суреттегі схеманы құрастыру.

1. Жаңа файл ашыңыз. Компонеттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған пассивті элементтер терезесінен рет - ретімен үш резистор пиктограммасы және екі жалғастыру түйіндердің . пиктограммаларын шығарып алыңыз.

2. Рет – ретімен резистор пиктограммаларын 3-суретте көрсетілгендей бұрыңыз.

3. 3-суретте көрсетілгендей элементтер пиктограммаларын буксирлеу әдісімен орналастырыңыз және суретке сәйкес элементтерді жалғаңыз.

4. Курсорды А жалғастыру түйініне қойып 2 рет тышқан түймесін шерту арқылы, оның параметірлерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Label қосымша бетіне өтіп Label алаңындағы түйінді латын әріпімен А-мен белгілейміз және Втүйіні үшін де дәл солай.

5. 3-суретке сәйкес резисторлар үшін кедергілердің мәндерін орнатыңыз.

6. Компоненттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған құралдар бөлігінен мультиметрді шығарып алыңыз (құралдар тізбегінде сол жақтан бірінші). Оны 4-суретке сәйкес орналастырыңыз.

7. Компонеттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда боған активті элементтер терезесінен жерге жалғау пиктограммасын шығарып алыңыз. 4-ші суретке сәйкес орналастырыңыз.

8. 4-суретке сәйкес мультметр және жерге жалғауды жалғаңыз.

Мультметрді жөнге келтіру.

Мультметрді омметр есебінде қолдану үшін, кедергіні өлшеу режиміне ауыстыру қажет.

9. Курсорды мульметр пиктограммасына орналастырып тышқан түймесін екі рет шертіңіз де құрылғының үлкейтілген бейнесін ашыңыз және кнопкасын шертіңіз.

Эквивалентті кедергіні өлшеу.

10. Моделдеу үрдісін қосыңыз, эквивалетті кедергінің өлшенген мәнін есептік мәнімен салыстырыңыз. Моделдеу үрдісін тоқтатыңыз.

11. Фамилияңызбен аталған құжатта Zan_1_02 атты файлда сақтаңыз.

 

ІІ Өзіндік жұмыс.

№1 Тапсырма:Кернеу бөлгіште кернеуді өлшеу.

1. 5-суретте көрсетелгендей кернеуді бөлгіште кернеуді өлшеу схемасын жасау.

Сур.

Берілген мәндер:

Е═17В

 

Вариант
R1,Oм
R2,Oм

 

2. Өлшенген Uab және Ubc кернеулердің мәндерін Есеп беруге енгізіңіз.

3. Фамилияңызбен аталған құжатта Zan_1_03 атты файлда сақтаңыз.

№2 Тапсырма:Тұрақты токтың көп контурлы тізбектеріндегі токты өлшеу.

1. 6-суретте көрсетілген тізбек тармақтарындағы тоқтарды өлшеу схемасын жасау.

Сур.

Берілген мәндер:

Е═17В

Вариант
R1,Ом
R2,Ом
R3,Ом
R4,Ом
R5,Ом
R6,Ом
E1,В
E2,В
E2,В

 

2. Тармақтардағы тоқтардың өлшенген мәндерін Есеп беруге енгізіңіз.

3. Фамилияңызбен аталатын құжатта Zan_1_04 атты файлда сақтаңыз.

 

№3 Тапсырма: Тізбектегі эквивалентті кедергіні өлшеу.

1. 7-суретте көрсетілген тізбектегі Rab және Rbc эквивалентті кедергілерін өлшеу схемасын жасау.


 

 

7сур.

2. Rab және Rbc эквивалентті кедергілерінің өлшеген мәндерін Есеп беруге енгізіңіз.

3. Фамилияңызбен аталатын құжатта Zan_1_05 атты файлда сақтаңыз.

Ескерту: 7-суреттегі схеманы 6-суреттегі схеманың базасында жасаңыз. Өткізгіш элементін схемадан алып тастау үшін оны белгілеп клавиатурадағы Delete кнопкасын басу керек немесе функциалар панеліндегі қайшы суретін басу керек (ауыстыру буферінде сақтаумен алып тастау).

 

Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

 

 

2. Зертханалық жұмыс.

Бір фазалы синусойдальды ток тізбкетерін зерттеу.

Мақсаты:

Синусоидальды ток тізбегін моделдеуді САПР Electronics Workbench элементін пайдаланумен тәжірибе жинау.

Оқу нәтижесінде:

Жұмысты жақсы бітіргеннен кейін пайдаланушы білу керек:

  • САПР Electronics Workbench-ты пайдаланып синусойдальды ток тізбектерінің қарапайым моделдеу схемасын жасап және редакциалай;
  • САПР құралымен Амперметр және Вольтметр арқылы вольтамперлік сипаттаманы түсіріп алу;
  • тоқтар және кернеулердің осциллограммаларын алу;
  • активті, реактивті және толық қуатты өлшеу;

Пайдаланылатын бағдарламалар:

Electronics Workbench - 5.0

Сабақ жоспары:

І. Оқытушы басқаруымен жұмыс істеу

Бір фазалы синусойдальды тоқ тізбектерін моделдеу.

ІІ.Өзіндік жұмыс

Программаны іске қосу:

Талап етілетін бағдарламалар дискіде инсталданған (орнатылған) деп есептелінді.(«Инструкция по установке программы на ПК» қараңыз).

І. Бір фазалы синусойдальды тізбектерді моделдеу.

1.1 Жалпы теориялық мәлеметтер.

Синусойдальды сигналдардың негізгі параметрлері болып:

1.Синусойдалдық сигналдың лездік мәні

,

Мұндағы t-ағымдағы уақыт; Аmамплитуда; бұрыштық жиілік; бастапқы фаза.

2. Тоқ пен кернеудің әсер етуші синусойдальдық мәндері.

;

Мұнда: және - тоқ және кернеудің асмплитудасы.

3. Кернеуі және тоғы болғандағы екіполюстінің лездік қуаты.

4. Екі полюстінің толық қуаты:

5. Екіполюстінің активті қуаты:

6. Реактивті қуат:

7. Толық, активті және реактивті қуаттар қуаттың лездік мәндерімен келесі қатыныстар арқылы байланысты:

;

( /| |)0.5 ; (1)

.

Мұнда , - сәйкесінше лездік қуаттың максималды және минималды мәндері.

 

1.2 Тізбектегі токтың және кернеудің әсер етуші мәндерін өлшеу.

1-суретте бірконтурлы тізбектегі ток пен кернеудің әсер етуші мәндерін өлшеу схемасы берілген. Онда айнымалы кернеу көзі тізбектей жалғанған активті кедергі, индуктивтілік және сиымдылыққа қосылған.

1-сур. Ток және кернеудің әсер етуші мәндерін өдшеу схемасы.

1-суреттегі схеманы құрастыру.

1.Windows жұмыс столындағы ярлык көмегімен Electronics Workbench бағдарламасын іске қосыңыз.

2. Компонеттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған активті элементтер терезесінен рет - ретімен айнымалы кернеу көзінің және жермен жалғау пиктограммаларын алыңыз. 1 суретке сәйкес орналастырыңыз.

3. Компонеттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

.

Пайда болған пасивті элементтер терезесінен рет - ретімен резистор, индуктивтілік және сыйымдылық пиктограммасын алыңыз.

4. Компонеттер және бақылап-өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған индикаторлар терезесінен рет - ретімен вольтметр және амперметрді алыңыз.

5. 1-суретте көрсетілгендей вольтметр пиктограммасын бұрыңыз. Ол үшін вольметрді айрықша етіп көрсетіп (сол кезде ол қызыл түске боялады) функциялар панеліндегі бұру кнопкасын бірнеше рет шертіңіз:

 

.

 

6. Айырбастау буферіне вольтметр пиктограммасын көшіріңіз де оны екі рет орнатыңыз. Буксирлеу әдісімен элементтердің пиктограммаларын 1 суретке сәйкес орнатып элементтерді суретке сәйкес жалғаңыз.

 

Ескерту:Элементтерді бір-бірімен қосу үшін курсорды тианақты түрде элементтің бір шығысына үлкен қара нүкте пайда болғанша әкелу керекте тышқан түймесін басу керек. Одан кейін түймені жібермей тышқанды жылжытамыз, курсорды басқа элементтің шығысына, онда үлкен қара нүте пайда болғанша, әкелемізде тышқанның түймесін жібереміз.

Схема элементтерінің параметрлерін беру.

7. Курсорды айнымалы кернеу көзінің пиктограммасына қойып екі рет тышқан түймесін басып, оның параметрлерін беру үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Valueқосымша бетіне кернеудің-100 В, жиіліктің-60Гц әсер етуші мәндерін қойып ОКкнопкасын шертіңіз.

Ескерту:Көздің кернеуі мына «~» белгісі бар шығыстан есептелінеді.

8. Курсорды резистор пиктограммасына қойып екі рет тышқан түймесін шертіп, оның параметрлерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Value қосымша бетіне резистор кедергісінің R=150 Ом мәнін енгізіңіз. 1-суреттегі схеманың мәлеметтеріне сәйкес индуктивтілік пен сыйымдылық мәндерін дәл солай енгізіңіз.

9. Курсорды вольтметрге орнатып тышқанның түймесін екі рет шерту арқылы, оның мәндерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Value қосымша бетіндегі Mode алаңындағы ашылатын тізімінен АС таңдаңыз (айнымалы кернеуді өлшеу). Вольметр кернеудің әсер етуші мәнін көрсетіп тұрады. Дәл осындай қондырғыларды басқа вольтметр үшінде жүргізіңіз.

10. Курсорды амперметрдің үстіне қойып тышқан түймесін екі рет басу арқылы, оның мәндерін беру үшін, диалогтық терезені ашыңыз.Valueқосымша бетіндегі Mode алаңындағы ашылатын тізімінен АС таңдаңыз. Амперметр тоқтың әсер етуші мәнін көрсетеді.

11. Моделдеу үрдісін қосыңыз. Көрсеткіштерін алып, оларды Есеп беруге енгізіңіз. Моделдеу үрдісін тоқтатыңыз. Фамилияңызбен аталған құжатта Zan_2_01 файлда сақтаңыз.

Құрылғылар көрсеткіштерін сараптағаннан көретініміз, тұрақты токтың бір контурлы тізбегінен айнымалы ток тізбегіндегі элементтер кернеуінің түсуінің алгебралық қосындысы көздің кернеуіне тең емес.

1.3 Осцилографтың көмегімен вольтметрлік сипаттаманы түсіру.

Зерттеудің міндеті кернеу мен токтың осцилограммасын алу. Кернеудің лездік мәндерін өлшеу осцилографтың көмегімен жүзеге асырылады. 2-суретте көрсетілген схеманы қарастырайық.

2 сур.тоқ және кернеудің лездік мәндерін өлшеу схемасы.

2-суреттегі схемада жүктемелік R1 резисторына тізбектеліп қосымша кедергісі аз R2 резисторы қосылған. Мұндағы кернеудің түсуі тізбектегі тоққа пропорциональды (R2=1 Oм болғанда ол тоқ шамасымен тура). Осымен 2-суреттегі схемада тоқтың осцилограммасын алу, тоқты онымен пропорционалды R2-дегі кернеуге түрлендірумен байланысты, ал кернеудің осцилограммасын екі сәулелік осцилографтың көмегімен жүзеге асырады. Осциллографты қосу схемада көрсетілген:

 

 

 

 


Абірінші канал, Векінші канал

Осцилографтың алдыңғы панелі оның пиктограммасына тышқанмен екі рет шерткенннен соң пайда болады. 2-суреттегі схемада көздің кернеуі осцилографтың Абірінші каналына беріледі, ал В екінші каналға тізбектегі тоққа пропарционалды кернеу беріледі.

2-суреттегі схеманы тұрғызу.

1. Жаңа файл ашыңыз. 2-суретке сәйкес айнымалы кернеу көзі, 2 резистормен тізбектей жалғанған тізбекті жинаңыз. Жерге жалғауды схемаға қосыңыз.

2. Компоненттер және бақылап - өлшегіш құралдар панеліндегі мына кнопканы шертіңіз:

Пайда болған құралдар отсегінен осцилографты шығарып алыңыз (құралдар отсегінде сол жағынан үшінші).

3. Осцилографты 2-суреттегідей резистор мен жерге жалғаңыз және жалғағыш өткізгіштерді бояңыздар: А каналындағы өткізгішті көк түске; В-каналындағы өткізгішті қызыл түспен.

Ескерту:Өткізгіштерді бояу үшін өткізгіш бейнесінің үстіне тышқанмен 2 рет шертіңіз. Пайда болған Wire Properties диалогтық терезесіндегі Site Wire Color кнопкасын шертіңіз де менюден керекті түсті алыңыз.

Схема элементтерінің параметрлерін енгізу.

4. 2-суреттегі схемаға сәйкес екі резистор, айнымалы кернеу көзінің параметрлерін беріңіздер.

5.Тышқанмен осцилограф белгісін екі рет шерткенде осцилогрф моделінің басқару басқыштары, ақпараттық алаңдары және экраны орналасқан алдыңғы панелінің бейнесі ашылады. Өлшеуді жүргізу үшін осцилографты жөнге келтіру керек.

6. Көлденен ашу ұзақтығын орнататын есептегіш Timе base басқыштарын шерте отырып, 3-суретте көрсетілгендей 5ms/Div, мәнін орнатыңыз.

Сур.

7. Сезімталдықты орнататын есептегіштер Channel A және Channel B басқыштарын шерте отырып сәйкесінше вертикаль (3-суретті қараңыз) өсі бойынша 200 В/Div және 100 мВ/Div сезімталдық мәндерін енгізіңіз.(көрсетілген белгілердің масштабтары). Фамилияңызбен аталған құжатта Zan_2_02 атты файлда сақтаңыз.

8. Моделдеу үрдісін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы қосқыш шерту арқылы іске қосыңыз. Көк түспен кернеу көзінің осцылограммасы көрсетіледі, ол қызылмен тізбектегі тоқ (оған пропорционалды потенциал). Моделдеу үрдісін тоқтатыңыз. Тізбектегі кернеу мен тоқ арасындағы фазалар айырмасы нолге тең екеніне көз жеткізіңіз.

Жиіліктік және фазалық жылжуларды Лиссажу фигураларынан көруге болады, ол үшін осцилографтағы көрсетілген белгілердің тәуелділік түрін өзгерту керек. Мысалыға: А каналының вертикальды өсімен кернеуді, ал Вканалының көлденең өсімен тоқты көрсету.

9. Осцилограф моделінің алдыңғы панеліндегі А/В басқыштарын шертіңіз. Моделдеу үрдісін іске қосыңыз. Алынған Лиссажу фигурасын Есеп беруге салыңыз. Моделдеу үрдісін тоқтатыңыз. Осцылограф терезесін жабыңыз.

1.4 Активті, реоктивті және толық қуаттарды өлшеу.

Қосполюстіліктің лездік қуаты, кернеу мен толық лездік мәндерінің көбейтіндісіне тең. Лездік қуатты өлшеудің схемасы 4-суретте көрсетілген

4-сурет. Лездік қуатты өлшеу схемасы.

4-суреттегі схемада көбейту блогының кірісіне екі белгі беріледі: кернеу және тізбектегі тоққа пропорционалды кернеу. Блогтың шығысы осцилографқа жалғанған, онда лездік қуаттың осцилограммасын алады.

Зерттеудің тапсырмасы:Лездік қуаттың осцилограммасын алу және (1) формуласымен активті, реоктивті және толық қуаттарды есептеу.

4-суреттегі схеманы құрастыру.

1. Zan_2_02 файлындағы осцилографты схемамен жалғап тұрған өткізгіштеді алып тастаңыз

2. Аналогты есептегіш құрылғылар панеліндегі мына басқышты шертіңіз:

Пайда болған терезеден көбейту блогын суырып алыңыз.

3. 4-суреттегі схемаға сәйкес көбейту блогы мен осцилографты қосыңыз.

Схема элементтерінің параметрлерін енгізу.

4. Көбейту блогына курсорды қойып тышқан басқышымен 2 рет шерту арқылы, оның параметрлерін енгізу үшін, диалогтық терезені ашыңыз. Value қосымша бетіндегі Output gain алаңына көбейту коифицентінің мәнін 1тең деп енгізіп ОКді басыңыз.

5. Осцилогрф белгісін екі рет тышқанмен шертіңіз, осцилограф моделінің басқару басқыштары, ақпараттық алаңы және экраны суреттелген алдыңғы панелі ашылады. Өлшеулер жүргізу үшін осцилографты жөнге келтіру керек. Осциллограф моделінің беткі панеліндегі Ү/Т басқыштарын шертіңіз, 5-суретке сәйкес Timе base алаңында көлденең ашу ұзақтығын, көрсетілген белгінің масштабы Channel A кнопкасымен орнатыңыз. Одан кейін кескіннің масштабын үлкейту үшін EXPAND басқышын шертіңіз (егерде беттік панелдің өлшемі кіші болса).

Сур.

6. Моделдеу үрдісін іске қосыңыз да бірнеше секунттан кейін тоқтатыңыз. Осцилограф экранында Pmax, Pmax  лездік қуаттың максималды және минималды мәндерін өлшеңіз. Ол үшін қызыл (1) және көк (2) нысаналар орнатыңыз, оларды белгінің максимум және минимум нүктелеріне тышқан көмегімен жылжыта отырып экран үстіндегі индикаторлық терезеден көрсеткіштерді жазыңыз.

VA1=pmax – қызыл нысана 1(қызылдық) мен лездік қуат осцылограммаларының қиылысқан нүктелеріндегі кернеу-сол жақ индикаторлық терезе,

VA2=pmin көк нысана 2(көкті) және лездік қуат осцылограммасының қиылысқан нүктесіндегі кернеу-оң жақ индикаторлық терезе.

Сур.

2. Өлшеулер нәтижелері бойынша активті, реактивті және толық қуаттардың (1) мәндерін есептеңіз. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін Есеп беруге енгізіңіз. Reduce басқышын тышқанмен шерту арқылы осцилограф панеліндегі оның алдыңғы панеліне кішірейтілген түрін беріңіз.

ІІ. Өзіндік жұмыс.

Ұсынылатын уақыт: 80 мин.

№ 1 тапсырма. Бірфазалы синусойдалды тоқ тізбегіндегі конденсатор.

Берілген мәлеметтер:

· Айнымалы кернеу генераторының әсер етуші кернеуі Е═220В, жиілігі f=60Гц.

· Конденсатор сиымдылығы С═1μF.

1. Тізбектегі кернеу және тоқ осцылограммасын, Лиссажу фигурасын алу.

2. Тізбектегі кернеу және тоқ арасындағы фазалар айырмасын өлшеу.

3. Активті, реактивті және толық қуаттарды өлшеу.

Өлшеулер және есептеулердің нәтижелерін Есеп беруге кіргізіңіз.

Ескерту: Кернеу мен тоқтың осцылограммасын және Лиссажу фигурасын алу үшін осцилографты жөнге келтіру ұсынысы 7-суретте келтірілген.

Сур.

№2 тапсырма. Бірфазалы синусойдалды ток тізбегіндегі L және С тізбектеліп жалғануы. Тізбектің схемасы 8-сур көрсетілген.

8 сур.

Берілген мәлеметтер:

• Айнымалы кернеу генераторының әсер етуші кернеуі Е═220В, жиілігі 60Гц.

Вариант
L , μH 0,5 0,5 1,5
C , mF 1,8

 

1. Тізбектегі ток пен кернеудің әсер етуші мәнін өлшеу.

2. Карнеу мен тоқтың осцылограммасын Лиссажу фигурасын алу.

3. Активті, реактивті және толық қуатты өлшеу.

Өлшеулермен және есептеулер нәтижелерін есеп беруге кіргізіңіз.

Ескерту: Лиссажу фигураларын кернеу және тоқ осцилограммаларын алу үшін осцилографқа ұсынылатын жөнге келтірулер 9-суретте келтірілген.

 

 

 

Сур.

 

Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.

3. Зертханалық жұмыс.

RL және RC тізбектерінің жиіліктік сипаттамаларын зерттеу.

Мақсаты:

САПР элементі Electronics Workbench-ті пайдаланумен тізбектей және параллелді RL- және RC тізбектерінің жиіліктік сипаттамаларын зерттеуде тәжірибе алу.

Оқу нәтижесінде:

Сабақты жақсы бітіргеннен кейін пайдаланушы мынаны білу керек:

  • Айнымалы ток тізбектерінің қарапайым схемаларын моделдеуде САПР EW көмегімен жасай және редакциалай білу керек;
  • САПР элементтерін пайдалана отырып RL және RC тізбектерінің амплитудалары жиіліктік және фазажиілікті сипаттамаларын ала білулері керек.

Пайдалынатын бағдарламалар: