Түркістан уәлаятының газетінде» жарияланған мақал –мәтелдер

Мал досы көп, жан досы аз болады.

Атаның ақ батасы бала ойын беркітеді,

Шешенің қарғысы бала зейінін жоқ етеді2.

Сөйлеген кісі ақымақ болса, тыңдаған кісі ақылды болсын.

Бие мінсең — құлын жоқ,

Саумал ішсең — қымыз жоқ.

Өсекке кіріспе, есепке кіріс.

Аңғырт ойын бұзар, тентек жиын бүзар.

Сыйлағанды сыйла — ол біреудің құлы емес,

Сыйламағанды сыйлама — ол пайғамбар ұлы емес.

Ісің ақ болса, құдайың жақ болады.

Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман.

Мал таппас ер болмас — құрарын айт,

Ұл таппас қатын болмас — тұрарын айт.

Залым жайын залым білер,

Ғалым жайын ғалым білер.

Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан.

Жақсы алдында жазыласың,

Жаман алдында тарыласың.

Жақсыдан жаман туса — жыннан пайда болғаны,

Жаманнан жақсы туса — нұрдан пайда болғаны.

Дәулет келерінде — тойға келген қыздай,

Кетерінде — қолға ұстаған мүздай.

Жақсылықты басыңа, басыңнан асса, досыңа қыл.

Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі.

Алмақтың салмағы бар,

Бермектің алмағы бар.

Айырылған — азады, қосылған — озады.

Ғашық жардың белгісі — ата-анадан бездірер,

Қыран қүстың белгісі — тау мен тасты кездірер.

Малдан айырылсаң да, ақылдан айырылма.

Бай мақтанса — табылар, Жоқ мақтанса — шабылар.

Ашушаң жақсы болмас, Жақсы ашушаң болмас.

Сауда садақпен тең, иілсе — түзей алмайсың.

Тату болсаң — балдай бол,

Араз болсаң — тұздай бол.

Мың мәрте тыңда, бір мәрте айт.

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Өзгенің айыбын саған айтқан өз айыбыңды өзгеге айтады.

Қасың шілдей болса да, пілдей көр.

Жалаңашты ұры таламас.

 

Отау құру тағылымы

Тойбастар

Ағалар, тойыңызды бастай келдік,

Жақсы менен жаманды қоспай келдік.

Билікке той бастамақ лайық деп,

Халқым рұқсат берген соң қақсай бердік.

 

Ал, келін-ау, ал келін,

Лебізің шыққан бал, келін.

Құлағыңды сал, келін,

Білген ақыл-насихат.

Айтпай кетсек — бізге өлім,

Тыңдамасаң — сізге өлім.

Әйел деген асыл зат,

Балапан болсаң тым жақсы,

Уызда халал шайқалған...

 

Сөз сөйледім үлгілеп,

Кемісі болар кім білед.

Ерінбесең, келіншек,

Енді өзіме сөлем ет!

 

* * *

 

Айналайын, ақ келін —

Ағайынға, бақ келін!

Шырағы бол дәулеттің,

Шаттық тойға бөленсін,

Шаңырағың — сәулетің.

 

Жақсылыққа тасыма,

Жамандыққа жасыма.

Бақыт тіле бағым деп,

Бас иеңнің басына!

 

Берік болсын босаға:

Болымсызга босама.

Көп дүние — бос бейнет:

Көз тоймастық жасама!

Баталар

Қазақта әрбір жақсылық іс-өрекет, ниетте «Әумин» деп, бата сұрау, оған бата беріп, «Аллау әкпар!» деп тілек айту дәстүрі ежелден бүгінге дейін үздіксіз жалғасын тауып келеді. Батаның түрлері көп. Дастарқанға, сойылатын малға, соғымга, жаңа жұрт, қызметке айтылатын ақ тілектер де осыған жатады. Жаңа туған нәрестеге, жаңа түскен келінге, шарапаты тиген жеке адамға, жолға шығар жолаушыға, алғаш білім жолына түскен шәкірттерге, сонымен қатар діни наным-сенімге қатысты наурыз көже, жарапазан, құрбандықтарға арналған баталар бар. Олардың жаттанды түрлері де, бата берушінің ұйқасты, үйлесімді сөз шеберлігіне байланысты шығармашылық түрлері де күнделікті өмірде жиі кездеседі. Төменде солардың кейбір үлгілері беріліп отыр.

 

 

Шайға бата

Шайың қызыл болсын,

Ғүмырың ұзын болсын.

Несібең таса берсін,

Дұшпаның қаша берсін.

Аллау әкпар!

Ас қайыру батасы

Құдай жолың қабыл болсын,

Әрбір нәрсең әзір болсын.

Кеткеніңді келтіріп,

Кемтігіңці алла толтырсын.

Бақыт пен дәулетті құдайым нәсіп етсін.

Аллау әкпар!

 

Жаңа туған нәрестеге бата сұрау

Көкірегі басқаның жаны басқа,

Шаһарда көп алтын-күміс, асыл тас та.

Жиналған үлкен, кіші, ақсақалдар,

Қарт ата, өзіз әже бәрлеріңіз,

Беріңдер батаңызды туған жасқа.

Әумин!

 

Жас балаға берілетіп бата

Ал білек, ал білек,

Атқа тоқым сал, білек.

Жасыңнан малды баға біл,

Атқа да жақсы шаба біл.

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл.

Аллау әкпар!

 

Келін түсірген үйге берілетін бата

Келінің баянды болсын,

Үлкен-кішіні сыйлайтын,

Аяулы болсын.

Жылы жүзді болсын,

Жұмсақ сөзді болсын.

Ел қыдырса, сыпайы жүрсін,

Күлсе, сыпайы күлсін.

Алдымен еріне жақсын,

Қолға қонған қырғидай,

Атасы мен енесіне жақсын.

Аллау әкпар!

 

Келінге бата

Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,

Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.

Менің берген батам қабыл болып,

Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын.

 

Қара су мал жериді лайынан,

Тілей көр күнде тілек құдайыңнан.

Мал басың дәулетіңмен бірдей өсіп,

Бір құдай айырмасын жұбайыңнан.

Аллау әкпар!

 

Жаңа жұртқа бата

Қонған жерің орда болсын,

Келген жерің базар болсын.

Жүзің жарқын болсын,

Тілегің қабыл болсын.

Аллау әкпар!

 

Онақтың батасы

Әумин десең бізге,

Бата берелік сізге.

Жасың жетсін жүзге,

Желің кетсін құла дүзге.

Құдайым зор талап берсін,

Мал мен басты,

Иман мен жасты,

Қабат берсін.

Аллау әкпар!

 

* * *

Атағың мен атыңнан,

Жұртқа тисін қайраның.

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол,

Отыз ұлды - орда бол,

Ұман жұрттың басы бол!

Аллау әкпар!

 

* * *

Береке дарысын жасыңа.

Дуа тисін асыңа,

Әр кез шайтан келмесін,

Өлгеніңше қасыңа!

Аллау әкпар!

 

* * *

Құдайым, бай ет,

Төрт түлікке сай ет.

Ұл-қызды көп беріп,

Көңілін жай ет.

Аллау әкпар!

 

Сәт сапар батасы

Жортқанда жолың болсын,

Мәртебең үстем болсын!

От пен судан сақтасын,

Пәле-жаладан сақтасын.

Аман барып, сау қайт.

Аллау әкпар!

 

* * *

Жортқанда жолың болсын,

Жолдасың Қыдыр болсын.

Періштелер қолдап,

Қоржының олжаға толсын.

Аман барып, сау қайт,

Үйіңнен жазсын дәмінді аллаң!

Аллау әкпар!

 

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барса,

Жол болсын!

 

Жарапазан батасы

Байдың көңілі жай болсын,

Мың жылқылы бай болсын.

Айдағаны қой болсын,

Шайнағаны май болсын.

Азын-аулақ дәулеті,

Күнде өзіне май болсын.

Жұртта қалған жұрыны,

Домалап келіп қой болсын.

Жұртта қалған тулағы,

Тулап келіп тай болсын.

Есігіңнің алдында,

Елу інген боздасын,

Қораңда бес жүз саулық қоздасын,

Жылқың сенің мың болсын,

Бетегелі тауга жаба сал.

Сиырың сенің мың болсын,

Қысың қатты болғанда,

Қамысты жерге айдап сал.

Бісмілла, аллау әкпар!

 

Маң-маң маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Ботақанның атасы,

Бура бассын үйінді.

Шыңғыр-шыңғыр кісінескен,

Құлыншақтың атасы,

Айғыр бассын үйіңді.

Желге қарап қаптаған,

Жайылған жерін таптаған,

Қошақанның атасы,

Қошқар бассын үйіңді.

Қасқыр көрсе пысқырған,

Құйрығын бұтқа қыстырған,

Лақ атасы текелер,

Теке бассын үйіңді.

Үй арасын боқ еткен,

Балаларды тоқ еткен,

Бұзауқанның атасы,

Бұқа бассын үйінді.

Аллау әкпар!

 

Рмалдыққа бата

Құдайым жарылқасын,

Бай қылсын!

Төрт түлігің сай қылсын!

Кетпес дәулет берсін!

Кең бейіл берсін!

Құрмалдығың қабыл болсын!

Аллау әкпар!

 

Садақаға бата

Садақаң қабыл болсын,

Құдай оңдасын,

Қыдыр қолдасын!

Мал-басың аман болып,

Еш жамандық болмасын!

Аллау әкпар!