Мешел мен саяқ қой

Мешел:

Қызыл қой, сойын ба осы арада,

Әкеңнің басы бар ма бұл арада?

Жүре алмай өзім шаршап жүргенімде,

Ісіңе құдіреттің амал бар ма?

 

Қой:

Қара су кетіп жатыр төмен ағып,

Келмеуші-ең мен қалғанда, келдің неғып?

Жерімді сынып қалған таңып алып,

Жүрерсің әуре болып өзің бағып...

 

Ылым туралы дастан тағылымы

Буғалисина — Әбілхарис

Дастан бойынша әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина мен Әбілхарис егіз болған. Екеуі Писағұрыстың жер астындағы кітапханасына кіріп, түрлі ғылым салаларын меңгеріп, ұстаздық жолға түседі. Дастанда Әбу Әли ибн Синаның адамның мәңгі өмір сүруі үшін еткен әрекеті баяндалады.

 

Сол жерге Ғалисина қайтып келіп,

Отырған өлгенінше мекенденіп.

Самарқан қаласының оң жағында,

Екі үлкен жасапты зейнет беріп.

 

Сыйысқан әр бөлмеге елу бала,

Тамаша сұлулығы оның және.

Сұлулық сәулетіне көз тойынған,

Әр пәннен алды оқыған білім, сана.

 

Синаның жетпістерге жасы жетті,

Көшесін қызықты өмір басып етті.

Өтерін бұл дүниеден анық біліп,

Данышпан бұған да әдіс айла етті...

 

Ойлады оқығанда мұнша ғылым,

Өлімді сүймепті ол да жетсе білім.

Жолдарын ой жеткенше қарастырды,

Ажалдың жоймақ үшін арты түбін.

 

Жасапты жеті жұлдыз төбесіне,

Жеті ыдыс жасады оның өресіне.

Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің,

Білімнен сақтап таза оны есіне.

 

Ғылыммен жеті ыдысқа дәрі толды,

Өлгенде жан енетін денесіне.

Тапсырды шәкіртіне бәрін соның,

Жамас хакім дер еді есімін оның.

 

Багдатта туған жері сенімі асқан,

Бірлесіп көп сапарда жүрген жолын.

 

Ешкімге әшкере етпе өлігімді,

Орында менің айтқан сенімімді.

Алжаспай дәрілерді жұмса тегіс,

Ұстаздан алсаң мақтау орыныңды.

 

Мақүл деп қабыл алып иді басын,

Мүлтіксіз орындауға уағдасын.

Көз жүмып Ғалисина өлгеннен соң,

Қолға алды Жамас хакім тапсырмасын...

 

Дәрінің шыншадағы тағы бірін,

Құйғанда айнығысыз адам түрін.

Көрініп тіршіліктің барлық сиқы,

Тағы бір жұмсағанда ыдыстарды,

Дем шығып, көзін ашып тыныс алды.

Бетіне шәкіртінің тура қарап,

Шығарды «бәриз» деген дыбыстарды.

Және бір «қүй» деген сез «бәриз» деген,

Талабы тірілудің қамын жеген.

Дәрінің енді қалған бірін құйса,

Дүниеде мәңгі тірі жүреді екен.

Айтқандай ғалым Сина ашты көзін,

Тіріліп кететіндей білді өзін.

Жамастың көңіліне кірді пікір,

«Бәриз» деп естігенде айтқан сөзін.

Ойлапты, тұрса қазір Сина ғалым,

Шүһрәті хабарлантқан халықтың бәрін.

Келетін менің бақыт кезегіме,

Кез болып, бермес бедел ықтиярын...

Шәкірті өзі оқытып сабақ берген,

Сенімін адалдамай, садақ көрген.

Қолынан шынша түсіп сынды дейді,

Аңдамай аттағанда аяқ жерден...

 

Жомарттық туралы дастан тағылымы

Атымтай жомарт

Аты әлемге аңыз болған араб Атымтайдың (Хатим ат-Таий) жомарт атануы туралы оқиғалар.

Атымтай дүниеден өтті бір күн,

Жоқ қылып дүниені неше дүркін.

Інісі «мен де сақи боламын» деп,

Мирастық тағып порма, киді бөркін.

Бүл хабар жетті бір күн анасына,

Қараңыз анасының, данасына.

«Сен, сірә, Атымтайдай бола алмайсың,

Оныңды қой, сен,— депті баласына.—

Туғаннан Атымтайдың нышаны бар,

Әркімнің ісі лайықты шамасына...

Атымтай ұсынбасам емшек ембес,

Перзенттің ата-анаға жайы мәлім.

Кейісем қол қусырып келуші еді,

«Ризамын өлтірсең,— деп,— анажаным»

Асым Жомарт

Қасым Жомарт та жомарттығымен аты аңызға айналған адам. Ерекшелігі — оған байлық атасынан мұра боп қалған.

һарон Рашид өзіне жомарттығы артқан Қасымды бір көру үшін арнайы аттанады.

Таң атқан соң патшаға келді Қасым,

Аман-есен тұрдың ба, замандасым.

Қалағаның бар болса алып кеткін,

Аямаймын, жолында мал мен басым.

 

— Бір күн, бір түн, Қасымжан, болдық қонақ,

Бәрімізден өтеді дүние шолақ.

Қызық қызмет ісіңе разы болдым.

Еш нәрсенді алмаймын тіпті қалап.

 

Халифа жүремін деп тысқа шықты,

Қасымжан әдеппенен тағзым етті.

Алтынды ер жабдықты ат мінгізді,

Патша ондай атты көрген жоқ-ты.

 

Мұнан соң әлгі атқа мініп кетті,

Патша ойлап келеді талай кепті.

«Бұл Қасым жомарт емес, мақтаншақ қой,

Мақтанып әр нәрсесін бір керсетті.

 

Талай нәрсе керсетті Қасым маған,

Мұның несін мақтады уәзір надан.

Жомарт болса біреуін берер еді,

Көрсетіп алып кетті бәрін тамам».

 

Ойлай-ойлай патша жүріп кетті,

Жолдасы қалған сарайға барып жетті.

Сарайды төңіректеп көп жандар тұр,

Бұларды көріп патша тамаша етті.

 

Әнші қыз келді-дағы бір хат берді,

Халифа алдыдағы ашып көрді.

Барша көрген істерін әнғам кылған,

Халифа қайран болып оқып түрды.

 

Жазыпты ол хатында: «Қарарым сол,

Мейманым, өкпелемей разы бол.

Бұған разы болмасаң тағы бір кел,

Сізді разы қылайын ендігі жол».

 

Патша ойлады, «Бұл Қасым неткен адам,

Мұндай жомарт табылмас тірі жаннан.

Патшамын деп бекер-ақ мақтанамыз,

Бұл Қасымға тең келмес патша мен хан.

 

Ойлаушы ем менен артық адам жоқ деп,

Өзім патша, артықша жомартпын деп.

Тәкаппарлық қылып мен үйде отырып,

Кісісіне жолықпай жүріппін тек».