Жомарттық шапағаты 2 страница

36. Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: «Үйге бүйі кіріп кетті» дегенді айтып барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады. Түнде үй сыпырмайтыны — сыпыртқының ұшына жын жабысады. Төсек салатын орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып, ұшынады деп жорылады.

37. Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын біреуге сыйламайды. Онда қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды.Бақ пен несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал, келесі саятта олжасын дос-жарн, туған-туыстарына сайлауға болады. Мұның мәнісі - әр қандай істің бастамасы өзімнен болады. Жақсылығы да, жамандығы да басқаға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның түп-төркіні – дүние құмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны...

38. Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі – долым сарғайып, зарықтырмасын, тұздай ашты азап тартпайтын деген ниетті бейнелегені.

39. Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қысқарта бермейді. Өйткені, бұлай еткенде дүниеге келетін нәресте кем туылады немесе түсік болып түсіп қалады деп ырымдайды.

40. Егіннің тұқымы үшін біреу қарыға дән сұраса, ренжімей берілуіге тиіс. Өйткені, дәнді адам емес, қара жер тілеп жатыр деп ырымдалады. Тіпті, түк жоқ деген күнде де бір уыс дән ұстатады. «Егін әлей болсын!» деген тілек айтып, қарыз сұраушыны жылы шыраймен шығарып салады. Мұнысы — үйден дән арылмасын, дән тасып, елдің қажетін өтесін дегені.

41. Қырманға астық бастырар алдында егінші Дихан атаны еске алады да, бір шайнам дәнді аузына салып: «Дән дәмді болсын, ішер көбейсін» деген тілек айтып барып іске кіріседі. Мұнысы — қырмандағы дән шашылмасын, алдымен өзіміз ауыз тиелік, басқаға жем боп кетпесін дегені.

42. Жаңа туған ботаның құйрығының ұшы кесіліп тасталады. Себебі, бота тез марқайсын, тез аяқтансын деген ниет. Ботаның құйрығына қа тас жабысып туады, сол тасты алып тастаса, бота тез марқаяды деп иланады.

43. Бие саууға қолданатын көнек пен үйдегі сабаны төңкермейді. Түбін қолмен немесе таяқпен қағып ұрмайды. Бұлай істегеңде көнек пен саба түбіндегі құт ұшады, ақ тартылады, ырыс шайқалады деп ырымдалады.

44. Асқа, тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт қалуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіні семіп, сүті тартылады, құт-береке кетеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.

45. Қазақ құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жаранына ит бермейді. Себебі, «Иттей ырылдасып қалмайық», «Ит ырылдаса — береке бұзылады», «Құдалық, достық, туыстық баянды болмайды» деп ырымдалады. «Құда мың жылдық» деп татулықты тілейді.

46. Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдайды. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы деп иландырады.

47. Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілтектенген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.

48. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.

49. Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса — миы зақымданады. өміріне қатер төнеді деп жориды.

50. Бесікке қолданып жүрген түбекгі, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пен шүмек нәрестенің рахаты үшін жасалған мүліктер. Оны төнкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, сондықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, өйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.

51. Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрынғы замаңда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.

52. Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті кайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шанырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген мәтел осындайдан пайда болған шығар.

53. Көне бұйымдар мен заттарды жаңғыртып жонбайды. Бұлай істегенде беті жабулы тұрған пәле мен дау қайта қозады деп ырымдайды.

54. Мал төлдеп жатқанда басқа біреуге мал сыйламайды. Төлді біреуге атамайды және сатпайды. Бұлай істесе Шопан ата шамданады, шамырқанады. Жаңа тұған төл кырық күн өткенше иссіз болады. Сондықтан бақ пен байлық басқаға ауысады, мал шығынға ұшырап, індет жайлайды, қора бос қалады деп ырымдалады.

55. Алғашқы некеге пайдаланылған бұйымдар бұзылмайды, той киімдері сөгілмейді. Себебі, бұлай етсе, тату неке бұзылады не адам өледі, көңіл жыртылады, араға суық түседі, ыстық құшақ суиды. От жүректе тұтап, өрт кеудеде лапылдап тұрған махаббат сезімі өшеді, әуелі адамдар бір-бірімен жауласады, бітпес дау басталады деп ырымдалады.

56. Асқа, тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл — жақсы тілеу басқаға аумасын, он тілск ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылган соң қасиеті кетпесін дегені.

57. Сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылықтаса — үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды... «Әлей-алей, ақ сөйлей гөр!» деп тілек айтады.

58. Дастархан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің колын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды астан артық көру — адамдық қасиетке жатпайды. Астан аттауға болмайды. Майлы ас жеп отырып, қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз атады деп ұйғарылады.

59. Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі алынып тасталады. Сандықтардың ауызын ашып қояды. Осылай істелсе — толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады.

60. Үйге кіргізілген отынды қайта сыртқа шығармайды. Олай еткеңде сол үйдің оты сөнеді, отағасы өледі деп ырымдалады.

61. Түн ішінде сандық ашпайды. Бұлай істесе отағасы өледі деп жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: «Сандықта жылан кіріп кетті» дсп барып ашады. Аузын жабарда: «Жылан сыртқа шықты» деп жабады. Онысы — суық қол ұрылар түн ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі суық жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарғаны.

62. Қазақтың келіндері асықты жіліктің асығы бар басындағы сіңірді мұжымайды. Онда толғағы ашты болады, қатты қиналады деп ырымдалады. Әйелдің толғағы қатты болса, бураның құраған бас сүйегін ақ байлап төрге іліп қояды. Мұнысы — жын-шайтан бурадан қорқып қашады дегені.

63. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұлай істесе — әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп ырымдалады.

64. Әйелдер ошақтың үш бұғанан асырып отын үймейді. Олай болғанда күйеуінің көңілі басқа әйелге ауып кетеді деп ырымдалады.

65. Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе — босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады.

66. Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе — әкесіне наразы болып, өлім тілеп, зауал әкелгелі жатар деген жаман ырымға жорылады.

67. Киіз үйдің есігін үйдің үстіне қарай лақтыруға болмайды. Есіктен Бақ пеп Бақыт та, Сор мен Қайғы да кіреді. Есікте кие болады. Лақтырғанда сол кие шамырқанады. Жау шапқанда ғана есікті үйдің үстіне түре лақтырып, жауға құқай көрсетіледі. Жайшылықта есікті лақтырмау — сондай жаман әрекет болмасын дегені.

68. Екі қолды төбеге қоймайды. Жамаңдық істен, қолға түскен тұтқындар ғана ант-су ішкендс екі қолын төбесіне қойып, жүресінен отырады. Соңдай жамандық көрінбесін дегені.

69. Есіктің босағасын екі қолмен керіп тұрмайды. Табалдырықты баспайды. Маңдайшаға артылмайды. Өлім шықкан, жау шапқан, қаралы күнге ұшыраған үйлерде ғана сондай көріністер болады. Сондай жаман ырымды істеуге тыйым салынады.

70. Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қариялар да отыруы мүмкін. Малды және қолға түскен тұтқынды ғана саусақты шошайтып санайды. Ал үйден отырған кісілерге бұлай істеу - әдепсіздік саналады. Қонақтар шамданады. Тіпті, қариялар адам өледі деп те ырымдайды.

71. Қазақ отқа түкірмейді. Отқа, щалаға су құймайды. Отқа су құйса – пырылдап, үй ішін күл басады. Күл басса – нас басады. От киесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды. Құштарлық сөнеді. Адам өледі. «От бар жерде – жан бар». От - тірліктің негізі. Отқа су құю – жамандықтың нышаны.

72. Таңертеңгі асты ішіп отырғанда ерлі-зайыпты адамдар ұрыспайды. Таңғы тірлік басталады. Күн шуағымен өмірге бақыт келеді. Ырызық тасыған, көңіл шалқыған күн туады деп, ыстық ықыласпен таңертеңгі асты ойнап-күліп отырып ішеді. Сонда қабақтар жадырап, жақсы күн болады деп ырымдалады.

73. Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе – баланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса – сол үйдің төріне өлген бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел қиналмай, тез босансын дегені.

74. Сәбилер тоңқайып, екі бұтының арасынан қараса – жақсы нысанға баланады. «Жолаушы келеді», «Жол ашылады», «Алыстан туыстар қатынасады» деп қуанысады.

75. Аяқты көкке көтеру – жақсы қимыл емес, оспадарлық. Онда аспаққа асыласың, аяғың көктен келеді, үйде өлім-жітім, қорада мал шығын болады, Көк тәңірі шамданады деп жорылады.

76. Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені, жас өндірдің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады.

77. Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң – арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдайды.

78. Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамайды. Олай істесең – сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны деп қарайды.

79. Қазақ қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Олай істегенде қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қайырыласың, бақайыңнан майырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел егізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі қарауытып, санадай сарғайып, зарығып, қиналып өтеді деп ырымдайды.

80. Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. Көңіл шаладай бықсып, үй ішінде алауыздық туады. Қорадағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.

81. Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілеу қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.

82. Соғымға сойылған малдың жілігін шаққанда майы толық болса, сол жылы мал майлы, көңіл жайлы, тоқтылық болады деп ырымдалады.

83. Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, көтен асып қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп: «Ақ жолтай қонақ» деп шығарып салады.

84. Қазақ жақсы көретін адамына, туыс-туғанына, құда-жекжатына, алаш-ағайынына шақпақ тас, пышақ, кайрақ сыйламайды. Бұлай істесе араға от түседі, пышақтасады, «қырық пышақ болады», дұшпан араға от жағады, егестіріп қайрайды, тату тірлік бұзылады деп, жаман ырымға жатқызады. Сондықтан жақын кісілер шақпақты, пышақты, қайрақты сұрап алмайды, көрсетпей ұрлап алады. Иесі оны білсе де ренжімейді. Бұл жаман ырым басталмасын дегені.

85. Қазақ күнге, Айға қарап тұрып түзге отырмайды. Ал, құбыла жаққа, күн батысқа қарап тұрып бұлай істеуге тіпті де болмайды. Бұлай істеу әрі күнә, әрі рух шамданып, ұшынады, ауру иелеп, қуығы тұтылады, жіңішке ауруға тап болады, ауызы қисаяды деп ырымдайды. Ай мен Күн — қазақ ұғымында дүниенің жарығы, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.

86. Жайлау үстінде далаға қазан асқанда түбіндегі судан жұлдыздар шоғыры көрінсе — мал өседі, төл көбейеді, байлық артып, дәулет шалқып, рахат өмір сүреміз дсп ырымдайды. Отқа май құйып қоздандырып, ақ тілеу тілейді.

87. Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды, сапарға аттанбайды. Бұл күні жол болмайды, жолдан пәле кезігеді, сейсенбі күні жолды жылан кес-кестеп жатады деп ырымдайды.

88. Қазақ некелі төсекке басқа адамды жатқызбайды. Көрпе-жастықтарды да біреуге қолданбайды. Неке бұзылады, махаббат тітіркеніп, шетке ауады деп ырымдалады.

89. Қазақтың келіні қайын енесі мен қайын атасының төсегіне отырмайды. Бұлай істеу әдепсіздік, арадағы сыйластық бұзылады, адамдық жойылады, құрметтен айырылады, келіннің етегі ашылады деп, қатал тәртіппен тыйым салып, жаман ырымға жатқызады.

90. Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп есептейді.

91. Қазақ біреуге қатты ашуланған адамға «тісіңді қайра», «ерніңді тістеме», «жұдырығыңды түй» дейді. Өйтпесе кек ішінде кетеді деп ойлайды. Кек ішінде кеткен адам дертке шалдығып, ем табылмай өмірден өтеді, түсі жылымайды, жүрегі жібімейді, кекшіл болып, көпшіл болмайды. Тісін қайраса, жұдырығын түйсе — ашуы сыртқы шығып, көңілі жадырайды деп жориды.

92. Қазақта түн ішінде ысқырмайды. Ысқырса сырттағы жылан үйдегі дыбысты іздеп кіреді деп ұйғарады.

93. Қазақ түнде айқайламайды. Тек жаугершілікте ғана солай істелуге тиіс. Жайшылықга ондай теріс қылықтан аулақ болған жөн деп ұйғарылады.

94. Ымырт кезінде жатып ұйықтамау керек. Өйткені бұл мезгілде жарық пен қараңғылық, Бақ пен Сор, өлім мен өмір ауысады. Ымырт кезінде жатқан адам өлім тілегені деп ырымдалады.

95. Түн ішінде сыртқа от шығармайды Бұлай істегенде ауылға жау шабады немесе қораға қасқыр тиеді, апат болады, далаға өрт кетеді деп ырымдалады.

96. Қазақта денесінде тарыдай-тарыдай қара қалы бар адамдардың қызы көп болады деп жорылады.

97. Қазақ бейіт баспайды, қолмен нұсқап көрсетпейді. Бұлай істесе әруақ атады. Бейіт басқан адам топ, сал ауруына ұшырайды, қол-аяғы тартылып қалады деп ырымдайды.

98. Қазақ «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, өз ішінен бұзылған елге теріс қарайды. Бұлай істесе бүлік жұғады, пәлесі қалады, жала жабылады деп ырымдайды.

99. Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман ырымға жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр деп ырымдап, пышақты жалпағынан жатқызады.

100. Қазақ түнде үрейлі түс көрсе, таңертең жерге үш рет түкіреді де: «Түс — түлкінің боғы» дегенді үш рет айтып, түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Онысы — тоймас қара жер жаман түсімді жесін деп ырымдайды.

101. Қазақ оң жағындағы иығына қарай түкірмейді, сол иығына қарай түкіреді. Себебі, ои иықта адамды қолдаушы періште отырады, түкіргенде ол жеркенеді деп ұйғарады.

102. Қазақта түнде айнаға қарамайды. Қараса — ажары кетеді, өңі бұзылады, нұры таяды, дидары солады, шұғыла қуарады деп ырымдалады. Өйткені, адам баласы жарықта жүзіне нұр жинайды. Түнде айнаға қараса сол нұр адамның көзіне шағылысып, тайғанайды деп жориды.

103. Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас — қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.

104. Қазақта жаңа киген киімге байғазы береді, түйме тағады. Онысы —түйме артынан түйе келеді деген ырымы.

105. Қазақта жалғыз ұл балаға жамау-жамау киім кигізіп, төбесіне айдар қояды. Онысы — балаға жат көздін сұғы қадалмасын, тіл тимесін дегені.

106. Қазақ көне жұртты, оттың орнын баспайды. Басса — ауыру жабысады, піле қонады деп жориды.

107. Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрласа — аспаққа асылады, қыл мойнына қыл арқан түседі деп ырымдайды.

108. Қазақ өзі мініп жүрген атын соғымга соймайды. Ал, біреуге берсе — сілекейін алып қалады. Онысы — бағы да, соры да басқага кетпесін дегені.

109. Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты үясына салса — бас ауыруға шалдығады, бас айнаналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп ырымдайды.

110. Кептерге қарай тас лақтырмайды. Олай істесе — тыныштық бүзылады, береке кетеді деп ырымдалады.

111. Қазақ салтында үйдің ішінде тырнақ алмайды. Тырнақ тамаққа түссе — жазылмайтын ауруға тап болады деп жориды. Бұрынғы заманда мыстан кемпірлер тырнағын алып, қастасқан адамының төсегіне қойса, жады ауруына ұшырайды екен деген аңыз бар.

112. Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып өкіреді деп ұтады.

113. Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырламайды. Бұлай істесе — қастасы көбейеді, жауы басына шығып, басынады деп жориды,

114. Қазақ басқа үйді айналмайды. Айналса, сол үйдің пәлесі жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады деп ырымдайды.

115. Қазақ теңделген жүкті буып байлаған жіпті кеспейді. Бұлай істегенді өзіңдікі өзіңе бұйырмайды, талапайға түседі, жолда тоналасың, жау шапқандай болады деп, жаман ырымға жориды.

116. Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, көрін төгеді деп ырымдайды.

117. Қазақ кем-кетік, мүгедек, жарымжан адамдарға күлмейді, мазақтап масқараламайды. Өйткені, бұл әдепсіздік. Менмеңдік істесең — өз басыңа келеді. Күлген кісі күлге көміледі, көлге кетеді, екі етегін түре кетеді, өмір бойы күрсініп өтеді деп, жамандықка жатқызады.

118. Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос кабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырымдайды. Дастархан — береке-бірліктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.

119. Қазақ жазғытұрым далада ұйықтамайды. Бұл қыс пен жаздың өларасы, шегі. Ыстық пен суық алмасар түс. Осы мезгілде жер бетіне жын-перілер соғысып жатады. Далада ұйықтап қалған кісінін бет-аузы қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды.

120. Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл әруақты сыйламағанның қылығы. Сондықтан әруақ атады, сайтан жабысады, әруақ соңынан қуалап үйге келеді деп ырымдайды.

121. Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп, малды ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды.