АЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЭТИКАСЫ

 

Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және индивидтер мүдделерінің өзара әрекеттері нәтижесінде қалыптаспайды. Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін тигізетін, меншік формаларының жеке тұлға құқықтары мен еркіндіктерінің либерализациясы қоғамның демократиялық жаңғыруының негізгі факторлары болып табылмайды, адамгершілік қатардағы факторлар одан да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде экономикалық еркіндік пен азаматтардың іскерлік белсенділігі жататын нарық жүйесі, рухани мәдениеттің шектеуші күшінсіз, қоғамдық өмірді «бәрінің бәріне қарсы күресіне» айналдырып жіберуі мүмкін. «Құқықтық қоғам» деп аталатын, шындығында бәрі үшін ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік және жеке мүдделер мен құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, этиканың дүниетанымдық принциптеріне негізделген адамгершілік ұстанымдары арқылы «тұрақтанып» тұр. Тұтас халық пен дәуірдің құндылықтарын ашып көрсететін, адамгершілік әбмебаптары қоғамдық пен адамдықтың үйлесуінде құрастырылған.

Азаматтық қоғам топтық моральдың тұрақтылығына, қылықтың қоғамдық нормаларына, индивидуальды құндылықтарға қатынасқа мөлшерлес болып келеді. Сондықтан, азаматтық ұстын мүмкіндігі туралы сұрақ тұлғаның құндылықтары және адамгершілік императивтері туралы сұраққа трансформацияланады. Соңғылардың мазмұны индивид субъектілігінің сипаты және типімен корреляцияланады. Индивидтің мағыналық өрісін адамның дүниедегі болмысының қайтадан өңделген және синтезделген тәсілдері мен формалары құрастырады. Тұлға әлеуметте, өз «Менің» адамгершілік заңына еркін бағындыруға мүмкіндік беретін, өзіндік санадан басталады.

Әлеуметтік «ерітілген» тұлға сияқты, қоғамнан тыс та тұлға құлдырайтындықтан, тұлғаның қалыптасуы рухани мәдениеттің негізгі элементтерін (адамгершілік нормаларын, философиялық ақиқаттарды, діни идеяларды, ғылыми білімді, эстетикалық талғамды және т.б.) сіңіру арқылы әлеуметтік-мәдени құндылықтардың жоғарылауы заңына сай жүзеге асады, олардың қайта өңделуімен, болмыс парадигмаларының ол үшін өмірлік маңыздыларының іске асқандарын ұғынумен ілесіп жүреді.

Осыған сәйкес, тұлға қалыптасуы адамгершілік таңдаудан, өз халқы рухани мұрасын, дәстүрлі этиканы ұғынудан басталады. Оның үстіне, таным процесінде қарама-қарсы бағыттанулардың қатар өмір сүруі айқындалады: бір құндылықтар әлеуметтік орталыққа бағдарлануға (даму процесінің тұйықтануына және индивид тіршілігін әлеуметтік сақтау және нығайту міндеттеріне бағындыратын), басқалары - әмбебапты-тарихиға (әмбебап субъектілердің дамуын себептейтін) ие. Атап айтқанда, осымен дәстүрлі мәдениетте ашықтық пен жабықтықтың, әмбебаптылық пен түпкі, шектелген құндылықтардың қатар өмір сүруі түсіндіріледі.

Бұл бағыттануларды біз қазақ халқының рухани мұрасына, адамгершілік құндылықтарының қайнарларына – халықтың мақал-мәтелдеріне, эпосқа назар аударғанда; ойшылдар мен философтардың, ақындардың шығармашылығын зерттегенде көре аламыз. Бүкіл түсініктер және олар барлық жерде әмбебап сипатта болмады, кейде жақсылық пен жамандық туралы, прогресс туралы түсініктер де әлеуметтік интенциялармен тығыз байланыстылықты аңғартты.

Қазақтың дәстүрлі этикасының негіздерін ұғыну үшін ғарыштың тернарлық үлгісі әлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, орталық шеңберді құрастыратын, үш горизонтальды буындарға бөлінушілікті ескеру маңызды [1]. (Галиев А.А. Традиционное мировоззрение казахов. Алматы, 1997). Дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымы үш жүзді болып келді, әрбір жүз өзіне сай функцияларды атқаруға жауапты болды.

 

Жүздер Бірінші тектілік Функциялар Сыйлар, рәміздер
Ұлы Сол қанат Экономикалық Асатаяқ (билік рәмізі)
Орта Орталық Сакральды Қалам (қасиетті мәтіндерге ие болу рәмізі)
Кіші Оң қанат Әскери Найза (елді қорғау)

 

Космологиялық көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, орталық шеңбер әлеумет құрылымының бірлігін, тұтастығын және мәңгілігін рәміздейді. Қазақтардың артта қалғандығы және енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық бағдарларының жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен қатал ауа-райы индивидтерді дербестікке мәжбүрлейді. Алайда, қасиетті тәртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы әрекеттердің мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, оның өмірлік табыстарының болашақтығын және тұлғалық бірегейлікке жете алуды себептеді.

Қазақтардың дәстүрлі этикасы тіршілік етушілер әлемі мен рухтар әлемінің шекараларының мөлдірлігі туралы космологиялық түсініктерге, өткеннің, қазіргінің, болашақтың байланысының органикалығы мен үздіксіздігі жөніндегі бейнелерге сүйенеді. Өлгендердің рухы біздерге әсер етеді, олардан тағдыр, сәттіліктер, сәтсіздіктер, апаттар тәуелді. Егер адам дұрыс және айтарлықтай теріс қылықтарға барса, олар қамқорлық жасай, көмектесе, қорғай, жазалай алады.

Осылай әруақтарға табыну пайда болды. Қайтыс болғандарды, жолы үлкендерді құрметтеу қазақ ділінің ажырамайтын белгілерін құрастырады.

Этикалық категориялардың мазмұндық жағына зороастризм, тәңіршілдік, буддизм, суфизм, манихейшілдік, ислам көрнекі ықпалын тигізеді. Аспанға (Тәңіріге) табыну жоғарылылықты аңсауға ниеттендірді, адамды тәкаппар, ымыраласпайтын етіп баулыды, бодандық психологиямен сиыспайтын, ерлік философиясын ұстауға шақырады. Жер-Анаға (Тәңірі-Ұмай) табыну адам сенімін, туған жердің қасиеттілігін, рухтардың жебеушілігін нығайтты. Зороастрлық этикаға сай, үш ұстынды – ізгі ойлауды, ізгі сөзді, ізгі әрекетті ұстанып жүрген қажетті. Жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдауды әркім тек өз игілігі үшін емес, бірақ сонымен бірге бүкіл әлемнің тағдырын шешу үшін жасайды.

Шаманизм – исламға дейінгі сенім, адамнан жер бетіндегі өмірде ар-ұят пен тұтастықты сақтауды талап етті. Егер исламда нақтылы адамдық өмір о дүниедегі өмірге ерекше тектегі дайындық болса, онда ежелгі қазақ үшін жердегі өмір шынайы болып табылады, сондықтан көшпелі сәттілікті жоғалтпау үшін, ауырып қалмау үшін «алдамшы» болғысы келмеді.

Қазақ руханилығының түйінделген бітімі Абай философиясы және ол жариялаған «Адам бол!» (яғни адамгершілік) ұстыны болып табылады. Абай бойынша «мұсылман болу» үш нәрсеге: Аллаға, адамзатқа, әділдікке деген «махаббатты» білдіреді. Исламның адамгершілік шеңберінде, адам бақытының мәнісін түсінуде дүниетанымдық әмбебаптар төрт негізгі ұстындарды - әділет, дәулет, ақыл, қанағатты қатаң сақтап жүруге, келіп тіреледі.

Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы түсініктер түбегейлі өзгерді: жақсылық – бұл ислам қағидаларына қарсы келмейтіндер, ал жамандық – бұл соларға қайшылықта болатындар. Міне осы көзқарас тұғырынан адам қылықтары бағаланады, және сондықтан кім болса да тағайындалған дәстүрлерді бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы жете алмады.

Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моралының бірден-бір қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс мағына мен ақылға сай әрекеттер жатқан, моральды жақтады.

Халық даналығы былай дейді: «Адам тегінен емес, ол тіршілігінің барысында бұзылады», ақылға сай өмір – бұл, оларды адам өзінде мәпелейтін және соларға сай қылыққа баратын, ізгіліктердің жиынтығы. Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, бірақ ең алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның абыройлығы оның сыртқы белгілерімен емес, ал сол немесе басқа жағдаятта қалай пайымдайтынымен, қандай қылықтарға баратынымен бағаланады.

«Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер жаманды қайталасаң, ұятты болып қаласың».

Адам бақыты[5] материалдық дәулеттің жай-күйімен емес (дегенмен қайсыбір дәрежеде ол да маңызды), ал адам жанының байлығымен және адамгершілік істерімен анықталады. «Кім пайымшыл және кішіпейіл, ары таза және әділ болса, кім өзінде ізгіліктерді мәпелесе, тек сол бақытқа жете алады». Исламның әйелге деген ұстанымдары қазақ қоғамында терең ұялаңбады, онда ана-әйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген ізгілікпен қарау тұрақтады.

Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, салттар мен дәстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. Ерекше әлеуметтік топ – билер – халық салттарының сақтаушылары және білгірлері болып есептелді. Оларға әрекет етуші нормаларды анықтауда және тағайындауда шешуші орын берілді, мүліктік, отбасылық-некелік таластарды шешуде өтімді сөз солардікі болды. Олардың шешімдеріне, дәстүр-салттарына іс жүзінде кәдімгі-құқықтық нормалар күші берілді. ХVІ ғасырдан бастап кәдімгі қазақ құқығы[6] деп аталатындар – «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» - кең тарады. Рулық бастама ұстыны – руластарының іс-әрекеті үшін ұжымдық жауапкершілік және руласты өлтіргені үшін қанды кек, ежелгі кодифицияландырылған кәдімдгі құқықтан («Жаса») өз бастауын алады. Ұлы қазақ ағартушысы, Ш.Ш. Уәлиханов кәдімгі қазақ құқығының демократиялық бастауларын атап өтеді, олар – жариялылық, рулық ынтымақтастық, қарапайымдылық, сот процесінің бәсекелестігі, оған жақтар өкілдерінің қатысуы; қоғамдық пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру, қапасқа қамау сияқты репрессиялық шаралардың жоқтығы[7].

Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен конформизмге негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дәстүрлерді, демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне жауапкерлікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге өз пікірін жеткізу және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да осылай болды.

Дәстүрлі қоғамдағы кәдімгі құқықтың қуатын Ш.Ш. Уәлиханов әлеуметтік-мәдени тамырланумен түсіндіреді, себебі «ол көбірек белгілі болғандай, оның бұл заңы қаншама жетілмеген болып көрінгенімен, ол бүкіл бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, түсініктілеу және айқындау болып көрінуге міндетті, төлтума заң болғандықтан халық үшін ол жақсы»[8].

Айтпақшы, Гегельдің құқық философиясында, шынайы адамгершілік абстрактылы және объективті құқықтың, абстрактылы және субъективті моральдың қосындысы емес деп, аталып өтеді. Егер балықтарды алтын аквариумға орналастырғаннан, олар алтын болып кетпейтіні сияқты, адамдар да, оларға заңдар сыртқы түрімен, өзінің жеке руханилығындай емес түрде ендірілген, сол заңдардан әдепті болып кетпейді.

Гегель бойынша, «Мемлекет азаматы» болу заңмен рухани қосылуды білдіреді. Алайда заңды орындау ғана азамат болып қалыптасу үшін жеткіліксіз, заңдардың рухани, мәдени құбылыс, игілік ретінде қабылдануы маңызды.

Қазақтың кәдімгі құқығының әсерлілігі, әлеуметтік-мәдени процестермен тұтасуымен бірге, «ар-ұят мәдениетінің», яғни бүкіл рудың алдында бетсіз болып қалудан қауіптенудің, ру алдындағы жауапкершілік пен өзіндік жетілуді себептеген, төлтума мәдени-психологиялық тетіктің өмір сүруімен түсіндіріледі.

Бүгінгі күн шындықтарына қайтып келейік. Қалыптасып келе жатқан плюралистік қоғамның этикасы тұлға автономдығының өсуші дәрежесінен қашан индивид тек мемлекет жағынан әсерді қабылдаушы объект болуды қойып, әлеуметтік өзара қатынастардың субъектісі бола бастайтын, үлкен еркіндік пен индивидуалдандырылған көп өлшемділікке ие болатын, адамның көп өлшемділігінен шығуы керек.

Қазіргі индивид тұлғалық бірегейлікке жету үшін сакральды бірлікке енді ұмтылмайды. Ол көпті немесе азды қоршағандардан, қоғам жағынан бақылаудан азат. Индивидтің моральдық құндылықтарының қайнарлары да өзгерді – олар енді тек сенім бойынша қабылданбайды, қоғамдық бақылау формалары өзіндік тәртіппен ауыстырылады, дәстүрлі институциональдық моральдан тұлғалық этикаға өту жүріп жатыр. Мифологиялық сананың, бейрационализмнің бұғауларынан босай келе, түсініктер мен қылықтар да рационалдандырылып келеді.

Қазіргі азаматтық қоғамды талдау оның қажетті әлеуметтік-мәдени және бір уақытта нарықтық модустары рационализм, теңдік, прагматизм, дербестілік, жауаптылық, ашықтық және т.б. болып табылатындығын көрсете алады. Өркениеттік сипаттағы бірқатар себептер бойынша аталған модустар қазақстандық қоғам шындығында ұлттық ділді, дәстүрлі этиканы қайсыбір трансформациялаусыз бұтақтана алмайды. Терең әлеуметтік-мәдени түп-негіздерде ұялаңған, көрінбейтін кедергілерді әлеуметтік-орталықтық үлгілер кездестіре бастайды. Солай, рационализм тұрғындардың мұсылмандық бөлігіне жат емес. Бірақ ол батыстық рационализмнен мәнді ерекшеленеді, себебі рационализмнің бұл типі өзінде көбірек тұйықталған, өз мақсаты ретінде рас білім мен ақиқатқа жетуді қоймайды, ал, керісінше, интуициялық-мистикалық танымға қызығушылық байқатады, интуицияға, субъективтік сезімталдыққа артықшылық танытады. Осыдан міндетті түрде болып жатқанның ақиқаттығы субъективті түрде көрінеді. Тек құдайылық белгімен таңбаланған, білім ғана абсолютті ақиқат ретінде мойындалады. Сондықтан еуропалықтардың көзге анықты ұстануы мұсылмандармен күйбең тіршілік, болып жатқанда құдайылықты көре алмау ретінде бағаланды. Және «рационалды еңбек» ұғымы мұсылман мәдениетіне жат еді.

Ұлттық ділдегі рулық бастамалардың басымдылығы еркін индивидуалдық әрекет жолында тежеуіш болып шықты. Дегенмен көшпелі өмір салты өз жеткіліктігін дамытуға себебін тигізгенімен, бірақ әрбір көшпелі өз өмірінің мағынасын қасиеттіге қызмет етуден көрді, осымен оның өз еркімен руға қызмет етуі түсіндіріледі. Рудан қуылу ғарыштан, Құдайдан аластатылумен бірдей деп бағаланды, масқара болып есептелді. Көшпелі-малшының еңбегі белгілі бір кәсіппен шектелген еңбек емес еді, өйткені бұл өмір салты кәсіби іс ретінде қабылданбады. Құрметте еңбектің өзі емес, ал олар оның иесіне беретін, мал және сол артықшылықтар болды. Байлыққа ие болу дұрыс қылығы үшін берілетін Аруақтардың қамқорлығы ретінде бағаланды.

Бүгін «жаңа қазақтар» да, рационалды еңбек пен еңбек этикасына қарағанда, байлық рәміздерін жоғары бағалайды. Арғы тектердің жебеуші қамқорлығына сенеді, «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген дәстүрлі нақыл сөздерді ұстанады.

Жалпы мейрамшыл көңіл-күй қазақ ділінің ерекшелігі болып табылады. Соңғы еңбек ету, әскери күндерден және мейрамдардан жинақталады. Тойлар бар әлем тәртібін қасиеттендірді, өмір сүріп тұрған құрылысты бекітті, иерархиялық қатынастардан (ақсүйек - қарасүйек) және тәуелділіктерден, тыйымдар мен нормалардан уақытша еркіндік енгізді. Бұл тойлар ахуалынсыз тіршілік толымсыз болды және жалпылықтың, азаттықтық, теңдіктің және молшылықтың утопиялық патшалығы халықтық мейрамдау күндері салтанат құрмас еді[9]. Еңбектің әлсіз мамандануы және бөлінуі, соңғысын өмір салтымен теңестіру еңбек этикасының пайда болуына кедергі қызметін атқарды.

Еңбек этикасының маңызды элементі ынтымақтастық болып табылады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында хан бір өзінде демеуші, жұмыс беруші, әкім, сот төресі, әскери басшы тұлғаларын біріктірді. Оған деген сенімділік, іскерлік әріптестік немесе ынтымақтастық қатынастарында емес, ал туысқандық немесе харизмаға негізделген, жеке тәуелділік қатынастарында құрылды. Ынтымақтасу формасы тәуелділік сипатына ие және нақтылы болды, яғни белгілі бір дәстүрлер мен жағдаяттарға байланыстырылды.

Кеңес Одағы кезеңінде бірдейлендіру мен абстрактылы субъектілердің жалған субъектившілдігі орын алды. Тең құқылы субъектілердің ынтымақтасуы ретіндегі шынайы коллектившілдік іскерлік әріптестікке, жауапты әрі мүдделі өзара қарым-қатынасқа жол ашады. Демократияшылдық, әділдік, теңдік сияқты басқа әлеуметтік-мәдени модустарға келсек, онда олар этикалық категориялардың мазмұнын қиып өтеді, бірақ тағы да еркіндіктің батыстық түсінігінен өз айырмашылықтарына ие болады.

Дәстүршіл түсінікте еркіндік ережесіз ойын, стихия, ретсіздік, жігер іспеттес болып келеді. Онда бір-біріне және әлеуметтік ұжымдарға, әлеуметтік тәртіптің ұстап тұрушы негізі ретінде, қалыпты қылық туралы түсінік жоқ. Батыстық түсінікте еркіндік әлеуметтік ұжымдардың сапасымен, әлеуметтік тәртіпті ұйымдастырудың ұстынымен, әлеуметке қатысты құқықпен, жауаптылық және міндеттілікпен т.т. теңестіріледі.

Қоғамның артушы үзіктілігі және субъектілердің автономдығы кейбіреулерде нарық экономикасы мен азаматтық қоғам этикасының арасындағы сәйкестілікке, өзара сенімділікті сақтауға деген күмән туындайды. Бірақ нарық экономикасы мен этиканы бір-біріне қарама-қарсы қою бізді тек тіршілік ету шектеріне жақындатады. Бүгін ортақ мақсаттарды, индивидуалды мен қоғамдықтың үйлесуін, коллективтік ақыл мен жігерді қалыптастыру және дамыту мәселелерін ойластыру маңызды. Бұл қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам, негізінен, әлеуметтік-орталықтық құндылықтарға (әлеуметтік-мәдени және нарықтық модустар) емес, ал әмбебаптыларға бағдарлану керек дегенді білдіреді. Демократиялық қоғам ұстындарына өзіміздің бағытталатындығымызды жариялай отырып, біз индивидуализмге, рационализмге, ынтымақтастыққа және т.б. бағдарлануға тиісті емеспіз, ал бұл модустарда адамдық индивидтердің, қашан, мысалы, жеке индивидтердің рационализмі адамгершілік заңына қайшы келіп, басқалардың еркіндігін шектейтін жағдайдан арылып, әмбебап субъектілер бола бастауының, дамуының әмбебап-тарихи мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек. Сонда жоғары құндылық табыс емес, карьера емес, ал адам Тұлғасы мен Абыройлығы бола бастайды.

Аталған модустар, конфессиональдық нормалар мен міндеттер, салықтар, этикалық талаптар сияқты, сынақтан өткен әлеуметтік-мәдени тетіктермен жетуге болатын, индивидуальдық пен қоғамдық мүдделердің үйлесуінде құрылған.

Батыстық үлгідегі индивидуализм жалпы қамтушы емес: ол қалай ішкі өзіндік ретттеу болсын, солай сыртқы әлеуметтік-мәдени тетіктермен болсын, ретке келтіріледі және түзетіліп отырады, бұл әлеуметтік модустарды механикалық түрде ендірудің мүмкін еместігін және рухани-адамгершілік өсу ортақ мақсаттар мен сенімсіз сананы планеталық ақыл идеясына дейін кеңейтусіз мүмкін еместігін куәландырады.

Қазақ дәстүрлі дүниетанымының семантикалық өзегі, ол «өмірлік күш». «ұрықтандырушы бастама», «тіршілік потенциясы» ретінде түсіндірілетін, ал сонымен бірге «байлықпен», «молшылықпен», «игілікпен», «үлеспен», «тағдырмен» байланысты бақытпен бірге қарастырылатын, түйінді «құт» ұғымы болып табылады. Бұл ұғым онтологияны, антропологияны және әлеуметтік философияны тұтас біріктіреді, дәстүрлі қазақ мәдениеті шындығының мәндік рәмізшілдігін көрсетіп береді. Онда, утилитарлы, прагматикалық пайдалануға жетіп тірелетін, «қарапайым заттар» орын алмайды, бірақ адамды қоршап тұрғанның және оған қызмет ететіннің бәрі, өзінің екіжақты сипаттылығын аңғартады: бүкіл табиғи объектілер, тұрмыс нәрселері, үй, киім, тағам тек қана утилитарлы функцияларды орындап қоймай, сонымен бірге түсініктемені талап ететін рәміздер және трансцендентті, көрінбейтін әлемге бірге қатыстылықты ғана білдіріп қоймай, адамдардың байланыстары мен қатынастарын олардың жынысына, жасына, туысқандық дәрежесіне, байлығына, шыққан тегіне сәйкес ұйымдастыратын және корреляциялайтын әлеуметтік кодтар болып табылады.

«Құт» ең алдымен өмірлік күшті, оның алға жылжуға қабілеттілігін білдіреді. Дәстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, жануар бір-бірімен туысқан және табиғатқа тән және онымен туындатылатын, тірінің түрлі формаларын бітімдейді. Тірінің көңіл күйі, рухани және құндылық анықтамалардың негізі бола тұрып, олар адамның дүниеге қатынасын сипаттайды. Сондықтан рәсімдердің басты идеясы – жоғары құндылықты, адам өмірін қабылдап алу. Салт-ғұрыптар шектерінде дәстүрлі драма, табиғатпен қосылу ойналады. Өмірді қайтадан шығару барлық деңгейлерінде тойлар мен шамандық қамданулардың басты тақырыбы болып табылады. Өнімділік пен туудың құпиясы дәстүрлі мәдениеттің түйінін құрастырады. Табиғаттан қабылдап алынған, бірінші сый болып тіршілік сыйы, құт, тірі жан есептеледі. Бұл өмірлік күштің рәмізі таудың төбесіндегі сүт көлі, Тіршілік пен Өнімділіктің орталығы болып табылады. Сүт сондықтан – жай ғана тағам емес, бірақ айрықша семиотикалық статусқа ие; сүтті ұйытатынды шет жерлікке беруге тыйым салынған, ол ру тіршілігінің қуатты рәмізі, сүтті қонаққа құйып беруге болмайды.

Ендеше, табиғи өнімділік идеясы дәстүрлі түркілік дүниетаным үшін әмбебап болып табылады және бүкіл салттық фольклорды кесіп өтеді. Түркі дискурсының онтологиясы «өмір мен өнімділіктің» семиотикалық коды кілтінде оқылады.

Бұл кілттің көмегімен түркілердің үй-тұрағын, адамның үстінен төңкеріліп тасталған, аспан шеңберін өзімен көрсететін, киіз үйдің семантикалық кеңістігін түсіндірмелеп беруге болады[10]. Киіз үйдің бүкіл нүктелері мен сегменттері, бақыт және игілік ретінде түсінілетін «құт» рәмізі тұрғысынан қатаң регламенттелген. Түйінді орынға орталықтағы ошақ жатады. Отбасының жойылуы ошақтың сөнуімен теңестірілді. Сондықтан күлді араластыруға, ошаққа су құюға, одан тамыздық алуға және отты шығаруға тыйым салынды, әйтпесе отбасын бақытсыздықтар күтіп тұрады. Үйдегі отбасы иесінің орны биліктің рәмізі, жолбарыс, ал әйелдікі – «қоян», «бағынуды білдіру» деп аталды. Жастар, «құс» деп аталатын орында жайғасады.

Герменевтикалық метод дәстүрлі мәдениеттегі тамақтану жүйесінің рәміздік функцияларын ашуға және ас қабылдау кезіндегі қонақтарды орналастыру тәртібін (қойдың басын үлестіре бөлу және «құлақтарды», «таңдайды», «көздерді» әлеуметтік рөлдер және жас ерекшеліктеріне сай тарату), жыныспен, жаспен, әлеуметтік статуспен байланысты тұлғааралық қатынастардың күрделі суреттемесін ашатын, рәсімдік әрекеттердің белгілі бір кешені ретінде «оқып шығуға» мүмкін береді. Тамақтану жүйесінің рәсімдік, сакральдық, этнобелгілеуші функциялары туралы айтуға болады. Жеке тақырып – көшпелі шаруашылықтың кезеңдерімен ілесіп жүретін, белгілі бір өмірлік циклдер және ғұрыптармен байланысты, дәстүрлі киім семантикасы. «Жас сыныптары» институты онда бөлініп көрсетілетін, жас рәміздерінің жүйесі де «құт» ұғымы тұғырынан түсіндіріледі. Өмірлік күштің, өнімділіктің түйіні ретінде орта жас алынады, ал сонда қария мен нәресте өзінің семиотикалық статусында жақындатылады. Қария – жай ғана жас емес, ол антивалентті әлеуметтік функцияны білдіреді: әрекет кең мәтінінен шыға отырып, ол толымсыздық таңбаларымен белгіленеді, бірақ сол уақытта, арғы тектер мен аруақтар әлеміне жақындай келе, оған ерекше құрмет көрсетіледі.

Бақыт дәстүрлі мәдениетте қашанда өнімділікпен, құтпен, некемен байланысты қарастырылады. Өнімділік игіліктің, сәттіліктің, бақыттың кепілі болды, сондықтан, жыныстық потенция тұлғалық абырой мен әлеуметтік беделдің белгісі ретінде түсіндіріледі, ал ең нашарлар болып бедеу әйел мен үйленбейтін еркек есептелді. Гендерлік тақырып дәстүрлік дүниеге қатынаста ерекше орын алды. Бұл қоғамда орталық фигура болып қашан да еркек саналды. Бірақ сол уақытта еркектің салиқалығы мен іске қабілеттілігі, оның әйелге қатынасына тәуелді қойылды. «Адам болу» отбасы болуды, өз жанұясын құруды білдіру. Әйелдің жердің туындатушы функциясына жақындығы, жасампаздық пен бақыттың иегері екендігі айрықша аталып етті. Көптеген түркілік мәндерде Жер беті әйел тәнімен салыстырылады. Неке, адам өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі бола келіп, болмыстың қасиетті өрісімен қарым-қатынаста болады.

Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік байланыс, ең алдымен, қандық-туысқандық, табиғи, өмірлік болып келді. Ру, бай заттық және таңбалық бітімделуі бар, көпжоспарлы ұйым ретінде көрініс табады. Туысқандық қатынастардың күрделі нақтылы және рәміздік жүйесі, онда дәстүр тікелей қарым-қатынас тәсілі ретінде, арғы тектердің тірілердің арасында бірге болуы ретінде қабылданатын, әлеуметтік ортаға адамның бейімделу тетіктерін анықтады. Ру, мүшелерінің тұтастығы және бөліктерінің бірлігі бола отырып, ерекше «мифорәсімдік» өмірбаянға ие, әлдебір қоғамдастықты құрастырады.

Рудың өзіндік санасы, «аруақ», «қыдыр», «ырым» сияқты[11], сондай ұғымдармен құралады. Аруақтар бұлар ата-бабалар рухы. Көшпелілердің түсінігі бойынша, әрбір адам балаларына мұра етіп тек өз киіз үйін, байланыстарын, лайықты есімін ғана емес, бірақ сонымен бірге олардың тағдырына ықпалын тигізетін, сол арқылы ол тірілердің арасында қала беретін, өз аруағын да қалдырады. Егер ол абыройлы адам болса, оның рухы, оларды қиын сәттерде қолай отырып, балалары мен немерелерінің тағдырына игі әсер ететін болады. Егер адам, керісінше, дұрыс өмір сүрмесе, онда оның аруағы осындай көмегін тигізе алмайды және оның үстіне, жаңа бәлелер мен қасіреттерді әкеле алады.

Дәстүрлі дүниетанымның бұл ерекшелігі қазақ фольклорында көрініс тапқан. Солай, «Алпамыс» эпосында былай делінеді: «Алпамыстың бірінші шабуылынан кейін, жоңғарлар батырдың жалғыз келгенін көреді және күш жұмсамай-ақ оны оқтың астына алуды шешеді. Және бүкіл жоңғарлар садақтарын тартады және Алпасмысқа атылған мыңдаған жебелер, оған тіпті сызат қалдырмай, оның тәнінен кері құлап жатады. Мәселе Алпамыстың ұрыс алдында жауынгерлер жебеушісі Ғайып ерен Қырық-шілтеннен қорғау өтінуінде тұр, және сол, қара тұмандай орала келіп, байқатпай аспаннан түсіп, жас батырды өз қанатының астына алады»[12].

Қарама-қарсы мысал – «Қыз-Жібек» поэмасындағы Төлегеннің тағдыры. Өз қалыңдығының артынан сапарға аттана отырып, Төлеген әке батасын алмады, оны аруақтар қорғамайды және сондықтан ол махаббаттың орнына Қособа көлінің маңында өз ажалын кездестіреді.

Сол уақытта эпос кейіпкерлері – бұлар жеке таңдау мен өз тағдырына құқы бар тұлғалар, жеке-даралар. Қорқыт-Ата, Қобыланды мен Алпамыс батырлар, бірін-бірі сүйетін Қозы Көрпеш пен Баян Сұлулар тап осындайлар.

Дәстүрлі дүниетанымның маңызды ұғымына «Қыдыр» да жатады. «Қыдыр» - бұл бүкіл тілектерді орындауға қабілетті, сәттілік, байлық, денсаулық әкеле алатын, жаратылыстан тыс жан. Бірақ «Қыдыр» қашанда бишара, қария, үйсіз қаңғырушы кейіпінде көрінеді. Және ешкім, ол шын қайыршы ма, әлде құдіретті рух па екендігін, біле алмайды. Қаңғып жүрген қырықтың бірі – «Қыдыр», бірақ олардың бәріне көмектесу және рахымдылық таныту қажет. Солай, Абайдың «Масғұт» поэмасында қаһарман, оған бұзақы тиісіп жатқан, кедей шалға риясыз көмегін береді.

«Қыдыр» туралы түсініктен шығатын басқа тағы бір бейне бар – ол, оның таңдаулылығын белгілей отырып, адам алақанына қонатын, бақыт құсы. Солай, Бұқар жырау Абылай-ханның ұлы жолын оның осындай бақыт құсымен кездесуімен түсіндіреді:

Бақыт құсы басына сенің қонды,

Қыдыр – байлықтың қамқоршысы саған келді,

Және бақыт үйінде сенің қонды.

Ш.Уәлиханов өзінің «Қырғыздардағы шамандықтың іздері» атты еңбегінде дәстүрлі дүниетанымның тағы бір ұғымын – бақытсыздықтың алдын алу мақсатындағы белгілі бір әрекеттерді жасауды, ырымдарды – талқылайды. Солай, «әлдекімге көйлегін қалдыра отырып, бір түйемесін немесе байлауын өзінде қалдырады... ешқашан табындағы басты жануарды – «құтты» сатпайды, себебі бұл жағдайда игілік, яғни мал, бұл отбасында азаймайды»[13].

Байлық та өз мағынасын айрықша семиотикалық кеңмәтінде айқындайды. Байлықта адамның тұлғалық сапалары мен артықшылықтары көрініс табады. Ол таңдаулылықты таңбалайды. Байлыққа деген осындай құрмет «бай» сөзінің этимологиясында білдіріледі. Ол байлық иесі және сол уақытта лайықты, құрметті, сыйлы дегенді көрсетеді.

Көшпелі мәдениетті, құндылық-мағыналық бірлікке ие төлтума мәтін ретінде, ендеше, көрсетуге болады. Құрастырушы идея сапасында, «құт» - «ұрықтандырушы бастама», «өмір потенциясы», «бақыт», «молшылық», «игілік» - ұғымымен байланысты, күрделі идеологиялық кешен қарастырылады. Дәстүрлі мәдениеттің дүниетанымдық әмбебаптарына тым жақын болып келетін, қазақ философиясы, экзистенциалдық сипатын жоғалтпайды, бірақ сол уақытта мәдениет өрісімен толық теңестірілмейді. Философия түсіндірудің айрықша қызметін атқарады, ол бірінші кезекте герменевтика, дәстүрлі мәдениеттің күрделі мәтінін ашу болып табылады.

Түркі философиясының шыңы ұлы ойшыл Абайдың шығармашылығы болып табылады. Дүниежүзілік дәрежедегі мәдениеттің басқа да құбылыстары сияқты, оның философиясы түрлі тұғырлардан түсіндіріле алады және міне бұл түсіндірулерде Абайдың рухани мұрасы өзінің болмыстылығын тек сақтап қоймай, сонымен бірге оны көбейте түседі. Абайды, ол қазақ халқы үшін құндылықтардың жаңа жүйесін ашқан, бірінші рет білімді адам болмысының ұстыны ретінде негіздеген және оны даму ұстынымен байланыстырған, ағартушы ретінде сипаттау белгілі. Бүкіл дала бойында оның «Адам бол!» деген ұраны дауылдап өтті. Соңғы уақытта Абай шығармашылығының экзистенциалдық сипаты туралы идеялар да айтылып жүр: өзінің атақты «Қара сөзінде» ол болмыстың мәндік қабаттарын өзінің қайғы мен бақытқа толы өмірлік тәжірибесі арқылы ашады. Бізге солай көрінетін, бірегей тұтас мәтін ретінде түсінілетін, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Абай герменевтикалық түсіндіру береді. Осындай өнімді тәсіл Абай философиясының ұлттық төлтумалығын айқындай алады, бұл оның мұрасын дүниежүзілік мәдениет кең мәтінінде айрықша маңызды етеді. Абай – «адам - әлем» қатынасының тұтастығына негізделген, қазақ ділінің көрсеткіші. Осында – ерекше тұлғалық тип те, ақыл мен жүректің арасындағы айырылудың жоқтығы да, жүрекпен ойлау шеберлігі де тұр. Жүрекпен ойлау дағдылығын қалыптастыру – ХХІ ғасырдың маңызды міндеті. Абай бәрінен көп жалқаулық пен надандықты жек көреді. Ол ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқып-үйренуге шақырады. Бірақ ол сол уақытта, ар-ұят және жүрек жарығынан ажыраған, ғылымның қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны – ақылды жүрек немесе арлы ақыл. «Кімде махаббат пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе – сол дана, сол білімді»[14].

Біз осында, ол «адам - әлем» тұтас қатынасын қалпына келтіруге ұмтылған, «әлемнің ішкілігі» және «Dasein» терминдерін енгізген, М. Хайдеггердің фундаментальдық онтологиясы идеяларымен тура паралельдер жүргізуге болады. Қазіргі әлемде, дейді М. Хайдеггер, барлық алыстар мен қашықтар қысқарады. Бірақ жақындай келе, заттар бізден алыстай береді. Олар «заттануын» қояды, өйткені адам оларды тек пайдаланғысы, тұтынғысы келеді. Әлемді қабылдау тұтастығы жоғалады. Хайдеггер және Абай оны «ақылды жүрек» деп атайтын, дүниені солай түйсінуді батыс адамына қайтарғысы келеді. Қашан біз әлдекімге суы бар тостағанды ұсынғанда, онда «ұсынылып тұрған суда қайнар да тұр. Қайнарда жартас орын алады, онда – жердің қараңғы мүлгіген құнары өзіне жауын мен аспан шығын қабылдап тұр. Қайнар суында аспан мен жердің некесі қиылған»[15]. Батыс өркениеті құтқарылуын Хайдеггер Шығыстың бай рухани тәжірибесіне назар аударумен байланыстырады.

Егер қазіргі ХХ ғасырдың батыс философиясы, дүниеге тұтастық қатынасқа бағытталған, жаңа онтологияның қалыптасу қажеттілігін сезінсе, онда қазақ халқы бұл тұтас дүниені түсінуді өзінің дәстүрлі мәдениетінде, атақты ақын-жырауларының шығармашылығында сақтады. Және тіпті сонда, қашан ресми идеология өз догмаларын танып келгенде, қазақтардың ішкі өмірі олардың дәстүрлі дүниетанымымен айқындалып келді. Дүниеге қатынастың осындай типі, жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан, адамзаттың тұтас дүниетанымын қалыптастыру дәуірінде өзекті болып шықты. Мыңжылдықтар аралығында өсіп-жетіліп келе жатқан, тұтас дүниетанымның маңызды көрінісіне қазақ философиясы жатады.