Абай Құнанбаевтың эстетикалық көзқарасы

 

Қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ағартушы-демократ Абай Құнанбаев шығармашылығы болды. Егер Шоқан мен Ыбырайдың эстетикалық көзқарастары осы күнге дейін ғалымдардың зерттеулерінің арнайы тақырыбы болмаған болса, Абайдың эстетикалық көзқарастары қазақтың көрнекті жазушылары, әдебиеттанушылары, өнертанушылары М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Сильченко, А.Жұбанов, М.Қаратаев, Б.Ерзакович, З.Ахметов еңбектерінде жарық көрді. Бұл авторлардың еңбектерінде Абайдың эстетикалық көзқарастарының және ұлы орыс революцияшыл демократтары – Белинский, Чернышевский және Добролюбов көзқарастарының үндестігі туралы, сондай-ақ Абай өзінің көркем шығармашылығында реалистік орыс, батыс және шығыс әдебиетін кең пайдаланғандығы туралы айтылған. Жарық көрген Абай шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер мен диссертацияларда оның шеберлігі, оның поэзиясы мен прозасының қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихи дамуындағы рөлі мәселелері көрініс тапты.

Абайдың философиялық мұрасын талдауға көңіл аз бөлінді. Профессор К.Бейсембиевтің «Абай Құнанбаев дүниетанымы» атты бір ғана жұмысы бар, бұл да, автордың мойындауынша, «әдебиеттану саласында маман болмағандықтан, ақын-ойшылдың негізгі эстетикалық түсініктеріне қысқаша ғана тоқталуды жөн көрдім»[237], – деп жазды ол. Сонымен, философия тұрғысынан Абайдың эстетикалық көзқарастарын тыңғылықты зерттеген еңбектер әлі жоқ. Біз, шамамыз келгенше, бұл кемшілікті толтыруға тырысамыз.

Абайдың эстетикалық көзқарастары оның дүниетанымының негізгі бөлімін құрайды. Оның шығармаларын мұқият зерттеу барысында, Абайдың көркем шығармашылыққа талдау жасағанда оны реалистік тұрғыдан қарастырғанын көреміз. Ол даму бастауы мен өнер мазмұны, адам өзінің шығармашылық іс-әрекеті барысында танитын, шынайы болмыс деп санаған.

Н.Г. Чернышевский, «ең жоғарғы сұлулық дегеніміз өнер тудырған сұлулық емес, адамның болмыс әлемінде кездестіретін сұлулығы екндігі, ақиқат»[238] – деп дәлелдеген. Осындай пікірді біз Абайдың қырық үшінші қара сөзінде кездестіреміз, бұл сөзінде ол дәстүрлі біліммен қанағаттанбай, оларға сыни қарауға шақырады. «Сыншыл ақылы бар, сараптауға қабілетті, керексізден керектіні ажырата білетін адам, әдетте, күшті рух иесі болады. Ал кім де кім естігені мен көргені туралы ойланбаса, ол жаңаны қабылдамақ түгілі, ескі танымдарын да жоғалтып алады»[239]. Басқа сөздермен айтқанда, Абай адам өмірі мен оны қоршаған болмыс арасындағы диалектикалық байланысты көрген.

Абайдық философиялық, эстетикалық көзқарастары оның көркем шығармашылығы барысында қалыптасқандығын және сондықтан дұрыс әрі аяқталған бүтіндей болмағандығын, ескеруміз керек.Оны суреткер ретінде толғантқан, құбылыстардың көптеген бағалануы озық идеялар ағымы мен жағдайлар әсерінен өзгеріп отырған, бірақ эстетиканың негізгі мәселелеріне, мысалы, әсемдік және оның өмірмен байланысы, қоғам өміріндегі өнердің рөлі және басқаларына оның қатынасы тұрақты болды.

Көркем шығармашылықты Абай өзінің педагогикалық ойлары мен халықты көркемдік тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланды. Міне, сондықтан, ол өз өлеңдерінде поэзияның қоғамдық өмірдегі рөлі мен мәні туралы, қоғамдағы ақынның орны туралы айтты. Абай «таза» өнер теориясына қарсы болды, ол орыс ревлоюцияшыл демократтары секілді өнерді әлеуметтік күрес құралы деп санамады. Өзінің қара сөздерінде ол былай жазды: «Бөтегеннің тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді, ол өзін еркін ұстайды, ал егер ол елдің қамқорлығы мен күресін оның жүрегі қабылдаса, онда ол шетте қала алмайды»[240].

Абайға Маркстың «Музыка ғана адам бойында музыкалық сезім тудырады; музыкалық емес құлақ үшін ең ғажайып музыка да мәнсіз»[241], – деген сөздері таныс емес еді. Бірақ ол Сократ пен Аристотельдің, сезім ағзаларының көмегімен қоршаған болмыс танылады, атап айтқанда, заттар мен өнердегі әсемдік деген ойларын дұрыс түсінді. Абай өзінің жиырма жетінші қара сөзінде Сократ пен Аристотельдің мынадай пайымдауларын келтіреді: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? ... Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззат ала алмас едік»[242].

Бұл ойын өрбіте келіп, Абай өзінің қырық үшінші сөзінде: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі... жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлі күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың»[243], – деп жазды.

Байқағанымыздай, Абай адамның эстетикалық сезімдері оның көркем шығармашылығының негізі болатынын түсінген. Сезім ағзаларының көмегімен адам қоршаған болмысты таниды және солардың көмегімен өзінің көркем шығармашылығын да әрқашан байытып отыруы керек.

Абайдың 125 жасқа толуына арналған, салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында Ғ. Мүсірепов: «Халық ойын жеткізетін, нағыз ақын әрқашан бүгінгі күнде болашақтың нышандарын көреді. Ол үшін өткені, бүгінгісі және болашағы тұтас бүтінді құрайды, қоғам дамуы мен тұлғаның қалыптасуының жалпы тізбегінің буындары болады. Ол өз міндетін, өз заманындағы қоғам санасын уландырғанның барлығын үзілді-кесілді жоққа шығару деп түсінеді, ең кең мағынадағы күрескер болады»[244].

Өткен заманның көркемдік мұрасын игерудегі маңызды міндеттердің бірі қазақтың ағартушы-демократтарының эстетикалық көзқарастарындағы, болашақпен байланыстысын, өткенге қатысынан ажырату болып табылады. Осы тұрғыдан біз қазақтың ағартушы-демократтарынан көптеген құнды және жаңа ұрпақтар үшін де маңыздыны табамыз. Абайдың табиғат құбылыстары мен заттарға, сондай-ақ адамның сезімдері мен күйзелістеріне эстетикалық қатынасының байлығы мен табиғилығы соншалық, біз бүгінгі күнде де оны өзінің қарапайымдылығы мен адалдығы үшін, құндылық ретінде қабылдаймыз.

Абай поэзиясының басты тақырыбы Қазақстан табиғаты мен халық өмірі болды. Өз шығармаларында ол бұл өмірдің ең мәнді жақтарын шынайы көрсете білді. Абай дәстүрлі халықтық шығармашылық элементтерін кең пайдаланды, тілді дамытуы мен байытуы, оның шығармаларын түсінікті әрі жеңіл етті. Абай шығармаларында, халық әншілері әлі айтпаған, бірақ халық арасында өмірге деген наразылық толқуы мен басқа жақсы өмірді көмескі аңсау түрінде болған ойлар көрініс тапты. «Халықтың стихиялы, жете түсінбеген талаптарын саналы түрде көрсетіп, бұл үшін оның өзі, сол кездегі орыс білімінің шыңына талпынған, Абай, жинағанын пайдаланып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихи маңызы бар, жалпыұлттық құндылықтарды жасады»,[245] – деп жазды М. О. Әуезов.

Cондықтан Абайдың өнердің халықтығы туралы көзқарастары біздің заманымызда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Өнердің халықтығы принципін Абай қазақ тіліне аудару үшін орыс классиктерінің шығармаларын таңдауда ұстанды. Сондықтан аударма үшін ол ең алдымен Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын алды. Өз аудармалары арқылы ол қазақтарды озық, халықтық идеялармен таныстыруға тырысты. «Абай өз халқының рухани көзі болды, және халқы үшін ойланып әрі сезініп, оған оның тарихи болашағын көрсетуімен халықтық»[246], – деп жазды М.О. Әуезов.

Абайдың өлеңдері ұлттық, жоғары патриотизм рухында жазылған. Оның патриотизм сезімі күрделі: ақын халқының ауыр жағдайын көріп күйзеледі, бірақ оның дарындылығын, мейірімділігі мен жанының жомарттығын мақтан тұтады;

Ол - өз халқын ғасырлық көнгіштік ұйқысынан оянуға, өз назарын озық мәдениетке, ол арқылы – жарқын болашаққа салуға шақырады. Төменде келтірілген өлеңінде Абай халықтың ауыр тағдарына өзінің күйінішін суреттейді және оны жақсарту үшін күреске батыл шақырады:

«Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқпа елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

… … …

Оңалмай бойда жүрсе осы қырқың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?»[247].

Міне, ақынның білімсіз, мәдениетсіз өмір мәнсіз болатындығы туралы айтқан тағы бір өлеңі:

«Мал да бар жан мен тән,

Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса?

 

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын?!»[248].

Өз шығармаларында Абай Құнанбаев өз заманындағы өмірлік оқиғалардан да, оны қоршаған адамдардан да, заттарды және табиғат құбылыстарын тамашалаудан да, кітаптар оқудан да алған әр түрлі әсерлерін көрсетті. Ол халықтың ауыр өмірін және табиғат сұлуығын суреттеді, тарих беттерін бейнеледі және адамдар типін жасады, ол үшін материалды қазақ болмысынан ғана емес, басқа халықтар өмірінен де алды. Сонымен Абай өзінің тамаша лирикалық ақындық, жазушылық және сазгерлік шеберлігін танытты.

Абай өлеңдері көркем. Олар, Абайдың өзі шығарған әуендермен қосылғанда одан да көркем болады. Мұндай өлеңдерге: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», және т.б. жатады. Махаббат тақырыбы Абай шығармашылығында айрықша үлкен орын алды. Нәзіктік пен адалдық – «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, қалам қас», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» сияқты өлеңдердің ерекшеліктері. Бұл өлеңдерде ақынның әсемдік пен асқақтық туралы түсінігі көрініс тапты. Бүкіл шығыс ойшылдары сияқты, Абай да махаббатты адам сұлулығының маңызды бір синтезделген көрінісі, ал сондықтан жақсылықтың да ең жоғарғы көрінісі, яғни этикалық пен эстетикалықтың бірлігі деп түсінеді»[249].

Бірақ, шығыс ақындық дәстүрлерімен тым әрлеп-әсерлеп, тағдырын болжап қоюдан айрықша Абай махаббатты жасампаз, рухтандыратын сезім ретінде жырлайды. Ол Шығыс ақындарының көптеген шығармаларының кемшілігі, олардың әйел сұлулығын алтынмен және асыл тастармен «зергерлік» теңеулері деп санады.

Абайдың махаббат лирикасында адамдардың асыл сезімдері берілген. Ол адамның таза, асқақ махаббатын жырлады, және мұнда А.С. Пушкин мен М.Ю. Лермонтов салған жолды ұстанды.

Абайға дейін қазақ әдебиетінде Алтынсарин ғана табиғат құбылыстарын суреттеген. Абай өлеңдерінде біз алғашқы рет табиғаттағы әсемдіктің ауылдың тұрмысының шынайы суреттерімен, көшпелі өмір салтындағы барлық шаруашылықпен үйлесімін көреміз.

Міне, қалай Абай күнделікті өмірді – қазақ даласындағы кеш мезгілін жырлайды:

«Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны – терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

. . .

Келмеп пе едің жол тасып

Жолығуға аулаққа?

. . .

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып»[250].

Дамыған әсемдік сезімі бар, Абай сұлулықты, алғашқыда көзге түспейтін жерде де таба алатын. Жаңбырлы күздің өзі де оның жанын баурайтын және шабытын оятатын. Ол берген сурет, көз алдыңа келе қалады. Өзіңіз көз жеткізіңіз:

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

 

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

. . .

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол-бір керуен.

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен»[251].

 

Қазақтардың сол кездегі әлеуметтік жағдайы да Абай өлеңдерінде айқын көрініс тапты. Мысалы, ол қысты суреттейді. Бұл мезгілде көшпелі өмірі қиындайды. Қазақтардың ең негізгі өмір сүру амалы – малды қалай сақтайсың?

«Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр.

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды[252].

Абай қоғам өміріндегі ақынның рөлі мен орнын, поэзия міндетін жоғары бағалаған. Өзіне тән мақтанышпен Абай қазақ поэзиясының керемет сұлулығын, оның адамның рухани дамуындағы мәнін атап кеткен өлеңдері: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол».

Мысалы, Абайдың ақын парызы туралы айтқан пікірлерінің бірін келтірейік:

«Әділет пен ақылға

Сынатып көрген-білгенін,

Білдірер алыс, жақынға

Солардың сөйле дегенін.

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе, жайы сол ... »[253].

Абайдың ақынның қоғамдық рөлі мен орны туралы ойлары А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың ойларына үндес. Міне, сондықтан ол ана тіліне Пушкин мен Лермонтовтың осы тақырыпта жазған өлеңдерін аударды. Мысалы, «Адамның кейбір кездері» атты өлеңі өзінің негізгі бөлігінде М. Ю.Лермонтовтың «Журналист, оқырман және жазушы» өлеңдерінен еркін шығармашылық аударма болып табылады. Абай бұл шығармасында Лермонтовтың негізгі ойын таба білді.

Абай пікірінше, кім халқының барлық рухани талаптарын тани білсе және оның ағартушылыққа көмек көрсетсе – сол нағыз ақын. Адамға кез келген поэтикалық шығарма емес мазмұны жағынан шыншыл және жоғары көркемдік формадағы шығарма ғана эстетикалық ләззат береді.

Бұл ойын Абай өзінің «Өлең – сөздің патшасы...» өлеңінде айтады:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 

Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,

Ол – ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы»[254].

Ақындық шығармашылықты жоғары бағалай отырып, Абай ақындарды өзінің жоғары атағын мақтан тұтуға және байлардың көңілін аулау үшін дарынын текке шашпай, халқына қызмет етуге шақырды.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

. . . . . .

Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ

Есіл өнер қор болып кетер түзуге,

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез

Қанша қызық болады өзіңізге?»[255].

. . . . . .

Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы?

. . . . . .

Сый дәметпе, берсе алма, еш адамнан,

Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?

Сүйенерлік адамды құрмет қыл,

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан»[256].

Абай жоғары дәрежелі көркем туындыларды шығару және халыққа қызмет ету туралы ойламайтын, жеңіл табыс табуға ғана талпынатын, көркемдік дәрежесі нашар және идеялық мазмұны жоқ шығармалар жазатын ақындарды қатал сынға алған.

Олар туралы Абай былай жазды:

«Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз кәдірін жыртты шарлап.

 

Мал үшін тілін безеп, жанын жолдап,

Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,

Жат елде қайыршылық қылып жүріп,

Өз елін бай деп мақтап құдай қорғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,

Жиса да бай болмапты, қанша малды ап.

Былжырақ көрінеді соларды аңдап»[257].

 

Адамның эстетикалық дамуындағы поэзияның рөлі мен мәнін атап өтіп, Абай сондай-ақ көркем шығармаларды тыңдаушылар мен оқырмандардың рөлін де көрсетеді. Олардың шынайы көркем құндылықтарды барлық нашар, идеясыздан ажырата алу қабілеті болу керек, сонда ғана олар поэзиядан нағыз ләззат алады деп санады ол. Абай бұл туралы былай деп жазады:

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар,

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар.

 

Адам аз мұны біліп ән саларлық,

Тыңдаушы да аз, ол әнмен бәһра аларлық.

Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

 

Көбінесе ән басы келеді ащы,

«Кел тыңда!» деп өзгеге болар басшы.

Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір.

Сол жеріне ойыңмен араласшы»[258].

 

Халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыра алатын құрал поэзия деп санады Абай. Поэзия адамдарға шындыққа жол көрсетуге қабілетті деп сенген ол:

«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз

 

Жүрегі – айна, көңілі – ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез»[259].

Абай шығармаларында өнердегі форма мен мазмұнның өзара қатынасы мәселелері де өз көрінісін тапқан. Абай ақындардың форма мен мазмұн бірлігін сақтауы қажеттігін атап өткен, сондай-ақ шығарманың идеялық мазмұнын да жоғары бағалаған. Абай пікірінше, идеялық жағынан алтын мазмұн поэзияда көркем сұлулықпен үйлесім тапқан жағдайда ғана, ол адамға білім де, эстетикалық ләззат та әкеледі.

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?»[260].

 

Абайдың өзі қазақ поэзиясын жаңа мазмұнмен ғана емес, жаңа формамен де байытты. Сөйтіп ол қазақ эстетикалық мәдениетіне елеулі үлес қосты.

Абай өз шығармаларында әсемдік, сұлулық, талғам, эстетикалық сезім ұғымдарына арнайы талдау жасамайды, бұл ұғымдардың мазмұнына қатысты пікірлерді ақынның түрлі өлеңдерінде табамыз. Мысалы, төменде берілген өлеңде ол эстетикалық сезімді дамыту қажеттілігі туралы айтады:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жартпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»[261].

 

Абай адамда эстетикалық сезімнің қалыптасуының жолын көрсетуге тырысады. Мысалы, өзінің қара сөздерінің бірінде ол былай деп жазды: «Жас бала ... не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап..., сырнай-керней болса даусына ұмтылып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»[262].

Адамның эстетикалық сезімін дамыту үшін, оны көркем шығармашылыққа баулу қажет. Бұл қажеттілікті өтеу үшін, адам өмірдегі барлық әсемдікке талпынады: «Кімді-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын – бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз»[263].

Өз шығармаларында Абай адам сұлулығын былай суреттейді: «Адамды оның ақылы, білімдарлығы, абыройы мен әсерлігі сұлу етеді. Басқа түк те емес»[264].

Басқа жерінде де ол: «Адам құндылығы оны нашар адамдармен емес, ең жақсыларының жақсысымен салыстырғанда анықталады»[265], – дейді.

Абай шығармаларында алғашқы рет өнер адамның эстетикалық дамуының құралы ретінде көрсетілген. Міне, ол қазақ даласында кең тараған көркем шығармашылық түрі – әннің ықпалымен адамда эстетикалық сезімдердің қалыптасуын былай суреттейді:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

 

Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсын.

Айтсаң да, үддасынан шыға алмайсың.

Сен білмейді екен деп айтпасын ба,

Негі мұнша сіресіп құп алмайсың?

. . . . . .

Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді

Қадірін жақсы сөздің білер жанға

Таппай айтпа оған да айтар кезді»[266].

Абай болашақ алдындағы өзінің ақын ретінде жауапкершілігін айқын білген, бірақ қазақ қоғамындағы рулық-феодальдық қатынастар жағдайындағы өзінің күресінің бүкіл қиындығын да түсінген. Келер ұрпаққа арналған сөздерінде, сол уақытта оған күресу қандай қиын болғанын түсініп, ол туралы қатал пікір айтпауын сұрады:

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.