СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ № 1

1 курс 1 семестр

1. Тақырыбы:1.1. Морфология. Сөз құрамы. Мүшелер, жүйелер.

1.2. Қосымша, оның түрлері.Аяқ-қолдың сүйектері және буындар.

1.3. Жұрнақ түрлері. Тканьдер.

1.4. Жалғау түрлері. Бездердің шығаратын заты (зәрлер).

2. Тақырыптың мақсаты: Тіл дамыту. Практикалық сабақ тақырыбын студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы арқылы бекіту.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

а) студент білуі тиіс:

- адам анатомиясы мен физиологиясы терминдері;

- оларды қатыстырып сөйлем құру;

ә) студент істей алуы тиіс:

- медициналық терминдерді қатыстырып сөйлемдер құру;

- сөздерге морфологиялық талдау жасау;

- мәтіндерді аудару, түсінігін айту, сөздік жұмысын жүргізу.

4. Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Н.І.Ізімбергенов «Метод.пособие мед.терминов», г. Актюбинск, 1989 ж.

2. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, Алматы, «Қайнар», 2002 ж.

5. Тапсырмаларды орындау әдісі:

1.1. Мүшелер, жүйелер:

Голова Бас

Череп Бас сүйек

Висок Самай

Затылок (выя) Желке

Лицо Бет

Лоб Маңдай

Темя Төбе

Лицо Бет

бровь қас

борода сақал

веко қабақ

волосы шаш

глаз көз

губа ерін

десна қызыл ерін

зуб тіс

небо мягкое жұмсақ таңдай

твердое қатты таңдай

нос мұрын

подбородок иек

ресница кірпік

рот ауыз

усы мұрт

ухо құлақ

щека ұрт

язык тіл

Шея мойын

горло тамақ

глотка жұтқыншақ

пищевод өңеш

подъязычная кость тіл асты сүйегі

трахея кеңірдек

Грудь Кеуде (көкірек)

спина арқа

грудина төс

ключица бұғана

лопатка жауырын

ребро қабырға

мечевидный отросток арамшеміршек (семсерше өскен)

Позвонки Омыртқалар

шейные мойын омыртқа

атлант ауыз омыртқа

грудные арқа омыртқа

поясничные бел омыртқа

крестец сегіз көздік

кончик құйымшақ

Диафрагма Көкшандыр (перде)

легкое өкпе

бронх кеңірдек тарамы

плевра кеуденің ішкі қабығы

Сердце Жүрек

аорта қолқа

желудочек жүректің қан қуысы

перикард үлпершек

предсердие жүрек құлағы

Сосуд Тамыр

артерия қызыл тамыр

вена көк тамыр

Живот Іш

пах шап

пупок кіндік

бок бүйір

поясница бел

печень бауыр

желчный пузырь өт қалтасы (өт іркілетін қалта)

селезенка талақ

почка бүйрек

мочеточник несеп жолы

мочевой пузырь қуық

пищевод өңеш

желудок асқазан

двенадцати перстная кишка ұлтабар

Кишечник ішек

тонкая ащы ішек

толстая тоқ ішек

слепая соқыр ішек

прямая тік (көтен) ішек

брыжейка шажырқай

сальник шарбы

ваги на қынап

матка жатыр

мошонка ұма

половой член жыныс мүшесі

а) Мүшелер, жүйелер бойынша терминдерді жазып, жатқа айта білу;

ә) Жазбаша 10 сөзді сөз құрамына талдау;

б) Осы терминдерді қатыстырып жазбаша шағын (5-6 сөйлем) мәтін құрастырып, оны орыс тіліне аудару, сөздік жұмысын жасау.

1.2. Аяқ-қолдың сүйектері және буындар:

рука қол

плечо иық

предплечье білек

локоть шынтақ

запястье қоспа

кисть білезік

ладонь алақан

палец саусақ

большой үлкен саусақ

указательный сұқ саусақ

средний ортаңғы саусақ

безымянный аты жоқ саусақ

мизинец шынашақ

фаланга саусақ сүйектері

Кость Сүйек

плечевая кость тоқпан жілік

локтевая кость шынтақ сүйек

лучевая кость кәрі жілік, ақша

Сустав Буын

плечевой иық буыны

локтевой шынтақ буыны

лучезапястный білезік буыны

нога аяқ

промежность шап

бедро сан

колено тізе

голень тілерсек

икра балтыр

пятка өкше

стопа аяқтың басы

подошва табан

коленная чашка тізе ұршығы

лодыжка тобық

мыщелок айдаршық

таз жамбас

бедренная кость ортан жілік

большеберцовая үлкен жілік

малоберцовая асық жілік

тазобедренный ұршық буыны

коленный сустав тізе буыны

а) Аяқ-қолдың сүйектерін жазып, жатқа айту.

ә) спецификалық дыбыстарға көңіл бөлу, жатқа сауатты жазу.

б) 10 термин сөзге қосымша жалғап, түрлерін ажырату.

в) Терминдерді қатыстырып 10 сөйлем құрастырып, сөз құрамына талдау.

1.3. Тканьдер :

апоневроз шандыр

железа без (і)

вил очковая төс асты, айыршық безі

гипофиз ми безі

лимфатическая лимфа безі

молочная сүт безі

надпочечник бүйрек безі

околоушная құлақ түбі, шықшыт безі

паращитовидная қалқанша қосымша безі

подъязычная тіл асты безі

поджелудочная ұйқы безі

половая мужская (яичко) аталық ұрық безі (ен)

женская (яичник) аналық ұрық безі

потовая тері безі

предстательная қуық түбі безі

сальная май безі

слезная жас безі

слизистая шырын безі

слюнная сілекей безі

щитовидная қалқанша безі

жир май

кожа тері

кость сүйек

кровь қан

мозг головной ми

спинной жұлын

мышца бұлшық ет

нерв жүйке

оболочка қабық

сероза сірі

сухожилие сіңір

фасция шел

хрящ шеміршек

а) Тканьдер бөлімі бойынша берілген терминдерді жазып, жатқа айту.

ә) 10 туынды сөз жазып, жұрнақ түрлерін ажырату;

б) Өткен терминдерді пайдалана отырып, «Дәрігердің қабылдауында» тақырыбына диалог құрастыру.

1.4. Бездердің шығаратын заты (зәрлер):

бели ақ етеккір

гной ірің

желток сары уыз

желчь өт

кал (стул) ұлы дәрет, нәжіс

камень тас

лимфа түссіз сұйық зат

мокрота қақырық

молозиво уыз

молоко сүт

моча несеп, зәр, кіші дәрет

отрыжка кекірік

песок құм

перхоть қайызғақ

плод ұрық

рвота құсық

семя шауһет

слизь шырыш

слюна сілекей, түкірік

слеза жас

сок шырын

солод (ферменты) ашытқы

соль тұз

транссудат шеменнің сары уызы

экссудат жалқық

 

а) Бездердің шығаратын затын (зәрлер) жазып, жатқа айту;

ә) Жатқа сауатты жазу;

б) 15 терминге жалғау жалғап, түрлерін ажырату;

в) Терминдерді қатыстырып 6-7 сөйлем құрастыру, жалғау түрлерін ажырату.