Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері.

 

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. .

Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған объектінің бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып 2-ге бөлінеді.Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің бегілі бір бөліктері ғана қамтылады.

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай: ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты 3 түрге бөлінеді. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Егер жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда жеке ауқымды бақылау деп атайды. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін анықтау деп атайды. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңді болып 2 түрге бөлінеді.Үзілісіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады..Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілістік бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.

Бақылау жүргіз кезінде бақылаудың ең негізгісі болып шекті уақыт кезеңін анықтау саналады. Статистикалық бақылаудың шекті уақыты кезеңі дегеніміз – зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі.

Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып жауап арқылы болып 3–ке бөлінеді.

Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу т.б. жатады.

арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.

Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті мәліметтерді сұралушы адамдардың айткандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал сұрақтық және өзін өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.

Экспедициялық тәсіл мен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді.

Өзін өзі тіркеу тәсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырылған бланкілерді жинап алады да , сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді сосын статистика органдарына тапсырады.

Тілшілік тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынғанадамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады.

Сауал-сұрақтық тәсілімен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапсы жағынн төмен болады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді.