Модельдеу кезеңдері.Модельдерді құру

Тапсырмаларды шешу процесі бірнеше этап арқылы жүзеге асады:

1 кезең. Мазмұнды міндеттер қою.Бірінші тапсырманы түсіну және нақты тұжырым жасау. Беріліп отырған тапсырманы шеші үшін, объектілер,нәтижесінің шешімдерін жүзеге асыратын жағдайлар анықталады. Тапсырманы сандық сипаттау және оны есептеу техникасын шешуде қолдану үшін, объектінің сандық және сапалық анализ жүргізу керек. Бұл ретте күрделі объектілер бөліктерге(элементтерге) бөлінеді,осы элементтер көмегімен олардың құрылымы және сандық сапалық мағынадағы құрылымы,логикалық және сандық арақатынастары,теңдеулер, теңсіздіктер т.б анықталады. Бұл этап нәтижесінде жүйелік анализдің тапсырмасын,объектінің ұсынылған жүйесін көрсетеді.

2 кезең. Келесі кезең математикалық тапсырмаларды қою болып табылады.Бұл процессте объектінің математикалық моделін анықтау, әдістерді анықтау(алгоритмдер) тапсырманы шешу жүзеге асады. Бұл - кезең жүйелік синтез (математикалық қойылым) тапсырмасы. Ескере кеткен жөн,бұл кезеңде бұған дейін жүргізілген жүйел талдау элементтерді қабылдауға,қасиеттері мен арақатынасын шешуде қолайлы әдістін жоқтығы жүйелік анализ этапына әкеліп соғады. Ереже ретінде,практикада шешіліп жүрген тапсырмалар стандартталған, белгілі математикалық модель және алгоритмі және онық шешімі жүйелік анализ есебінен жүргізіледі.Басты проблема сәйкес әдісті таңдау .

3 кезең. Бұл кезеңде программалық тапсырманың шешімін ЭЕМ-да өңдеу.Көп сандық элементтен тұратын күрделі объектілер,үлкен құрылымдық саннан тұратын элементтер үшін мәліметтер базасын құру және онымен жұмыс жасау міндеттеледі.Стандартты тапсырмалар үшін өңдеу емес сәйкесқ қолданбалы программалар пакетін таңдау және мәліметтер базасын жүйелік басқару болып табылады.

4 кезең. Бұл кезеңде модельдерді экплуатациялау және нәтижесін алу жүзеге асырылады.
Осылайша тапсырмаларды шешу келесі кезеңдердң қамтиды

1. Тапсырманың мазмұндық қойылымы.

2. Тапсырманың математикалық қойылымы.

3. Тапсырманы программалық өңдеуді шешу.

4. Тапсырманы шешу және модельді экплуатациялау.

Функциональды модель

Функциональды модель – бұл автоматтандыруға жататын әзірленіп жатқан жүйенің аясындағы бизнес процесстердің регламенттерінің жинағы.

Бизнес-процесстердің регламенті, диаграммалардан тұрады.

Сурет. 7.1. Бизнес-процесстің анықтамасы

Бірақ,функционалдық модел толық сипатта болса, тапсырыс беруші өзіне ақпараттық жүйесін пайдалану үшін, әр бизнес-процестегі бизнес-процедураны анықтау қажет.

Бизнес-процедура мысалы:

 

Функциональды модель құру нәтижесінде Тапсырыс беруші мен оны нақты орындаушы лауазымды тұлғалардың ақпараттық жүйелерді пайдалану кезіндегі іс –әрекеттің реттілігін ұсынады.

Функциональды модель ақпараттық жүйелегі ролі мен қолжеткізу құқығы негізінде анықталады.

Одан бөлек , функциональды модель – компнаия басшылығы үшін өте пайдалы құрал.Ол келесі жағдайларға мүмкіндік береді:

· Компанияның процесстік басқару құруына;

· Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтауға;

· Ережелерді бөлімшелерге бөлуге.

· Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлатумен қызмет сапасын арттыруға функциональды модельдеу қалай көмектеседі?

Бар(КАК ЕСТЬ) моделін құру. Кәсіпорынды тексеру кез-келген жобаны құру немесе корпоративті ақпараттық жүйені дамытуда. Бар(КАК ЕСТЬ) фунциональды моделінқұру өндірістегі маңызды процестерді және жеке процесстерді өндірімтерде жүзеге асырады. Бар(КАК ЕСТЬ) фунциональды моделі өнеркәсіпке анализ жіберудің бірден-бір нүктесі болып табылады. Маңызды процесстердің проектілерін өңдеуде маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.

Қалай болады(КАК БУДЕТ) моделін құру. Корпоративтік ақпараттық жүйесін

құру және енгізу, шарттарын орындалуын, кәсіпорынның жекелеген операциялардың құрылымын іскерлік процестердің өзгеруіне әкеледі. Бұл қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын кәсіпорында түрлендіруге , бизнес-ереженің жүйесінің өзгеруіне әкеледі Қалай болады (КАК БУДЕТ)функциональды моделі жобалау сатысында болашақ ақпараттық жүйені анықтауға мүмкіндік береді. Қалай болады функциональды моделін қолдану тек қана тек мерзімдерін қысқартуға ғана емес, сондай-ақ ақпараттық жүйені енгізу, персоналдың ақпараттық технологияларды қолданудағы тәуекелдерді азайтуға пайдаланылатын персоналдың ақпараттық технологиялар.

Бақылау сұрақтары:

1.Модель дегеніміз не?

2.Модельдеу дегеніміз?

3.Пайдалану мақсатына бойынша модельдердің классификациясы?

4. Білім аумағы бойынша модельдердің классификациясы?

5. Уақыт факторына байланысты модельдірдің классификациясы?

6. Ұсыну тәсілі бойынша модельдердің классификациясы?

7. Ақпараттық модель дегеніміз не?

8.Ауызша (вербальное )модельдеу дегеніміз не?

9.Көру (наглядное) модельдеу дегеніміз не?

10.Бейнелі-белгілеу моделіне не жатқызамыз?

11.Моделдердің кезеңдеріне сипаттама бер.

12.Бар(КАК ЕСТЬ) моделін құру?

13.Қалай болады(КАК БУДЕТ) моделін құру?