BroadAccess кең жолақты оптикалық қатынау жүйесі

Құрылым [6]:

а) CU блогы – орталық терминал (стансалық блок). Қызметі - жүйені коммутаторға қосу;

б) RU блогы – қашықталған блок (абоненттік блок). Қызметі интерфейстің әртүрлі типтеріне қосу.

Жүйенің сипаттамасы:

· модульдық жүйе;

· RU сиымдылығы - 240, 480, 960, 1920;

· Тарату орталығы: мыс, оптика, радиоарна;

· АТС-ке қосатын интерфейс: V.5.1, V5.2, 2W (екі сымды), E1, STM1-SDH (UNI);

· Тарату орталығының технологиясы: STM1-SDH – оптика, STM4-SDH – оптика, PDH-34Мбит/с – оптика (радиоарна), Е1 (G703) – мыс, HDSL- 2Мбит/с – мыс;

· топологиясы: нүкте-нүкте, жұлдыз, сақина (өз қалпына келетін).

Қызметтері:

· POTS (Аналогті);

· Таксофоны;

· U-ISDN, 2B1Q/4B3T;

· 64 кбит/с 2W;

· N x 64 кбит/с (V.35/36, G.703);

· PLAR, магнето, қостыратын сызық, тысқа шығарылған УАТС;

· 2/4W+E&M;

· LLSI бөлінген(аренаға берілген) сызық;

· DDI, DDO;

· 10BaseT (по ADSL);

· E1(G.703);

· ADSL.

BroadAccess абоненттік қатынас желісі V5 протоколын пайдаланады және дауыс және мәлімет тарататын қызметінің аяқталған шешімі ретінде қолданылады. Абоненттік қатынау жүйесі, желі ретінде ашық жүйелерге жақындауға сәйкес қатынас желісі V5.1 и V5.2 ITU интерфейсінің стандартына негізделіп жасалған. Бұл жүйені V5 интерфейсінің құралдары бар АТС-пен интеграциялау мүмкіндігін береді.. Модульдік архитектура қатынау жүйесін сұраным өскен сайын бірте-бірте үлкейту мүмкіндігін береді және апғашқы кездегі үлкен инвестициядан құтқарады. Жүйе алғашқы кезде 16 абоненттік сызыққа қызмет атқарады және сұраным көбейген сайын сызықтар санын шексіз көбейтуге мүмкіндік береді.

Жүйе құрылғы құрылғы ішінде орнатылып, бөлек ауа райына тұрақты корпусқа орналастырып (көшеде орнатуға болады) келесі қызметтерді атқару мүмкіндігін береді:

· жалпы телефон желісі арқылы тарату (PSTN);

· интегральды қызмет ететін цифрлық желі арқылы тарату (ISDN);

· арендаланған аналогті арна арқылы;

· тағы да жоғарғы жылдамдықты цифрлық мәліметтерді тарату – бәрі бір базалық құрал арқылы.

Broad Access жүйесі интерфейс қосымшаларының келесі түрлерін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Жүйе интерфейстердің келесі түрлерін қолдайды:

· E1, G.703, арендаланған арнаны және ISDN PRI қолдайды;

· Екі сымды PSTN/таксофон;

· Төртсымды/4-сымды E&M;

· ISDN-BRI (2B+D);

· Арендаланған арна IDSL, синхронные мәліметтерді қолдайтын (64 кбит/с, 128 кбит/с) V.35 және/немесе V.24, желілік тапсырушы мекемесіндегі соңғы нүкте құрылғысымен (NTU) мультиплекстенетің төменгі жылдамдықты порт X.50;

· E1 қолдайтын HDSL,және ды мәліметтер V.35/V.11 (Nx64 кбит/сөтен 2 Мбит/с қа дейін) тапсырушы мекемесіндегі соңғы нүкте NTU;

· Интернетке тез қатынас ететін ADSL және сұраным бойынша видео;

· Бірбағытталған түйін G.703, 64 кбит/с.

3.1 суретте қосу мысалы келтірілген. BroadAccess жүйесі V5.1 және V5.2

хаттамаларын қолдайды. V5.2 интерфейсіндегі концентрация, Интерфейстегі арналар саны абоненттерге қызмет көрсететін жалпы арналар санынан аз. Тек активті қосылған абоненттерге ғана интерфейске тайм – слоты (timeslot) бөлінеді. Қатынау желісінің қосымшасына трафикті концетрациялау RU құрылғысына таратылатын жолақты одан да артық тығыздау үшін қолданылады. Трафиктің күтетін ең биік деңгеиі және пайдаланатын блоктау сенімділігі жеткілікті концентрация коэффициентін анықтайды. Жалпы пайдаланылатын желілерінде әдетте 6:1 (4:1 және 8:1) концентрация ара қатынасы пайдаланылады. RU құралын пайдаланатын , интерфейс V5.2 тарату тайм – слотына қатынасы бар абоненттер жиынтығын топтайды. Блокировкалану сенімділігі қалыпта болса, жаңа обоненттерді, тарату сиымдылығын кеңітпей ақ қосуға болады. BroadAccess кез келген коэффициент концентрациясын алуға болады, олар абоненттер және қатынасты слот-тайм сандарының нақты ара қатынасымен анықталады.

RU құрылғысы , қосалқы C – арна V5.2 және Зақымданған Е1 айналып өтетін ағынды пайдаланып істен шыққан Е1 ағынын қалпына келтіреді. Арналар динамикалық тағайындалғандықтан, әрбір Е1 арна, басқа Е1 арналарды сақтандырады. Бір Е1 арнасындағы бас тарту абонентерд қызметтен тысқа шығармайды. Жүйе істен шыққан Е1 арнасын тауып алып, жүктемені басқа жұмыс істейтін арналар арасында қайта бөледі.

3.1 сурет –Broad Access қосудың әртүрлі типтері

 

АТС екі сымды интерфейспен немесе V5.2. арқылы қарым қатынасты қолдайтынына қарамастан, RU құрылғысы V5.1 или V5.2 ұқсас PSTN барлық қызметтерін қолдайды. Екі сымды АТС болса, BroadAccess –тің CU құрылғы-сы екі сымды интерфейстің аяққы өңдеуін қамтмасыз етеді, аналогті-цифрлы түрлендіру және АТС жағынан V5.2 протоколын моделдеу. RU BroadAccess екі сымды АТС-ке және АТС-тің V5.2 интерфейсі үшін бірдей құрылғы, олар аппараттық құралдан және программалық қамтамасыз ету жүйесінен тұрады. Бұл сервис-провайдерлерге желінің екі сымды хаттамадан V5.x өткен кезде қорғанысын қамтамасыз етеді, үйткені орнатылған RU екі түрлі АТС-ке қызмет етеді.

Жүйенің шкафы

 

Шкаф CU биіктігі 2600 или 2200 мм, ені 600 мм и тереңдігі 650 мм корпус ретінде істелген, оның ішінде жүйенің 6 полкасы орналасады. Ол келесі түйіндерден тұрады: Жжүйелердің «корзинасы», қостайтын басқару құрылғысы (MCU), электроқорегін бөлетін панел (PDP), 3.2 сурет.

Әр шкаф тұрақты кенеуі 48 В сыртқы кернеу көзінен жұмыс істейді, ол кернеу шина бойынша барлық «кәрзәңкеге» бөлінеді. Әр кәрзеңкенің ішінде DC-DC типті конвертор бар және бір немесе екі электр қоректендіретін модуль бар (PSM), ол модулге керекті 5В кернеуді қамтамасыз етеді. Қоректендіру жүйесі ертіп жүруді жеңілдету үшін тез кірістіру және сыртқа шығару процесін қолдайды. Жоғарғы дайындық коэффициентін қамтамасыз ету үшін, PCM сымдары «кәрзеңке» арқылы N+1 жүктемені, ең болмаса бір касетте екі PSM орналасқан болса, бөлуді қамтамасыз етеді.

Пайдаланбаған слоттар арнайы қалқанмен жабылады, мұндай қалқандар шаңнан, жәндіктерден қорғайды және ауа салқындататын жүйе үшін керек. Одан басқа қалқандар электромагниттік бірлестік және сенімділік талабын қамтамасыз ету үшін керек.

 

 

3-сурет. CU шкафының блоктық сызбасы

RU шкафы

Көшедегі RU шкафына 240, 480, 960, 1920 абоненттер сияды. Шкафтың негізіне келесі құрылғылар кіреді: кабелді қорғау блогы, электроқоректі бөлу жинақтамасы (PDP), басқару блогы қоршаған орталықтар (ECB), Broad Accessтің бес кассеті, бір шығарып салуды басқару құрылғысы, бір энергия қамтамасыз ететін сөре, батареилер (50 немесе 100 А/сағ.), 4 сурет.

Басқару жүйесі

Broad Access жүйесін басқару мониторингі RS – 232 портқа тікелей немесе арақашықтық модулдер арқылы қосылған әдеттегідей дербес компьютер арқылы орындалады. Автоматты бақылау және зақымдануды анықтайтын жүйе орталығы тораптың сәйкестілігін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Басқару жүйесі келесі мәлімдемені шығара алады:

– жүйені орнату және оның топологиясы;

– орындалуын тексеру;

– зақымдануды және дабылды анықтау;

– тарату жылдамдығының тесттері;

– абоненттік сызықты толық тексеру;

– трафиктің статистикасы;

– log файлды беру.

Оператор қызметіне келесілер кіреді:

– программалық қамтамасыздықты енгізу;

– абоненттік сызықты сынау;

– оператордың қауіпсіздігі.

 

 

4- сурет. RU шкафының блоктық сызбасы

 

 

Байланыс операторлары Windows – интерфейсінде негізделген екі басқару жүйесінің біреуін пайдаланады:

- (MU) басқару модулі бір Broad Access жүйесін басқару үшін;

- Teledata Element Manager (TEM) жүйесі жүзге дейінгі Broad Access жүйесінен тұратын, тағы да Teledataдан басқа жүйелерін желінің толық мониторингін жасау мүмкіндігін ұсынады.