Пәннің құрылымы мен мазмұны

Орқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

 

В050400- журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

 

 

Гуманитарлық-педагогикалық

факультетінің академиялық кеңесінде

бекітілген

№____ Хаттама « ____»_______ 2016.

Факультет деканы ________Б.Ж.Абдикаримов

 

 

Модуль №15 «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі»

В050400-журналистика мамандығы

BAKTS 3206– БАҚ тілі мен стилі» курсы бойынша

СИЛЛАБУС

 

3-курс, күндізгі, 5-семестр (күзгі), 3 кредит, пәннің типі БП/ТК (базалық пән, таңдау компоненті)

 

 

Лектор:

 

Сарышова Күлдірсін Сейтжанқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауым. проф. м.а., байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы байланыс 87757178180 ), e-mail: K_Sarysheva@mail.ru, каб.204, 1-оқу ғимараты.

Практикалық сабақ /семинар бойынша оқытушы:

 

Сарышова Күлдірсін Сейтжанқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауым. проф. м.а., байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы байланыс 87757178180 ), e-mail: K_Sarysheva@mail.ru, каб.204, 1-оқу ғимараты.

 

Ызылорда, 2016

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты:Баспасөз – қай заманда болса да қай кезеңде де қоғамға қызмет ететін өзіндік рөлі бар ақпараттар ағыны. Ал қазіргідей әлемдік ақпарат жүйесінде ең алдымен баспасөздің жеделдігі, нақтылығы, мазмұндағы, дәлділігі басты рөл атқарады. Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымдарға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі. Осы ретте, баспасөз тілін зерттеу мәселесі, тарихына зер сала отырып мәтін лингвистикасына тигізер әсерін қарастыру - «ХХ ғасырдағы баспасөз тілі» курсының негізгі мақсатын айқындайды.

 

Міндеттері:

- Қазақ баспасөзінің даму, зерттелу тарихына қысқаша шолу жасау;

- Қарастырып отырған кезеңдегі қазақ баспасөзі, баспасөз тілінің дамуына әсер еткен факторларды анықтау;

- Қазақ баспасөзі лексикасын тақырыптық-семантикалық топтарға бөліп қарастыру;

- Қазақ баспасөзі лексикасының жасалу тәсілдерін анықтау;

- Қазақ баспасөзндегі әдеби тілдің қызметін кеңейтіп, тіл мәдениетін арттырудағы рөлін анықтау.

Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):

- Бұл курс білім алушы бойында тіл, стиль сияқты журналистік шеберліктің маңызды жақтарына ден қоюын қалыптастырады;

- ауызша және жазбаша жұмыстардың, түсірілген бейнесюжеттердің, жазылған аудиотаспалардың лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан ойға қонымды етіп орындалуын және олардың тілі мен стилі жағынан жатық әрі сауатты болуын меңгереді;

- газет-журнал материалдарының, телевизия және радио хабарларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін саралай алады;

- әр түрлі тақырыпта материал жазғанда басылымның телерадиоарнаның өзіндік ерекшелігіне сәйкес сөз қолдану тәсілдерін таңдай білуге дағдыланады.

- Пререквизиттер:Қазақ журналистикасының тарихы, Тележурналистика, Ақпараттық журналистика, Публицистика негіздері, Журналистикаға кіріспе және бұқаралық ақпарат құралдары.

Постреквизиттер:Стилистика және редакциялау, Журналист шеберлігі.

Оқу жоспарының көшірмесі

 

Курс   Семестр Кредит саны лек прак Зертхан. сабақ. БАОӨЖ БАӨЖ Барлығы Бақылау түрі
  емтихан

Пәннің құрылымы мен мазмұны