БӨЖ арналған тапсырмалар

 

Сабақтың тақырыбы БӨЖ тапсырма-лары және әдебиеттер Бақылау түрлері Өткізу мерзімі макс. балл Жұмысты орындау тәртібі
  1. «Механика» бөлімі бойынша инновациялық технологияны қолдану   [1]   [2]   ашық сабақ       ауызша
2. «Молекулалық физика» бөлімі бойынша инновациялық технологияны қолдану   [1] [2] [3]   ашық сабақ 6 ауызша
  3. «Электр және магнетизм» бөлімі бойынша инновациялық технологияны қолдану   [1] [2] [3]   ашық сабақ   10   ауызша
  4.   «Оптика» бөлімі бойынша инновациялық технологияны қолдану   [1] [2] [3]   ашық сабақ   13   ауызша

БӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар «Қазіргі заманғы физиканы оқыту әдістері» пәні бойынша семестрде 4 БӨЖ тапсырмасы, 4 реферат беріледі. Әрбір БӨЖ тапсырмасына 100 балл қойылады. Бұл пән бойынша 2 рубеждік бақылау өткізіледі.

№ 1. Рубеждік бақылау кезінде 2 реферат тапсырылуы тиіс.

№ 2. Рубеждік бақылау кезінде 2 реферат тапсырылуы тиіс.

Қорытынды баға 0-100 баллға дейін қойылады.

Аралық бақылау – емтихан түрінде өткізіледі. Емтиханның сұрақтары (есептері) алдын-ала беріледі және емтихан жазбаша түрде алынады.

 

Дебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология, Тараз, ТарМУ,2003

2.Бұзаубақова К.Ж Физика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану, Тараз,ТарМПИ, 2004

3.Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике, Алматы, Ғылым 2001

4.Кабардин О.Ф., Орлов В.А Методика факультативных занятий по

физике. Пособие для учителя, М,Просвещение 1988, с.240

5.Дин Ю.И., Турышев И.К. Межпредметные связи курса физики в ср.

школе М,Просвещение 1987, с. 191

6.Бұзаубақова К.Ж. «Преподавание физики в 10 классе» Тараз-2008 г.

7.Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней

школе. М., Просвещение, 1987 г.

8. Лукашик В.И. Сборник вопросов и задач по физие. М., Просвещение, 1988

Осымша әдебиеттер

9. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Физика есептерінің жинағы. Алматы., 1992

10. Родина Н.А и др. Самостоятельные работы учащихся по физике в 7-8 классах. М., Просвещение, 1991

11. Хижнякова Л.С и др. Самостоятельные работы учащихся по физике в 9 классе средней щколы. М., Просвещение, 1993

12. Тульчинский М.Е. Качественные задачи по физике., Самостоятельные

работы учащихся по физике в 7-8 классах. М., Просвещение, 1970

 

Баға қою саясаты

Баға қою саясаты әділділік, ашықтылық, икемділік және жоғары дифференциялау принциптеріне негізделеді.

Бағалаудың үш түрі қолданылады

- ағымды,

- рубежді /деканаттың графигі бойынша/

- аралық /академиялық периодтың аяғында бір рет өткізіледі/.

Балдар төмендегідей бөлінеді:

- ағымды бақылауға /Тк/-1500 балл,

- рубежді бақылауға /Рк/-200 балл

- аралық бақылауға /Пк/-100 балл

Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі:

-балл білімді бақылау кестесі бойынша қойылады,

-егер студент семестр бойы бір сағатта сабақ жібермеген болса, әрі сабақтарға белсенді қатысса, онда оған қорытындысында мадақтау ретінде 10 балл қосылады.

-егер студент себепсіз сабақ жіберсе және оны уақытында орындалмаса, оның 10 балы кемітіледі /айып ретінде/

 

Білімгерлер білімдерін бақылау:

Оқытушы сіздердің білімдеріңізді алдын-ала ескертпестен тест арқылы, қысқаша сұхбаттасу, викториналық сұрақ-жауаптар түрінде тексере алады, аталған бақылау түрлері бойынша алған бағаларыңыз қорытынды бағалауға енгізіледі. Сонымен қатар практикалық сабақтағы және БӨЖО барасындағы Сіздің кез-келген жұмысыңыз бағаланады.

Білімгерлердің даярлық деңгейіне қойылатын:

Білімгер практикалық сабаққа көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті материалдар бойынша конспект дайындауы қажет. Практикалық сабаққа ұсынылған барлық тапсырмалар орындылуы керек.

Білімгер практикалық сабақтарда талдауға ұсынылған мәселе бойынша мәселелі немесе терминологиялық сұрақтар дайындайды.

Барлық жеке, рейтингтік, реферативті және т.б тапсырмалар уақытылы, кестеге сәйкес орындалып тапсырылуы қажет. Білімгер практикалық сабақтарда өз білімін кез-келген түрде көрсете алады: толықтыру, басқа білімгерлер жауаптарына түзетулер енгізу, ауызша хабарлама дайындау.

Бағалау барысында оқытушы келесі жағдайларды белгілеп отырады:

-конспектінің болмауы- 25 бал кемиді;

- практикалық сабаққа дайындықсыз келу-минус 25 бал;