Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер

Кесте

 

Зерттеу түрлері Зерттеу кезеңділігі Өлшеу немесе сынама алу орны
1. Микроклиматты зерттеу
Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы Ағымдағы қадағалау тәртібімен пайдалануға берген кезде Қабылдау бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, топтық, жатын, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар
2. Ауа ортасын зерттеу
Сынап буларының болуы Ағымдағы қадағалау тәртібімен Медициналық үй-жайлар, қабылдау бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, изолятор
Көміртегі тотығының болуы Ағымдағы қадағалау тәртібімен Пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын объектілердегі спорт залдары, ойын бөлмелері, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар
Желдетудің тиімділігін зерттеу Көрсеткіштер бойынша Объектілердің үй-жайлары
3. Өнімдерді, дайын тағамдарды және тамақтану рациондарын зерттеу
Жеке компоненттерді қосу толықтығын анықтау Ағымдағы қадағалау тәртібімен Объектілердің ас блоктары - қазандықтардан немесе тарату желісінен сынамалар алу
«С» витаминінің болуы Ағымдағы қадағалау тәртібімен Объектілердің ас блоктары
Тамақ өнімдерін, жартылай фабрикаттардың, дайын тағамды зерттеу Ағымдағы қадағалау тәртібімен Ас блогы, тарату желісі, тамақтану үстелі, қоймалар
4. Суды зерттеу
Су құбырлары жүйесінің суы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) Алдын ала санитариялық (құрылыс аяқталғаннан, қайта жаңартудан, жөндеу жұмыстарынан кейін, жүйедегі апатты жағдайлар жойылғанда, обьектіні пайдалануға беру кезінде), ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен. Маусым басталу алдында сауықтыру (маусымдық) ұйымдарында Су тарату крандары – ғимаратқа судың кіру және шығу орындары, Ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде) Таңдау нүктесі сумен жабдықтау көзіне байланысты анықталады.
Ыдыстарға құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) Ағымдағы қадағалау тәртібімен Ыдыстарға құйылған суды пайдаланатын объектілер
Құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер) Пайдалануға беру кезінде, оқу жылының басталар алдында, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Көрсеткіштер бойынша Құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары
Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер) Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Балалар мен жасөспірімдерге арналған шомылатын орындар
Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер) Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінен судың бетінен 25-30 см тереңдікте, сүзгіден кейінгі суда
5. Топырақты зерттеу
Гельминттердің болуына санитариялық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер Көрсеткіштер бойынша мамыр айынан қыркүйек айына дейін ағымдағы қадағалау тәртібімен Объектілердегі құмды алаңқай
Топырақты радиологиялық зерттеу Құрылыстағы жер учаскесін бұру кезінде Объектілердің жер учаскесі
6. Жиһаздарды және жабдықтарды зерттеу
Жиһаздардың өлшемі балалардың жасы мен бойына сәйкестігі Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Ойын, жатын бөлмелері, оқу кабинеттері
7. Балалар ассортимені тауарларын сараптау
Балалар ассортименті тауарлары (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар және т.б.) Ескертпелі қадағалау тәртібімен үлгілерді олардың массалық шығарылымына дейін және ағымдағы қадағалауға (әрбір тексеру кезінде) шейін сараптау Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілері
8. Құрылыс және әрлеу материалдары
Құрылыс және әрлеу материалдары Ескертпелі санитариялық қадағалау тәртібімен, құрылыс, жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалануға бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша Салынып, қайта жаңартылып жатқан обьектілерде, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде
9. Объектілердің санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер
Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Ас блоктарындағы және топтардағы бөтелкелер, емізіктер, ойыншықтар, жабдық, бөлшектеу үстелдері, мүкәммал, тамақтану үстелдері, персоналдың қолы мен киімдері және т.б.
Шайындыларды паразитологиялық зерттеуге тексеру Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Ойыншықтар, үстелдер, орындықтар, көрнекі құралдар, төсек әбзелдері, сүлгілер
10. Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау
Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен және эпидкөрсеткіштер бойынша Объектілердегі персонал
11. Оқыту жағдайларын зерттеу
Электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеулігі Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен ДК-мен және БТ-мен сабақ өткізу кабинеттері
Жасанды жарықтандыру деңгейі Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Объектілердің үй-жайлары
Шу, діріл Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Ас блогы, шу көзімен іргелес тұрған үй-жайлар, дербес компьютерді және бейне терминалды пайдаланатын үй-жай
12. Радиологиялық зерттеулер
Топырақты радиологиялық зерттеу Жер телімін бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша Жер учаскесі
Обьектіні радиологиялық зерттеу Пайдалануға берудің алдында, құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және көрсеткіштер бойынша Зерттеп-қарау обьектісі

«Балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша