Табысты табиғи тамақтандырудың принциптері.

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж.04 маусымының №6 НХ

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

№1 Балалар аурулары кафедрасы

 

Дәріс

 

Тақырыбы: «Педиатрияға кіріспе. Балалар өлімі және аурулары көрсеткіштерін төмендету бойынша ДДСҰ және ЮНИСЕФ бағдарламалары. Балаларды емізу бойынша ДДСҰ бағдарламасы».

 

 

DB 4304 Балалар аурулары пәні бойынша

051301 Жалпы медицина мамандығы

4 курс

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағ.

 

 

Қарағанды 2014

 

 

Тақырыбы: «Педиатрияға кіріспе. Балалар өлімі және аурулары көрсеткіштерін төмендету бойынша ДДСҰ және ЮНИСЕФ бағдарламалары. Балаларды емізу бойынша ДДСҰ бағдарламасы».

 

Мақсаты:Педиатрияға кіріспе. Балалар өлімі және аурулары көрсеткіштерін төмендету бойынша ДДСҰ және ЮНИСЕФ бағдарламалары. Табиғи, жасанды және аралас тамақтандыру, баланың дұрыс дамуына оның маңыздылығын, қосымша тамақ беру тәртібін және мерзімдерін студенттерге ұғындыру.

Дәрістің жоспары:

 

  1. Педиатрияға кіріспе.
  2. Қазақстандағы педиатрия дамуының негізгі кезендері.
  3. Балалардағы өлім мен ауруы төмендетудің ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламалары (БИЕӘ).
  4. Табиғи, жасанды және аралас тамақтандыру,
  5. Қосымша тамақ беру тәртібі және мерзімдері

 

 

Педиатрия – ежелгі грек сөзі, «баланы емдеу» деп аударылады. Біздің эра­мызға дейінгі IV ғасырдың өзінде-ақ антик (көне) грек экономикасы мен мәдениетінің шарықтап дамыған кезінде өмір сүрген, атақты Косс мектебінен шыққан дәрігер Гиппократ өзінің “Бала табиғаты туралы”, “Нақыл сөздер”, “Эпидемия туралы” деген кітаптарында балалар ауруларының сипаттамасын береді, балаларды күту және тәрбиелеу туралы кеңестер ұсынады.

Соран Эффеский (б.э.д. II ғасыр, Рим империясы) өзінің шығармаларында жаңа туған және емшектегі балалардың тамақтануы, күтімі туралы үлкен мәліметтер береді. Ол кіндік кесу, бала киімі, баланы бөлеу, емшектен шығару, тіс жару туралы мәселелерге талдау жасайды.

Медицина сонымен қатар педиатрияны дамытуда Орта Азия ғалымдары маңызды орын алды. Орта ғасырдың ірі дәрігері және отағы Ибн Сина бірнеше белгілі еуропалық тілдерге аударылған және 500 жылдан артық еуропалық университеттер мен Шығыс араб елдерінің медицина мектептернде оқу нұсқаулары ретінде қолданылған, өз атын мәңгілік еткен «Дәрігерлік ғылымының ережелерін» жазды. «Дәрігерлік ғылымының ережелерінің» ерекше бөлімдері ауру және сау баланың тәрбиесіне арналған, ауруларды бақылау негіздері келтірілген және тамақтану, ұйқы тәртібі, гигиена, дене жаттығулары туралы кеңестер берілген.

Клиникалық педиатрия Москва мектебінің ірі педиатры Нии Федорофич Филатовтың (1847-1902) атымен байланысты. Оның ақыл-ойы, дәрігерлік ойлау қабілеті, байқағыштығы дарынды шәкірттерді қасына жинады. Н.Ф. Филатов бірінші болып, жаңа және клиникалық симптомдарды қызылшамен ауырғанда ауыз қуысның және ернінің шырышты қабығының кебек тәрізді қабыршықтануын, қызамықпен ауырғандағы жүрек зақымдануын және жаңа ауруларды сипаттап жазды. Ол жазған «Балалар ауруы семиотикасы мен диагностикасы», «Балалардың жұқпалы аурулары лекциялар», «Балалар ауруының қысқаша оқулығы» және басқа оқулықтары мен нұсқаулары балалар дәрігерлерінің көптеген ұрпақтарына күнделікті қолданылатын кітабына айналды.

Табиғи тамақтандыру - баланы 1-1,5 жасқа келгенге дейін ана сүтімен сайма-сай /адекватті/ тамақтандыру. Сондықтан, “табиғи тамақтандыру” терминінің мазмұны емшекпен тамақтандыру терминының түсінігіне қарағанда кең болады, өйткені ол ана сүтімен қатар балаға біртіндеп басқа /қосымша/ қорек беру принциптерін түсіндіреді. Қазіргі кезде бүкіл әлемнің педиаторлары емшек жасындағы балалар үшін, ана сүтімен қоректендіру ең құнды тамақ болғандығы және болатындығы мойындалған. Бала тамақ арқылы организмнің ішкі және сыртқы әрекетіне қажет энергия алады, ол үшін саны және сапасы жағынан баланың қорегі табиғи қажеттілігіне тура сәйкес болу керек. Осы зандылықтың бұзылуы әртүрлі өзгерістерге әкеледі. Тамақтың мөлшерлік /сандық/ сәйкестігі - тамақтың құнарлылығы жұмсалған энергиясына сәйкес болады. Ал сапалық тепе-теңдігі - ол тамақтың химиялық құрамының табиғи қажеттілігіне сәйкестілігі /ақуыз, көмірсу, май, минералдық заттар/.

Табысты табиғи тамақтандырудың принциптері.

1. Емшекпен қоректенудің ережелерін қатаң ұстап, оны медперсоналмен босанатын әйелдерге ұғындыру.

2. Емшекпен қоректендірудің тәжірбиесін жүзеге асыру үшін медициналық қызметкерлерді қажет дағдыларға үйрету.

3. Барлық жүкті әйелдергө емшекпен емізудің артықшылығын және тәсілдерін түсіндіру.

4. Босанған соң жарты сағат ішінде аналарға баласын өмізуге көмектесу.