Бутурбиналы ЖЭО-нан жылу мен электр энергиясын өндіруде отын шығынын анықтау.

Бутурбиналы ЖЭО-нан жылу мен электр энергияларын өндірудегі отын шығынын төмендегі формула бойынша анықтайды:

(4)

мұндағы – электр энергиясын және жылуды өндірудегі отын шығыны.

Қазіргі кезгі бу турбиналы ЖЭО-ның басты агрегаттары негізінде буды іріктейтін және конденсаторлары бар жылуландыру турбиналары жатады. Бұл турбиналар толық электр қуатын жетілдіруі мүмкін, бірақ аралас әдіспен барлық электроэнергияны өндірмейді. Электроэнергияның біраз бөлігі таза конденсациялық әдіспен өндіріледі (буды іріктеусіз). Сондықтан ЖЭО-да өндірілетін электр энергиясының толық мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

(5)

мұндағы – аралас өндірілім;

– конденсациялық өндірілім.

Аралас әдіс бойынша ЖЭО-да өндірілген электр энергиясының мөлшері мына формуламен анықталады:

(6)

Мұндағы - меншікті аралас электроэнергиясының өндірілуі, яғни жылуды сыртқы тұтынуға жіберетін бір технологиялық циклдағы ЖЭО-нан өндірілетін электр энергиясының мөлшері;

– сыртқы жылу тұтынушыларға өтелген жылуды жіберу.

ЖЭО-ның жылулық үнемділігі екі негізгі көрсеткішпен сипатталады:

- электроэнергиясының меншікті аралас өндірілуімен ;

- конденсациялық цикл бойынша электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті жұмсалуымен .

Осы екі көрсеткіш циклден жылуды жіберу температурасының циклға жылуды жіберу температурасына қатынасына байланысты. Бұл қатынас неғұрлым төмен болса, соғұрлым ЖЭО-ның жылулық үнемділігі жоғары болады.

ЖЭО-да электр энергиясын өндірудегі отын шығыны келесі формула бойынша анықталады:

(7)

мұндағы - аралас әдіс бойынша электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті шығыны;

– конденсациялық әдіс бойынша электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті шығыны.

Аралас әдіс бойынша электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті шығыны, кг/кВт сағ:

(8)

мұндағы – қазандық және машина залдарының арасындағы буөткізгіштегі жылу жоғалуын ескергендегі қазандық электростанциясының ПӘК-ті

- электромеханикалық ПӘК-ті;

– 1 кВТ сағ өндіруге жұмсалған, кг шартты отын саны

 

ЖЭО-да аралас және конденсациялық өндіруді ескергендегі электр энергиясын өндірудегі шартты отынның орташа меншікті шығыны:

(9)

ЖЭО-нан электр энергиясын жібергендегі шартты отынның орташа меншікті шығыны былай анықталады:

(10)

ЖЭО-нан жіберілген жылу мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

немесе

мұндағы – жылу тұтынушыларға жіберілген жылу;

– ЖЭО-дағы жылу желілерінің ПӘК-і;

– турбинадан іріктелген жылуы;

– қазандықтан шыққан жылу.

ЖЭО-да жылуды өндірудегі отын шығыны:

(11)

мұндағы – ЖЭО-да жылуды өндірудегі шартты отынның меншікті шығыны.