Кпе абсцессі мен гангренасы. Бронхоэктатикалық ауруы. Іріңді плеврит

158. Іріңді плеврит дегеніміз – ол :

1) плевра қуысының шектелген қабынуы

2) плевра қуысында іріңнің жиналуы

3) плевраның диффузды қабынуы

4) өкпе паренхимасында іріңнің шектеліп жиналуы

5) париеталды және висцералды плевраның іріңді қабынуы +

 

159. Кеуде аралық ағзаларының ауыратын өкпе жағына қарай ығысуы қандай жағдайда болады?

1) пневмоторакс

2) плевра эмпиемасы

3) өкпе ателектазы +

4) диафрагмалық жарық

5) өкпе гангренасы

 

160. Өкпенің кеуде қабырғасы аймағында диаметрі 10 см болатын жедел абсцессі мен науқаста ауыр интоксикация белгілері анықталғанда емнің қандай әдісін қолданасыз ?

1) бронхоскопия арқылы абсцесс қуысына катетер қою

2) торакотомия және абсцесс қуысына тампон қойып кету

3) торакотомия және лобэктомия

4) иммунотерапия

5) кеуде қабырғасы арқылы абсцесс қуысына дренаж қою +

 

161. 60 жастағы пневмониямен ауырған науқаста субфебрильді дене қызуы бар, жөтелгенде бір кездік көп көлемді іріңді қақырық түсті. Қандай дерт туралы ойлайсыз:

1) пиопневмоторакс

2) бронх ішіне жарылған өкпе абсцессі +

3) өкпе ателектазымен асқынған бронх бөлігінің рагы

4) пневмоторакс

5) өкпе эмпиемасы

 

162. Пневмоторакстың клиникасы:

1) ентігу +

2) кеудедегі ауру сезімі +

3) дене қызуы

4) лоқсу, құсу

5) цианоз +

 

163. Өкпе гангренасының белгілері:

a) организмнің ареактивті кезінде дамуы +

b) айналасындағы грануляциялық шекарасының жоқтығы +

c) өкпе тінінің жайылмалы некрозы +

d) қоздырғышы -спецификалық инфекция

e) өте айқын интоксикация белгілері +

 

164. Кеуде жарақаттарының негізгі клиникалық белгілері?

1)пневмоторакс +

2)гемоторакс +

3) эмфизема +

4) пиоторакс

5) экссудативті плеврит

 

165. Пневмоторакстың түрлері:

1) ашық +

2) жабық +

3) клапанды +

4) спонтанды +

5) іріңді

 

166. Клапанды пневмоторакстың рентгенологияның белгілері?

1) орталық ағзалардың сау жаққа ығысуы +

2) өкпенің жаншылуы +

3) диафрагманың басылып ығысуы +

4) орталық ағзалардың зақымдалған жаққа ығысуы

5) диафрагманың өте жоғары тұруы

 

167. Пневмоторакстың клиникасы:

1) ентігу +

2) кеудедегі ауру сезімі +

3) ортостатикалық коллапс

4) жөтелу +

5) қанды қақырық

 

168. Өкпе зақымдалуының клиникасы:

1) кеудеде ауру сезімі +

2) қан аралас қақырық +

3) ентігу +

4) тері асты эмфиземасы +

5) цианоз

 

169. Өкпе гангренасының клиникалық симптомдары :

1) іріңді қақырықты көп шығуы

2) сасық иісті көпіршіген қан аралас қақырықтың шығуы +

3) ағза улануының өте жоғары болуы +

4) өкпенің зақымданған тұсында тұйық дыбыстың анықталуы +

5) өкпенің зақымданған тұсында амфорикалық дыбыстың анықталуы

 

170. Өкпенің созылмалы іріңді ауруларының клиникалық белгілері :

1) кеудеде ауыру сезімі,әлсіздік,тершеңдік +

2) жөтелгенде іріңді қақырықтың шығуы +

3) субфебрильді дене қызуы

4) « барабанды таяқшаларң белгісі +

5) «сағат әйнегің белгісі

 

171. 40 жастағы ер адам мас болып 4-5 сағат бойы далада ұйықтап қалған. 2 күннен кейін науқастың температурасы жоғарылап, кеудесінде ауру сезімі пайда болды. 2 аптадан кейін жөтел кезінде 200 мл-ге жуық қақырық бөлінген,иісі жағымсыз.Сіздің болжама диагнозыңыз ?

1) бронхоэктатикалық ауру

2) өкпе рагы

3) өкпе абсцесі +

4) созылмалы бронхиттің қозуы

5) экссудативті плеврит

 

172. Жедел пиопневмоторокстың клиникалық белгілері :

1) кеудеде қатты ауру сезімі +

2) ауыру синдромының болмауы

3) ентігу +

4) рентген көрінісінде плевра қуысында горизонталды деңгейдегі сұйықтықтың анықталуы +

5) жөтелу

 

173. Науқас 15 күн бойы төменгі бөліктік пневмониямен ауырған. 7 күн бұрын іріңді қақырық пайда болды.Соңғы 2 күн ішінде кенеттен кеуде клеткасында қатты ауыру сезімі, ентігу байқалады. Физикалық тексеруде : оң өкпе тұсында тынысы өте әлсіз естіледі, перкуторлы дыбысы қысқарған. Қандай асқынуы пайда болды?

1) экссудативті плеврит

2) спонтанды пневмоторакс

3) фиброзды плеврит

4) пиопневмоторакс +

5) өкпе абсцессі

 

174. Кеуде қуысының енетін жарақаты кезіндегі жиі кездесетін симптом:

а) жарақаттан қан ағу+

б) қиын тыныс алу+

в) пневмоторакс+

г) тері асты эмфизема+

д) бүйрек шаншыуы

 

175. Бронхэктаздық ауруға тән рентгенологиялық белгі:

а) диафрагма күмбезінің жоғары тұруы

б) Өкпе томографиясы кезінде көптеген майда қуыстың анықталуы+

в) бронхография кезінде бронхтың соңғы тармақтарының ағаш тәрізді кеңеюі+

г) бронхоскопия кезінде сұйықтың анықталуы

д) плевропневмония

 

176. Жедел өкпе абсцессінің негізгі клиникалық симптомдары:

а) жоғары температура +

б) көп мөлшерлі іріңді қақырықпен жөтелу +

в) айқын интоксикация +

г) кеуденің тері астылық веналарының кеңеюі

д) тыныс алу жеткіліксіздігі +

 

177. Өкпенің жедел абсцессінің негізгі рентгенологиялық симптомдары?

а) интенсивті, гомогендіайқын контурлы дөңгелек көлеңке

б) ішінде сұйықтық деңгейімен перифокалді инфильтрация анықталатын дөңгелек қуыс +

в) өкпе тінінің айқын емес контурлы шектелген күңгірттенуі

г) өкпенің зақымдалған жағының тоталды күңгірттенуі

д) өкпе мөлдірлігінің төмендеуінің әсерінен (хлопьевидное) күңгірттенуі

 

178. Бронхқа ашылған жедел өкпе абсцессінің аускультативті белгілері:

а) екі жақты көптеген құрғақ сырылдар

б) локалды – амфорикалық тыныс, ылғалды үлкен көпіршікті сырылдар +

в) локалды – тыныстың тез әлсіреуі, әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар

г) бронхиалды тыныс

д) тыныс шуларының анықталмауы

 

179. Өкпе гангренасының негізгі рентгенологиялық симптомдары:

а) контуры айқын емес контурлы, көптеген майда қуысты интенсивті күңгірттену +

б) үшбұрышты формалы интенсивті гомогенді дөңгелек көлеңке

в) айқын контурлы интенсивті,гомогенді дөңгелек көлеңке

г) сұйық деңгейімен перифокалді инфильтрациялы дөңгелек қуыс

д) зақымдалған жағының интенсивті тоталды күңгірттенуі

 

180. Өкпенің жедел іріңдеуінің асқынулары:

а) пиопневмоторакс +

б) өкпелік қан ағу +

в) сепсис +

г) пневмоперикардит

д) спонтанды пневмоторакс +

 

181. Пиопневмоторакстың негізгі клиникалық көріністері:

а) тыныш отырғанда ентігу +

б) жағымсыз иісті қақырықпен жөтелу +

в) теріастылық эмфизема

г) температураның жоғарылауы +

д) брадикардия +

 

182. Пиопневмото­ракстың негізгі рентгенологиялық симптомдары:

а) айқын контурлы, интенсивті, гомогенді дөңгелек көлеңке

б) сұйықтықтың деңгейі және перифокалды ин­фильтрациямен интенсивті күңгірттену +

в) айқын емес контурлы, көптеген майда қуысты интенсивті күңгірттенуі

г) плевра қуысындағы сұйықтық деңгейімен қоса ауа жиналу +

д) үшбұрышты формалы интенсивті көлеңке

 

183. 35 жастағы ер адамда кеуде қуысының сол жақ бөлігінде ауру сезімі бар, жауырынға иррадияциялайды, дем алу қиындаған, ентігеді, әлсіздікке үдеүде. Сіздің диагнозыңыз:

а) өкпе инфаркі

б) спонтанды пневмоторакс+
в) кардиоспазм

г) қабырғалық невралгия

д) крупозды пневмония

 

184. Спон­танды пневмоторакскезінде дифференциалды –диагностикалық әдіс:

а) рентгенологиялық+

б) ЭКГ

в) бронхоскопия+

г) УЗИ+

д) торакоскопия

 

185. Ұйыған гемоторакс дегеніміз:

а) плевра қуысында қан ұю+

б) геморрагиялық экссудаттың жиналуы

в) сұйық қанның жиналуы

г) қуысында ауа мен сұйық қанның болуы

д) аталғанның барлығы

 

186. Өкпе ателектазы кезінде кеудеаралықтағы мүшелер ығысады:

а) сау жаққа қарай

б) ығыспайды

в) зақымдалған жаққа қарай+

г) жоғары қарай

д) төмен қарай

 

187. Гидропневмоторакс кезінде негізгі зерттеу әдісі:

а) рентгенологиялық+

б) бронхоскопия

в) спирография

г) ангиопульмонография

д) ешқайсысы емес

188. Өкпе рентгенограммасында домалақ, контуры айқын көлеңке анықталады. Бұл көрініс қай ауруға тән?

а) өкпе эхинококкозы +

б) өкпенің жалған ауалы кистасы

в) өкпе абсцессі

г) өкпе аспергиломасы

д) өкпенің ошақты пневмониясы

 

189. Өкпе рентгенограммасында, шектелген, ауа және сұйықтығы бар қуысты түзілім байқалады. Бұл қандай ауруға тән көрініс?

а) өкпенің жедел абсцессі +

б) өкпе гангренасы

в) жедел пневмониясы

г) өкпе эхинококкозы

д) каверноздық туберкулез

 

190. Гемопневмотораксты анықтау тәсілдері:

а) рентгенологиялық+

б) спирографиялық

в) ультра – дыбыстық зерттеу+

г) торакоскопиялық зерттеу+

д) бронхоскопиялық зерттеу

 

191. Жедел плевра эмпиемсы дегеніміз:

А. Плевра қуысына іріңнің жиналауы плевралық қабынуымен

Б. Плевралды қуысқа іріңнің жиналауы

В. Плевралды қуысқа іріңнің жиналауынан висцералды және париетальды плевраның қабынуы +

Г. Плевралды қуысқа іріңнің жиналуынан висцералды плевраның қабынуы

Д. Плевра қуысына ауа мен қанның жиналуы

 

192. Жедел пневмотораксты қандай аурулармен дифференциалды диагноз жүргізеді:

А. Миокард инфаркты +

Б. Өкпе кистасының жарылуы +

В. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы +

Г. Диафрагма жарығы

Д. Буллезды эмфизема

 

193. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуымен плевраның қабынуы:

А. Фибринозды плеврит

Б. Гематоракс

В. Эксудатты плеврит +

Г. Пневмоторакс

Д. Бронхоэктатикалық ауру

 

194. Пиогенді мембрамен қоршалған өкпедегі қуыстың атауы :

А. Каверна

Б. Киста

В. Абцесс +

Г. Булла

Д. Эмпиема

 

195. Плевралді қуысты инструментальді зерттеу әдісі:

А. Торакоскопия +

Б. Бронхоскопия

В. Фистулография

Г. Бронхография

Д. Бронхоспирография

 

196. Бронхиалды тармақтарын құралдармен зерттеу:

А. Торакоскопия

Б. Бронхоскопия +

В. Фистулография

Г. Бронхография

Д. Бронхоспирография

 

197. Аяқ тамырларының варикозды кеңеюі бар науқаста кенеттен ентігу, кеуде ауру сезімі, тахикардия, қан түкіру, плевраның үйкеліс шуы, цианоз және коллапс пайда болды. Диагноз:

А. Бронхоэктаз ауруы

Б. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы +

В. Өкпе пневмониясы

Г. Іріңді плеврит

Д. Өкпенің қатерлі ісігі