Газды- және бутурбиналы жылуландыру қондырғыларының энергетикалық сипаттамалары.

Жылуэнергетикада жылудың жұмысқа айналу саласындағы техникалық ілгерілеудің басты бағыты жылукүштік циклға жылу жіберудің орташа температурасы жоғарылағанда және циклдан жылуды алудың орташа температурасы төмендеуімен сипатталады.

Бұл басты бағыттарды жүзеге асыру шарты энерготасығыштарды қолдану түріне байланысты болады.

Су буын қолдану кезінде циклдан жылуды алу температура түсуі конденсаторда суық циркуляциялы суды қолдану кезінде мүмкін немесе желідегі суды жылу желілерінің қайтымды құбырөткізгішінде қолдану кезінде мүмкін.

Циклға жылу жіберуде орташа температурасының жоғарылауы шешімі аса күрделі болып есептеледі, яғни жіберілетін су буының орташа температурасы артқанда будың қысымы да көтеріледі. Сондықтан будың бастапқы параметрлерінің әрбір жоғарылауынан жаңа мәселе туындайды – бұл жаңа қазандық пен турбиналарды дайындау үшін жоғары берікті, температура төзімді құрылымдық металды құру болып табылады.

Жылуды жұмысқа айналдыру цклының бір жолы, энерготасығыштарды сәйкесінше олардың физикалық қасиеттеріне байланысты пайдалану болып табылады. Мысалы, газды пайдалануға болады – яғни газдың температурасы артқанда қысымы тұрақты болып қалады. Бірақ газды пайдаланғанда циклдан алынған жылудың температурасының төмендеуі компрессордағы және турбинадағы қысымның өзгеруіне әкеледі.

Мұндай жағдайда бугазды қондырғыларды пайдаланған тиімді шешім болып табылады, яғни циклдың жоғары температуралы бөлігі үшін газды, ал төмен температуралы бөлігі үшін – су буын пайдаланады.

Газ турбиналы жылуландыру қондырғыларының жылулық үнемділігі үш негізгі көрсеткіш бойынша сипатталады: жылумен қамтамасыз ету жүйесінде электр энергиясының жылу бірлігіне кеткен меншікті өндірілуі , электр энергиясын өндірудегі пайдалы әсер коэффициенті және жылу өндірудегі пайдалы әсер коэффициенті .

8 Бақылау сұрақтары::

1. Бутурбиналы ЖЭО-дағы электр энергиясының меншікті аралас өндірілуін анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз.

2. Жылулық тұтынудағы электр энергиясын аралас өндірудегі шартты отынның меншікті шығынын анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз.

3. КЭС-дағы электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті шығынын анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз.

4. Неге КЭС-ның жылулық үнемділігі конденсаттың регенеративті жылытуына байланысты?

5. ЖЭО-да электр энергиясын аралас өндірудегі критикалық үлес дегеніміз не?

6. Отынның үнемділігі орталық жылумен қамтамасыз еткен кезде қалай анықталады: а) ЖЭО-нан; б) қазандықтан?

7. Газ турбиналы ЖЭО-да электр энергиясын өндірудегі ПӘК-і мен электр энергиясын меншікті өндірілуі қалай анықталады?

8. Бу газды жылуландыру қондырғысында электр энергиясын аралас өндірудегі отынның меншікті шығыны қалай анықталады?