Иықтың әдеттегі шығуы

Иықтың әдеттегі шығуы деп бір буында қайталана беретін шығуды айтады.Егер шығу екі рет қайталанса, оны әдеттегі деп санайды.Әдеттегі шығу иық буынындағы шығулардың 12 – 16% құрап, 20 – 40 жастағы ер адамдарда жиі кездеседі. «Әдеттегі шығу» термині әртүрлі буын ішілік зақымдану мәнін көрсетпейді, тек олардан кейін болатын өзгерістерді көрсетеді (иық шығуы рецидиві). Посттравматикалық иық буынының тұрақсыздығы деп айту дұрысырақ болады.

Әдеттегі шығудың себебі болып травмадан кейін капсула-байламдық аппараттың толық анатомиялық қалыпына келуінің болмауы және қоршаған бұлшықеттерінің функциональды қалпына келмеуі.Шығу рецидивіне буын беті, иық басы мен жауырынның буын шұңқыры мөлшерінің сәйкес келмеуі, алдыңғы төменгі қабырға тұсында капсуланың жұқаруы (бұлшықет және байламдармен бекітілмеген аймақ), буын капсуласы дефектісі, бұлшықет жыртылуы, Банкарт зақымдалуы (жауырынның шеміршекті шетінің жұлынуы), иықтың ротаторлы манжетасының зақымы, біріншілік шығуда жауырын шұңқырының және иықтың үлкен төмпегінің сынуы.

Диагностикасы. Әдеттегі иық шығу диагнозын анамнез, объективті клиникалық және радиологиялық зерттеу негізінде қояды.Анамнезден біріншілік шығудан кейін 3 – 6 айдан 1 – 2 жыл ішінде шығудың қайталанғанын анықтауға болады. Одан кейін науқасты сұрастырғанда шығудың себебі әрбір шығу сайын әлсіз, яғни шығу рецидивтері жеңіл пайда болады да олардың аралығы қысқара береді.Кейбір науқастарда шығу рецидиві қайталама травмадан соң пайда болады (құлау немесе күрт қимыл), басқаларда – ешбір травмасыз, қарапайым қозғалыста (мысалы, киінуде, жүзуде, кейде тіпті қолды әкетуде және сыртқы ротацияда және т.б.).

Клиникалық зерттеуде иық, иық белдеуі және иық үсті бұлшықеттерінің гипотрофиясы анықталады. Гипотрофия дәрежесі әртүрлі болады: иық буыны контурының жойылуынан әлсіз дәрежелі гипотрофияға дейін. Сонымен қатар әдеттегі шығуда келесідей симптомдар болады: Вайнштейн (тік бұрышқа дейін әкетілген иықтың активті сыртқы ротациясының болмауы), Бабич (науқас қайталама шығудан қорқып, бұлшықеттерін босаңсытпайды, сол себепті буындағы пассивті қозғалыстарды тексеруге қарсыласады), Хитров (әкелінген жағдайда иықты төмен тартқанда иық сүйегі басы мен акромиальды өсінді арасында буын капсуласының әлсіздігіне байланысты диастаз пайда болады).

Әдеттегі иық шығуын орнына салу өте оңай болады, сондықтан кейбір науқастар өздері орнына салады.Кейбір кезде диагнозды негізінен анамнезге сүйене отырып қояды. Клиникалық көрінісі өте аз – бұлшықеттер атрофиясы және буын аймағындағы сезімталдық төмендеуі көрінеді.Мұндай жағдайда маңызды болып анамнездегі қайталама шығудың документальды дәлелі табылады.

Радиологиялық зерттеу.Рентгенологиялық зерттеу екі стандартты проекцияда сүйектегі зақымданулар және екіншілік өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді – посттравматикалық артроз және иық басының остеопорозы. Қазіргі кезде міндетті түрде УДЗ, МРТ сияқты зерттеу әдістері қолданылады, олар травмадан кейіңгі иық буынының тұрақсыздығының нақты себебін және оперативті араласу сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Емі.Зақымданған структуралардың тек хирургиялық емі жазылуға әкеледі. Консервативті ем әдістері массаж және емдік физкультура бұлшықет «каркасасын» күшейтуге арналған, олар тек аздаған физикалық активтілігі бар науқастарға арналған және паллиативті болып табылады. Сонымен қатар шығу рецидивтері жеңіл және ауырсынбай орнына келсе де, қатерсіз емес.

Иықтың әдеттегі шығуындағы оперативті араласудың «классикалық» әдістері (Бойчев, Вайнштейн, Свердлов операциялары және т.б.) иық буыны капсуласын бекітуге негізделген және шығудың рецидивтеріне әкеледі, себебі буындағы қалыпты анатомиялық қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Артроскопиялық операциялар иық буынының посттравматикалық тұрақсыздығында біріншіден, буын ревизиясында зақымдану көлемі мен сипатын анықтайды, екіншіден минимальды интраоперациялық травматизациямен буынішілік анатомиялық қарым-қатынасты қалпына келтіреді.Артроскопиялық араласудың ең кең тараған түрлерінен буын капсуласының эндоскопилық тігісі, оның қабырғасын бекіту (дупликатуралық тігіс салу немесе

артроскопиялық коагуляция арқылы), Банкарт зақымдануында шеміршекті ерінді фиксациялау (тігістермен немесе арнайы импланттармен). Артроскопиялық операциялар аз травматикалығы және эффективтілігіне байланысты иық буынының посттравматикалық тұрақсыздығында жиі қолданылады.