Негізгі матеиалдарды таңдау

Таңдалған өнім мұқабасы – қатты мұқаба. Оның құрамы қатырмадан, бумвиннилдан, отставтан тұрады.

Қатырма – өсімдік тектес талшықтардан тұратын, 1м2массасы бойынша жеңіл және ауыр қатырма боп бөлінетін материал. Қатырма бір немесе көп қабатты, массасы 150-600г/м3болып келеді. Пайдаланылуына қарай қатырма үш маркада шығарылады. А, Б және В маркалары.

Форзацтық қағаз – ақ және түрлі-түсті болып келеді. Оларды кітап форзацтарын даярлау үшін қолданады. Оның екі маркасы бар. А және О маркасы. А маркасы басылмайтын (ақ) болады, ал О маркасы көп бояулы түрлі-түсті басылатын форзацтар үшін қолданылады [7].

Мұқабалық қағаз – ақ немесе түрлі-түсті болып келеді. Жылтыр, күліңгірт және қысыммен өңделген болып бөлінеді. А және Б маркалы мұқабалық қағазды 60% сульфидтік және 40% сульфаттық ақ целлюлозадан жасайды. Олар физика-механикалық қасиеттері бойынша бірдей. А маркасы жылтыр, ал Б маркасы күліңгірт. Мұқабалық қағазды түптеу қаптарын және мұқабаларды дайындауда пайдаланады.

Синтетикалық жіптер – капрон және алид полиамидті полимерде дайындалып жасалынады. Ол үшін полимерлер ерітіліп диаметрі 0,25 мм тесігі бар фильер арқылы қысылып балқытылады. Полимердің мұқабасы, суыған кезде талшықтарға айналады. Диаметрі 8 мкм синтетикалық жіптер еріліп дайындалады. Синтетикалық капронды жіптер 18 К мөрлері –кітапты брошюалы тігудегі 3 қолайлы жіптер. Мақта-маталы жіптерге қарағанда 2 есе мықты. Блоктарды тігуде бұл өте сапалы.

Түптеу материалы №4 – біртұтас полиграфиялық материалдардан жасалған, жұмсақ қаптама, жиектері блоктан асып тұрады (с кантом). Мұны дайындап шығару үшін екі жағына қатырма бет жән мұқабалық қағаз қолданылады [7].

Полиграфиялық марля (МЕмСТ 5196-75) – сирек кездесетін қатты тығыздалған мақта-қағазды, бір-біріне тоқыла жасалған материал. Ені 67±1 және 73±1 см ұлпалы болып, екі жіптің негізінде түйістіріліп жасалады.Тағайындалу жөнінде марляның 2 маркасы бар:

1) БО – блокты өңдейтін агрегаттарда кітап блогының түптеріне желімдеу үшін қолданылады;

2) НШ – тігін машиналарына кітап блогын тігу үшін пайдаланылады.

Каптал – ені 13-15мм лента, қалындығы 1,5мм. Капталды әртүрлі боялған жібек, жартылай жібек, мақта-мақталы жіптерді жасайды. Лента каптал ұзындығы – 100мм арнайы втулкаға оралып дайындалады. Каптал кітап блогының түбінің екі шетіне жабыстырылады. Кітаптың мықтылығы және безендіру жұмыстары үшін пайдаланылады. Лента – каптал катты біртегіс, талшықты болуы керек.

Желім мұқабалар және түптеу қабын жасау үшін өте қажет материал. Желімге мынандай талаптар қойылады:

- мұқаба жоғарғы жылдамдықта жасалған кезде оның тез жабысуы;

- түптеу материалына жұққан желімнің құрамында ылғалдың көп болмауы;

- химиялық реакцияның нәтижесінде түптеу қабының түсінің өзгермеуі. Өндіріс орындарда желім дайындалғанда түптеу материалдарының ерекшеліктері және мұқаба жасайтын машинаның техникалық кемшіліктері ескерілуі керек.Желімдер поливинилацетатты, карбоксометилцеллюлозалық, термопластикалық, сүйектік, крахмалды және бутадиенстиролды болады [7].

Сүйектік (глютиндік) желімдер. Сүйектік желім − көбінесе ақуызды зат глютиннен тұратын қатты ұнтақталатын плиткалар түрдегі зат. Ол жануар сүйектерінен желімдік сорпа түрінде өңделеді, сосын кайнатылып кептіріледі де қатты күйге кешеді.Жануарлардың сүйектерінде, мүйіздері мен тұяқтарында суда ерімейтін ақуызды зат – коллагин (грек сөздері «колла» -желім, «генос»- тұқымдас, пайда болу) болады. Бірақ коллагенді суда көп уақыт қайнату нəтижесінде ол басқа глютин деген аққуызді бөліп шығарады. Ол ыстық суда ериді жəне желімдік қасиеттерге ие болады.Сүйектік түптеу желімі былай дайындалады: қазанға белгілі мөлшерде сүйектік желімді салып рецепт бойынша сумен араластырады. 60-70°С-ға дейін балқыту үшін ысытқыш пен механикалық араластырғышты қосады. Жоғары концентрациялы желімді даярлау кезінде желімге араластыра отыра глицерин,пеногаситель мекн антисептиктер қосады.Сүйектік желім ыстық күйде ғана 40-50°С температурада қою жəне жабысқақ ерітінді түрінде қолданады.

Пленка – жұқа полимерлік мөлдір материал. Таңба бетіндегі пленка жоғары жылтырлықты, тегістік, механикалық беріктік пен суға төзімділік қасиеттерін береді. Триацетатты пленкаларды триацетат целлюлоза полимерінен даярлайды. Оның беріктігі жоғары емес, ылғалға төзімділігі қанағаттанарлық, балқу температурасы 100-180 , оның қағаздан ыдырап кетуге мүмкіндігі зор. Қалыңдығы 24 мкм триацетатты пленка жоғары мөлдірлікке ие,жылтыр және ол қарапайым офсеттік немесе массасы 120-180 г/м борланған қағазда, қатырмада, басылған өнімді өңдеу үшін қолданылады.

Полипропиленді пленканы – карбоцентті полимерді катализкатор көмегімен пропиленді полимеризациялау арқылы алады. Қалыңдығы 12-20 мкм.Триацетатты пленкаларды триацетатцеллюлоза полимерінен даярлайды. Оның беріктігі жоғары емес, ылғалға төзімділігі қанағаттанарлық. Балқу температурасы 100-180°С , оның ылғалға төзімділік мүмкіндігі зор [7].