Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі

Жабық жүйеде абонентті қондырғыға жылу беруден кейін жылу тасығыш станцияға қайту керек болғандықтан параллель құбырлар саны екіден кем болмау керек. 8 суретте екіқұбырлы жабық су желісінің схемасы көрсетілген. Су берілетін жылуқұбыры I бойымен тұтынушыға жылу береді,ал кері жылуқұбыры II мен салқындатылған су ЖЭО ға немесе аудандық қазандыққа беріледі.

А –мүлтіксіз байланысуымен жылыту жүйесі; Б -элеваторлы байланысуымен жылыту жүйесі ; В -сорғы араластыруымен жылыту жүйесі; Г -тәуелсіз қосумен жылыту жүйесі; Д – суқыздығышты қолданудағы ыстық сумен жабдықтау жүйесі.

 

Сурет 8. Екіқұбырлы жабық су жүйесі

 

Абонентті қондырғы сипаттамасының және жылу желісінің жұмыс режиміне байланысты әртүрлі жылу желісіне қосу схемасы таңдалады. Практикада әртүрлі екі схема қолданыс тапты:тәуелді және тәуелсіз. Тәуелді схема бойынша су жылу желісінен жылыту мен желдету жүйесінің қыздырғыш қондырғысына беріледі. Тәуелсіз схема кезінде су жылу желісінен абонентті қондырғыда қолданылатын қосалқы жылу тасығышты қыздыратын жылуалмастырғыш арқылы өтеді.

Қосудың тәуелді схемасы кезінде қысым абонентті қондырғыда жылу желісінің қысымына тәуелді.Қосудың тәуелсіз схемасы кезінде жергілікті жүйедегі қысым жылу желісінің қысымына тәуелді емес,яғни жылу желісінде айналатын су жылуалмастырғышта қабырға арқылы бі бірімен араласпай жылуды қосалқы жылу тасығышқа береді.

Абонентті енгізу қондырғысы қосудың тәуелді схемасы кезінде тәуелсіз схемасына қарағанда жеңіл және арзан. Тәуелді схема кезінде абонентті қондырғыда желілік судың көбірек температура ағыны алынуы мүмкін.Жергілікті жүйеде су температурасы ағынының үлкеюі құбыр диаметрінің кішіреюіне және жылу желісінің бастапқы бағасының үнемделуі мен желідегі жылутасығыштың шығынын азайтуына мүмкіндік береді.

Қосудың тәуелді схемасының кемшілігі абонентті қондырғысының құралдарына желінің қысымын беруде қосылады.Сол жағдайда,яғни тәуелді схема кезінде абонентті қондырғыда мүмкін болатын қысым деңгейімен қамтамасыз етуге болмайды ол кезде қосудың тәуелсіз схемасы қолданылады. Соңғысы жылу желісінің кері жылулысық өткізуінде қысым деңгейі жергілікті жүйелер үшін жіберілетін қыздыру аспаптарынан асып түскен кезде пайдаланылады(мысалы кең қолданылатын шойын қыздырғыш құралдарында берілетін қысым 0,6 МПа аспайды).

8 суретте абонентті сулы жылулық желісіне қосудың әртүрлі схемасы көрсетілген,бұл жерде А,Б,В түйіндері қосудың тәуелді схемасын көрсетеді. Бөлек ғимаратқа қызмет көрсететін мұндай құрылғы абонентті енгізу деп аталады.

А түйінінде жылу желісі құбырындағы берілу температурасы кезінде шектен аспайтын жергілікті жүйеде қыздырғыш құралдар үшін санитарлы нормамен белгіленген мүлтіксіз қосудың схемасы көрсетілген. Жылу желісінің берілу сызығынан су жылыту қондырғысының құралдарына түседі және қоршаған ортаға жылу беріледі. Салқындатылған су жылу желісінің кері сызығына түседі. Көрсетілген схема негізі өндіріс орындарындағы су жылыту жүйесі үшін қолданылады.

Көп жағдайда тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылыту жүйесі араластырғыш құрылғымен тәуелді схема бойынша сулы жылу желісіне қосылады (сурет 8, Б и В). СНиП 2-04.05-91* сәйкес тұрғын ғимарат,жатақхана,мектеп, емхана, музей үшін жылутасғыштың шекті температурасы 95 °С құрайды,сол уақытта берілу сызығындағы судың максималді температурасы көп жағдайларда 150 °С қа тең деп қабылданады.

8, Б суретте жергілікті жүйеге жылу желісінен түсу алдында судың температурасын төмендететін араластырғыш құрылғының схемасы көрсетілген.

Араластырғыш құрылғы,абоненттік енгізуде қондырылған берілу сызығынан түсетін кері сызығындағы салқындатылған су ыстық сумен араласады. Араласу нәтижесінде берілу сызығындағы сумен салыстырғанда төмен температуралы су пайда болады.Араластырғыш қондырғы ретінде Б түйінінде су сорғылайтын элеватор,ал В түйінінде ортадан тепкіш сорғы қолданған.

Біздің елімізде элеваторлы схема кең қолданыс тапты.Жылуландыру дамуының бастапқы кезеңінде оны проффесор В.М.Чаплин өңдеп,ұсынған.Қаладағы тұрғын ғимараттарының көптеген енгізулері элеватормен жабдықталған. Берілу құбырынан су өткізгіш құбыр 1 арқылы (сурет 8, Б түйіні ) элеваторға 2 түседі. Түтік арқылы 3 жылыту жүйесінің қыздырғыш құралынан кейін салқындатылған су элеваторға тамшылайды.Жылу желісіндегі су температурасына қарағанда төмен температуралы араласқан су құбыр арқылы 4 жылыту жүйесінің қыздырғыш құралына беріледі.

9 суретте сорғы - элеватордың құрылғысы көрсетілген.

Элеватор жұмысы үшін 8¸15 м кем емес тегеурін қажет екендігін атап өту керек.Жеткіліксіз тегеурін жағдайында элеватор орнына отрадан тепкіш сорғы 5 қойылады (сурет 8, В түйіні).

1 –қақпақ; 2 –қабылдағыш камера; 3 – араластырғыш камера; 4 - диффузор

 

Сурет 9. ВТИ су сорғылайтын элеватор құрылысы – Мосэнерго Жылужелісі

 

Ол берілетін және кері қайтатын құбыр арасындағы тұйықтағышта орналастырылады, элеватор сияқты жылу желісінен су ағынына жылыту жүйесінен кері қайтатын салқындатылған сумен араластырылады.

Соңғының жұмысы үшін электрознергияның шығыны қажет, сондықтан электрқозғалтқыш қондырғысын және қызмет көрсетудің қиындатудың орнына элеваторды қолдану сорғыдан тиімдірек. Араластырғыш қондырғы ретінде элеватордың негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығы мен жұмысының тиімділігі болып табылады. Тасымалдау шартында элеватор тұрақты қызмет көрсетуді қажет етпейді. Онымен қоса элеваторлы араластырғыш схемасының негізгі кемшілігі автономдылығының жоқтығы,яғни жергілікті жылыту қондырғысында су айналымы жылу желісіне тәуелсіз. Элеватор түтігіне желілік суды берудің тоқтатылуы, мысалы жылу желісінің апаттық өшіруінде, жылытқыш қондырғыда су айналымы тоқтайды, бұл судың қатуына әкелуі мүмкін. Көрсетілген кемшіліктен ортадан тепкіш араластырғыш сорғыны қосудың схемасы еркін. Жылу желісінің апаттық ажыратуында сорғы жылыту қондырғысында су айналымын жүзеге асырады, ұзақ мерзім аралығында судың қатуын тоқтатады (8÷12сағат).

8, Г суретте жылыту жүйесінің су жылытқышқа қосудың тәуелсіз схемасы көрсетілген. Жылу желісінің берілу сызығынан су құбыр 6 арқылы жылуалмастырғышқа 7 түседі, қабырға арқылы абоненттің жылыту қондырғысында айналатын қосалқы суды қыздырады. Салқындатылған су жылу беріп құбырмен жылу желісінің кері жылу құбырына беріледі. Жылу жүйесінде су айналымы сорғымен 9 құрылады. Абонентті ыстық сумен жабдықтау құрылғысы сулы жылуалмастырғыш арқылы жылу желісіне қосылады. Д түйініде (сурет 8) суқыздырғышты 10 қолданумен жылу желісіне ыстық сумен жабдықтау жүйесін қосудың схемасы көрсетілген. Жылу желісінен су жылытқыш жез түтікшілер арасынан өтеді және түтік ішінен өтетін суды қыздырады. Суқұбырлы қыздырылған су ыстық сумен жабдықтау жүйесінде сужинағыш кранға түседі.

Д (сурет 8) схемада ыстық судың аккумуляторы 11 көрсетілген,ол тәулік ішінде су шығынының өзгерісін тегістеу үшін қолданылады, сол жағдайда егер жылу желісі үзіліспен жұмыс істесе, ыстық су тәуліктің кез келген сағатында немесе ыстық сумен жабдықтаудың бірқалыпты емес жүктемесі кезінде қажет етіледі (аурухана,монша, қонақүй, өндірістік кәсіпорын). Бұл аккумулятор ақырындап қыздырылған құбыр суымен толтырылады,жылу желісі жұмысының үзілісі кезінде немесе ыстық суды көп тұтынуда шығындалуы мүмкін. Аккумулятордың жоғарғы қондырғысы кезінде зарядталуы суқұбырының үлкен тегеурінімен өндіріледі,ал бәсеңдеуі аккумулятордың өзінің статикалық тегеурінімен болады.

Көрсетілгендей, жабық жүйе кезінде жылу желісіндегі айналатын су мөлшері өзгеріссіз қалады, барлық абонентті қондырғыда (жылыту желдету жүйесі және ғимараттың ыстық сумен жабдықтау жүйесі) су қыздыратын жылутасығыш функциясын атқарады және құбырдан алынбайды.