Жаңартылмалы энергия көздері арқылы энергетика дамуының әлеуметтік – экономикалық салдары

Еуропа мен Солтүстік Америкадаға өнеркәсіптік төңкеріс пен барлық елдердегі өнеркәсіптің дамуы әлеуметтік шарт пен адамдардың өмір сүру салтын өзгертті. Бұл үдерісте анықтаушы рөлді энергетиканың дамуы ойнады, әсіресе энергияның жаңа көздері – көмір мен мұнайда. Өнеркәсібі дамыған елдер үшін тау-кен өндірісінің дамуы мен олардың жалпы дамуы арасындағы байланыс тағы біраз ғасырлар өмір сүреді. Ал дамушы елдер үшін олардың дамуы әлемдік өнідіріс пен арзан мұнайға қатысты қолжетімділікпен тығыз байланысты. Мұнайға қолжетімділік 1950 жылдарда пайда болды – бұл кездерде көптеген елдер отарлық тәуелділіктен құтылды. Бұл елдердің дамуы мұнайға байланысты болды және соның нәтижесінде олардың өмір сүру салты өзгерді. Осындай өзгерістер жаңартылмалы энергия көздерін қолдану кезінде де байқауға болады. Заманауи ғылым мен технологияның дамуы энергияны қолдану әдістерін түбегейлі жақсартуға, сол арқылы тұрмыс жағдайын(әсіресе ауылдық жерлердегі) көтеруге мүмкіндік береді. Жаңартылмалы энергия көздерін кең қолданудың салдарын болжау мүмкін емес, бірақ олардың негізгі қасиеті – сарқылмайтындығы. Ол мұнай сияқты дәстүрлі жылу ресурстарын қолдануға қарағанда жоғары энергетикалық тұрақтылық көрсетеді. Жаңартылмалы энергия көздеріндегі үлкен айырмашылық әлеуметтік – экономикалық нәтиженің де әртүрлілігіне әкеледі.

Халықтың бытырап орналасуы. §1.1 және §1.3 көрсетілгендей, жаңартылмалы энергия ағымының тығыздығы төмен және ол кеңістікте шашыраңқы орналасқан. Оны шоғырландыру қиын әрі қымбат. Оған қарама – қарсы сарқылмалы энергияның шоғырлануы жоғары және оны бөлу үшін құрал қажет. Мысалы, жылу немесе атом электр станциясының қуаты 1000МВт шамасында және одан жан – жаққа өндірістік объектілерді энергиямен қамтамасыз етілетін электр беруші желілер тарайды. Энергия сыйдырғыш өндірістер электр станцияларының жанында кеңейеді. Өнеркәсіптік аудандардағы тұрғын санының динамикасы өндіруші жұмыс күшінің қажеттілігімен анықталады. Мұнда көмір өндіру мен темір өндіру арасындағы, мұнайды айдау мен оған қажетті құрылғыны жасау арасындағы, газ көзінің болуы мен қалалардың дамуы арасындағы сияқты байланыс бар.

Жаңартылмалы энергия көздерін кең қолданудың аса материалды талдауына оның көбінесе халықтың бытырап орналасуына және қоғамдық өмірге жағдай жасайтынын қосу керек(оларды шоғырландыруға қарағанда). §1.1 берілгендей, тек жаңартылмалы энергоресурстарды қолданатын қоғамдағы халық тығыздығын бағалау шамамен 500адам/км2 болады. Ауылдық аймақтардың тұрғындар тығыздығынан анағұрлым көп тығыздық әкімшілік орталықтар мен өнеркәсіптік қалаларға тән. Осылай, энергетикадағы жаңартылмалы энергия көздер салмағының тұрақты өсуі халықтың шектен тыс шоғырлануын және жаңа мегаполистердің қалыптасуын болдырмайды. Қазіргі уақытта бар отын қорын тиімді және үнемді қолданса, жаңартылмалы көздердегі энергияны жаюға уақыт жеткілікті болады.

Қоршаған ортаға әсері. Жаңартылмалы энергия көздері қоршаған кеңістікте бар энергия ағымын қолданады.(1.1 - сурет). Осының арқасында энергияның түрөзгерісі барысында қоршаған ортаға шығарылатын жылу қалықтарының көлемі аз болады. Сонымен қатар ауа мен судың ластану мөлшері және қалдық көлемі де аз. Экологиялық қатынаста жаңартыламалы энергия көздерінің артықшылығы әдеттегі отын немесе атом энергиясына қарағанда көп болады. Бұған жеткілікті дамымаған технологиямен ағашты жағу арқылы ауаны ластау жатпайды(11 - бөлім).

Экологиялық тұрғыдан жаңартылмалы энергия көздерін қолданатын энергоқұрылғылардың кемшілігі – олардың табиғи ландшафтты бүлдіруі. Қоршаған кеңістікте айналып жүрген энергия ағымын қолданатын құрылғыларда бұл үнемі болады, яғни қоршаған орта энергияны түрлендіру үдерісінің қажетті элементі болып табылады. Үлкен құрылғыларда бұл кемшілік тіпті айқын көрінеді. Мысалы, қуатты гидростанциялар су қоймасын жасауға ыңғайлы әдемі таулы немесе қыратты жерде орналасады, сөйтіп мұндай әдемілік бүлінеді. Ең үлкен шығынды жазықтық өзендеріне салынған бөгеттер әкеледі. Ол топырақ эрозиясына, оның сапасының төмендеуіне және соңында қалыпты егіншіліктің бұзылуына әсер етеді. Мұндай зардаптардан аулақ болу қажет, сол үшін жаңартылмалы энергия көздерімен қоректенетін тым қуатты энергетикалық құрылыстар салудан бас тартқан дұрыс.

Ұзақ уақыттық салдарлар. Қолданылып жүрегн энергия көздерінің физикалық табиғаты көбінесе технология мен қоғамның тұтас даму бағытын айқындайды. Жаңартылмалы энергия көздерін қолдану арқылы әдеттегі және ядролық отынды қолданғандағыға қарағанда біздің табиғатқа тәуелділігіміз артады. Жаңартылмалы көздер энергетикасының алға озып дамуына бейімделу осы энергетикаға сәйкес өнеркәсіп пен технологияны, сонымен қатар білім, жоспарлау, қаржыландыру, өндіріс саласнда өзгерістерді қажет етеді. Ең соңғы мақсат – қоғамға қоршаған ортамен тығыз байланысты түсіндіру. Осылай қоғам тұтынатын энергияның көп бөлігі тұрғын үй және қызметке арналған тұрақтарда шығындалады. Жаңартылмалы энергия көздерін, әсіресе күн сәулесін қолдану ғимараттың архитектуралық бейнесіне өзгеріс енгізеді. Мысалы, суық және қоңыржай климатты аудандарда ғимарат қабырғаларынан жағалай күнге қараған шыны жылыжай жасаған жөн, себебі шыны күн сәулесінің жылуын жақсы өткізеді. Бұл ғимарат түрінде ғана емес, өмір сүру салтына да өзгеріс енгізеді.

Нақты өзгерістер білім саласы мен ғылыми зерттеулер саласында да орын алады. Физиканы оқығанда оның жылу тасымалы, механика, оптика және гидродинамика сияқты бөлімдерінің мәні өседі. Қоршаған ортаны бақылау әдістерін жетілдіру өлшеу және аспап жасау әдістерінің ары қарайғы дамуын қажет етеді. Фотоэлектронды үдерістер мен фотосинтездегі электронды – оптикалық құбылыстар оқу бағдарламаларында және ғылыми зерттеулерде ерекше орын алады. Физика курсындағы мұндай өзгерістер оқушыларға өз білімін практикалық жұмыста жемісті қолдануға мүмкіндік береді.

Мұндай өзгерістер химия, биология және басқа да қолданбалы ғылымдарда орын алады. Олар ғылымның, әсіресе физиканың әскери өндіріспен тығыз байланысын үзеді. Көптеген физиктер ядролық физиканың дамуы ядролық қарудың жасалуына әсер еткені үшін өздерін кінәлі сезінеді. Жаңартылмалы энергия көздерін кеңінен қолдану үлкен өзгерістерге әкеледі және олар барлық адамзат үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

 

 

Тарау