Неонаталдық сарғаю, этиологиясы, диагностикасы. Крамер бағанасы.

Тақырып.

Нәрестелік кезеңнің іріңді- септикалық аурулары. Неонаталдық сепсис.

#1

*!Төмендегінің қайсысы везикулопустулездің ЕҢ ықтималды патогені болып табылады?

*Көк іріңді таяқша

*+Стафилококк

*Стрептококк

*Кандида

*Протей

 

#2

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 8 күнінде кіндік маңында, шабында қызарулар, суланулар, сызаттар пайда болды. Ары қарай олар іш терісіндегі, денесіндегі айқын эритемаларға ұласты. Солғын көпіршіктер, ауқымды эрозиялар пайда болды, Никольский симптомы оң. Жаңа туылған нәрестенің денесі «ыстық суға күйіп қалған» кейіпте.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Пемфигус

*Везикулопустулез

*Тілме қабынуы

*+Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

 

#3

*!Нәрестеге 15 күн, салмақ жоғалтуда, нашар сорады, дене қызуы 38,0 С. Гиперестезия, тоникалық тырысулар, сарғаю, сулы кіндік, ине еккен жерлерден қанағыштық, өкпесінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Құрсақішілік пневмония, ДВС-синдром

*Құрсақішілік цитомегаловирусты инфекция

*Постнаталды пневмония

*+Сепсис, ДВС-синдромы

*Менингит, ДВС-синдромы

 

#4

*!Жергілікті педиатр жаңа туылған нәрестені қарау кезінде нәресте флегмонасын қойды.

Науқасқа байланысты қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Зақымданған жерді бриллиант көгінің 3% ертіндісімен үй жағдайында өңдеу

*+Нәрестені шұғыл түрде нәрестелердің хирургиялық бөліміне жіберу

*Нәрестені күндізгі стационар бөлімінде бақылауға қалдыру

*Антибиотиктер тағайындап нәрестені үйде қалдыру

*Дәрігер дерматологқа кеңеске жолдау

 

#5

*!КІНДІК ҚАЛДЫҒЫ МЕН КІНДІК ЖАРАСЫНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫНА ЖАТАДЫ

*урахус

*+омфалит

*терілік кіндік

*+кіндік фунгусы

*Беквит синдромы

*амниотикалық кіндік

 

 

Тақырып.

Рсақішілік инфекциялар (хламидиоз, токсоплазмоз, герпес, ЦМВИ, қызамық, мерез). Қауіп-қатер факторлары, этиопатогенезі, диагностикасы, клиникасы, емі, алдын-алу.

 

#6

*!Көрсетілгендердің қайсысы туа біткен қызамыққа ЕҢ тән белгі болып табылады?

*Сарғаю

*Пурпура

*Ретинопатия

*+Грегг үштігі

*Микроцефалия

 

#7

*!Нәресте пренаталды гипотрофия белгілерімен туылды. Алғашқы күннен бастап тыныс алуы нашар, мұрнынан сілекейлі-іріңді бөлініс бөлінеді. Денесінде ірі көпіршікті бөртпелер бар. Табан мен алақан терісі «жылтыр», көпіршіктер бір-бірімен қосылуға бейім.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен цитомегалия

*+Туа біткен мерез

*Туа біткен листериоз

* Туа біткен қызамық

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

 

#8

*!Нәресте салмағы 2400,0 гр, бойы 45см., 36 аптада туылды. 3 тәуліктен бастап сарғаю синдромы басталып, 12 тәулікке дейін созылды, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөрітпелер пайда болды. Ұртынан алынған жағындыда ядросы мен цитоплазмасында қосындылары бар ірі көпядролы жасушалар табылды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен мерез

*Туа біткен қызылша

*Туа біткен листериоз

*Туа біткен токсоплазмоз

*+Туа біткен ЦМВ инфекциясы

 

#9

*!Нәрестеде туылғаннан бастап көзінен шырышты-серозды бөліністер байқалды. Апта соңына қарай көзінен көп мөлшерде іріңді бөліністер бөліне бастады, 2-3 аптасында күшті жөтел қосылды. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, эозинофилия,кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе мен бронхтардың жоғарғы бөлігінің зақымдануы байқалады: паренхима құрылымының зақымдануы майда торлы сипатта.

Көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

*+Эритромицин

*Цефтриаксон

*Метронидазол

*Ванкомицин

*Виферон

 

#10

*!ТУА БІТКЕН ГЕРПЕСТІК ИНФЕКЦИЯҒА ТӘН

*сарғаю

*гидроцефалия

*+нейротоксикоз

*тырысу синдромы

*гепатоспленомегалия

*+геморрагиялық синдром

 

 

Тақырып.

Неонаталдық сарғаю, этиологиясы, диагностикасы. Крамер бағанасы.

 

#11

*!Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы мына сарғаю түріне жатады

*гемолитикалық

*+конъюгациялық *механикалық *паренхиматозды *дәрілік

 

#12

*!Нәрестеде өмірінің 2тәулігінде терісінде сарғаю пайда болды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен,40 апта мерзімінде 1босанудан туылған. Туылғандағы салмағы 3200,0, бойы 51см.Анасының қан тобы-O (I) бірінші, Rh (+) оң, нәрестенің қан тобы -B (III) үшінші, Rh (-) теріс.

Қанның биохимиялық талдауында қандай көрсеткіштің жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

*АЛТ, АСТ

*Тимол сынамасының

*С-реактивті белоктың

*Тікелей билирубиннің

*+Тікелей емес билирубиннің

 

#13

*!Өмірінің 5 күні жаңа туылған нәрестеде терісінің сарғаюы байқалды. Гемоглобин - 164 г/л; тікелей емес фракция есебінен жалпы билирубин 198,5 ммоль/л. Анасының қан тобы А (II)екінші, Rh(+) оң, нәрестеде - A (II)екінші, Rh (-)теріс.

Келтірілгендердің қайсысы ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз болып табылады?

*Туа біткен гепатит

*+Физиологиялық сарғаю

*Минковский-Шоффар анемиясы

*Өт шығару жолдары атрезиясы

*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

 

#14

*!Нәрестеде 2-ші тәулігінде тері жамылғыларының сарғаюы пайда болды. Емшекті емеді, құспайды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен 40 апта мерзіміндегі 1 босанудан. Туылғандағы салмағы 3200,0 бойы 51см.

Анасының қан тобы О(I) бірінші, Rh(+)оң, баланың қан тобы (ІІІ) үшінші, Rh(-)теріс

Нәрестені ары қарай ЕҢ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

*Емшек сүтімен емізуді жалғастыру және ары қарай бақылау

*Фототерапия тағайындау және емізуді жалғастыру

*Ана мен баланың қан тобын, резус-факторын анықтау

*+ЖҚА,б/х қан талдауын тағайындау,билирубиннің сағаттық өсуін бақылау

*ПИТ бөліміне ауыстыру, шұғыл түрде қан алмастыру отасын бастау

 

#15

*!НӘРЕСТЕНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ САРҒАЮЫНА ТӘН

*гепатоспленомегалия

*сарғаюдың 1 айға дейін созылуы

*+нәжіс пен зәрдің түсінің өзгермеуі

*+жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуы

*өмірінің алғашқы күні сарғаюдың пайда болуы

*өмірінің 7 күнінен кейін сарғаюдың пайда болуы

 

Тақырып.

Азақстан Республикасындағы неонаталдық қызметтің жағдайы. Нәтижелі перинаталдық технологиялар бойынша ДДҰ бағдарламалары. Құрсақішілік және неонаталды даму кезеңдері, гестациялық жас, тірі туылу критериялары, Апгар бағанасы.

 

#16

*!Ұрықтанудан бастап 15- ші күнге дейінгі ұрықтың даму кезеңі қалай аталады?

*Гаметогенез

*+Бластогенез

*Эмбриогенез

*Ерте фетогенез

*Кеш фетогенез

 

#17

*!Уақытысына жеткен жүктілікке қандай гестациялық мерзім сәйкес келеді?

*+37-42 апта

*37-40 апта

*38-39 апта

*38-40 апта

*40-42 апта

 

#18

*!Нәресте туылғанда тынысы жоқ, терісі боз, тітіркендіргіштерге жауап бермейді,жүрек соғысы әлсіз,сирек, аяқ-қолы салбыраған.

Төмендегілердің ішінде ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Ұрықтың антенаталды өлімі

*Ұрықтың интранаталды өлімі

*Ерте неонатальдық өлім

*+Ауыр дәрежелі асфиксия

*Орта дәрежелі асфиксия

 

#19

*!Ұрықта туа біткен ақаулар дамуының ЕҢ ықтималды критикалық мерзімі қандай?

*28 аптаға дейін

*+12 аптаға дейін

*2-4 аптаға дейін

*16-17 аптаға дейін

*32-34 аптаға дейін

 

#20

*!ДДҰ ұсыныстары бойынша тірі туылудың ЕҢ ықтималды критерийлері болып қандай критерийлар жиынтығы табылады?

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, рефлекстері

*Тыныс алуы, жүрек соғысы,терінің түсі

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы, кіндік пульсациясы, терінің түсі

*+Тыныс алуы,жүрек соғысы,кіндік пульсациясы, бұлшық еттің спонтанды қозғалысы

 

#21

*!Неонотальдық кезең бұл

*туылған кезден өмірінің жетінші күніне дейінгі

*+туылған кезден өмірінің жиырма сегізінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан бір айға дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма сегізінші аптасынан өмірінің жетінші куніне дейінгі кезең

 

#22

*!Перинаталдық кезеңге сәйкес келеді

*ұрықтандырудан бастап босануға дейінгі

*туылған кезден бастап өмірінің жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан бір айға дейінгі

*+құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан өмірінің жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма сегізінші аптасынан өмірінің жетінші күніне дейінгі кезең

 

#23

*!Регионализациялау дегеніміз ана мен нәрестеге бірнеше деңгейде перинаталдық көмек көрсету, яғни

*бір деңгейлі

*екі деңгейлі

*+үш деңгейлі

*төрт деңгейлі

*бес деңгейлі

 

#24

*!Нәрестенің тынысы жоқ,терісі көк, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы минутына 90 рет, аяқ қолдары салбыраған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаудың Ең ықтималды балы қайсы?

*2

*4

*3

*+1

*0

 

#25

*!Нәресте 5-жүктіліктен, 40 аптада 3 босанудан туылды. Анамнезінде: жүктілік 1-жартысында токсикозбен, жүктіліктің екінші жартысы созылмалы пиелонефриттің өршуімен асқынған.

Нәрестенің туылғандағы жағдайының ауырлық дәрежесін қай бағана бойынша бағалау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

*+Апгар

*Сильверман

*Дубович

*Дементьев

*Полачек

 

#26

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 38 аптада 2 босанудан, жамбаспен туылған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша ЕҢ дұрысы туылғаннан кейін қай минуттарда бағалаған жөн?

*1 және 3

*+1 және 5

*1 және 10

*1 және 15

*1 және 20

 

#27

*!Жаңа туған нәрестеде1 минутта жүрек соғысы әлсіз,сирек, тынысы жоқ, тері жамылғысы боз, аяқ-қолдары салбыраған.Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң 5 минуттан кейін жүрек соғысы 90, тыныс алуы пайда болды,бірақ тұрақсыз, акроцианоз, атония, арефлексия байқалды.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

*1-4

*0-2

*0-3

*1-2

*+1-3

 

#28

*!ТІРІ ТУЫЛУ КРИТЕРИЙЛЕРІНЕ ЖАТАДЫ

*айқайы

*терінің түсі

*рефлекстері

*+тыныс алуы

*бұлшық ет тонусы

*+кіндік пульсациясы

 

#29

*!ТІРІ ТУЫЛУ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАЙТЫН ГЕСТАЦИЯЛЫҚ МЕРЗІМ

*+28 апта

*+22 апта

*20 апта

*21апта

*19апта

*18апта

 

#30

*!ҚАУІПСІЗ АНА БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ

*толғақты басқару

*+ертерек емшек сүтін емізу

*босану қызметін белсендіру

*+ана мен баланың бірге болуы

*босану кезінде ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қолдану

*туылғаннан кейін бірден антропометрия және гонопрофилактика жүргізу

 

Тақырып.

Жаңа туылған нәрестені қарау,анамнез жинау ерекшеліктері. Нәрестенің физиологиялық рефлекстері. Ерте бейімделу кезеңдері, шекаралық жағдайлар.