Мәдениеттің құрылымы

Мәдениет өз бойына материалдык және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп, сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп негізгі екі салаға бөледі Осылайша бөле отырып, мәдениет біртұтас жүйе, оның барлық элементтері өзара байланысты екенін ұмытуға болмайды. Әрине мәдениеттің материалдық және рухани салаларға бөлінуі олардың әрқайсысы қоғамдық катьшастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен және ерекше рөл атқаратындығымен өз ақтауын табады.

Материалдык мәдениет материалдық қызметтің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері (еңбек құралдары, тұрғын үйі, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар) идеяларының материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады. Материалдык мәдениет материалдық қызметтің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері (еңбек құралдары, тұрғын үйі, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар) идеяларының материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады. Қоршаған ортаны қайта құрумен байланысты материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден, өндірістін материалдық ортасын мақсатқа сай калыптастыруды, екіншідең, тұрмыстың материалдық ортасын өзгертуді және, үшіншіден, адам организмі дамуының әлеуметтік ортасын өзгертуді білдіреді.

Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын, тиісті мәдени-ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі.

Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен тәрбие жүйелерін, мәдениет мекемелері жүйелерін камтитын күрделі де көпжақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, діннің, ғылымның, адамгершіліктің барлық формалары мен түрлері осыған жатады. Демократиялық қоғам орнатып жатқан қазіргі жағдайда рухани мәдениет жан-жақты кемелденген және әлеуметтік белсенділігі зор жеке адамды қалыптастыруда зор рөл атқарады. Егер қоғамның рухани өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің біршама дербес саласы, ол қоғамдық сананы өндірумен, таратумен және қоғам мүшелерінің рухани сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты десек, ал рухани мәдениет адамдардың творчестволық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдык, және рухани құндылықтар жиынтығы.

Әлеуметтануда, әлеуметтік қатынастарда заттарды, идеяларды, құндылықты түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрлі әлеуметтік ситуацияларда адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін әлеуметтік табиғаты бар мәдениет күрделі динамикалық кұрылым ретінде қарастырылады.

Әрбір нақтылы қауымдастық көптеген ғасырлар бойы өмірлік тәжірибелері негізінде өзінің таңғажайып мәдениетін жасайды және ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Нәтижесінде тарих аясында мәдениеттер көптігі қалыптасады. Ол мәдениеттер бір-бірінен элементтері арқылы ажыратылады. Осыған орай, мәдениеттің элементтерін қарастырайық. Мәдениет элементтері: тіл, білім мен сенім, құндылық, мінез-құлық үлгілері.

1) Тіл–адамзат тәжірибесін сақтап, болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы, адамдардың қарым-қатынас құралы, ойлаудың шындығы бола отырып ол туралы мәлімет беру құралы.

Белгілі бір халықтың дүниені қабылдауына тән ұғымдар жүйесі тіл арқылы бейнеленеді, ол кез-келген мәдениеттің алғашқы негізі.

2) сенім мен білім. Сенімде - адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалып, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан көрініс табады. Сенімдер адамдар болмысының объективтік жағдайлары әсерімен және қоғам жасаған рухани мәдениетті игеру мен жеке практикалық тәжірибенің қорлануы процесінде жасалынады. Білім – дамудың объективтік бағытын бейнелеуші, рухани прогресті қалыптастырушы.

3) Құндылық – мәдениеттің танымдық жүйесі, маңызды компоненті. Құндылық дегеніміз – белгілі бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынта, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде қалыптасады.