Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының объектісі және пәні

Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтенудің кемшілігінің көрініс табуы девианттік мінез-құлық болып табылады. "Девианттік мінез-құлық" санаты мазмұнының үш аспектісін бөліп қарауға болады – біріншіден, девиация деп нормадан кез келген, тіпті прогрессивтік ауытқуды түсінуге болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік "жамандықтың" негативтік көрінісі ретіндегі девиацияны түсінеді. Үшіншіден, анағұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқа сөзбен айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды түсінеді.

Девианттік мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: бірдей қылық бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда – әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әртүрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге бола еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етілген және мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көп елдердегі сияқты біздің қазақстандық қоғамда да мұндай жағдай қоғам мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әртүрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен ұсталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалға Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы – саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе қабат, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.

Тәртіп – бұл басқа индивидтер бақылауында болатын индивидтер қозғалысының, актілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын зерттеуге Америка социологтары Ч.Кули мен Г.Мид еңбектерінде қалыптастырылған «символдық интеракционизм тәртібі» тұжырымдамасы үлес қосты.

Ч.Кули әлеуметтік ортаны алғашқы және кейінгі деп бөлуді ұсынды. Ол алғашқы ортаны (отбасы, құрдастар, көршілер, жергілікті орта) жеке тұлға қалыптасып, әлеуметтенетін, ал тәртібі жекелік, тұлғалық сипатта болып, қарапайым байланыстармен, іс-әрекеттермен ерекшеленетін негізгі әлеуметтік ұя санады.

Кули ғылымға «мен – айна» тұжырымын ұсынды. Бұл тұжырым бойынша, адамдар өз тәртібін қалыптастыру процесінде, әсіресе басқалармен жасайтын қарым-қатынастарын өзіне сырт көзбен, яғни «айнада өзіне қарайды». Тәртіп актілерінде адамдар бір-біріне ерекше бір айна ретінде қызмет етеді. Сондықтан адамдардың өздері туралы пікірлері олардың басқа индивидтермен болған қарым-қатынастарына байланысты.

Г.Мид адамдардың іс-әрекеттерін әлеуметтік байланыстарға негізделген әлеуметтік тәртіп түрінде қарастырады. Ғалымның пайымдауынша, адамға басқа адамдардың іс-әрекеттері ғана емес, олардың ой-ниеттері де әсер етеді. Ол басқа адамға жауап берместен бұрын алдымен оның іс-әрекетінің сырына үңіледі. Адам бір нәрсеге мән берген кезде ол символға айналады, яғни адамның басқа адамдармен қарым-қатынастарындағы ұғым баға іс-әрекет басқа іс-әрекеттердің, ұғымдардың мәнін білдіреді.

Сонымен, біздің тәртібіміз жағдайға сәйкес болуы үшін алдымен символдық түсінуді үйреніп, белгілі бір ептілікті, дағдыларды игеруіміз керек. Г.Мидтің тұжырымдамасы бойынша, біз өзімізді басқалармен қарым-қатынастар барысында дамытып, білімімізді, іскерлігімізді, тәртібімізді жетілдіреміз, бірақ осының барлығы да өзімізді өзіміз тәртіпке келтіру арқылы ғана мүмкін болады.

Адамдардың тәртібі басқа адамдармен үздіксіз сұхбаттан тұрып, адамдар осы процесс барысында көп бақылаулар жасайды, символдарды ұғыну арқылы бір-бірінің ой-ниеттерін ақыл елегінен өткізеді дей келіп, Г.Мидтің шәкірті Г.Бумер бұл әлеуметтік тұжырымдаманы «символдық интеракционизм тәртібі» деп атады.