Еңбекті және өндірісті зерттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің өзіндік ерекшелігі

Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның қарастыру аймағында бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесіңде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.

Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық еңбек және табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде тұлғаның әлеуметтік мәнінің өзара байланысын зерттейтін философия туралы айтуға болады.

Еңбек психологиясы адамның еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді, кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу әдістерін әзірлейді.

Еңбек гигиенасы ғылымының басты қарастыру аясында тиімді қоршаған ортаны жасау, адам ағзасына арналған шарттар мен өзара әрекет ету мәселесі тұрады; эргономика адамның техникалық жүйелермен өзара әрекетін зерттейді.

Еңбек экономикасы өңдірістік қатынастармен бірге өндірістік күштердің бірлігін: еңбекті бөлу мен ұйымдастыруды, оны нормалауды зерттейді.

Экономикалық социология қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтік, қызметкердің өндірістік аядағы мінез-құлқы, субъектінің өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы ролі, сондай-ақ экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық. Оның қарастыру аясында экономиканы әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмдері, айадамның еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздык, тұр.

Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік проблематика саласы да бөлек, экономикалық социологияның да ғылым ретінде өзінің құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады.

Олардың негізгілері мыналар болып табылады:

- еңбек социологиясы, кәсіптер мен істер;

- бөлгіштік, мүліктік қатынастар социологиясы;

- ұйымдастыру социологиясы;

- басқару социологиясы.

Адамның өмір сүруінің негізгі шарты — еңбек, бұл - адамзат қоғамының негізгі тіршілік ету формасы. Қоғамдық еңбектің генезисі адамзат қоғамының алғы кезеңінде-ақ адамның ата-бабалары сыртқы табиғат заттарын құрал ретіңде қоддану жөнінде бейімделу қызметін атқарған кезде басталған. Әлі нақты мақсатты ұстанбаған осы бейімделу қызметі адамның қолдарын және бүкіл тәңдік қасиеттерін жетілдірді (бастағы мидың функциясының сапалық өзгерістері процестері жүрді, мысалы). Адамдар еңбек құралы ретінде бастапқыда өздерінің қолын, содан кейін таяқтарды пайдаланды, кейінірек құралдар мен қаруларды жасай бастады, осы кезде ғана адамзат өркениетінің дамуы басталған. Табиғаттың сыртқы келбетін қайта өзгерте отырып, адам өзінің де ішкі табиғатын қайта жасады. Табиғаттың сыртқы пішімін өзгерту бірінші кезекте заттарды адамның қажетіліктеріне икемдеуден басталды. Адам еңбегінің бастаулары мен пайда болуы еңбек құралдарының өндіріс заттары болуыңда жатыр (К. Маркс).

Еңбек мынадай қарапайым сәттерден түрады:

1) мақсатты қызмет, немесе еңбектің өзі;

2) еңбек мәні;

3) еңбек құралдары;

4) еңбек нәтижесі.

Еңбек табиғатты қайта түрлендіру ретінде онын қарапайым сәттері дайын күйінде берілмей, өздігінен еңбек арқылы жасалған кезде ғана жетіледі. Бұдан шығатын қорытынды, адам еңбегі белгілі бір қоғамдық топтардың шеңберінде жүретін саналы және мақсатты қызметті білдіреді. Еңбек — жүзеге асу процесінде қогамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани құндылықтар жасалатын қызмет. Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде қарастырады. Еңбектің субъектісі тек қана адам (машина, жануарлар емес) болады, еңбек барысында адам өзін жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді.

Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес, басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. Өз кезегінде ол өзінің жеке қажеттіліктерін өнімдермен басқа адамдардың еңбегі өзіне ғана емес, сонымен бірге басқаларға да арналған нақты еңбегі кірігіп кететін формада қамтамасыз етеді. Өндірушілер сондықтан да басқалардың қажеттеліктерін қанағаттандыра отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүмкіндік алады.

Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы. Қазақстан қоғамының экономикалық жаңаруы жағдайында жаңа еңбек түрлерінің ұйымдастырылуы

Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналарды құрады:

1. Өндірістік күштер, бүған жекелік элементтер, яғни еңбектің
өзі (ойлап табуды жөне орыңдаудан тұрады) және заттық құрамдас
бөліктер (еңбек мәні мен еңбек қүралдары) кіреді.

2. Мақсат. Еңбек мақсатты қызмет болып табылғандықтан,
қоғамдық еңбек құрылымы міндетті түрде мақсаттың
жалғастырушылары болып табылатын (мақсаттың
жалғастырушылары әрқашан еңбекті жасаған адам болып
табылады) элементтерден тұрады.

Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады. Функция (лат. funtsio — жасау, орындау) — бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.

Қоғамдық еңбектің функциясы мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр түрлі аспектілерін көрсетеді:

1) еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде (бұл адамның қоғамдық тұрмысы басталатын еңбектің бірінші және маңызды функциясы);

2) еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет);

3) еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде (адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра еңбек барлық қоғамдық дамудың негізі болады);

4) еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын жасай отырып, қоғамдық даму субъектісі ретінде еңбекте жалпы қоғамның өзі дами отырып адам өзін-өзі дамытады);

5) еңбек адамзатқа еркіндік жолын беруші күш ретінде (адамдарға өздерінің әрекетінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және қоғамдық салдарларын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық алдыңғыларды түсіндіреді, міне, тап осы еңбекте қоғам еңбек арқылы өздерінің даму зандылықтарын және табиғат заңдылықтарын танып біледі; сондықтан басқа функциялар еңбек функциясын "дайындағандай болады" және еркін шығармашылық функциясын жүзеге асырады, бұл — адам дамуының шексіз функциясы).

Еңбектің қолданылып жүрген мәнін аталып өткен функцияларының жиынтығы ретінде карастыру "адамның ... өз тұрмысы арқылы", яғни "жеке еңбек нәтижесі ретіндегі адамды" түсінуге мүмкіндік береді.

Еңбек қосарлы сипатқа ие болады. Ол адам мен табиғат арасындағы зат алмасу құралын және өндіріс барысында адамдар арасында қарым-қатынас жасау құралы ретінде түсіндіріледі. Сондықтан еңбек мазмұнының сипаттамасы үшін мынадай екі аспекті шешуші мәнге ие: техникалық-үйымдастырушыльпсжәне өлеуметгік-экономикалық.

Еңбектің техникалық-уйьмдастырушылық мазмұны техникамен, технологиямен, өндірісті ұйымдастырумен, еңбек мәнімен және жұмысшының шеберлігімен қалыптасатын еңбек функцияларының сандық және сапалық анықтылығынан айқындалады. Ол еңбек процесінің өндірістік күштерін және өндірістің тұлғалық және заттық элементтерін біріктіру тәсілдерінің техникалық аспектісін сипаттайды.

Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мазмұны индивидтің еңбегі мен бүкіл қогам еңбегі арасындагы байланыстарды жөне қатынастарды көрсетеді және еңбек жасалатын қоғамдық қатынастарға тән белгілерді сипаттайды.

Еңбек мазмұны мыналарға әер етеді: а) еңбекке деген қатынас және еңбекпен қанағаттану; б) еңбекке деген қызығушылық дәрежесі; в) кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.

Еңбектің мазмұны оның техникалық-функционалдық жағын, ал еңбектің мазмұндылыгы — оның әлеуметтік-психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек ынтандырғышы, енбек мотиві, құндылықтар және құндықтық бағдарлар: еңбек қызметіндегі құқықтық нормалар).

3. нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі

Еңбек мазмұны еңбек процесіне қатысушылардың кандай білімді игеруі тиіс екендігін анықтайды. Болашақтағы өндіргіш күштер сипаттамаларының бір сәті болатын кәсіпті бөлшектеу қоғамдық еңбек бөлінісінің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұнының пайда болуының нақты формасы болып табылады.

Кәсіп қоғам ішінде еңбек бөлінісінің әсерінен пайда болады. Қызметкер өз кәсібінің күшіне қарай физикалық немесе ақыл-ой еңбегіне, өнеркәсіп немесе ауыл шарауашылығы, атқарушы немесе басқарушы еңбегіне жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы еңбектің кәсіптік бөлінісінің дамуында көрінеді.

Кәсіп белгілі бір теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін барынша ауқымды және тұрақты қызмет түрін білдіреді. М. Вебер кәсіпті бір адамның белгілі бір функцияны өзін қамтамасыз етуші немесе жалақы алуына негіз ретінде тұрақты орындауы ретінде анықтайды.

Кәсіп негізінде даралық еңбек бөлінісі құрайтын мамандықтарға бөлінеді. Мамандық қызметтің барынша тар және тұрақтылығы шамалы түрін біддіреді.

Өндірістің бөлінісін тереңдетумен қоса жүретін ғылыми-техникалық прогресс өзімен бірге кәсіптік еңбек бөлінісін терендете түседі. Кәсіптің саны барған сайын арта түсуде. Мамандар қазіргі кезде біздің елімізде шамамен 7000 кәсіпті атайды. Кәсіпті жіктеудің халықаралык стандартына 1998 жылы 9333 кәсіп енгізілді.

Өнірістік күштердің қарқынды әсерімен жаңа кәсіптер пайда болатын кәсіптердің мамандануы ғана жүріп отырған жоқ, сонымен бірге мамандандырылған қызмет түрлерінің бірыңғай еңбек процесіне бірігу процесі жүруде, бұл бір кәсіптің жоғалып, басқасының пайда болуына әкеледі. Мамандардың айтуынша, адам өз өмірінде 5 рет кәсібін өзгертеді.

Кәсіп — бұл кез келген еңбек қызметі емес, белгілі бір белгілері бар қызмет қана. Кәсіптің көпшілік анықтамалары оның бес сипаттамасынан тұрады.

Біріншіден, кәсіп белгілі бір жұмысты қысқа емес, салыстырмалы түрде ұзақ уақыт орындайтын қызмет түрін білдіреді.

Екіншіден, бұл арнайы білім мен икемді талап ететін қызмет.

Үшіншіден, кәсіби қызмет белгілі бір кәсіптің шеңберінде де, сол сияқты оның сыртында да белгілі бір кәсіби мінез-құлыққа алып келеді (тануға болатын көзқарас, милиционер, мұғалім бет-әлпетінің ерекшелігі және с.с).

Төртіншіден, кәсіби қызметті орындау кәсіби бірігу және белгілі бір кәсіп өкілдерінің ұйғарымы аркылы жиі жүзеге асатын кәсіби мүддені қалыптастыруға алып келеді (осының негізінде және кәсіби моралъ мен салттардың нормалары пайда болады).

Бесіншіден, бір кәсіп өкілдерінің баска кәсіп өкілдеріне қатысты ұйым мәнінде, сол сияқты қоғамдық мәнде ерекше мәртебеге ұмтылуы индивидтің өзі жататын кәсіпке бірегейленуіне алып келеді.

Кәсіпті осы сипаттамалардың бәрі анықтайды. Егер осы сипаттамалардың қандай да біреуі жеткіліксіз керсетілсе, онда қарастырылып отырған қызметтің жеткіліксіз кәсібилендірілгенін айғақтайды.

Постиндустриалдық қоғамның өзіне тән сипаттарының бірі — кәсіби қызметтің кеңірек таралуы. Американ социологы Н.Смелзердің анықтамасы бойынша, "профессионал" термині адамның өз ісін жақсы білетіндігін және сүйетіндігін білдіреді.

Әлеуметтік стратификацияланған коғамда білімнің жалпы деңгейінің көтерілуі әлеуметгік айырманы жоймайды, бірақ оларды экономикалықтан кәсіби деңгейге көшіреді: әр түрлі білім деңгейі бар адамдар арасындағы айырмашылық.

Кәсіпке қатысты мүдделер, ұстанымдар, құндылыктар бағдары индивидтерде отбасының, мектептердің, шағын топтардын, бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен әлеуметтену процесінде қалыптасады. Индивидтің санасыңда тартымдылығына байланысты кәсіптер сатылары (иерархия); оның әлеуметгік шығу тегіне, тәрбиелену шарттарына, тұрған жерінің типіне және басқаларына байланысты дифференцияланған басымдықтар шкаласы құралады.

Кәсіп таңдау өмірден үзіп алынған бір сәттік акті, эпизод немесе өмір бөлшегі емес, бұл тұлғаның балалық шағынан бастап еңбек ғасырын аяқтағанға дейінгі жүйелі дамуынын нәтижесі.

Бұл — күрделі процесс, ол тұтасымен бүкіл тұлғаны камтиды. К. Маркс адамның кәсіп таңдауы оның баска тірі өмір сүрушілер арасындағы үлкен артықшылығы, бірақ ол сонымен бір мезгілде бүкіл өмірді жоятын, оның бүкіл жоспарларын быт-шыт қылатын, оны бақытсыздыққа душар ететін процесс екендігін айтты.

Кәсіп тандау процесінде индивидтің мүдделері, жеке жоспарлары, қабілеттері мен соның салдарынан индивидтің жеке жоспарлары өзгеретін оған қатысты сыртқы ахуалдар арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Кәсіп таңдау кезінде сыртқы шектеулер әлеуметгік қатынастардың және әлеуметтік икемділіктің, демографиялық ахуалдың сипатына, өндіруші күштер мен білім беру жүйесінің деңгейіне қарай қалыптасуы мүмкін. Қоғамның кәсіби кадрларға деген объективті сұранысы сәйкес келмесе, оларды дайындау жүйесіңдегі қалыптасқан құрылым мен индивидтің субъективті жоспарлары кәсіби диспропорцияны, "дипломдар тапшылығын" тудырады. Бүл жағдай КСРО күйрегенннен кейін 1991 жылы техникалық мамаңдықтар дипломдарында орын алды (әскери-өнеркәсіп кешенінің сұраныстарына сәйкес жоғары оқу орындары жыл сайын 34 мың инженер дайындады: бұл АҚШ-пен салыстырғаңда төрт есе көп). Әр түрлі саладағы мыңдаған инженер өздерінің ҒЗИ-ғы, КБ-дағы, әскери зауыттардағы жұмыс орындарын тастап, қайта мамандануға, кәсіби жағынан басқа салаларға икемделуге мәжбүр болды. Бұл олардың белгілі бір бөлігінің экономика саласында жаңа орындар табуына, өздеріне жаңа мамандықтар (заңгер, қаржыгер, менеджер және басқалары) игеруіне мүмкіңдік берді.

Кәсіби икемділік көп жағдайда білім беру секілді әлеуметтік айналыс арнасының тиімді әрекет етуінің есебінен жүзеге асырылды. Жаппай сипат иеленген орта және жалпы білім маңызды кәсіби дайындықтың алғышарты болып табылады, ал орташа және тіпті жоғары арнайы білім ықшамды қоғамның орта табында мықтап бекіп қалуға нақты мүмкіндік береді. Орта тап қоғамдық келісімнің механизмдерін жасаудың тұрақтылық кепілі болады.