Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 7 страница

Ф.Бэконның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. «Білім – күш», «Күш – білімде» деген қағидаларды насихаттады. Бэкон білімде, ғылымда әлеуметтік өзгерістерді дамытушы үлкен құралды көрді. Бұдан қортындылай, ол өзінің «Жаңа Атлантида» еңбегінде «Соломон үйін» - «данышпандар үйін» қоғамдық өмірінің орталығы ретінде қойды. Осыған орай Ф.Бэкон халықтың барлығын ғылыммен өзінің рухани қажеттіліктері үшін емес, ғалымдардың ой пікірлесу үшін емес, басқа ғалымдарды қаратуға атақ алу үшін емес, және басқа төмен дәрежедегі ойлар үшін емес, тек өмір одан пайда мен жетістік алу үшін айналысу керек деп шақырды.

Ф.Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңар жақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да өрмекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оның балға айналдыратын ара іспеттес болуы қажет деді. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады.

Бэконның ілімінше, адамдардың негізгі мақсатын табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажеттілігіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсіндіруге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып - білуге негізінде мәдени өмірдің мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық, жалған эксперимент екендерін түсіндіруі керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі - индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір - бірімен байланыста болмайды.

Дін мен ғылым бір - біріне кедергі жасамай, әр қайсысы өз жолымен ақиқатқа жетуге болады.

Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:

1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік;

2.Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;

3. Табиғаттан технологиялық үстемдік;

4. Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.

Бэконның пікірінше, ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғы шарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптері тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарында:

Ол кездегі ғылыми таным процесінде субъективтік сипаттағы бір қатар қиындықтарды жеңуге тура келді. Ол субъективтік қиындықты Бэкон «идолдар» немесе «жалған елестер» деп атады. Жалған елестерден арылмайынша, ақиқатты танып білу мүмкін емес. Бэкон ондай елестің төртеуін атап көрсетті: а) үңгір елесі; ә) театр елесі; б) алаң елесі; в) тектік елес.

Бэконның үңгір елесі деп отырғаны адамның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қате пікір айтуға деген әуесқойлық, бейімділік т.б. оның дүние тануына теріс әсер етпей қоймайды. Осылардың салдарынан адам дүниені өз "үңгірі" тұрғысынан бұрмалап танып біледі. Театр елесі деп отырғаны басқа біреудің беделіне көз жұмып қарап, сене салу. Мысалы, ертедегі дүниеде Аристотельдің немесе Платонның айтқандарына сын көзбен қарамай, сене салудан туатын қателіктер өткендегі жаратылыстануға көп зиянын тигізді. Алаң елесі дегені тілге, сөзге байланысты қателер. Тілде ескі түсініктерді білдіретін сөз, сөйлемдер көп, соларға сене салу ақиқатты танып білуге зиянын тигізетіні сөзсіз. Ақыр соңында, тектік елестерді Ф.Бэкон ең қауіпті қателіктер деп санады, өйткені олар адамның дүниетанымдық ерекшеліктеріне, сезімдері мен ақыл-ой табиғатына байланысты туатын қателер. Алғашқы қауымнан бастап-ақ адамға тән бір қателік табиғат құбылыстары мен процестерін адамның өзінің саналы іс-әрекеттеріне ұқсастырып танып білу еді, табиғатта да мақсат-мүдде бар деп сену еді. Табиғатқа деген мұндай көзқарас телеологиялық (мақсатты) көзқарас деп аталады. Бұл мифологиялық заманнан бері келе жатқан теріс тектік түсініктер ғылым үшін аса зиянды елестер деп санады Бэкон. Ғылым табиғаттың механикалық себептілігін ашуы тиіс, сондықтан ол "не үшін керек?" деген сұраққа емес, "не себепті" деген сұраққа жауап іздеуі қажет.

Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін осы төрт түрлі елестерден құтылу қажет деді. Олардан құтылудың басты жолы – тәжірбие жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.

Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресі бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес, адамның өзі қозғайды – міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін Бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға, табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам – аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

Дәл осы жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады.

Рене Декарт. (1596-1650). Рене Декарт 31 наурыз 1596 жылы Франция елінде дүниеге келді. Оның ғылым мен саяхатпен айналысуға әкесінен қалдырған аздаған мұрасы мүмкіндік жасады. 1604-1612 ж.ж. ол иезуиттік колледжде тәлім алады. Онда ол гуманитарлық және математикалық өте жақсы білім ала отырып, философия, физика және психология салаларына қабілеттілігін танытты.

Р.Декарт оқуын бітіргеннен кейін Париж қаласында қамсыз, ләззаттылыққа толы өмір кешеді. Бірақ бұл өмірдің өзі де тежегендіктен, ол өзін толық түрде математикалық зерттеулерге арнайды. Ол 21 жасқа келгенде бірнеше жыл Голландия, Бавария және Венгрияның армияларында әскери борышын өтеді.

Р.Декарт ғылыми білімдердің тәжірбие түрде қолданылуына өте көп көңіл бөлді. Өзінің өмірінде табиғаттты тануға математикалық принциптердің қолданылуы үлкен пайда келтіреді дегенді дәлелдеу қажеттілігін тудырушы себеп, оның ерекше түс көруіне байланысты болды.

Р.Декарт өзінің математика және философия салаларында көптеген трактаттар жарыққа шығуымен атағы жайыла бастайды. Осыған орай оған швед патшайымы Христина өзінің көңілін аударады. Ол Декарттан оған философия сабағын беруді өтінеді. Декарт қаншама өзінің еркін өмірі құнды болғанмен, ол патшайымның өтінішіне қарсы келе алмады. Р.Декарт патшайымның жіберген әскери кемесімен 1649 жылы Швеция жеріне барады. Бірақ патшайым Христина ұқыпсыз оқушы болды. Ол ұлы философтың сабақтары үшін таңғы сағаттарды ғана бөлді, яғни шамамен сағат бесте. Сонымен қатар сабақтар нашар жылитын кітап-ханада өтті, қыс болса сол уақытта өте қатты болған еді. Әлсіз және ауру Декарт осындай таңғы суықтарды өжеттілікпен өткізді, бірақ осыған қарамастан ол өкпе аурумен ауырып 11 ақпан 1650 жылы қайтыс болады.

Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт ақыл - ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл - ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы» т.б.

Р.Декарттың философиясы математика, космогония және физикаға байланысты болды. Математикада Декарт аналитикалық геометрия негізін қалаушылардың бірі болды. Ал механикада қозғалыс пен тынышытықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсер мен кері әсердің жалпы заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космогонияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді; әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космостық материя қозғалысының негізі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйындық қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал жасады. Космология, космогония жөнінде, физика және физиологияда Декарт материалист, ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық «күмәндануды» ойлаудың қабілетті де мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу – тірлік кепілі» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемей, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. бұл принциптің маңызы, ең алдымен орта ғасырлық схоластикалық, қатып қалған ұғымдарға қарсы күресті күшейте түскендігінде. Сонымен қатар бұл принцип зерде арқылы таным процесіне қарай бағытталған жаңа жолды көрсетіп берді. Ол ең алдымен ешқандай да күмәндануға болмайды деп есептелген діни, орта ғасырлық көзқарасты ендігі жерде толығынан талқандап, оның нәтижесіз іске алғысыз етіп шығарды. Сөйтіп, Декарт күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қағидаларды теріске шығарды.

Декарттың бұл принципінің пайда болуы мен дамуы философия тарихында маңызы үлкен жаңалық болып, ойлау процесінің ілгері өрістеуіне жол ашты.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегізде (табынушылық) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиетті) - ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты - кеңістікте көсілуі.

Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара - пар) деп аталатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыра-тылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түп-негіздің атрибуты - кеңістікте көсілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл - әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың бәрі де сағат механизміне ұқсайды, олай болса, олардың табиғатын, мәнін математикалық есептеулер арқылы түсініп - білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалық тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуга мүмкіндік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып, ақыл - ой сезімдік түсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып - біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме - өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірілген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағандықтан туа біткен идеялардың деңгейіне жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғандықтан олар айқын да анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеті жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үндес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғылымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.

Рене Декарттың материя немесе денелі субстанция туралы ілімі оның математика және физиология ізденістеріне орай қалыптасты. Декарт материяны кеңістікпен теңестірді.

Рене Декарт философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан, яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі - басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сонымен қатар, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты – тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты – ойлау. Бірақ жаратылыстану саласымен жан-жақты айналысқан Декарт дуалистік көзқараста қала алмады.

Р.Декарттың философиясы жаңа заман дүниетанымы дамуына үлкен әсерін тигізді. Ол алдымен материя мен қозғалыстың арасын диалектикалық түрде бейнелей отырып, заманында үлкен оқиғаға айналған жаңалықтар ашты. Солардың ішінде ұлы ғалымның айналымы шама туралы ілімі математикадағы жаңа беталыс болса, осының арқасында дифференцияалдық және интегралдық есептеу қажет екендгі түсінікті болды. Ал осы жаңалықты жалпы және тұтас алғанда Ньютон мен Лейбниц аяқтады.

Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеялармен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.

Томас Гоббс. (1588-1679). Томас Гоббс 5 сәуір 1588 жылы Англияның оңтүстік шығыс графтықтарының бірінде Уилтшілдердің солтүстік бөлігінде орналасқан Мальсбери қалашығына жақын маңда дүниеге келді. Оның әкесі қарапайым ауылдың шіркеушісі, шешесі қарапайым шаруа жанұясынан шыққан. Алғашқы білімді Гоббс приходтік мектепте алады. Сегіз жастан бастап ол Мальсбери мектебіне барады, одан кейін көрші Вестпортта ежелгі тілдерді білетін және соған қызығушы Латимер деген кісінің ашқан жеке оқу орнында оқиды. Гоббстың жетістігі 14 жасына толмастан жарыққа шықты, мысалы ежелгі грек драматургі Еврипидтің «Медия» трагедиясын латын тілінен аударды.

1603 жылы Латимердің көмегімен, атасының материалдық қолдауымен Гоббс Оксфорд университетінің бір колледжіне оқуға түседі. Ол бұл жерде аристотельдік логика мен физиканы игереді, сонымен қатар өзінің танымын грек және латын тілдерінде жетілдіріп бес жыл оқиды. Бакалавр деңгейін алған ойшыл университет мұғалімдер қатарын толықтыруды қарамады. Осы кезеңде Оксфорд және басқа университеттерде билік құрған схоластикалық әдіс, оны академиялық карьерасынан бас тартуға итермеледі.

1620 жылы Лондонда латын тілінде Ф.Бэконның негізгі шығармасы «Жаңа Органон» шығады. Бірақ ол Гоббстың көзқарасын өзіне тарта алмады. Осы мерзімге жақын уақытта олар танысады. Бэкон 1621 жылы мемлекеттік қызметтен шеттетілгеннен кейін өзінің бүкіл өмірін ғылыми жұмысқа арнады. Гоббс онымен өмірінің соңғы кезеңінде жиі араласып тұрды және «Тәжірбиелер немесе өсиеттер» кітабының латын тілінде шығуына көмектесті.

1629 жылы Гоббс өмірінде өзгерістер болды. Өзінің қамқоршысы граф Девонширский қайтыс болғаннан кейін ол бұл жанұяны тастап, лидерландылық бір дворянның үйіне тәрбиеші болып қызмет атқарады. Оқушысымен бірге Гоббс екінші саяхатын жасайды.

Олар Францияда болып 18 ай Парижде өмір сүреді. Бұл бір жарым жылды Гоббс оқумен ойлануға пайдаланады. Әдіс мәселесіне үлкен мән берді. Эвклидтің «Бастаулар» еңбегімен кездейсоқ танысқан ол геомет-риялық теоремалар дәлелдеулерінің логикалығы мен сенмімділігіне таң қалады. Онда философиялық саясат және мораль саласында ұқсас әдісті қолдануға болатындыңы туралы ой келеді.

Гоббс алғашқы бұқаралық баяндама жасау кезінде өзінің көзқарасын «Адам рухының табиғаты туралы» Декарт идеализміне қарсы қоя отырып сенімді материалист ретінде көрсеткен.

Дегенмен «Философия негіздерінің» қорытынды бөлімі бірінші жарыққа шығады. Бұл Гоббстың 1642 жылы Парижде латын тілінде жарық көрген «Азамат туралы» еңбегі еді. Кітап авторы көрсетілмеген аз ғана тиражда шығады. Мұның себебі еңбегіне қарсы сын мен терістеуді ести отырып қайта бастырып шығарды. Т.Гоббстың ойшыл ретінде қалыптасуын Англияның ХVІ және ХVІІ ғасырдағы рухани өмірімен бөліп алуға болмайды. Дәл осы кезеңде Бэкон, Герберт, Чербери, Гарвей, Шекспир, Бек Джонсон сияқты ұлы ойшылдар өмір сүрген болатын. Гоббстың саналы дамуына Англиядағы саяси және мәдени жағдайдың әсері де болды, сонымен қатар континентінде өмір сүрген ғылым мен философия қайраткерлерімен болған тығыз және жемісті қатынастарының да себебі болғандығын ұмытпауымыз керек. Буржуазиялық философияның негізін салушылар Бэкон мен Декарттың ізінен Гоббс ортағасырлық схоластикамен күресті жалғастырды, философия мен ғылымның теологиядан толығымен ажырауын жариялады, философия тарихында алғашқы болып жалпыны қамтитын механикалық материализм жүйесін жасады. Онда сол кезеңде белгілі барлық ғылыми білім салаларын қамтуға тырысты. Гоббстың жүйесі дене, адам, мемлекет туралы ілімдерді қамтығанына қарамастан, оның көзқарасының орталық нүктесінде әлеуметтік-саяси өмір мәселесі тұрды. Адам мәселесі оны тек қана ерекше физикалық дене ретінде емес, сонымен қатар азамат, қоғамдық организм бөлігі ретінде де қызықтырды. Гоббс шындығында социологияның негізін салушылардың бірі және «саяси ғылымды» жасаушы болып саналады. Оның негізгі саяси және социологиялық еңбегі «Левиафан» жаңа заманның көптеген ойшылдары үшін, мораль мен құқық мәселесінде мемлекетті билік табиғаты жөніндегі зерттеулерге қайнар көз және ынталандырушы құрал ретінде қоладанылды. Оның ең алғашқы шығармасы 1640 жылы жазылған «Заңдардың әлементтері». Бұл шығармада ол монархияны жақтаушы ретінде сипат-талады. Бұдан кейінгі шығармасы 1642 жылы жазылған «Азамат туралы ілімнің философиялық әлементтері». Келесі бір шығармасы «Философия негіздері» деп аталады. Бұл еңбегі азамат, дене, адам, еркіндік және қажеттілік туралы жеке-жеке кітаптардан тұрады.

Ол философия пәнін ерекше қарастырады. Яғни философия оның ойынша барлық ғылымдардың арасындағы байланысты зерттеуі тиіс. Бэконның ізімен Гоббста білім күште деп қайталап оны философия бастаған ғылымдардың көмегімен жетуге болады. Оның пікірі бойынша – философиялық теория адамдардың қажеттілігінен практикалық қызығу-шылықтарына қызмет ете отырып, олардың өмір күресіндегі қажеттілігін дамыту болып табылады. Бірақ Гоббстің Бэконнан айырмашылығы ол абстрактілік материалистік философияны қалыптастырады. Гоббстің философиялық жүйесін үш бөліктен тұрады.

1. Дене жайлы ілім – дүниенің әр түрлілігі, заттар оның байланысы.

2. Адам жайлы ілім.

3. Азаматтық ілім.

1-ші бөлімінде материяның шынайылығы жайлы ойды дамытып, оның көптеген бөліктерге бөлінетінін және бір-бірінен көлемі мен формасы жағынан айырмашылық, өзгешелік болатынын айтады.

Гоббс материяны көптеген қасиеттермен сипаттайды, оларды акци-денциялар деп атайды. Акциденция латынша кездейсоқтың мәнді деп субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша өтпелі мәнсіз қасиеті.

Акциденцияны тану адамға өзінің дүниеге көзқарасын кеңейтуге, көптеген пайда болу себептерін тануға мүмкіндік береді. Негізгі акци-денциялық денелерге тартылыс, қозғалыс, орын жатады. Гоббс тартылыстың негізгі құрылымын мойындап ол бос нәрселердің барлығына күмән келтіреді.

Басты емес акциденцияға кеңістік және уақыт жатады. Кеңістік пен уақытты Гоббс материяның бір қасиеті ретінде қарастырды. Кеңістік – ол біздің нақты денелердің өмір суреті жайлы және олардың қасиетсіз болмыс жайлы айтамыз, ал уақыт – денелердің қозғалысқа түскенінен кейін білетініміз.

Гоббс Бэконның таным теориясын мойындап оны өз күшінде қалдырып, оған қосымша деректер енгізеді. Гоббс таным қабылдаудан басталып, ақылда аяқталады деп түсіндіреді. Таным теориясында ол сенсуалист болып, рационализм бағытында болады.

Гоббс пікірінше білім бұлағы объективтік шындықта және идеялық танымның негізі сезімдік түйсіктер арқылы пайда болады дейді. Сезімдік қабылдау объективтік шындықтың идеялық қайнар көзі болып табылады.

Гоббстың ойынша объективтік шындық дегеніміз – денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды. Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады ( ұзын - қысқа, жағары - төмен, үшбұрышты шар, квадрат тағы басқа). Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.