Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 18 страница

Адамзат саясаттыњ сиќырлы сырын, ќ±былмалы ќ±былысын µте ерте заманнан т‰сініп білгісі келді. Ежелгі Шыѓыс, антикалыќ дєуірдіњ ойшылдары мемлекеттіњ, саяси биліктіњ мєн- маѓынасы неде жєне олардыњ ењ жаќсысы, халыќќа ењ ќолайлысы ќайсысы деген сияќты сауалдарѓа жауап іздеген. Біраќ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни мифологиялыќ сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі µмірге ќ±дайдыњ ќ±діретінен туѓан, жалпы єлемдік космостыќ тєртіптіњ ажырамас бµлігі ретінде ќарады. Мысалы, Мысырдан (Египетте ), Вавилонда ќазіргі Ирак, ‡ндістанда, сол кездегі мифтарѓа с‰йенсек, басќарушыныњ билік кµзі ќ±дайда жєне ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Кµне Ќытай мифы бойынша билік ќ±дайдыњ ќ±діретімен ж‰ргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ењ алѓашќы билікті ж‰ргізуші ќ±дайлардыњ µздері болыпты-мыс.

Кейінірек адамзаттыњ іс-тєжірибесініњ, аќыл-ойыныњ, мєдениетініњ дамуына байланысты саясаттыњ ±ѓымдары, т‰сініктері, т±жырымдамалары пайда бола бастады. Ќоѓамдыќ-єлеуметтік жєне саяси ќ±рылымы мен ќатынастарыныњ одан єрі к‰рделенуі, материалдыќ µндірістіњ тікелей араласуына єкеліп соќтырды. М±ндай жаѓдайда ±лы ойшылдар саясатты ѓылыми т±рѓыдан т‰сініп, оны орынды пайдаланудыњ, мемлекетті тиімді басќарудыњ жолдарын іздестіре бастады. Б±дан келіп саяси теориялар туды. Біздіњ з.б. бірінші мыњжылдыќтыњ ортасында саясатты діни-мифологиялыќ танудыњ орнына философиялыќ-этикалыќ т‰сіну т‰рі келеді. М±нда аса зор ењбек еткендер – Конфуций, Платон, Аритотель сияќты ѓ±лама ѓалымдар. Б±л ойшылдар саясатты теориялыќ т±рѓыдан зерттеп, оны этикамен тыѓыз байланыста ќарады. Олар саясатты адамдардыњ маќсат-м‰ддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ±ќты. Єдетте, саясаттанудыњ негізін ќалаушы деп данышпан ѓалым Аристотельді атайды. µйткені ол µз заманында лицей ашып, сонда саяси ѓылымды жеке пєн ретінде оќытып, µзі ж‰ргізді. «Саясат» деген ењбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерініњ (онда єрбір ќала мемлекет болып есептелетін) саяси ж‰йесін зерттеді. Дегенмен, ±лы ѓалым саясаттанудыњ пєнін ќазіргі біздіњ т‰сінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттыњ негізгі адамныњ µзімшіл, хайуандыќ табиѓатында жатыр деп ±ќты. Сонымен ќатар ол саясаттану мєселелерін этика, фєлсафа (философия) мєселелерімен бірге ќарады. Орта ѓасырда саясаттыњ діни-этикалыќ т‰рі ќалыптасады. Оныњ негізін салушы Форма Аквинский саяси билікті ќ±дай орнатады, біраќ мемлекет басшылары ќ±дайдыњ ќалауына ќарсы шыќса, халыќтыњ оларды ќ±латуына болады деген байлам айтты. Саясатты ќазіргідей т‰сінуге мол ‰лес ќосќан Италияныњ ХVІ ѓасырда µмір с‰рген ойшыл Никкола Макиавелли болды. Ол саясатты технологиялыќ (ќ±дайшылыќ) т‰сіндіруден арылтып, саяси ойды ќоѓамдаѓы табиѓи µмірден туѓан мєселелерді шешуге бейімдеді.

Саяси зерттеулердіњ µзегі етіп мемлекеттік билікті ќойды жєне оны ќалай ќолѓа т‰сірудіњ, пайдаланудыњ неше т‰рі єдіс-тєсілдерін кµрсетті. Соныњ арќасында саясаттанудыњ біздіњ ќазіргідей т‰сінуімізге жол ашылды. Феодализмніњ ыдырап, капиталистік ќатнастардыњ ќалыптасуы ќоѓамды демократияландырып, жалпыѓа бірдей сайлау ќ±ќыѓын кіргізуге, кµпшілік саяси партиялар мен ќазналардыњ кенінен ќанат жайуына, аќпарат ќ±ралдарыныњ µрістеуіне м‰мкіндік берді. Халыќаралыќ, мемлекет аралыќ ќатнастардыњ ауќымды кенейді, саясаттыњ ќызметтері мен міндеттері к‰рделене т‰сті. Сондыќтан саяси ќ±блыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауѓа тура келді. Б±л ретте Д.Ж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. Т.Жефферсон, Т.Пейн, И.Кант, Гегель сынды кµрнекті ѓалымдар кµп ењбек сіњірді.

Саясаттану ХІХ ѓасырдыњ екінші жартысында µз алдына жеке пєн ретінде ќалыптасты. Оѓан б±л кезде бихевиористік, тєжірибелік (эмперикалыќ) єдістерін кењінен пайдаланыла бастауы зор ыќпалын тигізді. Соныњ негізінде онда 1880 жылы саяси ѓылымныњ жоѓары мектебі ќ±рылды. АЌШ-таѓы сияќты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратќа арнайы ќызметкерлер дайындайтын саяси ѓылымдар мектебі ж±мыс істей бастады. ХХ ѓасырдыњ басында саясаттану бµлек академиялыќ пєн ретінде толыќ бµлініп шыќты. Б±л ѓылымныњ халыќаралыќ мєртебе алып, толыќ ќанды ќалыптасуына ЮНЕСКА – ныњ басшылыѓымен 1949 жылы ќ±рылѓан саяси ѓылымдардыњ халыќаралыќ ассоциациясы зор рол атќарды.

Б‰гінгі тањда АЌШ-тыњ, Шыѓыс елдерініњ барлыќ жоѓарѓы оќу орындарында саясаттану жеке пєн ретінде барлыќ факультеттерде міндетті т‰рде оќытылады, єлемніњ ењ ірі университеттері оѓан мамандар дайындайды. Оны бітірген маман саясатшылар мањызды саяси шешімдердіњ жобаларын сараптауѓа, партиялар немесе басќа бірлестіктердіњ сайлау алдыњдаѓы баѓдарламаларын талдауѓа, ‰кіметтік даѓдарыстар мен халыќаралыќ ќатнастардаѓы шиеленіс жаѓдайларыныњ себебін ашуѓа кенінен пайдаланады.

Саясаттануѓа деген кµзќарас 80 жылдардыњ екінші жартысында б±рынѓы Кенес Одаѓындаѓы т‰бегейлі реформаларѓа, ќоѓамныњ демократиялануына, тоталитарлыќ ж‰йеніњ к‰йреуіне байланысты µзгерді. 1989 жылдан Жоѓарѓы Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кењес ж±мыс істей бастады. 1990 жылы КСРО – ныњ ѓылым жєне техника бойынша мемлекеттік комитеті. “Саяси ѓылымдар” деген атпен саяси ѓылым ќызметкерлерініњ тізімін ресми т‰рде бекітті. Ќазір Ќазаќстанныњ барлыќ жоѓарѓы оќу орындарында б±л ѓылым жеке пєн ретінде µтілуде.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1. Тарихты хронологиялық топтау ережелері?

2. Саясаттың адамзат тарихындағы ролі?

3. Саяси құндылықтар дегеніміз не?

№ 15 Лекция сабағының тақырыбы:Диалектика теориясының мәселелері. Эпистемология. Глобальдық мәселелер философиясы.

 

1. Сабақ жоспары:

1. Диалектика заңдары.

2. Таным – шындықтың бейнелену формасы.

3. Ақиқат ұғымы.

4. Глобальді мәселелер және экология

 

2. Сабақ мақсаты:

Диалектикалық таным теорясының мәні мен мазмұнын түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

1.Диалектика - (сұхбаттасу) табиғаттың, қоғамның және ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Диалектиканың ғылыми тұрғыдан ұғыну ұзақ уақыт барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы процесс деп есептеп, бұл процесте кез-келген қасиеттің қарама-қарсы қасиетке айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған (Гераклит, жекелеген милеттік материалистер, пифагоршілдер). Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Алғашында бұл термин (диалектика өнері):

1. Сұрақ-жауап арқылы пікір таластыру кабілетін;

2. Ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген.

Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшы-лықтарға талдау жасаған болатын. Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым «аналитикадан» диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады. Платон шынайы болмысты бірқалыпты әрі өз-өзімен барабар болады деп анықтайды, әйткенмен «Софист» және «Парменид» сұхбаттарында жаратылыстағы жоғары буындағылардың кез-келгені бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар және барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің «басқа» түріне өтіп отырды деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты, әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық рухты ойландырып-толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт және бұл өнер ІІлатонның пікірінше диалектикалық өнер болыл табылады. Неоплатоншілдер (Платин, Прокл) диалектиканы дамыту ісін жалғас-тырды. Феодалдық қоғамның философиясы схоластикада диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады. Қайта өрлеу дәуірінде «қарама-қарсылықтардың үйлесімі» туралы диалектикалық идеяларды Н.Кузанский мен Дж.Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан, Декарт пен Спиноза (біріншісі космогониясында, екіншісі өзіне-өзі себеп болатын субстанция туралы ілімде) диалектикалық ой-үлгілерін жасады. ХVІІІ ғасырда Францияда диалектикалық идеялардың сонылығымен Руссо меп Дидро ерекшеленді. Олардың біріншісі қайшылықтарды тарихи дамудың шарты ретінде қарастырса, екіншісі бұған қоса өз тұсындағы қоғамдық санадағы қайшы-лықтарды зерттеді. Диалектика дамуының аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы шындықты таныту объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де карастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігін, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадалардың өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде, Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды, әрі Декарттан соң бірінші болып табиғатты танудағы даму идеясын елгізді. Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды «антиномиялық» туралы ілімінде дамытты. Бірак ақыл-парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен-ақ диалектика жойылды. Бұдан кейін таным теориясында («Ғылым туралы ілімде») Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың «антитетикалық» әдісін жетілдірді. Шеллинг Канттың ізінде табиғат процестерін диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды. Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, «өзгеруде қайта кұруда және дамуда ден таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудын ішкі байланысын ашуға тырысты". Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы. Гегель ілімі бойынша диалектика ойдың ғылыми тұрғыдан өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Гегель диалектикасының нәтижесі оның күткенінен көп ілгері асып түсті. Дүниедегінің бәрінің өзін-өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімін, өмірді де, ойды да революцияландыратын негіз болады. Диалектиканың ғылыми жүйесін Маркс пен Энгельс те жасауға ұмтылды. Гегель философиясының идеалистік мазмұнын алып тастап, олар диалектиканы тарихи процесс пен таным дамуын материалистік ұғынудың табиғатта, қоғамда, және ойлауда жүріп жатқан реалдық процестерді қорытудың негізінде жасады. Ғылыми диалектикада болмыстың да, танымның да заңдары етене үйлесіп жатады, өйткені олар мазмұны жағынан бірдей, тек форма жағынан ғана ажыратылады. Сондықтан материалистік диалектика тек онтологиялық ғана емес, гносеологиялық та ілім. Кез-келген ұғымның, кез-келген категорияның жалпы сипатына қарамастан, оларда тарихилықтың таңбасы бар. Диалектика қайшылықтар туралы ілімде дамудың қандай түрінің болса да қозғаушы күші мен қайнар көзін ашып көрсетеді: диалектикалық дамудың басқа да категориялары мен принциптерінің кілті осы ілімде, сандық өзгерістердің саналық өзгерістерге айналуы арқылы даму, біртіндеушіліктің үзілуі, секірістер, дамудың бастапқы сәтіне қатысты терістеу және осы терістеудің өзін терістеу, бастапқы күйге тән белгілердің, касиеттердің кейбірінің жоғары негізде қайталануы. Дамуды нақ осылайша түсіну диалектиканы реформистік теорияларға тән неше түрлі арнайы эволюционистік көзқарастарда ажыратады. Диалектика заңының кез-келген белгісін, қасиетін абсолюттелдіру, оны метафизикалық бұрмалауга әкеліп соқтырады. Диалектика табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек диалектика тұрғысынан ғана обьективтік ақиқаттың күрделі, қайшылықтарға толы қалыптасу жолын, ғылыми дамудың барлық сатыларында абсолюттіқ пен шарттылық, тұрақтылық пен құбылмалылық әлементтерінің байланысын, тұжырымдаудың бір түрінен басқа, неғұрлым мазмұнды түріне өтуін түсінуге болады. Диалектиканың тоқырау мен сылбырлықтың қандайымен болса да ымыраласпайтын революция табиғаты оны қоғамдық дамудың тарихи мұқтаждарын, жаңа мазмұнға ескі формаларын үйлеспейтіндігін, адамзат прогресіне жағдай жасайтын жетілген формаларға өту қажеттігін объективті түрде қайта құрудың қаруы етеді.

Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы.Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы - материалистік диалектиканың мәнін, «өзегін» аңғартатын шындықтың жәнеоны адам ойы тануының жалпы заңы. Кез-келген объект қарама-қарсылықтан тұрады. Диалектика қарама-қарсылықтар ретінде мынадай сәттерді, "жақтарды" т.б. қарастырады, олар: 1. ажырамас бірлікте болу, 2. әрқилы ғана емес, сондай-ақ бірыңғай қарым-қатынаста тұрып-ақ бірін-бірі жоққа шығару. 3. бір-біріне өту. Олардың бірлігінсіз қарама-қарсылық, қарама-қарсылықсыз бірлік жоқ.

Сандық өзгерістердің сапалық, өзгерістерге өту заңы.Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі - қозғалыс пен дамудың қалай, қандай жағдайда болатынын түсіндіретін диалектиканың негізі заңдарының бірі. Дамудың бұл жалпы заңы байқалмайтын,біртіндеп жүретін сандық өзгерістер әрбір жеке пайыздың белгілі бір сәтінде қажетті түрде мәнді, түбегейлі, сапалық өзгерістерге, ескіден жаңа сапаға секірмелі түрде өтуге алып келеді деп көрсетеді. Бұл заң табиғаттың, қоғамның, ойлаудың барлық даму процестерінде орын алды. Ол дамудың диалектикалық тұжырымдамасын және қозғалысты, дамуды тек қана бір нәрсенің сандық өзгерістеріне әртүрлі метафизикалық тұжырымдамалардан айырма-шылығын ұғынуда ерекше маңызды.

Терістеуді терістеу заңы.Терістеуді терістеу заңы - диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Тұңғыш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжы-рымдалған. Терістеуді терістеу заңы сабақтастықты, дамудың спираль тектестігін, жаңаның ескімен сабақтастығы арқылы байланысып, дамудың жоғары сатысында бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрінде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын дәлелдейді. Диалектикадағы терістеу категориясын бір заттың басқа затқа айналуын, осы кезде бірінші заттың өзгеріп екінші заттың құрамындағы тәуелді әлемент күйінде кешуін көрсетеді. Бұл диалектикалық алыну деп аталады. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алатын байланыс сәті ретінде көрінеді.

2. Табиғатпен қоғам дамуының диалектика зерттейтін жалпы заңы, сонымен қатар таным заңы да философия ғылымының негізгі бір саласын құрайды. Ерте заманнан-ақ адам баласы дүниенің заңдылықтарын танып білуге тырысты. Себебі бізді қоршаған орта белгілі бір заңдылық бойынша дамып, үздіксіз бір күйден екінші күйге ұшырап отырады. Адамзат баласы сонау ғасырлардан бергі өмірінде оның заңдылықтарын түсініп, өзі соған бейімделіп өмір сүріп келеді.

Адам саналы тіршілік иесі ретінде өзін қоршаған дүниені танып білуге ұмтылады. Таным барысында әрбір заттың, құбылыстың орасан көп қасиеттер, белгілері байқалады, танымның түпкі мақсаты құбылыстардың ішкі табиғатын игеру, оны бейнелеу және соның нәтижесінде адамның іс-әрекеттерінде пайдаланып, іске асыру. Айналадағы болып жатқан өзгерістердің, процестердің және заттардың бір-бірімен байланысы адам санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүреді. Ақыл-ойдың, практикалық қызметтің және түсініктер мен қабылдаудың арқасында біздер түрлі құбылыстардың қасиеттерін мен байланыстарын танып білеміз. Таным дегеніміз – заттар мен құбылыстардың адам санасында идеалды образ ретінде бейнеленуі. Адам дүниені тани отырып, оған мақсатты түрде ықпал жасайды, оны игеріп, өз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Таным процесінде бейнелеу ерекше роль атқарады. Бейнелеу дегеніміз танылуға тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым-қатынас процесі.

Сыртқы дүниені, табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі деп қарастыру қажет. Себебі, табиғат та, қоғамдық қатынастар да субъектінің практикалық қызметі арқылы таным объектісіне айналады. Ал танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, яғни тұтас нақтылы қоғамды айтуға болады.

Таным процесі сезімдік және рационалдық танымнан басталады. Сезімдік пен рационалдық танымның ара қатынасы жөнінде философтар арасында әр түрлі пікірлер болған. Кейбір ойшылдар дүниені тануда сезімдік тәжірбиелер шешуші роль атқарады деп пайымдады. Сонымен эмпиризм дегеніміз – дүниетанудың бірден-бір көзі, яғни түйсіну сезімдік тәжірбие деп түсінетін философиялық бағыт. Бұл бағыттың өкілдері - ойлауды логикалық қайшылықсыз түр пішінде суреттеумен шектеліп, ойлаудың белменділігін шеше алмаған, тәжірбиені аса дәріптеген, теориялық ойлаудың рөлін бағалалмаған.

Сонымен, сезім және ойлау шындықты бейнелеудің қажетті формалары болып табылады. Сезімдік таным дегеніміз – түйсік, қабылдау және елес.

Түйсік заттардың жеке қасиеттерін (түсін,дәмін, т.б.) білдіретін сезімдік бейне болып табылады. Түйсік екіге бөлінеді:

Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктер ( көру, есту, дәм т.б.)

Дене мүшелері мен ішкі мүшелерінің жай-күйін бейнелейтін түйсіктер (организм арқылы, бұлшық ет арқылы және т.б.).

Бұл топтардың арасында әрқашанда тығыз байланыс бар, өйткені адам сыртқы дүниені енжар түсінбейді, қайта сыртқы заттардың қасиеттеріне сәйкес сыртқы дүниеге белсенді ықпал жасай отырып түсінеді. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларының, қасиеттерінің, жақатарының мида бейнелеуі болып табылады.

Қабылдау деп жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес тұтас бейнесін айтамыз – заттардың тұтастығы қабылдаудың объективтік негізі болмақ. Қабылдау жалпы алғанда жеке заттарды бейнелейді, мұнда олар тек сыртқы көріністері жағынан көрінеді.

Сезімдік танымның келесі формасы – елес. Әдетте елесті адамның сезім мүшелеріне дәл сол сәтте әсер етпейтін заттардың сезімдік бейнесі деп ұғамыз. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне әсер етуінен мида сақталып қалатын көмескіленген құбылыстардың еріксіз немесе әдейі жандануы елес тудырады.

Танымның абстрактілі ойлау, ақыл-ой таразысы немесе логикалық түрлері арқылы аса маңызды байланыстар мен заңдылықтарды ашу үшін дүниені сезім арқылы бейнелеуге ойлау қызметін қосуды талап етеді. Сезім мүшелері арқылы танып-білуге болмайтын қарым-қатынастарды логикалық (рационалдық, ақыл-ой) жолмен айқындауға болады. Логикалық ойлаудың (немесе рационалдық) негізгі түрлеріне ұғым, пікір және ой тұжырымы жатады.

Ойлау дегеніміз – адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет.

Ұғым дегеніміз – ойлаудың аса маңызды бөліктерінің бірі. Ойлау процесі ұғымдар туғызу, бір жүйеге келтіру және оны пайдаланудан тұрады. Заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды жақтарын бейнелеу – ұғым болып есептеледі. Ұғым заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Ұғым шындықтың рационалды бейнесі, шоғырланған білімнің формасы. Ұғымдар бір-бірінен өздеріндегі белгілі бір заттар мен құбылыстардың жалпылану дәрежесіне қарай ажыратылады.

Пікір дегеніміз –заттар мен құбылыстардың өзара байланысы мен қатынастарын, қасиеттерін бейнелеу. Пікірдің ұғымнан өзгешелігі – заттардың байланысы мен қатынастары жинақталған түрде бейнелейді. Зат немесе құбылыс жөніндегі көзқарастың мақұлдануы не теріске шығарылуы пікір деп айтылады.

Ой –тұжырымы дегеніміз –кейбір пікірлерден жаңа пікір тудыратын ойлаудың жоғарғы түрі. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз. Ой-тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыруға негізделген. Ой тұжырымынынң арқасында ойлаушы адамға өзінің әрбір пікірін тікелей сезімдік тәжірбиенің мәліметтеріне, эмпирикалық жолмен анықталған фактілерге негіздеп жатуы қажет байланысы, жалпының, ерекшенің және жекенің арасындағы заңдылық байланысы.

Таным процесінің негізгі мақсаты– ақиқатқа жету. Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша adaeguatus - теңестрілген) білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып пайымдалған. Оның мәні неде? Элеаттар мен софистер, әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Сондықтан да объективті құбылыстар менбілімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды.

Сонымен, субъект мен объект арасында бір-бірімен тығыз байланыста жүріп жататын тарихи-әлеуметтік процесс – ақиқат деп аталады. Адамға тәуелсіз, оның санасынан тыс өмір сүретін дүние – объективтік ақиқат. Объективті ақиқатты адам толығымен абсолютті түрде емес, салыстыр-малы түрде ғана білдіре алады.

Белгілі бір зат немесе құбылыс жөнінде нақты білімдердің жиынтығы абсолюттік ақиқат деп аталады. Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектика заңдары бойына дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайларға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды. Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиақат көбіне абсолютті формада емес, салыстырмалы болып келеді. Екіншіден, абсолютті ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын терең танып, оларды синтездеп және осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз.

Сонымен, зат немесе құбылыстар жөніндегі толық емес білім – салыс-тырмалы ақиқат деп аталады.

Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат - объективті ақиқаттың көрініс-тері.

Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектикасының ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан-жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін, бірақ өз жолында кезелесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиральді түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге болатынын айқындайды.