ылыми танымның түрлері мен әдістері.

Ғылым –мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін бірте-бірте кеңейтіп келе жатқан теориялық білімдер жүйесін белгілейді.

Ал ғылыми таным құбылыстар мен процестерді, оқиғаларды қалай өтетін баяндаумен ғана шектелмей, қайта оларды түсіндіріп, қандай заңдар бойынша болатынын ашуды талап етеді. Ғылыми танымның негізгі мақсаты зерттеліп отырған объект туралы жаңа білімді таба білу.

Бұрынғы ғылыми теориялар мен тұжырымдарды жаңа теориялар алмастырғанды олардың бір-бірінен үлкен айырмашылығы болады. Бірақ олар гентикалық жағынан байланысып жатады. Осы байланысты сәйкестік принципі деп атайды.

3. Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуатты күш болып табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатты танып білудегі күш-қуаты практикада ғана айқын көрінеді. Ол өндіріс құрал, техникасының дамуында, қоғамның бүкіл өндіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль атқарады.

К.Маркс ғылымды өндірістің және тұтас алғанда, бүкіл қоғамның дамуының рухани күш - қуаты деп деп атайды. Ол өзінің бір қол жазбасында былай деп жазды: "Табиғат машиналар, темір жолдар, әлектр телеграфтарын т.б. жасамайды. Мұның бәрі- адам миының адам қолымен жасаған органы, білімінің затқа айналдырған күші. Ғылым - қоғам өмірінің жетекшісі және шешуші күші, өндірістер де, экономика мен саясатты да айқындап беретін сол, ғылым мен техникалық құдыретті күші адамдарды дәрменсіз әлсіз тобырға айналдырды. Қоғам-дамуының белгілі бір тарихи дәуірінде ғылым өндіріс дамуының қажетті бір шартына айналды. Ол - капиталистік ірі машина өндірісінің дәуірі. Ірі индустрияның дамуына байланысты», деп атап көрсеткен Маркс, онда машинамен қатар, барған сайын бу және әлектр сияқты нәрселердің маңызы артады, ал олардың еңбек өнімділігі ғылымның жалпы даму және өндірісте қолданылу дәрежесіне байланысты.

Еңбек өнімділігін арттырып, адамдардың түрмыс жағдайларын жақсартуға өлшеусіз мүмкіндіктер ашуға тиісті ғылыми-техникалық революция мен экономиканы милитарландыру арасында шиеленіскен қайшылық туып, мұның өзі жаңа техника жасаушы миллиондаған адамдардың еңбегін олардың өз өміріне төнген, қауіп-қатерге айналдырады. Демек, ядролық қару түсында әскери күш көрсету категориялары мен ойлану азаматты өзін - өзі өлтіруге итермелеу деген сөз.

Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде туған дүниежүзілік атомдық қауіп-қатермен қатар, табиғат пен қоғамның қатынасында туған басқа да дағдарыстар бар. Ол дағдарыстың ішіндегі ең бастылары экологилық, энергетикалық т.б. дағдарыстар болып отыр.

Биоәлеуметтік жан ретінде адам табиғатқа бейімделіп қана қоймайды, керісінше, ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, оны өз қажеттеріне сәйкес өзгертеді осы іс-әрекеттің нәтижесінде адамның өз басына экологиялық қауіп төніп келеді: табиғат байлықтарын есепсіз тұтынудың салдарынан алдағы ғасырларда олардың қорының біртіндеп таусылу қауіпі бар.

Оларға ең алдымен қазба байлықтар, минералдық шикізаттар жатса, екіншіден, өзін-өзі қалпына келтіріп толықтырып отырады деп есептеліп келген ауыз су, таза ауа, тірі организмдер, т.б. биосфералық заттар жатады.

Ғылыми-техникалық революция табиғаттың мұндай байлықтары таусылмайтын шексіз еместігін өлшеусіз, есепсіз өндіре беруге болмай-тынын дәлелдеді. Қазір Каспий теңізінің астындағы мұнай қорын бес жағынан бес мемілекет жанталаса өндіріп жатыр. Осы бәсекелесте өндірудің нәтижесінде түбінде ол мұнай қоры таусылып, Каспий теңізінің астында орасан зор үңгір пайда болып, сол үңгірге теңіздің суы сіңіп кетіп, екінші бір Арал теңізінің пайда болмасына кім кепіл бере алады!

Кейде мамандар мұндай экологиялық проблемалардың себебін қазіргі ғылыми-техникалық революцияның ішкі мәнінен іздеп, оның бірден-бір себебі РТР деп санайды. Алайда мұндай пікірмен келісуге болмайды, өйткені ғылым да, оның негізінде жасалған техника да айналадағы табиғи ортаға өздігінше елеулі әсер етпейді. ҒГР- дың экологиялық жағдайларға тигізетін әсері, оның жетістіктерін практикада қолданудан басталады. Қазіргі заманғы өндіріс ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін қолдана білмейді, тек шамалы бөлігін ғана қолдана алады. Технологияның негізгі бөлігінің айырмашылығы баяғы XIX ғ. өнеркәсіптік революция кезіндегіден шамалы ғана - олар сол, кезде-ақ өндірістің үздіксіз әдісін қолдану шикізатты өлшеусіз талап етті, табиғатқа адамның ықпал жасауын арттырды.

Қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың себептері ғылыми-техникалық революция пайда болудан әлдеқайда бүрын шыққан еді. Оның басты себебі капиталистік товар өндірісінің табиғатынан туатын аз уақыт жүмсап мүмкіндігінше мол пайда табу заңында жатыр. Адамның табиғатқа енгізетін өзгерістері оның қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасына игі әсерін тигізетіндей болуы тиіс.

Қазіргі кездегі тағы бір маңызды проблема- энергетикалық проблема. Адамзатты энергетикалық жағынан қамтамасыз ету негізінен ғылым мен техниканың прогресіне, энергетиканы өндіру мен тұтынудың арақатынасын дүрыс үйлестіруге, олай болса, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Энергетикалық проблема да, түптеп келгенде, экологиялық проблеманың негізгі бір тармағы болып табылады. Энергетика бүгінгі таңда - экономиканың да, техниканың да, адамдардың да тұрмыс жағдайының да негізгі, жалпы алғанда осы заманғы цивилизацияның деңгейін айқындаушы фактор. Өмірдің бұл саласында жақындап келе жатқан дағдарыстың себептері де табиғи энергия көзінің дағдарыстың себептері де табиғи энергия көзінің шексіз еместігінде, ол оны тұтыну барған сайын өскен үстіне өсуде.

Болашақ қоғамдық прогрестің тағдыры қазіргі кезде шиленісіп отырған дүниежүзілік проблемаларды, 1-ден, жеке дара емес комплексті түрде және 2-ден мемлекет аралық тіпті бүкіл планетарлық стратегиялық тұрғыда шешуге байланысты. Мұндай страгетиялық жоспар әлі жасалған жоқ, бірақ халықаралық әлуметтік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан-жақты талдамайынша мемлекеттердің әкономикалық және саяси мақсат мүдделерімен іс әрекеттер тисінше анықтап, қоғам мен табиғаттың қарым- қатынасының біртұтас адамгершілік нормалары мен принциптерін белгілемейінше, барлық мемлекеттің бірлесе әрекет ету стратегиясын тұжырымдау мүмкін емес- мүнда әр бір мемлекеттің мүддесі бүкіл адамзаттың ортақ мүддесімен үндесіп жатуы тиіс. Бүл стратегиясы әр мемлекет өз бетінше дара жасай алмайды. Ол барлық мемлекеттер ақылға сала отырып келіскенде, мәдениет аралық байланыстарды ескере отырып, аман-есен алға қарай дамудың жеке елдер мен бүкіл адамдық мүдделерін дүрыс ұштастырғанда ғана жасалуы мүмкін.

Адамзаттың жер бетіндегі болмысын сақтап ілгері қарай прогресивті түрде дамуын қаматамасыз етудің талаптары дүниеге жаңаша көзқараспен қарау жаңаша ойлау логикасын қалыптастыру міндетін үсынады.

Адам бір түтас дүние жүзілік тарихтың нағыз субьекті болу жолын іздеуі, табуы қажет.

Қоғам өмірі дамуының аса қажетті жағдайларының бірі -халық санының өсуі. Елсіз, жұртсыз, халықтың белгілі біржиынтығынсыз өндіріс те болмайды, табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгері басып, даму да мүмкін емес. Адамның кісілік қасиетке ие болып, кемелденуі де жұрттың арасында өмір сүріп, бірге еңбек етіп, қарым-қатынас жасауында. Қазақтың "жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас" дейтіні тегін емес. Шынында да, ел-жұрттың, халықтың көп немесе аз екені, оның орналасуы, тығыздығы, өсу қарқынының жылдам немесе баяу болуы қоғамның, нақты елдің дамуын тездетеді немесе баяулатуға себепші болады.

Бірақ осыған сүйеніп, халық саны қоғамды дамытуда шешуші рөл атқарады десек дұрыс па? Әрине, олай емес. Халықтың орналасу тығыздығы және өсу қарқыны өте жоғары бола тұрып, кейбір елдердің, мемлекеттердің экономикалық, саяси және мәдени дамуы жағынан халық артта қалған реттері тарихта кездесіп отырады. Батыстық социологияда ел-жұрттың, халық орналасуының, өсіп-өнуінің қоғам дамуындағы рөлін сыңаржақ бағалайтын ағымдардың ХҮІІІ да бар екенін, олардың көп жағдайда кертартпалық пиғылды дәріптеуге ұмтылатынын айта кеткен жөн. Соның бірі - ғасырдың аяғында пайда болып, күні бүгінге дейін қолдаушылар тауып отырған мальтусшілдік деп аталатын ағым.

Ағылшын экономисі, әрі дін өкілі Т.Р.Мальтус (1766-1834) мынадай тұжырымға келген болатын: халық санының өсуі геометриялық прогрессиямен, ал күнкөріске қажетті заттар арифметикалық про-грессиямен өседі, яғни өмір сүруге қажетті тамақ, киім-кешек, т.б. заттарға қарағанда халық саны әлдеқайда тез өседі. Кедейшіліктің, жоқшылық пен аштықтың, жұмыссыздықтың себебі осында деп уағыздаған еді Мальтус. Оның ойынша, бұл кесапаттар қоғамның табиғатынан туындап жатқан жоқ. Сондықтан адамдардың санын азайтып, бала тууды тежеу керек, бұл ағымның кертартпа сипаты осындай. Қоғам болмысына шаң тигілгенін, халықтың өсіп-өнбегенін теріс көрмейді.

Халық санының артуы әлеуметтік мәселе, оны шешу қоғамдық қатынастарды түбірімен өзгертуді талап етеді. Халық санының тоқтаусыз артуын реттеуге болады. Ол қоғамның даму мәдениетіне жатады.

4. «Экология» деген ұғым гректің «оһоя - үй, мекен» және Logos- деген сөздерінен қүралған. Басқаша айтқанда, әкология - табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды" талап ететін ғаламдық мәселеге айналды. Сондықтан елімізде табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды.

Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялды, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауылшаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыру, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердік ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Бұрынғы КСРО-ның 100-де астам қалалары экологиялық жағынан қауіпті деп жарияланған. Көптеген индустриялды аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1. Диалектиканың категорияларын атаңыз?

2. Ақиқат пен шындықтың ара-қатынасы қандай?

3. Танымның екі түрін атаңыз?

4. Сенсуализм дегеніміз не?

5. Рационализм дегеніміз не?

6. Қазіргі таңдағы экологиялық мәселелерді шкшудің жолдары қандай?

 

 

 

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1. Мифология және дін.

2. Әлемдік діндер: Буддизм, Христиандық, Ислам.

3. Ежелгі Үнді философияның негізгі мектептері. Веда философиялық ескерткіш ретінде.

4. Ежелгі Үнді философиясындағы карма, нирвана, мокша, сансара ұғымдары.

5. Джайнизм философиясы.

6. Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары.

7. Конфуция ілімі.

8. Конфуциидің саяси-әлеуметтік ойлары.

9. Легистер мектебі.

10. Даосизм ілімі.

11. Антикалық философия. Ежелгі Грек философиясындағы космо-центризм.

12. Ежелгі грек философиясының мектептері.

13. Элеаттар мектебі.

14. Ежелгі Грек атомистік ілімі /Левкипи, Демокрит, Эпикур/

15. Демокриттің атомистік философиясы.

16. Сократ идеализмі.

17. Сократ философиясының адам мәселесі.

18. Сократ «Өзіңді өзің таны» ұраны.

19. Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс, таным және мемлекет туралы ілімдері.

20. Аристотельдің саяси-әлеуметтік концепциясы.

21. Ортағасыр философиясындағы номинализм және реализм арасындағы күрес.

22. Түркі халықтарының философиясы.

23. Негізгі философиялық ағымдар: Шығыс перипатетизм, суфизм және ортодоксалды.

24. Орта ғасырдағы мұсылмандық Шығыс философиясы.

25. Әл-Киндидің философиялык көзқарасы.

26. Әл-Фарабидің ғылымдар класификациясы.

27. Әл-Фарабидің әлеуметтік және этикалық көзқарастары.

28. Ибн Синаның еңбектеріндегі ғылым және философиялық ойлар.

29. Суфизм – мұсылмандық діни философиялық ойлардың бағыты ретінде

30. Ибн Рушдтың діни философиясы.

31. Ж.Баласағұнның адамгершілік философиясы.

32. Қ.А.Ясауидің философиялық көзқарасы.

33. Ренессанс дәуіріндегі өнер және философияның өзара байланысы.

34. Қайта өрлеу философиясы. /Н.Кузанский, Галилей, Коперник/

35. Қайта өрлеу дәуірінің антропоцентризмі және гуманизмі.

36. Дж.Бруноның натуралистік көзқарастары.

37. Француз Ағартушыларының философиялық көзқарастары.

38. Жаңа заман философиясы: адам проблемасы /Ф.Бэкон, Р.Декарт/.

39. Ф.Бэкон - эмпиризм ағымының негізін салушы.

40. Ф.Бэконның индуктивті әдісі.

41. Р.Декарттың рационализмі.

42. Классикалық неміс философиясының басты ерекшеліктері және оның көрнекі өкілдері.

43. Гегельдің диалектикалық идеализм ілімі.

44. Гегелдің диалектикалық концепциясы.

45. Неопозитивизм ағымы.

46. О.Конттың позитивизмі.

47. Өмір философиясындағы адам және дүние мәселелері /А.Шопенгауэр, Ф.Ницше/.

48. Экзистенциализм философиясы.

49. Қазақ философиясының қалыптасуының мәдени, тарихи алғышарттары.

50. Ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарастары.

51. ХХ ғ. басындағы қазақ философиясының басты бағыттары және оның дамуы.

52. Шоқан Уәлихан ұлының дүниетанымдық көзқарастары

53. Ыбырай Алтынсарин –ағартушы философ.

54. Абай гуманизмі мен философиялық көзқарасы.

55. Болмыс ұғымы оның мәні және ерекшелігі.

56. Дүние және адам болмысы.

57. Бірінші және екінші табиғат болмысы.

58. Материяның өмір сүру формалары.

59. Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру тәсілі.

60. Қозғалыс категориясы

61. Таным шындықты бейнелеу формасы.

62. Танымның обьектісі мен субьектісі.

63. Таным процесі.

64. Ақиқаттың негізгі өлшемі.

65. Сезімдік таным формалары.

66. Сана категориясының философияда қойылуы.

67. Абстрактылы ойлау қабілетінің формалары.

68. Сана және бейсаналық процестер.

69. Өзіндік сана.

70. Диалектика даму концепциясы ретінде.

71. Диалектиканың негізгі заңдары.

72. Диалектиканың негізгі категориялары.

73. Адам қоғамның ең жоғарғы құндылығы.

74. Адам, жеке адам және жеке тұлға.

75. Еркіндік адамның қажетті құндылығы.

76. Иделдық және руханилық құндылықтар.

77. Философиядағы гуманистік дәстүр.

78. Табиғат және қоғам.

79. Биосфера және ноосфера.

80. Қоғам өмірінің негізгі салалары.

 


 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.

2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия тарихы. - Алматы : Раритет, 2006. - 312 б.

3. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. - Алматы: Зият Пресс, 2005. - 180 б.

4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. - Алматы: Раритет, 2004. - 304 б.

5. Ғабитов Т. Х. Философия. - Алматы : Раритет, 2005. - 400 б.

6. Ғабитов Т. Х. Қазақ философиясы - Алматы: Раритет, 2011. - 280 б.

7. Алтай Ж. А. Ғылым тарихы мен философиясы . - Алматы : Раритет, 2008. - 368 б.

8. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. - Алматы: Бiлiм, 2001. – 328 б.

9. Философиялық сөздік/ Бас редакторы: Р.Н. Нұрғалиев/. - Алматы, 1996. - 525 б.

10. Габитов Т.Х. Философия. Алматы: Қаржы-қаражат, 2003. - 368 с.

11. Антология мировой философии. В 4-х т. - М.: Мысль, 1969. – 712 с.

12. Барулин В.С. Социальная философия.. М., 2000. – 560 с.

13. Введение в философию. Учеб. Для ВУЗов. Под ред. И.Т.Фролова. М.,Политиздат., 1990.-367 с.

14. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы. 1992. – 110 б.

15. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – Алматы: Ғылым, 1990. – 300 б.

16. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. - Алматы: Ақыл кітабы, 1997. - 226 б.

17. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. - А.: 1996. - 168 б.

18. Сегизбаев О.А. История казахской философии. - Алматы: Ғылым, 2001. - 456 с.

19. Молдабеков Ж. Қасабек А. Шығыс философиясы: - Алматы: Қазақ ун-тi, 2001. - 307 б.

20. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы: Қазақ университі, 1992. - 160 б.

21. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – Алматы: Білім, 1994. - 112 б.

22. Қариев З. Даму. - Алматы: Қазақ университетi, 1993. - 144 б.

23. Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. - Алматы: Білім, 1995. - 152 с.

24. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 2005. - Т.1. - 295 б.

25. В мире мудрых мыслей. - М.: Знание, 1962. - 360 с.

26. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. - М.: Высш. шк., 1991. - 512 с.

27. Асмус В.Ф. Античная философия. М., - 451 с.

28. Богомолов А.С. Античная философия. - М., 1985. – 342 с.

29. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. -М., 1991. – 417 с.

30. Соколов В.В. Средневековая философия. - М.: Высшая школа, 1979. - 448 с.

31. Степанянц М. Т. Восточная философия. - Ростов-на-Дону: Феникс, 1997. - 178 с.

32. История философии в кратком изложении.– М.: Мысль, 1995.– 590 с.

33. Соколов В.В. Европейская философия ХV – ХVП веков. – М.: Высш. шк., 1996. – 400 с.

34. Философия ХХ века. – М.: ЦИНО общества Знание России, 1997. – 288 с.

35. История философии в кратком изложении. - М.: Мысль, 1995. - 590 с. 36. Очерки по истории философии и
культуры. - М.: Политиздат, 1991. - 432 с.

37. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. - М.: Мысль, 1986. - 334 с.

38.Радугин А.А. Философия - курс лекций.
- М. 2004. - 336 с.

39. Философский энциклопедический словарь. Гл. ред. Ильичев Л.Ф., Федосеев
П.Н. и др. М.: Советская энциклопедия, 1983. — 836 с.

40. Скирбекк Г. История философии. – М.: Гуманитар. Изд. Владос, 2008. – 799с.