Электрэнергия шығынын азайту және оны тиімді пайдалану

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және оның деңгейін көтеретін құралдар

Электрқондырғыларының құрылым ережелеріне (ПУЭ) сәйкес барлық электр қабылдағыштары электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жағдайында үш категорияға бөлінеді:

І категорияға электр жабдықтауындағы үзіліс төмендегідей жағдайларға алып келетін тұтынушылар жатады: адамдар өміріне қауіп төну, шаруашылыққа келтірілетін мәнді зиян, қымбат негізгі жабдықты бүлдіру (ауыл шаруашылығында ауыруы мен қырылуы), өнімнің жаппай бұзылуы (ауыл шаруашылық өнімдерінің бұзылуы), күрделі технологиялық үрдістердің бұзылуы.

І категориялы электрқабылдағыштар электрэнергиямен екі тәуелсіз бірін- бірі резервтейтін қорек көздерінен қамтамасыз етілуі керек. Бұл электрқабылдағыштардың электрмен жабдықтауындағы үзілісі қорек көздерінің біреуінен екіншісіне қоректі автоматты орнын ауыстыру уақытына ғана рұқсат етіледі.

ІІ категорияға электрмен жабдықтаудағы үзіліс өнімнің жаппай шықпай қалуына, жұмысшылар мен механизмдердің жаппай тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының қалыпты тіршілігін бұзуға әкелетін қабылдағыштар жатады.

ІІ категориялы электрқабылдағыштарды электрэнергиямен екі қорек көзінен қамтамасыз ету ұсынылады. Бір қорек көзінен электрмен жабдықтаудың бұзылғанында, оның үзілісі кезекші қызметкерлердің резервтегі қоректі қосқанға дейін рұқсат етіледі. ІІ категориялы электрқабылдағыштарды бір желі мен трансформатордан қоректендіруге болады, егер желіні апаттан кейін жөндеу мүмкін болса немесе бұзылған трансформаторды бір тәулік ішінде аумастырса.

ІІІ категорияға барлық қалған электрқабылдағыштар жатады. Оларды жабдықтау бір қорек көзінен жасалынады, егер электрмен жабдықтаудағы үзіліс бір тәуліктен аспаса. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін әртүрлі құралдар пайдаланылуы мүмкін. Бұл экономикалық нәтиже алумен байланысты, біріншіден электрмен жабдықтаудағы үзілістен келетін зиянды азайту арқасында, басқа жағынан осы құралдарға жұмсалатын қосымша қаржыларға байланысты. Сондықтан электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру екі құраушыны ескере отырып мксималдық экономикалық нәтиже алатын бір белгілі, оңтайлы деңгейге дейін тиімді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін көтеретін әртүрлі құралдар мен шараларды екі топқа бөлуге болады – Ұйымдастыру- техникалық және техникалық.

Ұйымдастыру – техникалық шараларға келесі жатады:

І Эксплуатациядағы қызметкерлерге талапты күшейту, оның ішінде еңбек және өндіріс тәртібіне талапты күшейту, және қызметкерлердің санатын (квалификация) көтеру.

ІІ Ағымдағы және күрделі жөндеулерді және профилактикалық сынақтарды тиімді ұйымдастыру, оның ішінде жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жоспарлауды жетілдіру, жөндеу жұмыстарын механикаландыру, желілерді кернеуді ағытпай жөндеу. Ауылдық 10 кВ тораптарында соңғы шара онша тиімді емес, бұл онша нәтиже бермейді және қызметкерлердің санаты да жеткіліксіз.

ІІІ Зақымдарды табу және оларды жоюды тиімді ұйымдастыру, оның ішінде зақымды іздеуді жетілдіру, мысалы, арнаулы аппаратураны пайдаланып; арнаулы автокөлік пайдалану; диспетчерлік қызметті енгізу; телемеханикаландыру; радио байланысы және басқа; желіні қалпына келтіру жұмыстарын механикаландыру.

ІV Материалдар мен жабдықтың апаттық қорын қамтамасыз ету. Бұл қордың оңтайлы көлеміне ұмтылу керек, өйткені артық қор күрделі қаржының іске аспай қалуына соқтырады, ал оның жетіспеуі қалпына келтіру жұмыстарының созылуына алып келеді.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыратын техникалық құралдар мен шараларға келесі жатады.

І Тораптың бөлек элементтерінің сенімділігін көтеру, оның ішінде тіректердің , сымдардың, оқшауламаның, әртүрлі желі және қосалқы станция жабдықтарының.

ІІ Электр тораптарының ұзындығын (радиус действия) қысқарту. Ауа желілері ең зақымдалатын элементтер. Бұзылу АЖ ұзындығына пропорционалды өседі. Елімізде 10 кВ желілердің ұзындығы 15 км-ден болашақта 7 км дейін түседі (шет елдерде солай).

ІІІ Жер астындағы кабель тораптарын қолдану. Олар АЖ – нен қысқа, олардың негізгі құндылығы – сенімділік- ауа- райы құбылыстары әсер етпейді. Апаттық ағытулар 8...10 есе азаяды. Кемшілігі – апатты жоюға үш есе артық уақыт кетеді – зақымдалған айланды табу қиын, жерді аудару жұмыстары бар.Арнаулы аспаптар зақымды табуды тездетеді.

ІV Тораптық және жергілікті резервтеу. Ауылдық электр тораптары негізінде тұйықталмаған режимде жұмыс істейді, яғни бір жақтан қоректенеді. Мұндай режимде қ.т.т. төмен, арзан аппаратура (ажыратқыштар, айырғыштар, және т.б.), қуат шығындары аз, т.б. Бірақ электрмен жабдықтаудың сенімділігі екі жақтан қоректенумен салыстырғанда төмен. Резерв ретінде екінші ЭБЖ (ЛЭП) басқа қосалқы станциясынан, болмаса басқа шиналар секциясы қолданылады. Бұл тораптық резервтеу. Сенімділігі жоғарылау резервтеу резервтік электр станциясы (жергілікті резервтеу), қуаты үлкен емес дизель электр станциялары.

V Ауылдық электр тораптарын автоматтандыру – РҚ, АҚҚ (АПВ),РАҚ (АВР), автоматты секциялау, апатқа қарсы автоматика. Қаржы аз жұмсалады.

 
 

10 кВ кернеуінің екі секциясы

АС ДА-100 автоматтандырылған электрстанцияның сұлбасы:

1—генератор; 2— ауаны тазалағыш; 3дизельді жергілікті басқарудың қалқаны; 4—дизель; 5—отын сорабы; 9—отын және май сүзгілері; 7—сыртқы контурдың су сорабы

 
 

Трактор жетегіндегі электрстанция

Екі секциялы 110/10 кВ қосалқы станциясы

Қуаты 100 кВт ДЭС жабдығының орналасуы:

а — жоспар; б—қима; 1—счетчик электрэнергия санауышы; 2—раковина; 3—өртсөндіргіш; 4—акку­мулятор; 5— электр агрегаты; 6— түзетуші құрылғы; 7, 9 және 10— аспалы таратушы құрылғылар; 8—телефоны бар стол; 11 — желдеткіш (төбелік); 12— қол сорабы; 13— кран; 14— газды шығаратын құбыр өткізгіші; 15— жайтартқыш. Мөлшерлер миллиметрмен берілген

 

Электрэнергия шығынын азайту және оны тиімді пайдалану

Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтауының тиімділігін көтеру үлкен кешенді міндет. Барлық электр желілері мен трансформаторлардың активтік кедергілері бар. Сондықтан электрэнергияны бергенде, таратқанда және түрлендіргенде оның шығындары болады. Тораптарда шығынның басым көпшілігі осы желі мен трансформаторларда болады. Сымдардағы, кабельдердегі және трансформатор орамдарындағы энергия шығындары жүктеме токтарының шаршысына пропорционалды, сондықтан оларды жүктемелік шығындар деп атайды. Бұлар уақыт аралығында өзгереді, сондықтан оларды айнымалы дейді.

Жүктеме өскен сайын шығын да өседі. Шығынды азайтатын ұйымдастыру шаралары, техникалық шаралар және электрэнергияның есеп жүйесін жетілдіретін шаралар.

Негізгі ұйымдастыру шаралары:

1) екі жақтан қоректенетін кернеуі 10...35 кВ ауа желілерін ағытатын оңтайлы орындарды таңдау;

2) 110...35/10 кВ аудандық трансформаторлық қосалқы станциялары 10 кВ шиналарында және 10/0,38 кВ ҚС 0,38 кВ шиналарында кернеудің оңтайлы деңгейлерін ұстау;

3) екітрансформаторлы қосалқы станцияларда аз жүктеме режимдерінде трансформатордың біреуін ағыту және маусымды жүктемесі бар қосалқы станциясындағы трансформаторды ағыту;

4) кернеуі 0,38 кВ тораптарда фазалардың жүктемесін теңестіру;

5) желілердің, трансформатордың және тарату қондырғыларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту;

6) қосалқы станцияның өз мұқтажына жұмсайтын энергияны төмендету.

Йымдастыру шаралары көп біріншіреттік қаражаттарды қажет етпейді, сондықтан оларды өткізу тиімді. Техникалық шаралар қосымша күрделі қаржыларды талап етеді.

Негізгі техникалық шаралар:

1) статикалық конденсаторды тораптарда орнату, оның ішінде қуаты автоматты реттелетін батарея;

2) 110...35/10 кВ ТҚС жүктеме бар кезде кернеуді реттейтін (РПН) трансформаторларды орнату;

3) Тұтынушы ҚС – да жүктемесі кем немесе артық трансформаторларды аумастыру;

4) Жаңа желі мен ҚС тұрғызудың арқасында тораптардың өткізу қабілетін көтеру;

5) Үстеме жүктелген желілердегі сымдарды, оның ішінде кернеуі 0,38 кВ АЖ мен ғимараттарды жалғайтын тармақтарды аумастыру;

6) Электр тораптарын жоғарылау номиналды кернеуге көшіру.