Жылу берудегі орталықтандырылған реттеу әдісін таңдау.

Жылу жүктемесінің орталықтандырылған реттелуі барлық жағдайға мән беру қажет. Ол жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі жылу жүктемесі бойынша таңдалады.Тұрғын ауданда бұл жылытудың су жүйесіндегі жылулық жүктемесі,ал өндірістік ауданда жылулық жүктеме ауалық жылытумен желдетуден басым болады.

Көп жағдайда тек өндірістік жылумен жабдықтау аз кездеседі, ылғи комуналды жылулық жүктеме яғни ычтық сумен жабдықтау және жылыту жүйесі болады.

Осылайша реттеудің бір жүйесін қолдану тек сулы жылытудың жылулық жүктемесіне немесе ауалық жылытуға бағытталады, барлық тұтынушыны қанағаттандыра алмайды. Әдетте тұрғын ғимаратты жылыту жүйесіне бағытталады және сулы жылыту үшін орталықтандырылған реттеудің жылулық графигін таңдайды, бұл жағдайда орталықтандырылған реттеу желдету мен ауалы жылыту үшін жергілікті және топпен толықтырылады.

Қаларда желдетуден басқа барлық ғимараттарда ыстық сумен жабдықтау жүйесі болса, онда жабық жүйеде орталықтандырылған реттеу суммарлы жүктемемен, яғни ыстық сумен жабдықтау мен жылытудың жылулық жүктемесі арқылы өткізеді.

Топтық немесе жергілікті автоматты реттеу жүйесі желілік судың суммарлы шығыны берілген есептік мағынадан жоғары асып кетуіне жол бермеу керек. Сәйкес жүктеменiң орталық реттеуiн ең орынды әдiсі жылулық жүктеменi барлық түрлерін есептiк реттеу абоненттiк қондырғыны қосу түйiндерiнде жүзеге асыруда сапалы реттеу болып көрiнедi. Бұл шартта орталықтандырылған реттеудің бұл түрі мақсатты түрде жылыту мен ыстық сумен жабдықтаудың есептік жүктемесінің барлық жағдайында қолданылады.

Мұндай шешімде жылу тұтыну базасында электр энергиясының максималді аралас өндірілуі қамтамасыз етіледі және тұрғындарды желідегі судың минималді шығынында жылужабдықтаумен сапалы және үнемді қамтамасыз етеді.

Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ауданда жылытудан басқа ыстық сумен жабдықтау жүктемесі қолданылады,әдеттегідей орталыықтандырылған сапалы реттеу. Егер тұтынушылардың көбінде жүктеменің екі түрі де ыстық сумен жабдықтау мен жылыту бар болса онда орталықтандырылған реттеу мақсатты түрде жүктемені байланыстырады,басқа жағдайда орталықтандырылған реттеу мақсатты түрде жылыту жүктемесімен жүргізіледі.

Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде желіде жоғары гидравликалық тұрақтылықпен тұтынушылардың көбінде ыстық сумен жабдықтаудың жылыту жүктемесінен басқа сапалы сандық реттеу қолданылады.

ЖЭО-нан жылу беру режимі

ЖЭО-нан маусымдық жүктемені жабу кезінде, сонымен қатар маусымдық жүктемемен ыстық сумен жабдықтауда теплофикациялық шығыр мен оның параметрлерінің жылулық жүктемесі сыртқы ауаның температурасына тәуелді өзгереді.

Сыртқы ауа температурасы төмендеуі кезінде ауданның жылулық жұктемесі артады. Жылу желiсiнде судың температура бiр мезгiлде жоғарылауы керек, ал ол үшiн суды жылыту үшiн пайдаланылатын жан-жақты зерттелген буды алуды iлгерiлету керек. Аудандық жылулық жүктеменiң есептік сыртқы температурасында максимумға жетедi. Егер шығыр ағынының жылулық қуаты ЖЭО ға жалғанған жылу жүктеменің максимумы бойынша таңдалса,онда жылу қуаты ағынының жылдық қолдану ұзақтығы аз,сондықтан жылдың үлкен бөлігінде сақталмайды. Сол уақытта энергожүйенің электрлік жүктеме графигінің толу шарты бойынша теплофикациялық шығырдың электрлік қуатын қолданудың максимумы шамамен 5¸6 мың. сағ/жыл құрау керек, ол ЖЭО дағы электр энергиясын жылдық өндіруде конденсациялық өнім үлесіне әкеледі.

ЖЭО-дағы конденсациялық өндірудің азаюы үшін мақсатты түрде маусымдық жылулық жүктеменің максимумы теплофикациялық шығырды өндірілген бумен толықтай емес тек бөлігін жабу керек. Жылу бөлігі мақсатты түрде қазаннан шығады. ЖЭО дан максималді жылу жіберуді екі қосындының суммасы ретінде көрсетуге болады.

,

-ЖЭО-дағы есептік жылу жүктемесі; - жылуландырулық шығыр ағынының есептік жылулық жүктемесі; -қазаннан жабылатын шыңдық жылу жүктемесі.

ЖЭО-ның шығыр ағынын қанағаттандыратын есептік жылу жүктемесінің үлесі ЖЭО жылуландырусының коэффициенті деп аталады.

Сурет 25 ағын мен қазан шыңының арасындағы ЖЭО жылу жүктемесін анықтау көрсетілген. aт< 1.

ЖЭО жжылу жүктемесінің бөлігі (abc ауданы) қазан шыңынан жабылады. Қазандықтан ЖЭО ның максималді жылу жүктемесі кезінде белгілі үлесі әдетте есептік жылулық жүктемеден 50% жабылады.

 

 

Сурет 25. ЖЭО жылулық жүктемесін жабу сипаттамасы.

 

Жылуландыру құрылғысының жұмыс режимін анықтау үшін жылуландыру шығырының реттелетін ағынындағы бу қысымын анықтау, ЖЭО-ға отынның жылдық шығынын жылуды берудің әртүрлі реттеу әдісі кезінде есептеу және жылуландырудың әртүрлі коэффициенттерінде жылу жүктемесінің жылдық графигін қолдану ыңғайлы.

Сурет 26 ЖЭО үшін есептік жылу жүктемесімен бірге осындай графиктің ұқсасы келтірілген.Жылуландыру шығыры ағынының жылулық қуаты тең; қазан шыңының берілген қуаты . 26 суретте а сол жағында жылу жүктемесінің сыртқы температураға тәуелділігі көрсетілген. Сыртқы температура кезінде ЖЭО жылулық жүктемесі жылуландыру шығырының жылулық қуатына тең. Жылу жүктемесі кезінде барлық жылу тұтыну жылуландыру шығырынан өндірілген буды қанағаттандырады. Сыртқы ауа температурасында ЖЭО жылу жүктемесі жылуландыру шығырының жылу қуатын арттырады, сондықтан жылу жүктемесін жабу үшін шығыр ағынынының жылуынан басқа қазан жылуы да қолданылады. Есептік сыртқы температура кезінде ЖЭО жылу жүктемесі максималді мәніне жетеді. Бұл режимде қазаннан жылу желісіне жылу беру максималді мәніне жетеді.

26 суретте а оң жағынан ауданның жылу жүктемесінің графигі берілген. Бұл графиктің кез келген нүктесінің ординатасы ЖЭО ның берілген сыртқы ауа температурасында сағаттық жылу жүктемесіне тең,ал абсциссасы сыртқы ауа температурасының жылдық ұзақтығына тең.

Суретте көрсетілгендей жылу жүктемесінің есептік максимумы берілген жағдайда шығыр ағынынан және қазандықтан 0,5 беріледі.

27, б суретте желідегі судың температураға тәуелділігі көрсетілген, сол жағында сыртқы температурадан,оң жағында жылыту кезеңіндегі температура ұзақтығына тәуелді ( -жылу желісінің құлау сызығындағы су температурасы; -жылуландырулық қыздырудан кейінгі желілік су температурасы; -жылу желісінің кері сызығындағы су температурасы; -желілік судың температура ағыны; ). -ЖЭО дағы жылуландырулық қыздырғышындағы желілік судың температура ағыны; -қазаннан алынған жылу есебінен желілік судың температура ағыны.

Сурет 27. Желідегі судың температураға тәуелділік графигі

 

Барлық сыртқы температура кезінде мына байланыс дұрыс

.

 

Сурет 27 график көмегімен жылуландыру шығыры ағынының қысымын анықтау оңай және қазан мен шығыр ағынынан жылдық жылуды есептеуге болады. Жылдық графиктің негізі жылу жүктемесі мен жылу тасығыштың параметрінің ұзақтығын, электр энергиясын аралас өндірудің жылдық өнімін есептеу оңай.

7 Бақылау сұрақтары:

1. Жылулық жүктеменің мүмкін болатын реттеу жүйесін және оның сипаттамасын көрсетіңіз.

2. Жылумен жабдықтаудың сулы жүйесінде жылу жүктемесін өзгерту жолымен орталықтандырылған реттеуде қандай параметрлер болады?

3. Жылыту жүктемесіндегі сандық реттеу кезінде жылыту қондырғысындағы желілік судың температура ағыны неліктен жылыту жүктемесіне қатысты тура пропорционал?

4. Ыстық сумен жабдықтау мен жылытудың сәйкес жүктемесі бойынша орталық реттеудің ерекшелігі қандай? Бұл реттеу жүйесінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

5. Ыстық сумен жабдықтау мен жылытудың сәйкес жүктемесі бойынша жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде орталықтандырылған реттеу әдісі немен анықталады? Сапалық және сандық –сапалық әдістердің артықшылығы мен кемшіліктері?

6. Бір құбырлы жылумен жабдықтау жүйесінің орталықтандырылған реттеуі неден тұрады? Транзитті магистралдағы желілік судың температурасы мен есептік шығыны қалай анықталады?

7. ЖЭО дағы желілік судың көп сатылы қыздырудың бірсатылымен салыстырғандағы артықшылығы мен кемшіліктері.