Тәуліктік ырғақтар

Адамның дене температурасы, қан қысымы және гормондар мөлшері көтерілгенде, жұмыскерлік қабілеті жо5арылайды. Алайда олардың әрбір адамның өзіне тән мезгілі байқалады. Осыған орай адамдарды тәңертіңгілік (бозторғайлар), күндізгілік (жапалақтар), кешкілік ( кептерлер)деп үш түрге бөледі.”Бозторғайлар” әдетте ерте оянады, белсенді іс- әрекетке тез қосылады. Ал ”жапалақтар” керсінше, кеш жатып, кеш оянады, іске баяу қосылады, ”кептерлер” аралық типке жатады, олар ерте тұрғанды ұнатпайды, сонымен қатар кеш жатқанды да жаратпайды.

Ұзақ мерзімді ырғақтар

Кейінгі жылдары организмдегі кейбір құбылыстардың бірнеше күндік ырғағы болатындығы анықталады.

Әлеуметтік ырғақтар

Адамның жеке басының ырғақты көрсеткіштерін тексеру, олардың тектік және басқа байланысты шығу себептері мен ерекшеліктерін анықтаудың ғылыми және қолданбалы маңызы зор. Өйткені сменалық жұмыс, алыс ендік қашықтарға ұшып бару, ұзақ уақыт үйектік аймақтарда қызмет істеу, организмнің тәуліктік ырғағына ерекше көңіл аударғаны талап етеді. Сонымен қатар организмнің өткір тітіркеністер әсер еткендегі төзімділік және әсерленіштік қасиеттері мен даралама ырғақтық ерекшеліктеріне талданыс жасау арқылы ұзақ уақыт ортаның қолайсыз жағдайларына икемделу қабілетін анықтауға болады.

Маусымдық ырғақтар

Тербеліс кезеңдері бір жылға жуық физиологиялық әрекеттерді маусымдық ырғақтар деп санайды. Бұл әрекеттер организмді жылдың әртүрлі маусымындағы сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне нақтылы икемдеп отырады.

Жұмыс қабілеттілігінің минимумы және жұмыс сапасы (қателіктердің көп саны) түнгі мезгілде сағат 2 – 4 аралығында байқалады.Әсіресе атқарған жұмысының дәлдігінен адам өмірінің қауіпсіздігі тәуелді болатын жұмыскерлердің қателіктері өте қауіпті.Темір жол диспечерлері,мысалы,күнгізгі мезгілмен салыстырғанда,түнгі кезекшілікте 2 есе көн қателіктер жібереді екен.Әуе жолдарында түнде ұшқын уақиғалар жиілей түседі.

Түнгі жұмыс кезінде көптеген адамдарда ұйқышылдық пен әлсіздік байқалып, ортаға деген бейімдеушілігі мен баға беруші критерилері өзгеріске ұшырайды.Жұмыста пайда болған жағымсыз мәселелерден адамда жүйкесі тозып,ол өз кезегімен оның жағдайын нашарлатады және атқарған жмысының да сапасына әсерін тигізбей қоймайды.

Егер адам демалыс тәртібін сақтамаған болса,онда түнгі жұмыс уақыты кезінде немесе кез- келген кезекшілігін атқару барысында ұйқысының, ас қорыту жүйесінің қызметтері, жүрек жұмысы бұзылуы мүмкін.Әсіресе бұлар түнгі жұмыстың алғашқы кезінде басталады.Кейін ақырындап 1 — 3 ай мезгіл аралығында организм бейімделіп алады.

Сонымен қоса, тәуліктік уақыт пен ақыл – ой жұмысының пайдалылығына тәуелді екені бекітілді. Логикалық тапсырмалардың нақ дұрыс жауабы таңертенгі мезгілде дұрыс болады,одан кейін қаталіктер саны артады. Сұраққа жауаптың жылдамдығы тәуліктің ортасына қарай жоғарылап, кейін бірте-бірте төмендейді. Бұның барлығы дағдылы жұмыс реттілігіне, күн тәртібі мен қоршаған ортаның және отбасылық жағдайына тәуелді. Биоритмологтар сонымен қоса тапсырмалардың әртүрлі типтері, таңертеңгі мезгілде немесе кешкі уақытта, күндізгі мезгілде шешілетін және мидың жұмыс істеу циклымен байланысты болады деп санайды. Жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуына қысқа мерзімді үзіліс, демалыс және әсіресе ұйқы жақсы әсер етеді.

Ақыл –ой еңбегін стимульдеуші физикалық күш,спорт ойындары және таза ауада серуен құру.

Еңбек – жайдарлы көңілдің көзі. Еңбек пен демалудың кезектесіп отыруы ғана адамға тасқын күш пен шабыт әкеледі.

Еңбек көп жағдайда биоритм ағынын өзгертеді. Физикалық күш түскен кезде біздің тыныс алу және жүректің соғу жылдамдығының жиілейтінін еске алайық. Еңбек ритм мен қоса басқада физиологиялық үрдістерді өзгертеді. Көбінесе, түнгі жұмыс түрлері ас қорыту сөлдерінің бөліну максимумын жылжытады және ол адамның тамақтануына әсерін тигізеді. Сонымен қоса еңбек тәртібі әр түрлі бұлшық ет топтарының белсенділігіне, ішкі ағзалар мен миға әсер етеді.

Биологиялық ритмдер туралы мәліметтер өндірістік процестерді негіздеу қажет. Олар адамның еңбек ортасында өз — өзін ұстауы мен, іс — әректінің «адам – машина»жүйесі бойынша жан – жақты кейбір қырларын ашады. Қазіргі заманғы технологияның дамуына байланысты,адамдардың жұмыс атқаруына жасанды, шартты түрдегі технологиялық циклдармен жұмыс істеуі, мысалы, жартылай автоматты техникалық құрылғылар, конвейрлі сызықтармен жұмыс атқаруы кезінде биоритмдерге санақ жүргізу қажеттілігі туады. Адамның жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты еңбегі мен демалу тәртібі бір – бірімен сәйкес келіп отыру керек. Бұл әсіресе түнгі кезекшілікте жұмыс атқаратындарға, өндірістік орынның шарттарына байланысты жалпы демалыс күндері – сенбі және жексенбі күндері демала алмайтын жұмысшыларға қатысты. Оларға өндіріс орындарының жұмыскерлері: металургияда, қызмет көрсету орталықтарының жұмыскерлер жатады. Тәулік бойы телефон, телеграф, ауруханалар, милиция, такси, аэрофлот, электростанциялар, темір жол станциялары үздіксіз жұмыс атқаруы керек.

Токарлық және фрезерлі станоктардағы үш ауыспалы кезекшілікте жұмыс атқаратын жұмыскерлердің ғалымдар жұмыс қабілеттілігін зерттей келе, тәуліктік ритмның еңбектің сапасына әсері бар екенін дәлелдеген. Күнгізгі мезгілде өндірілген өндіріс өнімі түнгі және кешкі мезгілдегі мен салыстырғанда біршама көп болған. Сонымен қоса осындай мәліметтер линотипистардың жұмысын бақылағанда да, түнгі кезекшіліктегі атқарған жұмысы күндізгіден төмен болған. Күндіз әр бір линотипист орташа есеппен түнгіге қарағанда 2000 белгіге артық терген. Дәл осындай көрсеткіштер радиотелеграфистермен, ЭВМ операторларындада байқалады.

Адам – машина емес, ал оның биоритмі – энергияның қайнар көзі болмайды. Биоритм – ақыл – ой еңбегінің, физикалық қозғалысының, еңбек процестерінің ұйымдастырушысы мен тежеушісі. Мидың сезілмейтін пульсациялары тамаша ойлардың тууына ықпал етеді. Кім білсін, организмнің және қоршаған ортаның биоритмдерінің сәйкессіздігіне қаншама пайдалы ойлар пайда болып жоғалып кетті немесе туып амалға аспай жатыр, мүлдем тууыпта үлгермеген.

Еңбек

"Еңбек" — өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және тұрмыспен қатар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.

Орытынды

Организмнің ритмикалық жұмыс атқаруы энергетикалық процесстердің ауытқуымен тығыз байланысты және ол өсімдіктер мен жануарларға да тән. Осыдан, тірі ағзаның ритмінің универсальдылығы және болжам бағыты көрінеді. Бірақта кейбір түлері арнайы себептермен немесе белгісіз жайттарға байланысты уақытты әртүрлі сезініп,оның ағынына әр түрлі жауап қайтарады.

Сонымен, өміріміздің бір апталық ритмі.Ол біздің жалпы жағдайымызға,денсаулығымыз бен еңбектегі тиянақтылығымызда сипат алады. «Дүйсенбі – ауыр күн» деген біздін дәстүрлі сөзімізге айналған. Сондықтанда, статистика көрсеткіштері бойынша дүйсенбі күні өндірістік орындарда апатық жағдайлар саны көп болады екен. Расындада, дүйсенбі күні ауруханалар мен өндірістік орынның амбулаторияларында басқа күнмен салыстырғанда кезект тұрғандардың саны артады. Бұл жерде негізінен кейбір жұмыскерлердің жұма күні ауруханаға бармай, демалыс күні жазылып кетермін деген ойлары да роль атқарады. Сонымен қоса, қазіргі кезде аурулар түрінің сапалық құрамына да көңіл аудару керек. Дүйсенбі күні көбінесе жұмыскерлер аллергияға, экзема немесе денедегі бөртпелерге шағым айтады. Мүмкін, сенбі – жексенбі күндері организм өндірістік орындағы зиянды заттардан бой тартып қалғандықтан болар. Басқа сөзбен айтқанда, апталық биоритм мәселесі өз алдында жеке мағынаға ие болады.