Педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

Лекция №1-2

Тақырыбы: Өзін-өзі тануды және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау пәнінің мақсаты, мазмұны, міндеттері

Жоспар:

Ізгілік – адамның басты құндылығы

Рухани-адамгершілік тәрбие – өмір мәні

Педагогикалық қолдаудың мәні

Педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.

6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992

 

«Өзін-өзі тану» пәні бұл мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі өте зор. Ол басқа пәндер сияқты айналадағы дүниені тану емес, ТҰЛҒА, АДАМ ретінде өзін-өзі тану туралы ғылым. Адам болып өмірге келу аз, АДАМ болып өмір сүре алу керек! Расында да, біз ұрпақты қалай тәрбиелейміз егер де сол тәрбиелеуге өзіміз лайық болмасақ.

Өмірде болған жағдайды айтатын болсақ, облысымыздың белгілі бір мектептерінде мұғалім сабақ барысында оқушының бойына қажет жақсы қасиеттерді атап шыққаннан кейін, бір оқушы қолын көтеріп «Ал, сіз өзіңіз осы қасиеттерге ие болғансыз ба?» деген сұраққа ол мұғалім жауап қайтара алмай қалған еді.

Сондықтан да ең қажеттісі бұл мұғалімдерді шабыттандыру болып табылады.

Өзін-өзі тануға деген шабыт, өмірінің мәнін тануға деген шабыт, өзінің орнын табуға деген шабыт!

Риясыз сүйіспеншілік пен нұрлы шығармашылыққа деген шабыт!

Өзінің ойларын жауапкершілікпен саралауға деген шабыт!

Санасын кеңейтуге, түсінісушілікпен қабылдауға, ішкі жан дүниесі мен сыртқы дүниені үйлестіруге деген шабыт!

Парасаттылық пен шыдамдылыққа деген шабыт!

Күлімсіреуге деген шабыт!

Ойлануға деген шабыт...Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзіңді тану деген мағына нені білдіреді? Мен кіммін? Мен бұл өмірге не үшін келдім? Адам өмірінің мәнісі неде?

Рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева мәңгілік сұрақтарға жауап ізденісінде былай айтқан еді:

Шәкәрім Құдайбердіұлы барлық білім беру мекемелеріне «Ар-ұждан ілімін» енгізу керек екендігін атап айтқан. Ол «Адам жақсы өмір сүруі үшін үш – ақ нәрсеге бой алдыруы керек: адал еңбек, ақыл-парасат, таза жүрек...кішкентай кезінен адам баласының бойында жоғары жауапкершілік пен, өзін-өзі сыйлау, нәпсіңді тиып, арам ой тудыртатын нәрседен аулақ болуы керек » деді

Өзін-өзі тану сабақтарын ар-ұждан сабақтары деп айтуға болады. Өйткені ар-ұждан ол барлық рухани-адамгершілік қасиеттерінің бейнесі. Қазіргі уақытта Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы орындалды десек болғандай. Бұл «ар-ұждан ілімі» барлық жалпы білім беру мекемелерінде және жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатыр.

Бұл оқу құралының ең негізгі мәселесі болып, тереңде жатқан рухани-адамгершілік ойларды толқыту, адамның құндылық потенциалын ашу. Біз балаларымызға ең маңызды

Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі пәні - өз алдына жеке ғылыми пән. Бұл пән - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйрету, болашақ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне және жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына арналған. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға негізделген пән болып табылады.

Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу әр адамның міндетінің міндеті етіп қоятын бұл пәннің маңызы -адамның өзін-өзі тануына “өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ожданын сақтап әрқашанда АДАМдеген атқа лайық болуына ықпал етеді.”

Рухани бастау, ол адамгершілікпен риясыз мейірімділікпен, махаббатпен өзара түсінушілікпен ,төзімділікпен жүзеге асырылады.

Бұл пән - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған.

Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға негізделген пән болып табылады.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұнғыш рет мемлекеттік денгейдегі өскелең ұрпакты жалпыадамзатгық құндылыктарға үйрету мәселесін кетерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сактап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен карау; өзімен және коршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әркашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұнын барлығы үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадык, - дейді Сара Алпысқызы - өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыкка айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» деген терең философиялык сауалдар төңірегінде адамгершілік жағына карай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны...»

Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас- қағым уақыт кана. Бізге білген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?!

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық- зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері куаныш пен шаттыкка толы болуға үйрету – біздің қасиетті парызымыз».

Жас өркендер отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер элементінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ен алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсак, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс- әрекеттерімен жарастыкта өмір сүруі, өзінін өмірдегі орнын таба білуі.

Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;

— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;

— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;

— баланы басшылықты жетекке алу;

— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;

— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:

— субъектив (тұлғалық) «Мен» — кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; — объектив (əлеуметтік) «Олар» — кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).

— материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.).

Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы.

Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.

Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Педагогикалық қолдау:

- инттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);

- шығармашылық дарындылықты қолдаудан;

- қабілетті айқындау мен дамытудан;

- қауіпті топтағы балаларды қолдаудан тұрады.

«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.

Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі. Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады. Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі; Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында; Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы «жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы; Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында.

Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін.

Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.

Бала мен ересектің әрекет мәні бала мәселесін туындыратын шарттар болады. Олардың мақсаттары:

Осы шарттарды айқындау;

Талдау және дифференциялау;

Мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану;

Мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату.

Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін:

Тәрбие табиғатбейнелігі – балаға, табиғат бөлшегінедей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым – қатынаста, шығармашылықта.

Тәрбие мәдениетбейнелігі - «білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде».

Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті – білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді.

Жеке – тұлғалық тәсіл – бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу – тәрбие ұрдісінің белсенді субъект ретінде танытады. Әр тұлға ерекше, сондықтан басты міндет оның ерекшелігін қалыптастыру, оның шығармашылық әуелетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Құндылықты – мәнді бағдарлау принципі - әр оқушымен өзінің оқу мен өмірінің мәнін табу үшін жағдай жасау.

Білімділік кеңістікте оқушылардың өмірәрекетінің әр түрлі орталарын құрастыру аясында келесі жұмыс бағыттары қолданылады:

Сынып имиджін құрастыру: сынып бөлмесін безендіру, мектеп рәміздерін, киімнің пішінді элементтерін енгізу, білімдердің қоғамдық сайысы.

Сыныпта танымды қолайлықтың атмосферасын құрастыру: диагностика және оқушылардың ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық әрекетке деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, әр оқушының интеллектуалды қабілетінің және қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).

Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.

Білім берудің тұлға – бағдарлау мазмұның құрастыру, яғни әр оқушыға ақпараттың жеке – тұлғалық мәніне қарай орын табылады: құралдарды, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқушылар мен ата – аналардың қатысуы, оқу сабақтарды жүргізуде ата – аналардың қатысуы, пәндер бойынша тапсырмаларды әзірлеу, ұжымдық шығармашылық істер.

Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілері:

· білімдерде қажеттілік, адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық, әлеммен ақпаратты қарым – қатынастың мәдениеті;

· өз білім мекемесі, өз сыныбы, өз мұғалімі үшін мақтаныш: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды сақтау;

· оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезімі, өзінің қорғаушылық сезімі;

· өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сынып жөнінде қамқорлық;

ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін оқушы болуы.

Бірақ, толық көлемде оқушының қойылған мақсатқа қол жеткізуі өзін - өзі дамыту және өзін - өзі анықтау негізінде педагогикалық қолдаусыз мүмкін емес. Динамикалық әлемде оқушыны өмірге дайындау деген:

оған тек қажетті білімдерді беру ғана емес, сонымен қатар оларды меңгеру тәсілдері.

Бүгінгі күні оқушылардың көбі шын жүректен оқу білмейтіндерін мойындайды, сондықтан біздің міндетіміз – оқушыларға көмек көрсету:

а) әдіс – тәсілдерді, жалпы оқу білім – дағдыларды меңгеру;

б) олар оқуда қалып қоятындары жұмыс істей алмайтындарының себебін түсіндіру. Оларды оқуға қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтың жауабын арнайы әдістемеде табуға болады, бұл әдістеменің негізінде үш бөлім бойы анықталған сабақ жүйесінің негізгі талаптары жатыр:

ақпаратты - әдістемелік білімдер, яғни әр пәнге негізгі болатын түсініктер, идеялар, теориялар;

әр зерттеу пәніне әмбепап болатын әдістемелік білімдер;

курс мазмұнында және сабақты ұйымдастыру түрлеріндегі мотивациялық, ынталандырушылық нұсқамалар.

Осы әдістеме үш блок арқылы жүзеге асырылады:

- Оқу ырғағын қалпына келтіру. Жазғы демалыстан кейін оқушылар нашар оқиды. Оқу ырғағының қалпына келуі оқу жылының басында басты міндет болып есептеледі.

- Ұзақ және күрделі мәтіндерді мазмұндау кезде әр түрлі тіректерді қолдану дағдыларын жетілдіру, тіректерді құрастыру технологиясымен таныстыру, сонымен қатар ғылыми және әдебиетті мәтіндерді мазмұндауға үйрету.

- Ақпаратты өзгерту. Бұл блокта түсінудің шектелуімен және оқушылардың ақпаратты өзгертуімен байланысқан аспект белгіленеді.

Бұл әдістеменің негізіне Ян Амос Каменскийдің оқытудың ұш деңгейі туралы ұсынысы енгізілген: бірінші ой жұмыс істеу тиіс, сосын есте сақтау, соңында ғана – қолдар.

Бұл үлгінің негізгі идеясы – білім деңгейін жоғарлату оқу құралдарына және өнімді әрекет тәсілдеріне бағыттауға байланысты. Ертедегі сөз «Білім барлық өмірге» қазір «Білім өмір бойы» деген сөздерге айналды. «Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы оқы!» мақалын еске алуға болады.

Сонымен, бала мұғалімдер мен ата – аналардың қолдауын сезгенде ғана, оқыту сатыларында сабақтастық шарттарын сақтау кезде ғана табысты болады. Ата – аналармен педагогтар тығыз қарым – қатынаста жұмыс істесе ғана оқыту мен тәрбиеде табыс кепілденеді.

 

Лекция №3-4